Павлодар, 2021

14 Әлеуметтік – еңбектік қалпына келтіру. Әлеуметтік қорғау сұрақтарын халықаралық – құқықтық реттеу


Қарттар мен жұмыс істеуге қабілеті жоқ азаматтардың әлеуметтік қызмет көрсетуі бірнеше түрден тұрады: тұрғын үй – тұрмыстық жеңілдіктер, жұмыс істеуге қабілеті жоқ азаматтарды әлеуметтік мекемеде асырау, күту, протездік – ортопедиялық көмек, көлік қызметін көрсету және т.б.

Әлеуметтік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық база болып қабылданған және қазіргі кезде қолданыстағы заңдар мен заңға тәуелді актілер табылады. Негізгілеріне 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді қорғау туралы» ҚР Заңын, 1995 жылдың 28 сәуіріндегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қамсыздандыру» Қазақстан Республикасының № 2247 Заңын жатқызуға болады.

Әлеуметтік қызмет көрсету  – бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – медициналық, психологиялық –педагогикалық, әлеуметтік – құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.

Өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал (мүгедектік, қарттық жасына, ауруына байланысты өзіне – өзі қызмет көрсете алмау, жетімдік, жұмыссыздық, белгілі бір тұрғын мекен – жайының болмауы жәнет.б.).

Әлеуметтік қызмет көрсетуді бірінші кезекте алатын адамдар –мүгедектер, қарттар және балалар.

Алайда әлеуметтік қызмет көрсету деп тегін немесе толық емес нарықтық құнына, яғни, қоғам мүшелерінің толық немесе  жартылай есебінен көрсетілетін қызметтерді тануға болады.

1997 жылдың 9 желтоқсанында БҰҰ – ның бас Ассамблеясымен қабылданған мүгедектер құқығы туралы декларация мүгедектердің медициналық көмекке, психикалық және функционалды емделуге, денсаулығын қалпына келтіруге, білім алуға, көмекке, кеңестерге, жұмысқа орналастыру жөніндегі кеңестерге деген құқықтарын бекітеді.

БҰҰ–ның сарапшыларының санауы бойынша мүгедектер тұрғындардың жалпы санының 10 пайызын құрайды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге қабілеті бар жасындағы мүгедектер мен бала мүгедектер санының өсуі.

Мүгедектердің әлеуметтік әл – ауқатын жақсартуға олардың жағдайын оңалту жолымен қол жеткізуге болады.

Мүгедектерді оңалту – бұл денсаулығының нашарлауы, организмінің функцияларынның тұрақты бұзылуы әсерінен зардап шеккендерге бағыттылған өмір сүру қабілетін мүмкіндігінше толық өтейтін медициналық, әлеуметтік – экономикалық, педагогикалық іс –шаралар жүйесі.

Мүгедектерді оңалтудың басты мақсаты – мүгедектің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, материалдық тәуелсіздігі мен әлеуметтік бейімдеуіне қол жеткізу. Оңалту және де өзімен мүгедектің медициналық, кәсіби және әлеуметтік оңалтуын қосады.

Мүгедекті оңалтудың жеке программасы мүгедектің келісімі бойынша оңалтудың іс – шаралары, кәсіптік және өзге де қалпына келтіруге бағытталған шараларды, бұзылған немесе жойылып кеткен ағза функцияларын қалпына келтіруіне төленетін өтемақы әлеуметтік – медициналық сараптаманың мемлекеттік қызмет мекемесімен жүргізіледі.

Мектепке дейінгі мүгедек балаларға оңалтудың барлық жағдайлары жасалады,  мектепке дейінгі мекемелерде оқуға, мүгедек баланың ата – анасының келісімі бойынша оқуы үйде де жүргізіледі.

Мүгедектерді оңалту мен оларды жұмыспен қамту саясатының негізінде мүгедектер мүмкіндіктерінің теңдігі және мүгедек болып табылатын әйелдер мен еркектер үшін жүгіну мүмкіндігінің теңдігі принциптері жатыр.

Оңалту мақсатында мүгедектердің шығармашылық және өндірістік қабілеттері ескеріле отырып, олардың жеке оңалту бағдарламасы мүгедектерге кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда) қарапайым еңбек шарттарымен мүгедектердің еңбегін керек ететін цехтер мен учаскелерде,сондай ақ өзінің жеке ісімен айналысуына мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы және өкілдік органдар кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда) мүгедектерге арналған жұмыс істеушілердің барлық санынан 5% – дан кем емес (20 – дан кем емес) жұмыс орындарын тағайындау нормативтерін орнатады.

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын тағайындау мен оларды жұмысқа орналастырудан бас тартатын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мүгедектерді жұмысқа орналастыруға байланысты шығындарды өтейді.

Мүгедектер еңбегін пайдалану үшін арнайы кәсіпорындар, цехтер құрылады. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі ұйымымен қамтамсыз етіледі.

Жергілікті органдар кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға мүгедектерді орналастыруға арнайы мамандықтар мен лауазымдар тізімін бекітеді.

Мүгедектерді жұмыспен қамту кепілдігіне еңбек шарттарына қажетті кез – келген формасымен жұмысбасты мүгедектерге құрылатын жұмыс берушінің міндеттерін анықтайтын нормаларды да жатқызуға болады. Оларға 1 және 2 топтағы мүгедектерге толық төленетін қысқартылған аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты; мүгедектерді мерзімнен тыс жұмысқа, демалыс күндері жұмысқа,түнгі уақыттағы жұмысқа тек қана олардың келісімімен және осы жұмыстардың олардың денсаулығына зиян келтірмейтін шарт болған жағдайдағы жұмыс; барлық жұмыс істейтін мүгедектерге ұзақтығы    2 айдан кем емес демалыс беру жатады.

Станционарлық қызмет көрсетудегі қарт азаматтар мен мүгедектерді жұмысқа қатыстыру еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен іске асырылады. Олар цехтарды, шеберханаларды, үйдегі өндіріс орындарын құруға және қарт адамдар мен мүгедектерді жұмысқа қатыстыруға құқығы бар.

Мүгедектерді жұмыспен қамтуда ең үлкен мәнді үйдегі жұмыстың және толық емес жұмыс уақытының шартымен жасалған еңбек келісім – шарттары атқарады. Жалпылама комьютерлемелік шартындағы үйдегі еңбек мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қосымша мүмкіндіктер береді.

Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқығы адамдардың басқа әлеуметтік – экономикалық құқығының ішінде айрықша орын алады және халықаралық актілердің ішінде жан–жақтылық тапты.

Әлеуметтік – құқықтық реттеу әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы халықаралық стандарттарды өңдеуде, қызмет жасап жүрген азаматтың бір елден екінші елге көшу кезінде немесе белгілі бір зейнетақы түрін сақтап қалуда немесе өзінің тұратын мекен жайын ауыстырғанда білдіреді.

Бұл реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру аймағындағы ерікті – міндетті және қосымша деп қарастыру керек. Ол Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдар мен оның органдарының басқа да актілері мен конвенциялардың ратификациясы арқасында негізделеді. Негізінен бұл БҰҰ, ТМД, ХЕҰ – ның қызметіне байланысты болады. Бұндай реттеу Қазақстан Республикасының екі жақты және көп жақты басқа мемлекеттермен халықаралық құқықтық келісім – шарттарды жасау жолымен жүзеге асады.

Келісімге қатысатын барлық мемлекеттер әр адамның және өмір сүру жағдайын жақсартатын жеткілікті тамақ, киім және тұратын үйді болдырмау, оның отбасының лайықты өмір сүру сатысына құқығын мойындайды.

Адам құқығының жалпыға бірдей  декларациясы келісіммен тығыз байланысты болады, адамның әлеуметтік қамсыздандыруға құқығын бекітеді және оның мәртебесін тұрақты ұстап отыруға қажет жағдайларды орындауды іске асырады. Ол жерде әр адамның тамақты, жұмыс жоқ болған, мүгедектік ауру, кәріліктің басталуы және де басқа да жағдайда қамсыздандыруға құқықты қоса алғанда,осындай өмір сүру сатысына құқығы бар екені көрсетіледі.

Әр адамның негізгі құқықтарының бірі болып әлеуметтік қамсыздандыруға құқығы, яғни жұмыссыздыққа, мүгедектікке уақытша жұмыссыздық қабілетіне немесе адамға байланысты емес жағдайларда қаражатын жоғалтқан жағдайда жәрдемақы алуға құқық болып табылады.

Халықаралық құқықтың нормалары мен көпшілік мойындаған қағидалары «Адам құқығының жалпыға бірдей конвенциясыда» (1948 ж.) және адамның және азаматтың экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттілік Халықаралық келісімінде өз көрінісін тапты (02.03.76 ж. өз күшіне енді).

Халықаралық құқық пен халықаралық келісімшарттардың көпшілік мойындаған нормалары мен құқықтары құқықтық жүйенің құрамды бөлігі болып табылады және жоғары заңды күшке ие.

КСРО және Қазақстан Республикасы ХЕҰ және басқа халықаралық ұйымдармен құрастырылған әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары бойынша конвенцияның үлкен бөлігін ратификациялаған жоқ. Алайда, соңғы кездері олардың ратификациясында үлкен өсім көруге болады.

Бұл халықаралық актілер азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі құқықтарын белгілейді.  

Әлеуметтік қамсыздандыру туралы халықаралық нормаларды енгізу мен есептеудің 3 әдісі бар:

1 ҚР заңындағы халықаралық актілердің құрамындағы нормаларды тікелей қолдану;

2 осындай нормаларды ҚР заңына толықтай немесе ішінара енгізу;

3 Қазақстан Республикасы қосылмаған белгілі бір халықаралық актілерде көрсетілген, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы халықаралық тәжірибедегі ішкі заңның норматитвті құқықтық актілерінде, сонымен қатар ұлттық заңында есеп пен жүзеге асыру.

Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық–құқықтық реттеуінің негізгі субъектілері болып БҰҰ және ХЕҰ болып табылады. ХЕҰ БҰҰ арнайы мекемесі болып табылады және өзінің жарғысына байланысты халықаралық конвециялар мен ұсынуды қабылдауда, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары бойынша өкілеттілігі бар.

Аймақтық деңгейдегі және екі жақты негіздегі әлеуметтік қамсыздандыруды халықаралық – құқықтық реттеудегі субъекті болып мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері кіре алады. Бұл сұрақ бойынша бөлек өкілеттілікке 1991 жылы құрылған ТМД мүшелері ие.

Әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты халықаралық құқық нормалары мен көпшілік мойындаға қағидалар бар қайнар көздердің бірі болып экономикалық, әлеуметтік және мәдениеттілік құқығы туралы Халықаралық келісім болып табылады. Ол осында қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік қамсыздандыруға әр адамның құқығын мойындайтының қарастырады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық – құқықтың реттеуінің қайнар көздері болып БҰҰ және ХЕҰ, Еуропа, Африка, Қиыр Шығыстың біріккен аймақтықтарының актілері, екі жақты және көп жақты келісім – шартта болып табылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша халықаралық нормаларды іс – әрекет сфераларына байланысты келесі топтарға біріктіруге болады:

1) жалпыға бірдей – әлемнің барлық мемлекеттерінде орындалатын;

2) аймақтық – белгілі бір аймақ шегінде әрекет ететін;

3) екі жақты – тек қана қатысушы мемлекеттер үшін.

Әлеуметтік қамсыздандыру туралы халықаралық нормаларды орындаудағы әдістер 3 топқа бөлінеді:

1) ратификациясыз халықаралық ұйымдардағы қатысушы –мемлекеттер орындауға міндетті актілер;

2) ратификациядан кейін орындалуға міндетті актілер;

3) рацификацияға жатпайтын және орындауға міндетті емес актілер.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша халықаралық қатынастарды реттеуші дереккөздердің ерекше тобын ТМД қатысушы – елдердің келісімдері құрайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңды жетілдіру жолындағы бірінші қадамы Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украин қол қойған 1992 ж. 13 наурызындағы Бітім болып табылады. Бітім күшін жоймаған заңда қарастырылған зейнетақымен қамсыздандырудың бардық түрлеріне таралады.

Бітімнің қатысушылары тұрып жатқан мемлекеттің заңннамасына сәйкес, осы мемлекеттердің кез келгенінде, сонымен қатар бұрынғы КСРО-дағы 1992 жылдың 13 наурызына дейінгі белгіленген уақыттағы табыс мөлшері зейнетақыны есептеуге еңбек өтімін қоса алғанда зейнетақыны тағайындауға және төлеуге міндеттелді.

Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады. Қазақстан Республикасындағы  шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай – ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады. 

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың, соның ішінде босқындардың ҚР – ның азаматтарымен тепе – теңдігі ҚР «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңымен дәлелденеді.