Павлодар, 2021

2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары


Құқық саласының дербестік көрсеткіші болып қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеу пәні мен әдісінің болуы ғана емес, сондай – ақ, берілген сала нормаларының мәнін білдіретін, құқық субъектілерінің мәртебесін, олардың құқықтары мен міндетерін анықтайтын жекелеген нормаларды сала жүйесіне жинақтайтын арнайы салалық қағидалардың болуы да табылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары болып құқықтық нормаларда бекітілуі тиіс немесе олардың мазмұнына сай келетін, берілген құқықтық нормалар жүйесінің мәнін, даму бағыттарын анықтайтын жетекші бастаулар. Қазіргі кезге дейін әлеуметтік қамсыздандырудың қағидалары бекітілген кодикацияланғант акт (заңнама негіздері, кодекс) қабылданбаған. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары немесе оның жекелеген бөлімдері зейнетақы реформасы бағдарламасын мақұлдаған Үкімет Қаулысында, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында және т.б. көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асырудың келесідей қағидалары бекітілген:

  Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыру үшін келесі қағидалар анықталған:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4) Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтiк төлемдердiң Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

Қағидаларды әрекет ету саласына байланысты былайша жіктейді:

1) құқықтың барлық салаларына тән – жалпықұқықтық;

2) салааралық;

3) салалық;

4) салаішілік.

Жалпықұқықтық қағидаларға: Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану және кепілдік беру, адам құқықтары мен бостандықтарының әркімге тумысынан жазылуы, заң мен сот алдындағы теңдік; әйелдер мен еркектердің құқығы мен бостандығы және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің теңдігі; әрбір адамның өзінің мүдделерін қорғау үшін бірлесу бостандығына құқығы; құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттік қорғау кепілдігі, соның ішінде, сот арқылы қорғалуына құқық.

  Салааралық қағидалар: лайықты өмірді қамтамасыз ету, отбасыға, ана болуға, әкелікке, балалық шаққа, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және т.б.

  Салалық қағидалар: әлеуметтік сақтандыру құқығының жалпыға бірдейлігі, қорларға салынатын міндетті төлемдердің есебінен әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек өтілі мен т.б. жағдайларға байланысты қамсыздандыру нормалары мен жағдайларын дифференциациялау, еңбек ету мүмкіндігінен айырылған барлық жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандырудың көптүрлілігі, жәрдемақы, зейнетақы және т.б. төлемдердің көлемінің ең төменгі күнкөріс дейгейіне сәйкестілік.

  Салаішілік қағидалар: зейнетақымен қамтамасыз ету, әр адам өзінің жұмыс істеу қабілетін қариялыққа, мүгедектікке, асыраушысын және т.б. жоғалтқан жағдайда мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы; әлеуметтік қызмет көрсетудегі мекен–жайлық, қолжетімділік, еріктілік және ізгіліктік; медициналық қызмет көрсету; әлеуметтік–медициналық көмекке қол жетімділік, денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша өтетін алдын алу бойынша іс – шаралар.

  Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қағидалары заңнамада мәтіндік дәлме – дәл бекітілмеген құқық салаларының біріне жатады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары айқындылған ортақ нормативтік құқықтық акт жоқ. Сондықтан осы мәселені зерттеушілер әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан шығаруға мәжбүр.

  Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары объективті түрде қалыптасқан қоғамның даму заңдылықтарын, экономиканың жағдайын сипаттайды, еңбекке жарамсыз азаматтарды материалдық қамсыздандыру саласында мемлекеттің әлеуметтік саясаты мазмұнынан туындайды, салаға жалпылама сипаттама береді салаға жалпы сипаттама беруін көрсетеді. Олар әлеуметтік қамсыздандыру қатынастары сипаттамаларының өзгеруіне байланысты біреуі ескіріп, жаңалар пайда болып, қолданыстағылар жаңа мазмұнмен толығады.

  Әлеуметтік қамсыздандырудың жалпылылығы.

  Қазақстан Республикасының Конституциясы нақты әлеуметтік маңызды мән – жайлардың басталуына байланысты, әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне ие болуға әркімге тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан бірдей және тең мүмкіндікті бекітеді.

  Әлеуметтік қызмет көрсетуді пайдалануға барлық азаматтың құқығы бар. Заң белгілі бір қамтамасыз ету түрін пайдалануды шектеуді қарастырмайды, бірақ олар берілетін кезде белігілі бір шарттар қояды. Әсіресе, бұл қағида зейнетақымен қамтамасыз етуде толық іске асырылады. Зейнетақы – бүкіл әлеуметтік қамсыздандырудың негізін құрайтын, жұмыс істеуге қабілеті жоқ адамдарға және қарттарға берілетін әлеуметтік қамсыздандырудың ең көп тараған түрі. Еңбекке жарамсыздарға және қарттарға көрсетілетін барлық басқа көмек түрлері мен қызмет көрсету олардың арнайы қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әдетте зейнетақыдан бөлек (протездеу), ал кейде оның орнына (интернат–үйлерде күту) белгіленген.

  Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей зейнетақылық қызмет көрсету танылған. Зейнетақы түріндегі әлеуметтік қамсыздандыруға құқық әр адам үшін танылады және ол жүзеге асырылған.

Әлеуметтік қамсыздандырудың жалпылылығы баланы күту мен тәрбиелеуде мемлекеттік көмекті реттейтін заңнамадан көрініс табады. және көрсетілетін мемлекеттік көмекті реттеуші Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңында, отбасыларда туған балалардың әрқайсысына жәрдемақы қарастырылған: бірінші, екінші, үшінші балаға – 31, 41 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан да көп балаға – 52, 35 айлық есептік көрсеткіш.

  Қамсыздандырудың жалпылылық қағидасы медициналық көмек пен емделуге қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясында 29–бабында көрсетілген. Медициналық көмек Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына,белгілі бір жағдайларда шет ел азаматтарына,азаматтыға жоқ адамдарға көрсетіледі. Медициналық көмек Қазақстан Республикасы барлық азаматтарына, кейбір жағдайларда, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі.

  Салымның,жағлайдардың және қамтамасыз ету жәрежесінің дифференциациялануы еңбек салымы мен қажеттілік себебіне байланысты.

Еңбек үлесіне, мұқтаждық себептеріне байланысты салымдар дифференциациясы, қамсыздандырудың шарттары мен деңгейі.

  Дифференциацияның жағдайлары объективті сипатта болуы мүмкін – бұл табиғаттық – климаттық жағдайлар, зиянды,ауыр және аса қауіпті еңбек жағдайлары немесе құқықтық қатынастардың қатысушыларының субъективті қасиеттеріне байланысты, мысалы, денсаулық жағдайына (әйелдер, кәмелетке толмағандар, мүгедектер) байланысты.

  Белгілі бір еңбек өтілінің ұзақтығына жасы бойынша еңбек зейнетақысына шығу құқығы байланысты. Қолайсыз жағдайлардағы жұмыс істеу зейнетақы алудың жеңілдіктік жағдайларына құқық береді. Жасына байланысты емес белгілі бір арнайы стажға (еңбек сіңірген жылдар) ие адамдарға тағайындау кезінде есепке алған жұмысты қалтырған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындалады. Белгілі бір ұзақтығы бар кәсіби қызмет зейнетақының ерекше түрі – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға негіз болып табылады.

  Әлеуметтік маңызды факторларға еңбек ету қабілетін жоғалтудың (еңбек жарақатын алу, кәсіптік ауру) себептері жатады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтың құқығы мазмұнына келесі шарттар әсер етеді: жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы, белгілі бір аумақта өмір сүруі, жұмыссыз мәртебесін алуы, жүктілік бойынша, босану мен бала күтіміне байланысты демалыс сияқты және т.б. жағдайлар әсерін тигізеді.

  Мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауына кепілдік беру міндеті

  Бұл қағида зейнетақы, жәрдемақы, өтемақылық төлемдер әлеуметтік көмекке мұқтаждардың өмір сүру деңгейін занмен белгіленген ең төменгі күнкөріс жағдайынан кем болмауын тұрақтандырып отыру керек екенін білдіреді.

  Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі төлемдердің ешқайсысы мұндай деңгейден төмен болмағандықтан (мысалы, жасына байланысты ең төменгі зейнетақы), бұл қағида тәжірибеде жүзеге асырылмайды. Бірақ бұл, мемлекет адамға лайықты өмір кепілдігін беру міндетінен босатылады дегенді білдірмейді.

Адам әлеуметтік маңызды деп танылатын мән–жайларға байланысты оған мұқтаж болған жағдайлардағы әлеуметтік көмектің кепілдігі.

Бұл қағиданың негізі адаммен бүкіл өмір бойы ілесіп жүретін оқиғалар. Бұл – белгілі бір жасқа жету, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты, толық немесе ішінара жоғалту, отбасынан, асыраушысынан айырылу, белгілі бір салалардағы ұзақ уақыт бойы кәсіптік қызметі, жүктілік және босану, медициналық көмектің немесе емделудің қажеттілігі, мәжбүрлі көшу, жақындарының қайтыс болуы.

Бұл мән – жайлар қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықтың пайда болуымен байланысты белгілі бір құқықтық салдарлар туғызатын заңи фактілердің рөлін ойнайды. Государственная помощь оказывается, когда лицо не способно трудиться, зарабатывать средства к существованию, нуждается в дополнительных расходах. Законодательство расширяет перечень социальных рисков, при наступлении которых гражданин подлежит защите (например, заражение СПИДом человека медицинским работником при исполнении служебных обязанностей, утрата трудоспособности в связи с участием в борьбе с терроризмом).

Мемлекеттік көмек адам еңбек ете алмаған, өмір сүруге қажетті қаражат таба алмаған, қосымша шығындары бар жағдайларда беріледі. Заңнама азамат қорғауға алынатын әлеуметтік тәуекелдердің тізімін кеңейтуде (мысалы, медицина қызметкерінің қызметтік міндеттерінің орындау барысында адамға ЖИТС жұқтыру, терроризмге қарсы күрес кезінде еңбекке қабілеттілігінен айырылу).