Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормалары тек қана осы саланың құқықтық қатынастарына әрекет етеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша барлық құқықтық қатынастар – бұл әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің заңи байланыс жүйесі.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар – бұл азаматтардың (отбасылардың) әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау органдарымен зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік өтемақыларды тағайындау мен төлеу мәселелері және табиғи сипаттағы әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну бойынша әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларымен реттелген әлеуметтік–қамсыздандырушылық қатынастары.
Бұл әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің байланысы, мұнда бір субъект – азамат (отбасы) әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түіне деген құқығын жүзеге асырады, ал екінші субъект – әлеуметтік қамсыздандыру органы – бұл жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуының барлығы олардың әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен сәйкесінше құқықтық қатынастарға (заңи байланысқа) түсуі арқылы іске асырылады. Олар берілген құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл жерде дін қызметкерілерін жәрдемақымен, зейнетақымен материалдық қамсыздандыру ерекшелік болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар бір субъект – азамат (отбасы) өзіне тиесілі әлеуметтік қамсыздарудың түрін талап етуге құқылы болатын, ал басқа субъект – әлеуметтік қамсыздандыру органы – оны беруге міндетті болатын претензиондық–қамсыздандырушылық сипатқа ие. Осы құқықтық қатынастар екі жақты болып табылады және субъектінің екеуі де құқықтармен міндеттерге ие болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастарды келесі негіздер бойынша топтастырады:
1) Құқықтық қатынастардың мақсаттарымен айқындалатын құқықтық қатынастардың сипаты бойынша (қамсыздандыру түрін тағайындау үшін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы дауды қарастыру үшін).
2) Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері бойынша (зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік өтемақылардың нақты түрлері).
3) Құқықтық қатынастардың мерзімдері бойынша (тұрақты созылмалы, белгілі бір мерзімге дейін, бір реттік).
Құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандырудың формалары бойынша жіктеледі:
1) мемлекеттік бюджеттен алынатын әлеуметтік қамсыздандыру;
2) әлеуметтік сақтандыру;
3) ерікті сақтандырудың қосымша түрлері.
Барлық құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 3 түрге бөлінеді:
1) белгіленген зейнетақы, жәрдемақыларды төлеу мен қызметтерді табиғи түрде әрекет жасау арқылы көрсету бойынша негізгі (материалдық) құқықтық қатынастар;
2) процедуралық құқықтық қатынастар – әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін беру және осы қамсыздандыруды тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту үшін заңи фактілерді орнатады;
3) әлеуметтік қамсыздандыру туралы дауларды шешу бойынша іс жүргізушілік құқықтық қатынастар.
Зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы және қызметтер түрлері қанша болса, материалдық құқықтық қатынастар да сонша болады. Материалдық құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар жүйесінің негізі болып табылады.
Процедуралық құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандырудағы материалдық құқықтық қатынастарға қызмет көрсетіп,оларды орнату және өзгерту үшін қажет.
Іс жүргізушілік құқықтық қатынастар қарастырылып жатқан даудың екінші субъектісі кім болып табылатынына байланысты 2 түрде болуы мүмкін:
1) азаматтың (отбасының) төмен тұрған органның іс әрекеттеріне шағым келтіретін әлеуметтік қамсыздандырудың жоғары тұрған органымен орнайтын құқықтық қатынастар;
2) әлеуметтік қорғауда жоғары тұрған орган азаматының төмен тұрған органға шағым түсіретін құқықтық қатынастар;
3) азаматтың (отбасының) сотпен дауды қарап, шешу бойынша орнайтын құқықтық қатынастары.
Барлық материалдық құқықтық қатынастар қамсыздандырудың түрлеріне орай жіктеледі:
1) зейнетақылық;
2) жәрдемақылардың, әлеуметтік өтемақыларының төлемі бойынша;
3) әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша.
Тағайындалған зейнетақыны толеу бойынша зейнетақылық құқықтық қатынастар бөлінеді:
1) жасына байланысты;
2) еңбек сіңірген жылдары үшін;
3) әскери қызмет үшін.
Жәрдемақылар және әлеуметтік өтемақыларды төлеу бойынша барлық құқықтық қатынастарды жәрдемақылар мен өтемақылар түрлері мен оларды төлеудің мерзімдері бойынша жіктейді:
Біржолғы сипаттама бойынша төлем:
1) бала туылуына байланысты берілетін жәрдемақы;
2) жерлеуге берілетін жәрдемақы.
Мерзімді төлеу бойынша:
1) жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар;
2) жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар.
Ай сайынғы төлем бойынша:
1) радиациядан зардап шеккендерге төленетін жәрдемақылар;
2) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақылар;
3) жұмыссыздық үшін жәрдемақылар.
Әлеуметтік өтемақыларды төлеу бойынша зейнетақылық қатынастар келесі түрлерге жіктеледі:
3) босқандар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға өтемақылар
төлеу бойынша;
4) Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен тұлғаларға (отбасыларға) өтемақылар төлеу бойынша және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субьектісі болып, субьективті құқықтары мен міндеттері бар оның қатысушы болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субъектісі болу үшін құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік және деликт қабілеттіліктен тұратын құқықсубъектілікке ие болу сияқты алғышарттарының болуы керек. Азаматтың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша бұл 3 қабілеттілік сәйкеспеуі мүмкін. Мысалы, бала жәрдемақы алуға құқығы бар, бірақ ол іс – әрекетке және деликт қабілеттігіне ие емеса,сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастарға оның заңды өкілдері түседі. Азаматтың бұл үш қабілеттілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, бала жәрдемақы алуға құқық қабілетті, бірақ ол әлі әрекетке қабілетсіз және деликт қабілетсіз болып табылғандықтан ол үшін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастарға оның заңды өкілдері түседі.
Әр азамат әлеуметтік қамсыздандыруға құқылы, бірақ оның әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне деген құқығы тек негізі заңды фактінің орнауына орай (мүгедектік, уақытша еңбекке қабілетсіздік) пайда болады. Медициналық қызмет көрсету және емделу сияқты әлеуметтік қамсыздандырудың түріне жалпыға бірдей құқық субъектілікке барлық
Әлеуметтік қамсыздандырудың қалған түрлеріндегі азаматтың құқық субъектілігі, оның әлеуметтік қамсыздандыруға құқығы пайда болуымен бір мезгілде туындайды, өйткені, екеуі де ол үшін бірдей заңи фактінің пайда болуына байланысты (асыраушысының мүгедектігі, қайтыс болуы).
Азамат бір уақытта әлеуметтік қамсыздандыру бойынша негізгі құқықтық қатынастардың негізгі бірнеше түріне ие болуы мүмкін, мысалы, мүгедектік бойынша зейнетақы алу бойынша зейнетақылық құқықтық қатынастың субъектісі, уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы алу бойынша құқықтық қатынастың субъектісі және шипажайлық – курорттық емделу бойынша құқықтық қатынастың субъектісі болуға құқығы бар. Бірақ бұл оның әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлеріне жалпыға бірдей құқық субъектілікке ие бола алмайтынын білдірмейді. Ол әр қамсыздандырудың түрінде тек сонымен қатар оның осы қамсыздандыру түріне құқығы пайда болған жағдайда туады және осы құқықтың аяқталуымен бірдей аяқталады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субъектілері, көбінесе, еңбек етуге қабілетсіздер, мүгедектер, қарт адамадар, балалар, жұмыссыздар, босқындар, қоныс аударғандар (оралмандар) болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, заң немесе халықаралық келісім–шарт негізінде әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтарға ие болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері – бұл осы қамсыздандыру түріне әлеуметтік–қамсыздандырушылық құқықтық субъектілікке ие әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың қатысушысы.
Барлық құқықтық қатынастар екі жақты болып табылады, сәйкесінше олардың әрқайсысы бір жақтың субъектісі ретінде азаматты, ал кейбір жағдайларда – отбасыны алады. Мысалы, асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы бойынша құқықтық қатынаста отбасы субъект ретінде болады. Әрбір әлеуметтік–қамсыздандырушылық құқықтық қатынастың екінші субъектісі ретінде, қамсыздандырудың белгілі бір түрін тағайындауға және беруге міндетті орган болып табылады.
Жәрдемақыларды тағайындайтын комиссияның құқық субъектілігі процедуралық құқықтық қатынастармен шектеледі: зейнетақыға құқықты орнататын заңи фактілерді анықтау және оны тағайындау. Зейнетақыны төлеу халықты әлеуметтік қорғау органдарымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әр түрін жүзеге асыратын органдар әр түрлі бола алады: халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік органдары, жұмыспен қамту органы (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы); денсаулық сақтау органы (медициналық көмек пен емдеу бойынша); білім беру органы; министрлік және ведомстволық органы (қорғаныс, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік); жергілікті билік органдары және жұмыс берушілер – белгілі бір кәсіпорындар, ұйымдар (жұмысшыларға, олардың отбасыларына қосымша көмек көрсету бойынша).
Белгілі бір заңды фактілерді белгілеу бойынша процедуралық құқықтық қатынастарда, екінші субъект болып, мүгедектік фактісін, оның себебін және болған уақытын анықтайтын медициналық –әлеуметтік сараптама (МӘС), сондай – ақ, адамның хабар – ошарсыз кеткенін және хабар – ошарсыз кеткеннің қайтыс болу фактісін белгілейтін сот табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың объектісі болып, субъектілер арасындағы заңды байланыс орнату бойынша, белгілі бір әлеуметтік игіліктер болып табылады.
Зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды тағайындау бойынша процедуралық құқықтық қатынастардың объектісі, қамсыздандырудың осы түріне құқықты белгілеу және оны тағайындау немесе белгілі бір заңды фактіні орнату болып табылады.
Материалдық құқықтық қатынастардағы объекті болып, қамсыздандырудың осы түріне құқықты жүзеге асыру болып табылады, яғни, оны ақшалай немесе табиғи түрде алу болып табылады
Іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың объектісі болып, азаматтың өзінің әлеуметтік қамсыздандыруға деген құқығын даулау табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың барлық объектілері азаматқа осы құқықтық қатынастарды орнатуға қызмет етеді, сонымен бірге, олар осы құқықтық қатынастағы субъектілердің жүріс – тұрысы мен әрекет етуін айқындайды.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастың әр түріне субъектілердің арасындағы заңды байланыс пайда болған себеп бойынша өзінің арнайы объектісі болады. Сондықтан, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастың түрлерін талдай отыра, құқықтық қатынастың субъектісін, объектісін және мазмұнын анықтау керек. Мысалы, жасына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынаста объект ретінде жасына байланысты зейнетақы, мүгедектік бойынша зейнетақылық құқықтық қатынаста – мүгедектікке байланысты жәрдемақы болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуының негіздері болып заңды фактілер мен олардың құрамын заңды түрде белгілеу болып табылады. Нақты құқықты жүзеге асыру бойынша негізгі материалдық құқықтық қатынастарды орнатпас бұрын, ол құқықтың азаматта бар не жоқ екендігі анықталады, бар болса, қамсыздандырудың осы түрі тағайындалады, егер де жоқ болса, оның белгілі бір заңды фактінің жоқтығынан тағайындаудан бас тартылады.
Заңды фактілер – бұл нақты өмірлік мән–жайлар, оқиғалар немесе іс – әрекеттер.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы заңды фактілер – бұл әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамада бекітілген, әлеуметтік қамсыздандыру үшін белгілі бір құқықтық салдарлары бар нақты өмірлік мән – жайлар.
Заңды фактілермен қамсыздандырудың белгілі бір түрі мен мөлшеріне құқықтың пайда болуының өзі, сонымен қатар, осы құқықты жүзеге асыру жөніндегі құқықтық қатынастың пайда болуы мен әрекет етуі тығыз байланысты.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша процедуралық және іс жүргізушілік құқықтық қатынастарда зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар, қызмет көрсетулерді тағайындау бойынша осы құқықтық қатынастардың субъектілерінің фактілі іс – әрекеттері және дауларды шешу бойынша іс жүргізушілік әрекеттері бар.
Заңи фактілер, құқық нормалары мен құқық субъектілік сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың қажетті алғышарттары болып табылады. Тек осы 3 алғышарттың бірдей болған кезде ғана әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар пайда болып, қызмет етеді.
Мысалы, жасына байланысты зейнетақымен қамсыздандыруда негізгі құқықты анықтайтын заңды факт және сәйкесінше зейнетақылық құқықтық қатынас болып зейнетақылық жас, ал, басқа маңызды заңды факті болып заңмен талап етілетін жұмыс өтілі болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы бір заңды факт, бір жағдайда – құқықты бекітуші, екінші жағдайда – құқықты өзгертуші, ал үшінші жағдайда – құқықты тоқтатушы болуы мүмкін. А в пенсионном правоотношении по пенсии по старости данного пенсионера его смерть является правопрекращающим юридическим фактом.
Мысалы, жасына байланысты асыраушы–зейнеткердің өлімі, оның отбасының асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыға құқығы және ол туралы зейнетақылық құқықтық қатынастың пайда болуы бойынша негізгі құқықты бекітуші фактісі болып табылады. Ал, кәрілікке байланысты зейнетақы бойынша зейнетақылық құқықтық қатынаста осы зейнеткердің өлімі құқықты тоқтатушы заңды факт болып табылады.ылық құқықтық қатынастарда оның өлімі заңды құқықты тоқтаушы факті болып табылады.
Негізгі күрделі құрамдағы заңды факт азаматтың бұл әлеуметтік қамсыздандырудағы құқығын іске асыруына бастама болады. Ол сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың объектісі мен түрін анықтайды.