Павлодар, 2021

5 Еңбек стажы


Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы көптеген құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланысты болатын заңи факт еңбек стажы болып табылады.

Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.

Сонымен, еңбек стажы сандық және сапалық сипатқа ие. Еңбек стажының сандық сипаттамасы болып оның ұзақтығы табылады. Сапалық сипаттамасы еңбек қызметі жүзеге асырылып жатқан жағдайлар мен қызметтің сипатын айқындайды.

Сандық және сапалық сипаттамаларға байланысты еңбек стажының келесі түрлері ажыратылады:

1) жалпы еңбек стажы;

2) еңбек сіңірген жылдары үшін;

3) үздіксіз еңбек стажы.

Осыдан қорыта келгенде еңбек стажын келесі топтарға бөлуге боалды:

1) жалпы;

2) арнайы;

3) үздіксіз.

Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.

Жалпы еңбек стажына қосылатын еңбек қызметі деген:

1) еңбек шарты (келісім – шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар акы төлейтін жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) арнайы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік кызмет;

4) мемлекеттік қызмет;

5) кәсіпкерлік немесе кіріс әкелетін басқа да қызмет түрі;

6) І – топтағы, ІІ – топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай –ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;

7) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасаған уақыт;

8) жұмыс істемейтін анасының жас балаларды бағып – күткен, бірақ әрбір баласы 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;

9) қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылған және куғын –сүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және ¥лы Отан соғысы кезеңінде өздері басқа мемлекетгердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;

11) жұмыс істемейтін соғыс мүгедектердің және оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңес мекемелерінің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдеріні (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жыл –дан аспауға тиіс;

13) офицерлік кұрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімнен тыс атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс;

14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және кайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай - ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;

15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кенқұлтару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан.

Арнайы еңбек стажы – бұл белгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардағы, белгілі бір табиғи – климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластануға ұшыраған аумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмысының ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жүмыс істеген түлғалар үшін белгіленеді. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:

1) ұрыс кимылдары кезеңінде майдандағы әскер кұрамындағы оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай – ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай – ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыт – әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен;

2) әскери бөлімдеріндегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет – екі есе мөлшерде;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласындағы жұмыс – екі есе мөлшерде;          4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласында болған уақыты – екі есе мөлшерде;

4) Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса – екі есе мөлшерде; Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса – екі есе мөлшерде;

 5) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және куғын – сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты – үш есе мөлшерде;

6) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезенде жұмыс істеп, әскери кызмет аткару – үш есе мелшерде; 1963 жылы 6 шілдеденбастап 1992жылғы 1 каңтарға дейінгісі біржарым есе мөлшерде;

7) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ - мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс – екі есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерінің пагология – анатомиялық белімдеріндегі жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша бір жарым есе мөлшерде;

8) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл істеген жұмыс үшін есептеледі;

9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалары кәсіпорындарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жүмыс стажына есептеледі.

Арнайы еңбек стажының ерекше түрі болып еңбек сіңірген жылдары болып табылады. Белгіленген еңбек сіңірген жылдарға жету қызметкерге жасына қарамастан зейнетке шығу құқығын береді, бірақ ол зейнетақы тағайындалатын жұмыстан босатылуы арқылы жүзеге асырылады.

Заңнама еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны тағайындауға болатын адамдар тобын анықтайды: 

– жерасты және ашық тау жұмыстарында, шахта мен кен ошақтарында жұмыс істейтін азаматтар;

– әскери қызметкерлер;

– белгілі бір азаматтық авиациядағы жұмысқа байланысты;

– Ішкі істер органдарында,прокуратура органдарында, қылмыстық атқару жүйесінде, кеденді органдарда, салықтық полиция органдарында қызмет ететін азаматтар;

– кәсіптік апаттық – құтқару қызметіндегі жұмысқа байланысты;

– кейбір басқа азаматтарға (космонавттар, спортшылар).

Үздіксіз еңбек стажы – бұл қызметкердің бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кездегі үзіліс, заңдарда белгіленген мерзімдерден аспаған және қызметтен босату қызметкердің кінәсынан болмаған жағдайдағы үздіксіз еңбек қызметінің ұзақтығы. Алайда, қазіргі кезде үздіксіз еңбек стажы зейнетақылар тағайындау кезде үлкен рөлді иеленбейді. Еңбек стажына енетін жүмыс кезеңдері.

Үздіксіз еңбек стажының жалпы және арнайы еңбек стажынан айырмашылығы оның құрамы болып табылады.    

Үздіксіз еңбек стажына тек нақты жұмыстың ұзақтығы қосылады. Жалпы еңбек стажынан айырмашылығы, бұл жерде жеңілдекпен есептеу қолданылмайды және үздіксіз еңбек стажына жұмыс кезіндегі мәжбүрленген жұмысқа келмегені кесірінен заңсыз жұмыстан шығаруға байланысты жұмыстағы үзілісі саналады.