Павлодар, 2021

6 Зейнетақымен қамсыздандыру


Зейнетақымен қамсыздандыру еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі түрі болып келеді.

Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу нақты негіздерді, шарттарды және зейнетақы мөлшерін көздейтін алуан түрлі нормативті актілермен жүзеге асырылады.

Зейнетақыларды тағайындау мен төлеудің негіздері мен шарттарын бекітетін негізгі нормативтік құқықтық акт болып «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105 – V Заңы табылады.

ҚР заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл орналтылған жас, жұмысшылары зейнетке 65 жаста шығатын Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Австрияға қарағанда төмен. Норвегия және Данияда зейнетке шығу жасы – 67 жасты құрайды. Зейнетке шығу жасын анықтайтын факторлардың бірі болып орташа өмір сүру ұзақтығы саналады. ҚР–сында еркектер орташа 60 – 64 жыл, әйелдер 70 – 73 жыл өмір сүреді. Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші басқа елдерге қарағанда біршама төмен.

Зейнетақы жүйесі міндетті зейнетақылық, міндетті кәсіби зейнетақылық, ерікті зейнетақылық жарнаның есебінен пайда болған, мемлекет қаражатынан тәуелсіз, Зейнетақы қорымен қаржыландырылады және зейнетақылық төлемдердің төленуін қамтамасыз етеді. Зейнетақы жүйесі толықтай міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылатын Зейнетақы қорымен қаржыландырылады және зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 01.01.1998 ж. ҚР - сында жаңа зейнетақы жүйесі іске қосылды. Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның кірісінің 25 пайызы зейнетақыларға аударылатын. Осы 25 пайыз 2 бөлікке бөлінетін, олардың 15 пайызы Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталығына, ал, 10 пайызын жұмыс беруші жалдамалы жұмысшы өзі таңдаған Жинақтаушы Зейнетақы қорының есебіне аударатын. Осы екі жарнаны салу міндетті болып саналатын. 01.01.2010 ж. еліміздің ең үлкен, ауқымды қорларының бірі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры ашылды. «ЖЗҚ «МЖЗҚ» АҚ (әрі қарай – МЖЗҚ немесе қор) бірінші қазақстандық зейнетақы қоры болып табылады. Оның негізі қаланған кезде қайнар көзінде болған МЗЖҚ елдегі экономикалық қатынастардың осы сферасын толығымен сынап, байқап көрген инфраструктуралық негізін қалаушылардың бірі болып табылды. 22.08.2013 ж. «ЖЗҚ МЖЗҚ» АҚ базасында» «БЖЗҚ» АҚ құрылды. «БЖЗҚ» АҚ – есеп берушілік, айқындылық, этикалық тәртіп, мүдделі тұлғалардың мүдделерін құрметтеу, заң басымдылығын сақтау, еліміздің жұмыс істейтін тұрғындары қатысушылар болып табылатын адам құқықтарын сақтау қағидаттарын ұстанатын әлеуметтік жауапты ұйым.

Қазақстанның зейнетақы жүйесінде 4 мәселе бар:

1) Зейнетақы көлемі тек халықаралық стандарттар бойынша ғана төмен емес, сонымен қатар, мысалы, Ресеймен салыстырғанда аз болып келеді. Зейнетақы көлемі, зейнетақыдан басқа қосымша табысты қажет ететін зейнеткерлер өмірінің минималды деңгейін қалыпты түрде ұстап тұру үшін де өте аз.

2) Қазіргі кезде бар қорлардың тиімділігінің жетіспеушілігі. Зейнетақы қорының тиімділігінің төмендігі өндірістің құлдырауымен, жұмыс берушілердің көбінің салық төлеуден жалтаруымен және салықтарды төлеуден жалтаратын көлеңкелі экономика үлесінің көптігімен түсіндіріледі.

3) Зейнетақы жүйесі қаржыландырылатын жалақы қорынан келіп түсетін салық. Жұмыс берушілердің Зейнетақы қорына төлейтін жоғары салықтары адамдардың жұмысқа орналасуына үлкен кедергі келтіреді, ал бұл дегеніміз жұмысшы күшінің көлеңкелі нарығының пайда болуына әкеліп соғады.

4) Зейнеткерлік жасқа қатысты сәйкес келмеушіліктер. Ерлердің зейнет жасы – 63 жас, әйелдердікі – 58 жас. Зейнетақыны толық мөлшерде алу үшін талап етілетін еңбек стажы ер адамдар үшін – 25 жыл және әйелдер үшін 20 жыл. Осы критерийлердің қайсысы басты болып табылатыны белгісіз (жасы немесе еңбек стажы). Әскери қызметшілерде зейнет жасы еңбек стажы 25 жыл болғанда ерлер үшін 45 жас.

ҚР-да табыстары төмен отбасыларға төленетін жәрдемақы жүйесі бар. Мүгедек балаларға, жұмыс істемейтін көпбалалы аналарға арнайы жәрдемақы төленеді. Бала туылған кезде бір реттік жәрдемақы беріледі, оның көлемі отбасының табысына байланысы жоқ.

Экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда тұрып жатқан азаматтарға да жәрдемақы төленеді. Аймақтардың 2 категориясы болады: «дағдарыс алды жағдай» аймағы және «экологиялық апаттар зонасы» аймағы. Аса қиын экологиялық жағдай Семей және Қызылорда облыстарында байқалады.

Зейнетақы жүйесі 3 қоғамдық қатынастар топтарынан тұрады:

1) зейнетақы төленетін зейнетақы қорларын қалыптастыру бойынша қатынастар;

2) қоғам мүшелеріне төленетін зейнетақы және басқа зейнетақылық төлемдерді материалдық қамсыздандыру бойынша қатынастар;

3) зейнетақымен қамсыздандыруды басқару мен ұйымдастыру бойынша қатынастар.

«Зейнетақы» сөзі латын тілінен аударғанда төлем дегенді білдіреді. Зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда және т.б. заңды фактілер орнаған мән – жайлар бойынша азаматқа (отбасына) төленетін төлем.

Зейнетақылық құқықтық қатынастың орнауы үшін заңды құрам – барлық заңды фактілердің болуы қажет. Олардың біреуінің болмауы әсерінен зейнетақылық қатынастар пайда болмауы мүмкін. Зейнетақы мөлшері жалақы негізінде анықталады және бір айға есептеледі.