Павлодар, 2021

7 Әскери қызметкерлерді, ішкі істер органдарының, прокуратура қызметкерлерін және т.б. зейнетақымен қамсыздандыру


Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы дегеніміз – ұзақ кәсіптік қызметіне байланысты және осы жұмыстан бас тарту немесе осы қызметті аяқтауы жағдайында тағайындалатын, азаматтармен белгіленетін ай сайынғы ақшалай төлем. 

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы зейнетақы түрлерінің көптігімен сипатталатын енбектік зейнетақылардың бір түріне жатады және оны алуға құқығы бар тұлғалардың айқындалған шеңберімен ерекшеленеді.  

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жасына байланысты зейнетақы сияқты әрдайым «стаждық» болып табылады. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы деп сәйкес арнайы стажы (еңбек сіңірген жылдары) бар және белгілі бір жасқа толған кезде белгіленетін зейнетақы да аталады.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақылар барлық қызметкерлер үшін енгізілмеген, тек қана арнайы категорияларға беріледі. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақының енгізілуі белгілі бір қызметтің, жұмыстың спецификасымен түсіндіріледі. Ұзақ уақыт бойы қиын және жауапты жұмысты орындағаннан кейін, түрлі себептер бойынша, мысалы,  көп жылдар бойы жиналып келген кейбір әдеттегі өзгерістер мен шамадан тыс психологиялық және эмоционалды ауыртпашылықтар үшін, оны әрі қарай орындау мүмкіндігі әрқашан болмауы мүмкін.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақының мақсаты – бұл осындай азаматтарды өзінің бұрынғы жұмысын жалғастырудан босатып, еңбек қызметінің толық тоқтатылуымен, жалақысы төмен басқа жұмысқа ауысуы салдарынан жоғалтып алған жалақысын елеулі дәрежеде өтеу.

Қызметкерлердің кейбір категориялары үшін  еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы, жасына байланысты зейнетақының орнында зейнетақылық қамсыздандырудың негізгі түрі болып табылады (мысалы, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін). Мұндай зейнетақылардың мөлшері, жасына байланысты зейнетақылардан жоғары. 

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқық беретін арнайы еңбек стажының ұзақтығы кей жағдайларда әйелдер мен еркектер үшін әр түрлі, кей жағдайларда бірдей болып келеді.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы – еңбек зейнетақысы. Оның көлемі, жасына байланысты зейнетақының көлемі сияқты да, еңбек қызметіңнің қаншалықты ұзақ болғанына және жалақысы қалай төленгеніне байланысты анықталады. Осыған байланысты, зейнетақы деңгейін анықтау үшін, еңбек сіңірген жылдары (әдетте жылдармен) есептеледі.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақының көлемі табыстың 50 пайызын құрайды.  Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері – ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күніне жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн бір пайызына ұлғайтылады.

Қызметтен босатылған күніне жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға:

1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың шектi жасына толған;

2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;

3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2012 жылдың 1 қаңтарынан арнулы атақ, сыныптық шендерге ие болу мен нысандық киім киюге құқығы жойылған адамдар тобы:

1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай–ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;

2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;

 3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай–ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.