Павлодар, 2021

8 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылымы және қызметінің ұйымдастырылуы


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «БЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде уәкілетті органның өкілі кіреді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының:

1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;

2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;

3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта салымшының (алушының) мүддесін білдіруге;

4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;

5) филиалдар мен өкілдіктер ашуға;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті:

1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;

3) зейнетақы жинақтарын және төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

4) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай –күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай – ақ ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 57 бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай – күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда өткен жыл үшін зейнетақы жинақтарының жай – күйі туралы ақпарат жiбермейді;

5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет – ресурсында жариялауға;

6) салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;

7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай –күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;

9) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;  

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуға;

11) салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;

12) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты жариялауға және өзінің интернет – ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табысқа кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай – ақ Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

13) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің қарауы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;

14) өзінің барлық салымшыларына (алушыларына) теңдей жағдайларды қамтамасыз етуге;

15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;

16) өзінің қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;

17) ақпарат сақтауға арналған резервтік орталығының болуы;

18) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, кемінде үш жылда бір рет бағдарламалық – техникалық қамтамасыз ету аудитін жүргізуге;

19) ішкі аудит қызметінің болуы міндетті.

Салымшылардың (алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) Заңда көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

3) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада өзінің қызметкерлеріне қаржылай көмекті қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржылай көмек көрсетуге;

4) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

5) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

6) қарыз қаражатын тартуға;

7) қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;

8) кез келген түрдегі кепілгерліктер мен кепілдіктерді беруге;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын не Ұлттық пошта операторымен шарт жасаспаған тұлғаларды осы баптың 9 – тармағының 6) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға;

10) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар құруға және оның қызметіне қатысуға тыйым салынады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және Заңға сәйкес өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқаруға қажетті іс –қимылдарды жасауды басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзi таңдап алған сенiм білдірілушінің іс –әрекеті үшiн оны өзі жасағандай жауап бередi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігіндегі функциялары:

1) басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.

Инвестициялық декларация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі ескеріле отырып жасалады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің консультативтік – кеңесші органы болып табылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ереже және оның құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен бекітіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің құрамына:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі өкілі;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің екі депутаты;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі;

4) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлейді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініші негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға электрондық хабарлама жібереді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап, салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында уәкілетті орган айқындайтын шетелдік кастодиандарда шоттар ашуға құқылы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізеді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай – күйі туралы ай сайын хабардар етеді.

Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылардың:

1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай – күйі туралы ақпарат алуға;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға;

3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;

4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;

5) өздерінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға:

1) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық–құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын;

2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.

Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашуға қайта өтініш берілмейді.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға;

2)  зейнетақылық аннуитеті шартын жасасуға;

3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.

Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шартқа сәйкес жазбаша нысанда жасалады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі мен оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi комиссиялық сыйақы шегерiле отырып, зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұл және залалдардың орнын толтыру ретінде түскен қаражатты қамтиды.        

Жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерiне құқықтары Заңда көзделген заттық құқықтар қатарына жатады.

Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан – банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi тек қана:

1) тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын және инвестициялық декларацияда айқындалатын қаржы құралдарына орналастыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға;

3) Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртiппен зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға;

4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай – ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға;

5) қате есепке жатқызылған зейнетақы жарналарын және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына Заңда белгiленген жағдайларда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге пайдаланылады.

Алушы, сондай – ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар және ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру туралы  Заңының 11 – бабының 13 – тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылады.