Павлодар, 2021

Кіріспе


Қазақстан Республикасы халқының әл–ауқаты жоғарылауы мен экономикалық дамуы, нормативті құқықтық базасының қалыптасуы жағдайында еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы ҚР азаматтарына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.

Қазақстан Республикасы ТМД–да зейнетақы саясатынының қағидалары мен артықшылықтарын түбейгейлі өзгерткен, ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен, еңбекке жарамсыз азаматтардың материалдық қамсыздандыру мен әлеуметтік қызмет көрсетуін қайта қараған бірінші мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыты кедейшілікпен күрес болып табылады. Мемлекет еңбекке жарамсыз болып, асыраушысынан, сонымен қатар жұмысынан айырылып қалған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ашуға белгілі бір іс–шаралар қарастырады. Мүгедектерді әлеуметтік қалпына келтіру жүйесінің дамуы бекітіледі. Мемлекеттің әлеуметтік қорғау саласындағы саясатын жүргізу осы саладағы нормативті құқықтық базаның дамуы ескеріледі.

Қазақстан Республикасында заңды фактілердің орнауына байланысты, азаматтардың кейбір санаттарының өмір сүру деңгейін тұрақтандыру үшін жүзеге асырылатын, өлшемдер жүйесі деп түсінілетін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне барлық зейнетақылар түрін, көптеген жәрдемақылар түрін, өтемақылық төлемдерді, әлеуметтік қызмет көрсетуді, жеңілдіктер мен жеке санаттағы азаматтарға көрсетілетін қызметтерді, сонымен бірге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті де жатқызамыз.