1 Ұйымдарды жобалаудың факторлары
Ұйымдарды жобалаудың факторлары – бұл ұйымдық құрылымның жобасын құру кезінде ескерілуі қажет сыртқы және ішкі ортаның параметрлері.
Жалпы түрде факторлардың төрт тобын бөліп көрсетуге болады:
Сыртқы орта факторларына жатады:
Ұйымдық құрылымды құру кезінде ұйым сыртқы орта факторларының сипатына байланысты бір-бірінен ерекше төрт жағдайда болуы мүмкіндігін ескеру керек.
Бірінші жағдай шамалы-жоғары анықсыздықпен сипатталады: факторлар көп емес, олар бір-біріне ұқсас, бірақ жиі өзгереді, олардың өзгерісінің мүмкіндігі мен логикасын алдын ала болжауға болады. Мұндай жағдай халық тұтынатын тауарларды өндіретін салаларда көрініс табады. Бұл ортада қызмет ететін кәсіпорында үшін функционалдық ұйымдық құрылым тиімді болуы мүмкін.
Екінші жағдай жоғары анықсыздықпен сипатталады: факторлар көп, факторлар ұқсас емес және олар болжанбайтын траекториялар бойынша үнемі өзгереді. Мұндай жағдай күрделі заманауи құрал-жабдықтарды өндіретін салаларда болуы мүмкін. Берілген ұйымдар үшін аса тиімді жобалық (немесе матрицалық) ұйымдық құрылым болуы мүмкін.
Үшінші жағдай шамалы анықсыздықпен сипатталады: факторлар көп, олар бір-біріне ұқсас емес, бірақ жағдай айтарлықтай тұрақты, факторлар өзгермейді дерлік. Мұндай жағдай жағдайдың көптеген аспектілеріне тәуелді, бірақ айтарлықтай тұрақты және дәстүрлі күрделі өндіріспен байланысты салаларда болуы мүмкін. Берілген ұйымдар үшін функционалдық байланыстармен күшейтілген сызықтық ұйымдық құрылым тиімді болуы мүмкін.
Төртінші жағдай төменгі анықсыздықпен сипатталады: ол тұрақты дерлік – факторлар аз, олар ұқсас және айтарлықтай өзгермейді. Мұндай жағдай дәстүрлі өндіріс жағдайында болуы мүмкін.
Жұмыстың технологиясы және бірлескен қызметтің типі. Жұмыс технологиясы көзқарасынан ұйымдық құрылымға едәуір ықпалды жұмысты қалай орындау туралы білімдердің анықтылығымен және жұмыстың түсу уақытының анықтылығымен байланысты параметрлер әсер етеді.
Корпоративтік мәдениет пен персоналдың ерекшеліктері. Ұйымдық құрылымды құру кезінде корпоративтік мәдениет пен персоналдың келесі ерекшеліктерін ескеру керек:
Ұйым дамуының стратегиясы мен прототипі. Бұл параметрді есепке алу үшін ұйым берілген кезеңде басым стратегиямен анықталуы және ұқсас ұйымдармен танысуы керек.
Ұйымның стратегиялық талдауы ұйымның қызмет етуінің әртүрлі сатылары үшін тән дамудың үш бағыттарының біреуінің басымдығымен байланысты болуы мүмкін.
Егер ұйым жаңа өнімді жасауға бет бұрса, онда оның ұйымдық құрылымында ұйымдастырудың жобалық нысандары басым болуы керек.
Егер ұйым тауарын нарыққа жылжытуға бағытталса, онда оның ұйымдық құрылымында функционалдық буындар пайда болады.
2 Ұйымды жобалаудың кезеңдері
Ұйымды жобалау келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
Бақылау сұрақтары
1. Басқарудың ұйымдық құрылымның жалпы сипаттамасы.
2. Басқарудың ұйымдық құрылымның түрлері.
3. Сызықтық ұйымдық құрылым.
4. Функционалдық ұйымдық құрылым.
5. Ұйымды жобалау кезеңдері.
6. Басқарудың ұйымдық құрылымның дамуының қазіргі тенденциялары.