1 Қызметкерлердің қызметін талдау мақсаттары мен сатылары
Қызметті талдау келесі сұрақтарға жауап беруі керек:
- қызметкерге негізгі өндірістік операцияларды орындау үшін қанша уақыт қажет;
- жұмыс орны түсінігіне қандай өндірістік операцияларды топтастыруға болады;
- еңбек өнімділігін жоғарлату үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек;
- берілген өндірістік операцияны орындау үшін қызметкер қандай сипаттарға (ерекшеліктерге) ие болуы керек;
- персоналды басқару бағдарламасын құру үшін жұмыс орнын талдау нәтижесінде алынған ақпарат қалай қолданылуы керек.
Жұмыс орнын талдау мен құрылымдаудың келесі сатыларын бөліп көрсетуге болады:
Бірінші қадам – ұйым құрылымын және ондағы әрбір жұмыс процесінің орнын талдау.
Екінші қадам – жұмыс орнын талдау мақсаттарын анықтау, ол туралы ақпарат қалай қолданылады.
Үшінші қадам – типтік жұмыс орындарын іріктеу.
Төртінші қадам – жұмыс орнын талдау әдісін таңдау және қажетті мәліметтерді жинау мақсатымен оны қолдану.
Бесінші қадам – жұмыс орнын сипаттау.
Алтыншы қадам – жұмыс орнының ерекшелігін құру.
Жетінші (а) қадамы – жұмыс орнын жобалау үшін ақпаратты қолдану.
Жетінші (ә) қадамы – лауазымда жұмысқа кандидаттарды бағалау критерийлерін қалыптастыру үшін ақпаратты қолдану.
Сегізінші қадам – жағартылған жұмыс орнының жобасын бағалау мен енгізу.
Бар жұмыс орындары туралы бірінші-алтыншы қадамдарды жүзеге асыру барысында жинақталған ақпарат қолданылуы мүмкін:
Жұмыс орындарын талдау нәтижелері 12.1-кестеде келтірілген кадрлық бағдарламаларды іске асыру барысында қолданылуы мүмкін.
12.1-кесте – Кадрлық бағдарламалар
|
Бағдарлама атауы |
Ақпарат мазмұны және оны қолдану маққсаттары |
|
Жұмыс орнын сипаттау |
Жұмыс процесінің мәнін, қызметкер міндеттемелері мен оның жауапкершілік деңгейін сипаттау, жұмыс жағдайлары туралы мәліметтер |
|
Жұмыс процесін айырықшалау |
Орындаушы ие болуы керек жеке тұлғалық және кәсіби сипаттар |
|
Жұмыс орнының жобасын құру |
Берілген жұмыс лауазымымен байланысты міндеттер мен міндеттемелердің, элементтердің оңтайлы үйлесуі |
|
Қызметкерлерді іріктеу |
Лауазымға кандидаттарды іріктеу мен бағалау процедурасын жобалау кезінде қолданылатын орындаушы ие болуы қажет жеке тұлғалық және кәсіби сипаттар |
|
Еңбек нәтижелігін бағалау |
Жұмыс орны үшін еңбек өнімділігінің қолайлы деңгейін есептеуде қолданылатын жоспарлы және нақты өнімділік |
|
Кадрларды дайындау және біліктілікті жетілдіру |
Өндірістік міндеттер мен функцияларды сипаттау, дайындаудың тиімді бағдарламаларын құру үшін кәсіби маңызды сипаттар мен дағдылардың тізімі |
|
Мансапты жоспарлау және қызмет бойынша жоғарлау |
Жоғарлау мен ауысудың оңтайлы бағдарламаларын жасау үшін өндірістік процестердің өзара байланысы мен реттілігі туралы мәліметтер |
|
Еңбекті төлеу |
Салыстыру үшін, дұрыс бағалау мен тиімді ынталандыру үшін негізді алу мақсатымен өнімділік деңгейі туралы, еңбек жағдайлары туралы мәліметтер |
|
Еңбектің қауіпсіздігі |
Жұмыстың қауіпсіз нормативтері туралы ақпарат, құрал-жабдықтардың орналасуы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар құру мақсатында қызметкерлердің өзара әрекеттесуі, орындаулары үшін бағалау және марапаттау |
Профессиограмманың типтік құрылымы
Профессиографиялық талдау – орындаушы жұмысын талдау, қызметті аса толық сипаттайтын негізгі міндеттерді, нәтижелерді, процестерді, өзара әрекеттесу сызбаларын айқындау.
Профессиограмма – қызмет пен ұйымдағы оның орнын сипаттайтын құжат.
Қызметтің сипаттамалық белгілері.
Бақылау сұрақтары
1. Қызметкердің қызметін талдау мақсаты мен сатылары.
2. Профессиограмманың типтік құрылымы.
3. Персонал бойынша менеджердің қызметінде профессиографиялық талдау.