Кіріспе

Жануарлар өнімділігінің 60 % олардың азықтандыруына және азық тепетеңдігіне, рацион қуаттылығына, ақуызға, минералдық заттар мен дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады. Мал азығы мал шаруашылығы өнімділігінің қоректілік құрылымында аса маңызды рөл атқарады (сүт шаруашылығында 50-55%, шошқа шаруашылығында 65- 70%), сондықтан олардың сапасын жақсарту, қоректік заттардың шығынын біршама төмендету үшін өнімге басты назар аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан тиімді, жоғары өнім алу үшін жануарлардың ағзасына қажетті негізгі қорек пен азық қоспаларымен келетін қоректік заттар, дәрумендер, макро-микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар жануарлар үшін рацион ұнамды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азығының белгілі бір дәмдік артықшылықтары, консистенциясы, температурасы, белгілі ұсақтау өлшемдері және т.б. болуы тиіс. Азық алынатын өнімге де ықпал етеді, сондықтан өнім бірлігіне азықты минималды мөлшерде шығындай отырып, сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін азықтың рациондағы оңтайлы арақатынасын сақтау керек.

Азықтық базаны Қазақстанның табиғи-климаттық аумағы бойынша табиғи және қолдан өсірілетін өсімдіктерді қолдану, азық дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеу әдістерін жетілдіру, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтау негізінде нығайту еліміздің мал шаруашылығын дамытуда маңызды міндеттер болып табылады.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі жасушалық деңгейде өтетін ас қорыту физиологиясына, зат алмасуға, биохимиялық үдерістерге негізделген және азықты тиімді қолдануға, малдардың денсаулығын сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және қалыпты қайта өндіру қабілетін сақтауға бағытталған.

Осы курстық жобаны орындау мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандарын дайындауда оқу үдерісінің маңызды құрылымдық бөлімі болып табылады. Мақсаты – курстық жоба студенттің білімін бекітіп жүйелейді, бірақ алдымен азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу, жануарларды азықтандырудың практикалық ұйымдарында туындайтын жеке сұрақтарды нақты нормалар бойынша өз бетінше зерттеу керек.

“Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру” пәнінің міндеті-болашақ маманға әртүрлі үй жануарларының қоректену биологиясы, ғылыми нақтыланған толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру жөнінде білім беру. Курс бағдарламасы дәрістер, зертханалық сабақтар, өздік жұмыстары мен курстық жобаларды орындау арқылы іске асады.