«Экология» терминін 1866 ж ірі неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған. Термин екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, баспана, «логос» - ғылым, зерттеу деген сөз.
Өсімдіктер географиясына экологиялық бағытты Александр Гумбольдттың еңбектері салды. Экологиялық ойларға орыс зоологтары К.Ф.Рулье (1814-1858) мен Н.А.Северцовтың (1827-1885) және т.б. ғалымдар еңбектері зор үлес қосты.
Ғылым ретінде экология тарихындағы ерекше күн – 1866 жылдың 14-қыркүйегі болды, сол күні Э.Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» деген кітабын бітіріп, онда осыған ең алғаш рет анықтама берді: «Экологияның астарынан біз ағзалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасы туралы жалпы ғылымды ұғынамыз».
Экология тірі ағзалардың ішінде популяция, қауымдастық және экожүйені қарастырады. Популяция деп бір түрдің топтарын айтамыз, олар басқа топтардан оқшауланған. Қауымдастық бұл әртүрлі топтардың түрлері, олар бір аймақта өмір сүріп,бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Экологиялық жүйе (биогеоценоз) – ағзалардың қауымдастығы олардың абиотикалық ортамен қатынасы. Маржанды риф – экожүйенің бір мысалы.
Экологияның бес негізі бар.
- популяциялық экология (популяция санының динамикасы оның ішкі фактормен байланысы);
- синэкология (табиғи бірлестіктерді оқу);
- өмірсүру орнын оқу;
- экожүйені (оның ішінде зат айналым және табиғаттағы энергия);
- эволюциялық экология (алғашқы табиғи қауымдастықты қалпына келтіру және қауымдастықтың өзгеруін болжау), сонымен қатар тарихи экология (адамның қатысы арқылы өзгерістерді оқып білу).
Экологиялық жүйеге абиотикалық және биотикалық компоненттер жатады. Кейде биогеоценоздың абиотикалық компоненттерін биотоп деп атайды, ал биотикалықты биоценоз деп атайды. Абиотикалық компонентке жататын топырақты, экожүйенің жеке бөлігі ретінде қарастырады.
Биотоптар биохораға қосылады, ал соңғысы биоциклдерге. Тасты, құмды, сазды шөлейтті биохораға қосылады; шөлейтті биохора, ормандар мен жазық дала құрғақтық биоциклдерге қосылады.
Үш биоцикл: құрғақ, теңіз және ішкі сулар- биосфераны құрастырады. Экологиялық түсініктердің ең маңыздысы энергия ағымы. Экологиялық жүйелерге энергия күннен беріледі; оның ішінде автотроптылар күн сәулесін пайдаланады, ал гетеротрофтылар автотрофтылардан дайын органикалық заттарды қорек ретінде алады.
Модуль бойынша тәжірибелік жұмыс
1.Адам қоғамының қалыптасып дамуында табиғаттың ролі.
2.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану
3.Қоршаған ортаның ластану себептері, оның әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдары