Қауымдастық экологиясы-синэкология

Құрлықтың экожүйесі эволюциялық даму нәтижесінде пайда болған биогеографиялық сала деңгейіндегі табиғи белдеулерден тұратын ірі экожүйелерге бөлінеді, ал олар болса ландшафт провинцияларынан – биомдардан тұрады. Биомдарға жеке дара ландшафтар кіреді, олар биогеоценоздарды – биосфераның қарапайым бастапқы құрылымдық бірліктерін біріктіретін биогеоценотикалық комплекстерден тұрады. Биогеоценоз (грек тілінің био - өмір, гео – жер, ценоз – қоғамдастық) терминін 1942 ж белгілі орыс биолог-ғалымы В.Н.Сукачев енгізді.

Биогеоценоз табиғаты әр түрлі күрделі екі қауымдастықтан тұрады: биоценоз бен биотоптан:

БИОГЕОЦЕНОЗ = БИОЦЕНОЗ + БИОТОП

Биоценоз терминін ғылымға неміс биологі К.Мебиус енгізді.

Биогеоценоз бір-бірінің тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын тірі табиғаттың бірнеше бөлімдері бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады: фитоценоздан, зооценоздан, микробиоценоздан.

Биотоп деп биоценоз орналасқан өзінің геоморфологиялық, климаттық, геохимиялық және басқа да абиотикалық қасиеттері біркелкі аймақты айтады.

Биотопқа өлі табиғаттың бір-бірімен тығыз байланысты екі компоненттерінің жиынтығы кіреді:

1)температурасы, ылғалдығы, қысымы, күн радиациясы және т.б. осы сияқты қасиеттермен мінезделетін және құрамында атмосфералық ылғалдылығы мен биогенді газдары бар атмосфера кіреді

2)құрамына топырақ асты жыныстары мен жер асты сулары бар жердің беткі топырақты қабаты кіреді.

Биогеоценоз ұғымына фация – бүкіл даму барысында жыныстардың бір құрамы, рельефтің, ылғалдың бірдей сипаты, бір микроклимат пен бір биоценоз сақталатын ең кіші табиғи-аймақтық кешені ұғымы жақын келеді.

Биогеоценоздың тірі құрауыштарына – продуценттер, консументтер, редуценттер, ал өлілерге күн энергиясы, ауа, су, субстрат жатады.

Тіршіліктің тоқталмай жүріп тұруының негізгі себебі – табиғаттағы зат айналымының болуында. Кез келген биогеоценозда зат айналымынсыз барлық бейорганикалық заттардың қоры таусылып қалар еді, оның себебі олар бұл жағдайда ағзалардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде қайтадан жасалмай таусылып қалуында. Биогеоценозда зат айналымы болуы үшін ағзалардың екі түрі болуы керек: 1) бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасайтын 2) осы органикалық заттарды өздерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданып оларды қайтадан бейорганикалық түрге айналдырушы.

Экожүйедегі (биогеоценоздағы) өздігінен реттелушілік – қандай да бір табиғи немесе антропогенді әсер етуден соң ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілеттілік.

Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек (трофикалық) – экожүйеде ағзаның қоректенуі кезіндегі органикалық заттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін ағзалар тізбегі.

Қоректену тізбегінің мысалы

Қоректік тізбектің әрбір түйіні – нәрлену деңгейі деп аталады. Бірінші нәрлену деңгейін автотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер деп аталатындар алады. екінші нәрлену деңгейіндегі ағзалар – бірінші реттік консументтер, үшіншідегілер – екінші реттік консументтер деп аталады.

Экологиялық пирамиданың қысқартылған түрі

Сол жақта биомассаның тура түрі берілген, оң жағында - айналдырылған

Биомасса пирамидасының маусымдық өзгерісінің мысалы

Түрлердің толеранттығы. Толеранттық ұғымы (латын tolerantia – шыдамдылық) экологиялық әсерлердің өзгеруіне деген түрдің шыдамдылығын білдіреді.

Экожүйенің тұрақтылығы деп экологиялық факторлар өндірісі кезінде оның қалыпты тіршілік ету көрсеткіштерін сақтап қалу мүмкіншілігін түсінеміз.

Топтардағы популяцияаралық өзара әрекеттестіктер – бұл әр түрлі популяциялардың топтың шегіндегі байланысы мынадай қатынастарды бөледі: бейтарап, бәсекелес, паразиттік, жыртқыштық, бірігушілік, мутуализм, комменсализм, антагонизм.

Қоректену арқылы энергияның берілуі. Барлық сандар в кДж метр квадрат жылға көбейтілген

Продуценттер (ағылш. to produce - өндіру) – бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өндіретін ағзалар. Жер бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамыз.

Консументтер (латын. консуме – тұтыну) басқа ағзалармен (продуценттермен) өндірілген органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Экожүйедегі бұл ағзалар гетеротрофты деп аталады.

Редуценттер – органикалық заттар қалдықтарын бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.)

Бірінші реттік продуценттерге автотрофты ағзалар, негізінен жасыл өсімдіктер, кейбір прокариоттар, көк-жасыл балдырлар және фотосинтезделетін бактерияның аздаған түрлері жатады.

Бірінші реттік консументтер бірінші реттік продуценттермен қоректенеді, яғни олар шөп қоректі жануарлар.

Екінші реттік консументтер шөп қоректілермен қоректенеді, осылайша бұлар екінші реттің консументтерін жейтін үшінші реттік консументтері сияқты етпен қоректенетін жануарлар.

Симбиоз-селбесу (мутуализм)екі әртүрлі ағзалардың селбесіп тіршілік етуі барысында бір-біріне пайда келтіруі.

Симбиоз. Солдан оңға қарай: мурен және асшаян, құмырсқа және біте

Егер екі әртүрлі ағза бірігіп өмір сүріп, оның біреуіне ғана тиімді болса, онда оны комменсализм деп атайды. Комменсализм ол қорек іздеу немесе жауынан қорғану. Комменсализмның мысалы ретінде ұсақ балықтар мен ірі актинияны алуға болады. Комменсалализмді өмір сүретін көбінесе бактериялар мен қарапайымдылар, іщекте және ірі жануарлардың терісінде өмір сүретіндер.

Екі ағза өмір сүріп бір-біріне зиянын тигізеді. Бұндай түрін паразиттілік деп атайды. Паразит иесінен қорегін алып,өмір сүреді. Паразит иесінің ұлпасын зақымдап, улы заттарды бөледі. Кейбір паразиттер иесінің ағзасында өмірбақи бірге жүреді.

Комменсализмның мысалы. Солдан оңға қарай: балық-клоун және актиния, буйвол және тырна

Өмір сүрудің паразиттік формасы. Солдан оңға қарай: бұйраланғыш лиандар, кенелер

Паразитті өмірсүру дегенерациямен аяқталады. Ол дегеніміз асқорыту, сезім мүшелері, қозғалғыштығын жоғалтады. Паразиттерге көптеген ауру тудырғыш бактериялар және қарапайымдылар, кейбір саңырауқұлақтар жатады.

Бір қауымдастықтың екінші біреуімен алмасуы экологиялықсукцессия деп аталады. Бірінші де бірінші реттік сукцессия байқалады, ол бастапқы дегенді білдіреді. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте өмірсүру климаксты экожүйе деп аталады. Қауымдастықтың өзгеруі бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Жерүсті сукцессияның схемасы

Климаксты қауымдастыққа өтудің өнімділігі мен биомассасы

Түрішілік бәсекелестікті азайтудың бір түрі-қауымдастықтарды ярустарға бөлу

Экологиялық қуыс сукцесия барсында бірте-бірте толықтырылады, осыған орай түрлер арасында бәсекелестік пайда болады.

Биогеценоздар адамның қолымен жасалады. Олардың ішінде агроценозды бөліп қарастыруға болады (жасанды дала, бау-бақшалар), мегаполистар ж.т.б. Жасанды экожүйеде ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін топыраққа қосымша минералды тыңайтқыштарды органикалық заттарды қосымша қосуға тура келеді (қарашіріе, торф).

Жасанды биогеоценоздар

Модуль бойынша тәжірибелік жұмыс

1. Ғылыми-техникалық прогресс және қоршаған ортаның ластануы

2. Табиғи ортаның жағдайын бақылау және мониторинг

3. Қоршаған ортаның ластанудың генетикалық салдары

4. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Арал дағдарысы: себептері мен салдары

5. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму

6. Тұрақты қоғам моделі, оның қасиеттері мен орындалу принциптері.