Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапщы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солт Африка, таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады.
Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн адам, оның ішінде 2-3 млн балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.
Әлемдегі барлық өзендердің, сулардың жылдық көлемі шамамен 42600км3 , ал бұл 1995 ж есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600 м3 келеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде.
Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд м3 таза судан айырылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді. ХХ ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.
Деректер бойынша 2005 ж әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд халық ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық және қоғамдық шиеленістерді қиындатады.
Судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды «Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.
«Парникті эффект» деп ауадағы антропогенді түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өздеріне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуін айтамыз.
Американдық эколог Б.Небел «парникті эффекті» нәтижесіндегі климаттың жылынуын болашақтың үлкен катастрофасы деп қарастырады. Оның пайымдауы бойынша аумағы осындай көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін жойып жіберген катастрофа осыдан 60 млн жыл бұрын болды. Бұл апат Жерге астероидтың түсуімен байланысты болып және тек қана ағзалардың бірнеше жеке түрлерін ғана жойса, ал парникті эффект бүкіл биосфераға әсер етеді.
Негізгі парникті газына көміртектің қос тотығы жатады. Бұл газдың парникті эффектісіне әсері шамамен 50-60%. Басқа да газдарына метан (20%), азот тотықтары (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа газдар (10-25%). Жыл сайын атмосфераға жердің жылулық балансы мен климаттың жылынуына әкелетін шамамен 5,6 млрд тонна парникті газдары шығарылады.
Деректер бойынша парникті газдарының әсерінен Жер бетіндегі жылорталық температура соңғы жүзжылдықта 0,3-0,60С көтерілді. Қазір СО2-нің ауадағы мөлшері 0,3-0,5%/жыл жылдамдықпен көбейіп келеді. Бұл жағдай қоршаған орта экологиясы мен адамзат цивилизациясы үшін үлкен апаттарға әкелуі мүмкін.
Болжаулар бойынша климаттың жылынуы қарлар мен мұздардың еруіне және мұхит сулары деңгейінің шамамен 1,5 метрге көтерілуіне әкеледі. Ол жағдайда 5 млн км2 құрғақ жер су астына кетеді. Сонымен қатар климаттың жылынуы ауа-райының тұрақсыздығына, табиғи аймақтардың шекараларының жылжуына, табиғи апаттардың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының тездетілуіне әкеледі.
Озондық экран полюстерде 9-30 км биіктіктерде орналасқан, ал экваторда 18-32 км. Озонның мөлшері 0,01-0,06 мг/м3.
«Озондық тесік» тірі ағзаларға өте қауіпті ультракүлгін сәулелерін өзіне сіңіріп, жерге өткізбей тұратын атмосферадағы озон қабатында озоны азайған (50%) аймақтар. Бұл аймақтар атмосфераның хлор- мен фторкөмірсутектері арқылы химиялық ластануның нәтижесінде түзіледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабатындағы озон мөлшерінің азаюы байқалуда. Деректер бойынша озон мөлшерінің 1%-ке азаюы тері ісігі ауруының көбеюін 3-5% көтереді.
Озон мөлшерінің ең көп азаюы Антарктидада байқалады. Бұл аймақта соңғы 30 жылда оның мөлшері 40-50%-ке аазйды. Озон мөлшері көп азайған аймақтарды «Озондық тесік» деп атайды. Озон мөлшері азайған аймақтардың шеңбері жылына 4%-ке ұлғаюда. Қазіргі уақытта оның көлемі АҚШ-ның көлемінен де үлкен болып тұр. Осындай «Озондық тесіктің» Арктикада да байқалуда. Көлемі 10-нан 100 мың км2-ге дейін болатын, озоны 20-40%-ке азайған осындай аймақтар басқа аудандарда да кездесуде.
Озонды бұзатын негізгі факторға фреондарды жатқызады. Бұлар ауада өте тұрақты келеді. Олар осы тұрақты қасиеттері себебінен (100 жылға дейін ыдырамайды) озон қабатына жетіп, сол ортада ыдырауға түседі. Осы процесс кезінде олардан бөлініп шығатын хлордың әрбір атомы катализаторлық әсер жасап, озонның 100 мыңдай атомының ыдырауына себеп болады екен.
Озон қабатының ыдырауының себептерінің бірі ретінде ауаға оттегі бөліп тұратын ормандардың жойылуы да себеп ретінде қарастырылады. Бұдан басқа озонның ыдырауы космосқа әр түрлі ұшу аппараттары ұшқанда, ядролық жарылыс кезінде үлкен өрт кезінде және осылар сияқты ауаға көп мөлшерде әр түрлі газдар мен кейбір көмірсутектерді шығаратын табиғи апат кезінде байқалады.
Қышқылдық жауын-шашындар деп атмосфераның антропогендік химиялық ластануының нәтижесінде қышқылдық дәрежесі жоғары жаңбыр мен қардың жаууын айтады. Осындай жауын-шашынның арқасында су қоймалары мен топырақтың қышқылдығы көтеріледі, бұл жағдай топырақтың өнімділігін азайтып, судағы тіршілік жағдайларды қиындатады.
Қышқылдық жауын-шашынға әкелетін негізгі себеп – күкірттің қос тотығы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осы сияқты көміртектің қос тотығы мен азот тотықтарынан көмір және азот қышқылдары түзіледі. Бұларға органикалық қышқылдар мен басқа да заттар қосылып, қышқылдық әсері бар ерітінді пайда болады (қышқылдық жауын-шашын).
Қышқылдық жауын-шашындар түзілуінде күкірттің қос тотығының үлесі шамамен 70%-тей, қышқылдық әсердің 20-30% басқа заттарға байланысты. Қышқылдық жауын-шашындар алғаш рет 1907-1908 жылдары Англияда байқалды. Скандинавия елдерінде, Англия, Германия, Бельгия, Дания, Польшада, Канадада және АҚШ-тың солтүстік аймақтарында жиі болып тұрады. Ресей территориясында бұндай жаңбырлар Норильск, Челябинск, Краснодар аймақтарында байқалады. Кейбір қалаларда жаңбыр қышқылдығының 70-90%-і автокөліктік ластануға байланысты.
Қышқылдық жауын-шашындардың әсері әр түрлі. Олар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге, архитектуралық ескерткіштерге және тағы басқа объектілерге зиянды әсер етеді.
Модуль бойынша тәжірибелік жұмыс
1.Ластаушы заттардың трансшекаралық ауыстырылуы туралы түсінік
2.Әлемдік мұхиттың экологиялық мәселелері
3.ҚР жануарлар әлемі және оны қорғау
4.ҚР өсімдіктер әлемі және оны қорғау
5.Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
6.Шөлдену мәселелері және күресу жолдары
7.Жер климатының өзгеруінің себептері мен зардаптары
8.Жердің озон қабатының жұқаруының себептері мен зардаптары