Заманауи мәдениет философиясында бір жағынан, дәстүрлі схоластикалық ұстанымнан шығатын адам бүкіл жаратылыс атаулыны жоғарғы болмыс ретке келтіретін және «қандай да бір субъективтік шешімнен толық тәуелсіз қалыптасқан құндылықтар жүйесі» билейтін әлемдік тәртіптің бір бөлшегі ретінде қарастырылатын тәсілдеме сақталып келеді. Мұнда адамның өзі белсенді шығармашылық нәтижесінде игерілетін құндылықтар мен құбылыстардың абсолютті билігіне бойұсыну деңгейіне байланысты түсінідіріледі. Алайда XX ғасырда жеке тұлғаның өз кезегінде трансценденция мен коммуникацияға ұмтылатын жекелік болмыс пен дүниеуи құндылықтар тәуелсіздігін нақтылайтын еркіндік түсінігінің кейбір тұстарына баса мән беретін пәлсапаның жаңа түрі пайда болады. Біздіңше, бұл түсіндірмелердің өзара әсерлесуі мен қақтығысы заманауи әлемді аксиологиялық тұрғыда тану мәселелерінің ерекшелігін қалыптастырады.
Мәдениеттің аксиологиялық мәселелері оның көріністерінің көптүрлілігінде. Жалпылай алғанда мәдениеттану білімі мәдениеттің әртүрлі түсіндірмелеріне аксиологиялық білім ретінде көрінеді: адам қайраткерлігінің тәртіптік-нормативті саласында; мәдениеттанудың аксиологиялық келелі мәселелер жиынтығы сондай-ақ идеалдар мәселесін зерттеу мәнмәтінінде де бар; қатыстылық пен мазмұн идеяларында, кезкелген мәдениет құндылықтарының иерархиялық құндылықтарын анықтауда. Жоғарыда айтылғандай, құндылықтар мазмұны мен өзгешелікті анықтау тәсілдерінің көпшілігі субъективті-релятивистік және объективті-абсолюттік тұжырырымдамалардан шығады. Жеке-дара оқшаулай қарастыру оң нәтиже бермейтін болғандықтан, табиғи байланыс пен есеп жүргізу қажет деген пікіріге тоқтаған заманауи ғылымның зерттеу нысаны – мәдениет философиясы мен пен құндылықтар теориясы тоғысындағы мәдениет пен құндылықтар арақатынасы мәселесіне арналған көптеген еңбектер жарық көрді.
Мәдениет аксиологиясында құндылықтар түсінігін анықтау мәселесінің де орны ерекше. Ол мәселеге анықтама беретін әртүрлі түсіндірмелер өте көп. Құндылықтар шынайы өмірді ретке келтіріп, оның мағынасына бағалау тұстарын енгізеді. Олар мінсіздік, жан қалауына сай және нормативтік түсініктерімен салыстырылады, адам өміріне мән-мағына береді. Көптеген зерттеушілер «бұл уақыт талабы» деген уәжді алға тартып, мәдениеттің аксиологиялық мәселелерін зерттеу және тексеру қажеттігін айтады, адам өмірі мен мәдениет құндылықтары туралы ғылымдардың өзара әсерлесуін анықтамайынша, тұлғаның ішкі әлемінің мазмұнын және құндылықтарға қатысты ұстанымын зерттемейінше, болмыс мәнін анықтау мүмкін емес.
Замануи философиялық әдебиетте құндылық түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Дегенмен, құндылық түсінігінің мазмұны мен негізін анықтап шығаруды қиындататын түсіндірмелер кеңінен етек жайған.
Түсіндірмелік-терминологиялық сараптама нәтижесін пайдалана отырып, құндылық түсінігін анықтаудың төрт негізгі тәсілін шығаруға болады:
Идеялар шынайы не жалған, ғылыми не діни, философиялық не мистикалық болуы мүмкін. Олар өзіне қажетті импульс беретін ойлау типін арқылы көрініс табады. Бұл қатыста басты талап – қандай да бір идеяның шынайылық деңгейі.
Құндылықтарға келер болсақ, олар да адамның іс-әрекетін белгілі бір бағытқа бағдарлайды, алайда әрдайым нәтиже бола бермейді. Мысалы, ғылым адамдардың барлығы ажалға тәуелді, яғни, мәңгілік емес дейді. Бұл әрбір дара тұлға осы талассыз пайымды сөзсіз игілік деп қабылдайды деген сөз емес. Керісінше, құндылықтық мінез-құлық аймағында адам баласы келтірілген пайымның талассыздығын жоққа шығаратын сияқтанады. Адам жүріс-тұрысымен өзінің мәңгілік емес екенін жоққа шығаратын әрекеттер жасауы мүмкін. Оның үстіне, кейбір мәдениеттердің салты адам өмірінің шектеулі екенін жоққа шығарады.
Адам өз басы үшін қандай құндылықтар қымбат екенін, қай жолдың құндылыққа бастайтынын өзі таңдайды. Алайда адамдардың көптеген рухани абсолюттері ұқсас, бірдейге саяды. Адамның аса қымбат өмірлік ұстанымдары болуы мүмкін екені баяғыдан белгілі. Бірақ сол түсінікті анықтайтын ортақ, жалпылай қабылданған сөз болмаған. Ол тек XIX ғасырда пайда болды. Мызғымас өмірлік бағдарды философтар құндылық деп атады. Онсыз адам баласы өмірін толыққанды деп сезіне алмайды. Зерттеушілер құндылық деп нақты адамның өз басы үшін орны толмас, аса қымбат болып табылатын түсінікті атайды.
Жеке тұлға әрдайым ғылым бойынша өмір сүруге ұмтыла бермейді. Керісінше, көптеген адамдар ғылымның тек ой-парасат тұрғысынан пайымдалған ұсыныстарына сақтықпен қарайды, жалпылай мойындалған мағынаға ие шынайылықты белден басып, арман-қиялдың тәтті әлеміне құлаш ұрғысы келеді. Адамдар көп жағдайда өздерін мәңгі өлместей ұстайды. Адам шын мәнінде салқынқанды ғылыми тұжырымға кереғар түсініктерден өмірлік күш-қуат алады. Яғни, құндылық дегеніміз рухани күш беретін, шынайылықтан басқа нәрсе.
Қоғамда, табиғатта, индивид өмірінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, фактілердің қабылдануы білімнің логикалық жүйесі арқылы ғана емес, адамның дүниеге деген көзқарасы, әлемді қабылдауы, оның гуманистік не антигуманистік түсініктері, тәрбиелік және эстетикалық нормаларына байланысты. Құндылықтар субъективті, ғылыми шындықтар объективті болғанмен, бұлар бір біріне үнемі қайшы келе бермейді. Жақсылықтың игілік екенін дәлелдейтін жан табыла қоюы екіталай. Бірақ, жақсылыққа жақ болу– жеке бас таңдауы ғана емес, адамгершілік негізіндегі адами қажеттілік. Таным мен бағалау бір нәрсе емес, бірақ екеуі бір біріне қарама-қайшы да емес.
Мысалы, технократиялық сана адамдарға инженерлік-техникалық өлшемдерді ұстанып өмір сүруді ұсынады. Олар қоғамды адами қарым қатынастар ретке келтірілген алып машина деп түсінеді. Алайда адамдар ол императивтерге қайшы әрекет етуі жиі кездесетін жайт. Технократтар «Адамды басқару мүмкін емес!» деп ашына шағынады. Сол себепті көптеген адамдар кез келген адам мәселелерінің бәрін шешетін жалғыз әрі аса күшті құрал ретінде ғылымды қарастырудан бас тартады. Олар тіпті ғылымды парасасатты түрде құрылған әлемдік тәртіп жолында үйлесімділікке жету тәсілі ретінде де жоққа шығарады.
Құндылықтар тарихи-мәдени стандарттарға қарағанда жылдамырақ өзгеруге бейім. Бір мәдениет аясында бірнеше құндылықтық бағдарлар өзгеруі мүмкін. Американдық мәдениеттанушы Даниель Белл «Капитализмнің мәдени қайшылықтары» еңбегінде капиталистік формацияның тарихи тағдырында құндылық бағдарлары протестанттік этикадан модернизмге дейін, яғни жаңа өмірлік-тәжірибелік ұстанымдар жиынтығының түбегейлі өзгеріске ұшырағанын көрсетеді.
Аксиологиядағы негізгі түсінік «құндылық» мәселесін түсіндіру тәсілдерінің көптүрлілігі онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік, объективті-субъективтік, материалдық, идеалдық, жекелей-қоғамдық мәселелердің арақатынасын шығарудағы өзгешелікпен байланысты. Сондықтан, құндылықтар жүйесінің характеристикасына байланысты ол мәдени әлемге түрлі аксиологиялық түсініктеме, құрылымды талқылау, әлеуметтік мәдени кеңістіктегі құндылықтардың орны мен рөлін анықтайды.
Дегенмен, аксиологияның негізгі мәселесі құндылықтың жалпы болмыс құрылымында өмір сүруі және оның заттық шынайылықпен байланысы болып табылады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда құндылық рухани көптүрліліктің барлығын адамның парасатына, сезімі мен ерік-жігеріне әкеліп телитін секілді. Ол жеке тұлғаның ішкі рухани әлемінің сүзгісінен өтіпкендіктен қоғамдық сананың адами өлшемін білдіреді. Мысалы, егер идея жекелей және қоғамдық өмірдің, болмыстың кейбір жақтарында жетуге деген ұмтылыс болса, құндылық – тек білім мен мағлұмат негізінде ғана емес, адамның өмірлік тәжірибесі арқылы жинақталатын тұлғалық тұрғыда әспеттелген әлемге деген көзқарасы.
Адам өзінің жүріс тұрысын қалыппен, идеалмен, үлгі тұтатын, ұмтылатын мақсатымен өлшейді. «Мейірімділік» немесе «зұлымдық», «ғажайып» немесе «құбыжықтық», «жөн» немесе «ағат» түсініктері құндылық аалуы мүмкін. Өз кезегінде бұлармен байланысты адамдардық көзқарастары, сенімдері – жөн не теріс, оптимистік не писсимистік, белсенді шығармашылық немесе селсоқ-ойша құндылықтық идеялар деп аталады.
Сонымен, ғылымның адам қайраткерлігі, адам шығармашылығының аксиологиялық аспектілері мамандар назарын бекер аудармаса керек. Замануи адам мен қоғамның мамыражай өмір сүруі үшін құндылық түсінігінің рөлі өте маңызды. Ю.Я. Лифшиц «Біздің ағымдағы ғаламдық тоқыраулар негізінен адамзат тағдыры мен толықтай биосферамыздың тағдыры келер ұрпақ таңдайтын, соған сай өмір сүретін және басшылыққа алатын түсініктер мен құндылықтарға тәуелді болып қалды деген лайықсыз әлеуметтік құндылықтар мен түсініктер нәтижесі...». Әңгіме адамзаттың жоғарғы құндылықтарды жаңаша түсінуіне рухани бет бұруы жайында. Негізгі мәні адамдардың осы құндылықтарды түсініп қана қоймай, қабылдап, іс жүзінде көрсетуі және құштарлыққа толы сезімге бөленуінде. Мұндай түсініктер мен құндылықтарды саналы ойлау, қайраткерлік пен таным парасатының характері, адамдар арасындағы қарым қатынас, табиғатқа қарым қатынас анықтайды. Адамзат тым болмаса саналы болмыстың қатыстық тұрақтылығына қол жеткізу үшін, дамуы үшін дәл осы қажет.
Құндылықтар объективті түрде реалды әлеуметтік қарым қатынастарда болады және қызмет етеді, ал субъективті түрде өз кезегінде адамдар мен әлеуметтік қоғамдардың санасы арқылы адам өмірінің барлық жақтарына қайтарымды әсерін беретін құндылықтық категориялар, нормалар, мақсаттар мен идеалдар ретінде сезініледі және өткеріледі.
Құндылықтар жаратылысы бойынша тәңірлік-ғаламдық немесе ғарыштық мазмұнға ие болса да, олар туралы тек өміріміздегі нақты көрінісіне, адамның өзіне, басқаларға және табиғатқа деген көптүрлі көзқарасына қарап баға бере аламыз. Осылайша, қоршаған шынайы өмірді сипаттайтын құндылық түсінігінің көпмәнділігі қалыптасады.
Мәдениетті қалыптасуы мен қызмет етуіне құндылықтың әсері зор екеніне ешқандай зерттеуші күмәнданбайды, бұған белгілі ресейлік философтардың айтқан тұжырымдары дәлел. Оның үстіне, мәдениетті әлеуметтік феномен ретінде дәл осы құндылықтық бағдар бойынша айқындайды. «Мәдениет – технологиялық құбылыс емес, эксзистенциалдік құбылыс: мәдениетте технология мен соған сәйкес білім жинағы тек өмірді сақтап қалу және дамыту мақсаттарына байланысты ғана бар. Жоғарғы әлеуметтік цензор ретінде мәдениет адам жасаған құндылықтарды «өз-өзімен» емес, олардың өмірге деген қатысы арқылы бейнелейді». Мәдениеттің заманауи философиялық ұғымдарында оның аксиологиялық табиғаты негізді түрде өзектендіреді.
Құндылықтардың арқасында индивид өз қажеттіліктеріне еркін қатынас жасай алады, олардың қоғамдық мәнін жетілдіре алады. М.С. Каган да құндылықты субъекттің объектке рухани сипатқа ие қатысы ретінде анықтайды. Оның еңбегінде объекттің субъект қажеттіліктерімен байланысын көрсетеді[1] .
С.Ф. Анисимов та құндылық іс-әрекет субъекті үшін нәрсенің оң мағынасы деген пікірде, себебі аталмыш нәрсе оның белгілі бір қажеттілігін өтейді. Бағалық қарым-қатынас деген объект пен субъект арасындағы қарым қатынас. Құндылықтар тек оң мағынаға ие болады: «Егер құндылықтың басты қасиеті индивидтің, қоғамның, таптың шынайы, парасатты, жағымды қажеттілігін өтеу болса, онда ол мағынасы бойынша теріс бола алмайды». Алайда эмпирикалық жағдайда, дейді автор, дәл сол нәрсе теріс мағынаға ие болуы да мүмкін».
О.Г. Дробницкий «Адамгершілік мәселелері» еңбегінде адамгершілік идеалдарының негізгі категориялары ретінде өз бойында міндеттеу мен құндылық құрылымдарын тоғыстыратын моральдік сапа түсінігіне назар аударады: «бұл мінездің лайықты қасиеті (ізгіліктің өзі нақтылай айқындалған идея) және адам сондай болуы керек».
Жалпы, «құндылықтар мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады» және олардың адамдарға реттеуші әсері болуы мүмкін деген дәлелдемелер көптеп саналады. Н.З.Чавчавадзенің айтуынша анықтауыш әсер, оның айқын мінез-құлқы мәдениет пен оның феномендерін сипаттау үшін объективті заттық категориялармен қатар (мәдениет объективті-реалді формада және осы формада өмір сүретін болғандықтан), субъекттің іс-әрекетін сипаттайтын (мәдениет адам іс әрекетінің өнімі болғандықтан) субъективті-теологиялық категорияларды да қолдану керек. Н.З.Чавчавадзе құндылықтарды адамның әлемді рухани тұрғыда игерудегі түрлі тәселдерімен байланыста қарастыру керек деп дұрыс пайымдайды. Адам қоршаған ортадағы оқиғалармен объекттүріндегі байланыста ғана емес, сонымен қатар оларды өз қажеттіліктері мен мақсаттарына қарай өзгертетін субъект ретінде де қатысты. Чавчавадзе «құндылық – адамдар мақсат тұтып ұмтылатын және мақсатқа жету жолындағы амал тәсілдер ретінде қарастаратын нәрсенің барлығы» деп нақтылайды[2].
Нәрселерді мақсаттар мен мал тәсілдер категориясында адам іс әрекеті мақсатының жетістігі не амалдары ретінде жарамдылығын анықтай отырып бағалау ұсынылады. Басқаша айтқанда, тақырыпты теологиялық . Бағалау деген оның табиғи қаситтерін айқындау емес, оны қандай болу керек, сондай деген көзқараспен бағалау. Яғни, оның міндеттемесі мен болуға тиісті деңгейіне қарай бағалау. Құндылықты сана арқылы ашылатын оқиғалардың теологиялық қасиеттері құбылыстар адамның іс жүзіндегі әрекетіне қатысы бар болғандықтан ол үшін маңыздылығын айқындайды. Құбылыстың маңызды қасиеті деген оның құндылығы. Ол құндылықты санаға әдетте алып жүрушісімен бірге беріледі.
Мәдениет феноменінің өзі фактіге айналған құндылық, бұл құндылық пен оның көрініс табуының бірлестігі, және де бұл дүниені игеру тәсілін бөлшектемеген, объективті-бағдарлық және субъективті-құндылықтық деп бөлінбеген бүтін санаға ғана қолжетімді. Сондай-ақ Н.З. Чачавадзе құндылық негізі мақсатты құндылықтарда, құндылық-мақсаттарда дейді. Мақсаттар іс жүзіне асқанша тек идеалдық тұрғыда ғана өмір сүреді, басқаша жағдайда оларды іске асыру үшін жанталасу мәнсіз болар еді. Бұдан құндылықтардың адамға тәуелділігі пайдасына құндылықты детерминирациялық және құндылықты-бағдарлы мақсатты түрде жүзеге асырылатын іс әрекеттердің қажеттілігі туатынын байқаймыз.
Осылайша мәдениет феномендерінде құндылықтардың болуы адамның мақсатты іс әрекетінің нәтижесі болғандықтан деп түсіндіріледі. Адамның кез келген іс әрекеті объективті түрде адамның өзінің табиғи, іс жүзіндегі қасиеттерімен және оның еңбек құралы мүмкіндігімен, сондай-ақ ол өмір сүріп жатқан және жасампаздықпен айналысатын тарихи-әлеуметтік шарттар тұрғысынан шектелген және айқындалған. Мәдениет құндылықтарының көптүрлілік мәселесі адамның шынайылыққа қарым қатынасының көптүрлілігімен шарттасылған.
Біз барлығымыз бағдарды оңай жоғалта алатын өте күрделі және қарама-қайшы әлемде өмір сүреміз. Егер оның рухани жағын алатын болсақ, адам тұрмысының рухани саласының тоқырауы бүкіл әлемді, бүкіл адамзатты қамтығанын көруге болады. Дүниежүзінің барлық елдерінде, қоғамдық құрылысына қарамастан, маскүнемдік, нашақорлық, қылмыс, адамгершілік деградация сияқты құбылыстар, өмірден түңілумен байланысты өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары өсуде, әсіресе, бұл құбылыс жастар арасында кездеседі. Бұл құбылыстардың барлығы ертеде Батыс және Америка елдерінде көп тараған, яғни материалдық өмір деңгейі, бізге қарағанда, бірнеше рет жоғары болған және осы күнде жоғары болып сақталған елдерде. Соңғы екі-үш онжылдықта бұл құбылыстар біздің елімізде де кең тарала бастады. Материалдық молшылық проблеманы шешпейді және тоқырауды жоймайды, өйткені оның себебі адамдардың өз өмірінің мағынасын түсінуін жоғалтуда жатыр. Адамзаттың барлық көзге түсерлік тарихында адамдардың өз санасында әлемнің желілі жүйесін құруда, сол әлемде өз орнын тауып, сол ұғымдарға бағытталып, өмір сүруде тырысуы бақыланады. Қазіргі реформаларды жүзеге асыру, ғаламшарымыздағы глобализация үрдістері және олардағы Қазақстанның орны туралы пікірталастар, өзгелерінен басқа, отандық дәстүрлер мен басқа қоғамдарда жүзеге асырылған жетістіктердің, дәстүрлі отандық мәдениет пен жаңғырту құндылықтарының қолайлы үйлесімінің проблемаларын да алдыңғы қатарға шығарды. Бірақ, тездетілген жаңғырту, қоғам сәйкес рухани факторлармен бекітілмесе, қоғамдық тоқырауға апарып соқтыруы мүмкін. Құндылықтармен ауысу және басқа әлеуметтік-мәдени қоғамдастықтардан қоғамдық-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерді кіріктіру зейінді және қатаң дифференциалды тұрғыдан жүзеге асырылуы тиіс. Батыс елдердің ғылыми-техникалық жетістіктерін тарту ешқандай күмән туғызбайды, ал белгілі әлеуметтік-мәдени қоғамның жағдайларына бейімделуді, этномәдени және табиғи жағдайлардың – тарихи, демографиялық, географиялық, климаттық және басқа жайғадайлардың ең кең ауқымын ескеруді талап ететін әлеуметтік-экономикалық нормаларға тартылу – тіптен басқа іс. Өз мәдениетінің құндылық негіздерін танып, олардың жүзеге асырылуы үшін жағдайларды жасағаннан кейін ғана дамудың өз жолын табу мүмкін екендігіне күмән болмау керек. Әрі қарай біздің дамуымыз рухани-адамгершілік басымдықта негізділеуі тиіс. Мәдениеттен тыс, мәдениетсіз, оның құнды-мағыналық негізі болмай, бұл ізденістің табысқа жетуі екіталай. «Қазіргі заманға көз қадап мұқият қарасаң болды, келешек алдыңнан өзі шыға келеді» - деп жазған Абай. Біздің қоғамға мәдениеттің қандай құндылық басымдықтары қажет және құндылықтарды қайта бағалау ісі қалай өтіп жатыр – аз зерттеушінің тақырыбы.
Тұлғаның рухани әлемі субъективті шынайылыққа кіретін бірегей құрылыс болып келеді. Асыл ойларды, сезімдерді, қалауларды жүзеге асыру және өмірде нақты түрде көрсету рухани әлемнің проблемалық-шығармашылық табиғатымен анықталады. Жеке тұрмысын, өз мінез-құлқын ұғыну адамның нағыз рухани өмірінің негізін құрайды. Адам өз тұрмысын қалған әлемнің тұрмысымен ара қатыстығын белгілейді, ондағы өз орнын, қоршаған ортаның мағынасын және мәнін салыстырады және табуға тырысады, соның негізінде оған деген өзінің көзқарасын құрайды. Ол үшін адам өзі үшін қоршаған ортаны тану керек, адам қоғамының сақталуы мен дамуын қамтамасыз етуге қызмет ететін өзінің маңызды күштерін жүзеге асыру үшін сол ортада қай орын бөлінгенін анықтау қажет. Адамның адамгершілікті сақтауы ақиқатқа, қоршаған ортаға әдептілік-адамгершілік қарым-қатынаста негізделеді, ол өткен және қазіргі дүниенің ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің шығармаларына салынған рухани-құндылық бағдарларда көрініс тапқан. Өткен замандардың ұлы ақылдары рухани байлықтың үлкен әлеуетті мұрасын қалдырды, оны жалпыға тарату және ендіру еліміздің қоғамына кеңес заманының тоталитаризмі және халықтың мәдени келбетін ауыстыруға асыққан басқару құрылысының жеке көшбасшыларының еуропеиттеу талпыныстары ықпалы салдарынан құрылған сол рухани-адамгершілік вакуумды толтырады. Осы бағытта ұлттық идеология жоқ деп айтуға болмайды. Алайда мемлекеттік идеологияның өтпелі кезеңіне өтуге кешігу іс жүзінде жаңа идеологияны туғызды, ол өзінің позитивті мінездемелерінде нақты емес, бірақ бұрынғы кеңестік қана емес, ғасырлық ұлттық іргетас құндылықтарды дискредитациялауға айқын бағытталған. Азаматтардың жаңа ұрпағы өзінің дәстүрлі қағидаларымен қоштасуға мәжбүр. Барлық басты үрдістер мен шешімдер тұлғаның жеке таңдауы деңгейінде өтеді. Әдептілік сана, Канттен кейін, «екі мағыналы ұмтылыс жағдайы» деп анықтама беруге болатын, жағдайға тап болды. Әдептілік анықтығын жоғалтқанда, дәстүрлер күшімен қолданылуы мүмкін емес кезде, құндылықтар қақтығысы пайда болды, және қарама-қайшылықтармен түршіктірілген адамдар құрылған жағдайда дұрыс бағыт таба алмайды. Бұл - өте драмалық үрдіс, егер адам өзі құрамында бар адамгершілік мәдениеті болып келетін басты тірекке және мағына құрайтын қаңқаға сүйенбесе, ол қиратушы әлеуметтік салдарға алып келеді. Сонымен, болашақтың құрылысы үшін құндылықтарды қайта бағалау қажет - өткеннен ең жақсыны алу, қазір - болашақты басшылыққа алу. Қазақстанға мәдениеттің құндылық басымдықтарын анықтау қажет, өйткені мәдениет – жеке және қоғамдық өмірдің интегралды сапасы. Біздің заманымызда ұлттық мәдениеттің өмір, мейір, ақиқат, парыз, абырой, сұлулық, махаббат, жұмыс, қарым-қатынас және басқа құндылықтар сияқты негізгі адамгершілік құндылықтарын және біздің ұлттық психологиямыздың негізінде жатқан олармен байланысты әлеуметтік архетиптерді түсіну және ұғыну өте маңызды. Бұл оларды жоққа шығарып, олармен күресу үшін емес, қоғам дамуның қарқынды үрдісіне саналы және ұқыпты «ішіне салу» үшін қажет. Абай Құнанбайұлы тезисі бойынша, адам тағдырын оның мінезі, жеке тұлғасы қалай белгілесе, қазір халық тағдыры, Қазақстан тарихи жолайырықта ел мен халықтың болашақ өмірін белгілейтін бағытты таңдап тұрғанда, біздің мәдениет ғасырлар бойы қандай құндылықтарды қалыптастырғанын, біз және біздің балаларымыз қандай құндылықтарды меңгергенімізді түсіну маңызды. Ол туралы Елбасы айтқан: «Бүгін адамға даму үшін материалдық қана емес, рухани ынталандырғыштар өте қажет. Ескі идеологиялық жүйенің сынуы, құндылықтарды қоғамдық формацияның ауысуымен дәйекті қайта бағалау салдарынан болған адамгершілік вакуумы жағдайында, біздің мәдениет органдарымыз адамдарға жоғары ниеттің зарядын беруге, халықтың, бүкіл әлемдік цивилизацияның көпғасырлық рухани және мәдени мұрасының құндылықтарына жас ұрпақты тартуға қабілетті болуы ерекше маңызды». Қазіргі таңда ұлттық мәдениет ішінде түбегейлі өзгерістер айқын өтуде, әлеуметтік-экономикалық жетістіктермен қатар оның дүниетанымдық, құндылық-бағдарлық және рухани-адамгершілік негіздерінің қалыптасу үрдісі өтіп жатыр. Қазір заманауи мәдениетті қайта қарастыру және құндылық негіздеріне сапалы бағыт беру қажет. Көптеген қоғамдық пікірлер бойынша, заманауи мәдениеттің жағдайы тоқыраумен қамтылған, ол келесіден көрінеді:
Заттардың материалдық «құндылықтарына» ұлғайып келе жатқан табынушылық және тоқтаусыз тұтынушылық рухани-адамгершілік құндылықтарының негіздерін құртады. Қайталама мінез мәдени дамудың ғасырларымен өңделген адамгершілік құндылықтарын ойлаусыз жоққа шығаруға ие болады. Сөзсіз, тарихи үрдіс жолында ақиқат сынама қайта ұғынудан өту керек, алайда ол нағыз ұлттық аруақтарға, яғни негіз салатын құндылықтарға, ұқыпты қарау керек.
ХХ ғасырда аксиологияда екі бағыт белгіленді, олардың біріншісі құндылықты сананың өнімі деп таныған, ал екіншісі – объективті бар феномен деп таныған. Біріншісі –натуралистік психологизм теориясында көрініс тапты (Дж. Дьюи, Х. Эрнфельс, Р.Б. Перри, Т. Манро, А. Мейнонг, Дж. Сантаяна), оның өкілдері идеалистік аспектіде құндылық ұғымын субъективизациясында тоқтады. Осы тәсілдеменің өкілдері құндылық көздерін адамның биологиялық және психологиялық қажеттіліктерімен байланыстырды, ал құндылықтарға өзіне эмпирикалық шынайылықтың мүмкін фактілері ретінде ұғым берді. Мән бойынша, бұл бағытты идеализм және натурализм позициясынан онтология контексінде аксиология ұғымының дәстүрлерін әрі қарай дамыту әрекеті ретінде бағалануы мүмкін. Екінші бағыт – құндылықтарды түсіндіруде онтологиялық және феноменологиялық, оның өкілдері М.Шелер және Н. Гартман – қарама-қарсы көзқараста тұрды және үлкен дамуға ие болды[3].
ХХ ғасыр аксиологияға әлеуметтік, семиотикалық, экзистенциалдық, феноменологиялық және тіпті психоаналитикалық әдістерін енгізді, оның барысында құндылық ұғымының теориялық мәнін де, мазмұнын да өзгертті. ХХ ғасырдың аксиология саласында ең негізгі зерттеуді Макс Шелер өткізді. Оның пікірі бойынша, құндылықтарды лауазымға отырумен, нормаларға, императивтерге теңестіруге болмайды, өйткені олар соншалықты объективті, олар құрылуы немесе жойылуы мүмкін емес және олар белгілі рухани тіршіліктердің ұйымдарына қарамастан өмір сүреді. М. Шелер бойынша, құндылықтар мәндер емес немесе қарым-қатынастар емес, олар – ерекше сапалар, және оның барысында заттың емес, игіліктің сапасы болып келеді. Игіліктің өзі затқа ұқсас құнды қасиеттердің бірлігі және алдыңғы затпен бірдей болмыс ретінде көрінеді. М. Шелер бойынша, құндылық мысалдары бұл – «бекзат, жақсы, ашулы және т.с.с.» сөздермен айтылатын нәрсе. Құндылық қасиеттер ерекше объективті болмыспен сипатталатын ерекше патшалықты құрайды.
Сонымен қатар құндылықтардың тұлғаға тәуелсіздігі абсолюттік емес, ауысымды, өйткені барлық құндылықтар тұлға айналасында шоғырланады, олар тұлғаның биологиялық, әлеуметтік және рухани табиғатымен байланысты. Тұлға, белгілі өмірлік әлем, белгілі жағдай және әлдебір құндылық араларында үзілмейтін ішкі байланыс бар, ол тек осы нақты бірлікте ғана, тұлғаның осы нақты типі үшін ғана қызмет етеді – құндылық әрқашан интернационалды. М. Шелердің интернационалдық құндылығының аксиологиялық заңының мәні осыда.
М. Шелер концепциясының кемшілігі құндылықтар мен қасиеттерді теңестіруде көрінеді, өйткені онда осы қасиеттердің «субстанционалды тасушылары» ғана емес, мәндер де, жалпы қарым-қатынастар да бағасызданады. Құндылықтар, оның ішінде әдептілік құндылықтар, жеке тұлғада «жұмырланады», субъективті интернационалдылықпен ғана байланысады, бұл ұқсаса аксиология мен этиканың қабілеттілігін едәуір шектейді.
Аксиология дамуындағы келесі қадам Н. Гартманның «сынды антологиясымен» байланысты. Н. Гартман ілімі бойынша, құндылық – бұл белгілі объективті бірегей мәндер. Дәл осы құндылықтар арқылы оларға қатысты барлық нәрселер құнды. Құндылықтар шынайы емес, бірегей, олардың тіршілігі шынайы өмірге ие емес, бірақ олардың материясын жүзеге асыруға болады, және осы мағынада олар онтологиялы, тіршіліктің өзіне тән. Құндылықтар, ең алдымен оймен емес, интуитивті, эмоционалдық көрумен танылады, алайда олар туралы білімнің рационалды, теориялық мінездемесі болуы мүмкін. Н. Гартман құндылықтардың танылған сұрыптамасын ұсынды, ол тіршіліктің өзнің онтологиялық қабаттарында иерархияның болу иедеясына негізделеді. Н. Гартманның атымен «құндылықтарды дәйектілеу» заңы да байланысты: «жоғары тұрған құндылықтар тек төменде тұрған құндылықтармен дәйектеледі, ал, екінші жағынан олар құндылық автономиясына ие және басқаларына теңестірілмейді». Деңгейі бойынша құндылықтардың айырмашылығы құндылықтар сұрыптамасында беріледі.
Н. Гартманның құндылықтар, соның ішінде әдептілік құндылықтар, туралы іліміне артықшылықтарымен қатар мөлшерден артық сызбалық, метафизикалылық тән; әрбір объективті идеализм үшін бірегейлі мен материалдының ара қатынасы сияқты маңызды проблеманы ол да шеше алмады. Николай Гартман – «жаңа» немесе «сынды» онтологияның негізін салушы, Шелер идеясын дамытып, құндылықтар концепциясын шығарды, ол эмоциялар қабылдаудың субъективті актілерінен тыс онтологиялық мінездің мәртебесіне ие болады. Құндылықтардың түрлі типтерін жете талдап, Гартман келесі қорытындыға келді - «ішкі бірлік пен бүтінділіктің көрінісі» бола, эстетикалық және этикалық құндылықтардың өзінің көрінісінің формасы бойынша айырмашылығы терең. Гартман пікірі бойынша, құндылықтар тек бірегей тұрмыста бар нағыз жалпыға кіруі мүмкін.
Этикалық құндылықтардың әрі қарай дамуы М. Вебердің атымен байланысты, ол құндылықтың басты белгісін өз уақытының жалпы бағдарлардың тек көрінісі ретінде ұйғарып, тарихилық деп атады. Вебер әлемдік құндылықтарды заман қызығушылығының бағыты ретінде белгіледі, ал жоғары құндылықтарды мәдениет шегінде жүзеге асырылуы уақытта жүзеге асырылудан тәуелсіз болған уақыттан тыс деп санады. Ол алғаш рет, құндылықтарды мүдделер қарқыны дамитын жолды көрсететін жол бұрушымен салыстырып, құндылықтардың қоғам мәдениетінің сипатына ықпалын анықтады және, біздің пікірімізше, сода автор мазмұнының бейнелілігі ғана емес, оның нақтылығы да, қысқалылығы да көрінеді. Вебер былай санайды, мәдениет ұғымының өзі жалпы құндылыққа қатысты контексінде ғана түсінікті болуы мүмкін: «Мәдениет құбылысының маңызы және сол маңыздың себебі заңдар мен ұғымдар жүйесінің көмегімен, қаншалықты мінсіз болса да, шығарылуы, негізделуі және түсіндірілуі мүмкін емес, өйткені бұл мағына мәдениет құбылыстарының құндылық идеяларымен ара қатынастығын белгілеуді ұйғарады. Мәдениет ұғымы, –автор белгілейді, – құндылық ұғым». Вебер, осылайша, құндылықтардың тек адамгершілік, эстетикалық ұғымдарын ғана емес, гносеологиялық, әдіснамалық түсінігін дәйектейді, олардын тыс тарихи және мәдени шынайылықты тану мүмкін емес. Алайда оның құндылық теориясы тарихты түсіндіруден еш бөлінбейді. Вебер бойынша, құндылықтардың ежелгі политеизм мен плюрализмінің орнына заманауи әлем монотеизмді және бірыңғай құндылықтарды қосады, олардың мәні – ұлттық күш және ұлттық айбындылық.
Құндылықтардың дәстүрлі ұғымын сынау әрекетін ағылшын философы, метаэтиканың негізін салушы Дж. Мур жасайды. Ол құндылықтарды (мейірбандылық пен сұлулық) объективті шынайылықпен табиғи және метафизикалық теңестіруге қарсы шықты: «Пайымдаудың ішкі құндылығы қандай болмаса да, өзі құрамына кіретін бүтінге озінің құндылығының және пайымдау затының құндылығының сомасына пропорционалды құндылықтарды бермейді». Ол натуралистік этиканы мейірімділік ұғымын табиғи әлемнің қасиеттерімен ара қатынасын белгілеу арқылы анықтамасы үшін сынайды, ал метафизикалық этиканы – мейірімділік пен басқа құндылықтардың жоғарысезімтал табиғаты туралы пікірі үшін сынайды. Мур мейірімділіктің табиғат әлемінде тіршілік етпейтінін және эмпирикалық логикалық әдістер арқылы анықталмайтынын дәлелдеді, өйткені ол бірінші реттік, қарапайым және бөлінбес ұғым болып келеді және тек интуиция арқылы ғана танылады («сезімдер өздері құрамына кіретін бүтінділіктерге өздерінің құндылығына қарағанда, өлшенбес үлкен құндылық береді»). Бұл, бір жағынан, оның анықтылығын және белгісіздігін, екінші жағынан – оның бірыңғай табиғатын көрсетеді (өйткені интуиция барлық адамдар үшін бірдей). Сонымен, бұл тәсілдеме субъектіге дәстүрлі нормалар мен беделділерге қарамастан, кез-келген құндылықтарға өздік тәуелсіз көзқарасының болуына мүмкіндік береді және сонымен қатар аксиологиялық теорияда субъективизм мен интуитивизмнің әрі қарай дамуына мүмкіндіктер ашты.
Құндылықтарды логикалық және тарихи-философиялық аспектіде талдауға Э. Фромм едәуір көңіл бөлген. Өзінің ойларында ол құндылықтарды «адам өз өмірін саналы бағалап, өзі құндылық деп санайтын құндылықтарға» және «адам санасыз басшылыққа алатын объективті құндылықтарға» бөлуден шығады. Философтың пікірі бойынша, индивидтің әлеуметтік өмірінен пайда болатын санасыз құндылықтар оның тұрмысын тікелей белгілейді, ал саналы құндылықтар «әрекетсіз» болып қалады. Қалай әрекеттену керектігін түсіне және соны қалап, индивид ресми танылған стандарттар мен нормалар бойынша әрекеттенуге мәжбүр. Ал саналы немесе жоғары құндылықтарға қатысты айтсақ, Фромм оны сыр ашумен байланыстырады, оның барысында, батыс адамы үшін бұл Құдайға сыр ашу болып келуін белгіледі, ал сол кезде буддизм үшін жоғары құндылықтар Жоғары Жанға сыр ашумен байланысты болмаған. Осы діни жүйеде, оның ұйғарымы бойынша, құндылықтардың иерархиясына «әлдебір шартсыз саналы ойлауға немесе адамдық сезімдерге қатысты әр бір адамның қолы жетеді» және ол иерерхия арқылы танылатын. Фромм құндылықтардың табиғтын түсіндіретін түрлі теорияларды, жеке айтқанда, Сартрдың еркіндік теориясын, әлеуметтік және биологиялық детерминизмді, олардың кемшіліктерін көрсетіп, талдайды. Ол осы сұрақтағы өзінің позициясын «Благоговение перед жизнью» еңбегінде сипаттаған А.Швейцердің дәстүрін жалғастырумен байланыстырады. Осы концепция тұрғысынан, осы өмірмен талап етілген нәрсе құндылық болып келеді және оның барысында адамның барлық қасиеттерінің едәуір толық ашылуына жағдай жасайды. Осы гуманистік дәстүрмен толық келісіп, біз атап өтейік, ол да белгілі дәрежеде қауіпті болуы мүмкін. «Адамның барлық қасиеттерінің» ашылуы кейде көмек бермей, өмірге қарсы болуы мүмкін, сондықтан барлық мүмкіндіктердің өзін-өзі жүзеге асыруы және орындалуы, біздің пікіріміз бойынша, өмірдің, оның ішінде басқаның өмірінің, талапсыз құндылығынан, сонымен қатар оның еркіндігінен шығуы керек.
Тұлға таңдайтын құндылықтар, Фромм пікірі бойынша, оның тіршілік етуімен тығыз байланысты (тіршілік материалдық тұрмысқа теңестірілмейді, ол өзіне рухани өмірді де қосады). Баламалар өте көп, және индивид өзінің мінезіне едәуір дәрежеде жауап беретін құрылымды таңдайды. Сонымен, Фромм құндылықтар табиғатын объективті факторлармен байланыстырады (сыр ашумен, әлеуметтілікпен, экономикалық өмірмен), ал оларды таңдауды субъективтілікпен, Мен дегеннің ішкі, ең алдымен психологиялық ерекшеліктерімен байланыстырады. Бірақ біз таңдауымызды не қалыптастырады – біздің генетикалық бағдарламамыз, адамгершілік, санасыз Ол немесе сана – деген сұраққа жауап бергіміз келсе, Фромм теориясы бізге әлдеқандай жауап бере алмайды. Жалпы оның тәсілдемесін гуманистік дәстүрде дамитын құндылықтар құрылымында объективті және субъективті факторларды біріктірудің тағы бір әрекеті ретінде бағалауға болады. Дәл осы Фромның заманауи индустриалдық қоғамның құндылықтарын сын позициясынан ғана емес, олардың сапалы өзгеруіне үміт позициясынан да өте көп көңіл бөлетінін атап өту керек. Адам, қоғам, мәдениет туралы құндылық ілім оларға іштен және кез-келген әлеуметтік-экономикалық және партиялық-саяси құмарлыққа қарамастан, біржақты емес қарауға мүмкіндік берді. Сондықтан ол әлеуметтік-мәдени салада ғана емес, саяси-құқықтық салада да сенімді қызмет атқарып кетті.
Қоршаған ортаны тану және адам санасын кеңейту спираль бойынша жүретін сияқты. Алдымен білім мен тәжірибе жинақтау жүреді, содан соң сол бөлек білімдер қоршаған орта туралы бірыңғай, бүтін ұғымға синтезі жүреді, кейіннен, осы сапалы жаңа ұғымға сүйене, едәуір терең білім мен тәжірибені жинақтау және т.с.с. жүреді. Қазір, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында дәл осы синтез уақыты жүріп жатыр. Дәл қазір адамзаттың барлық білімін және барлық тәжірибесін бірыңғай бүтінге бірыңғай бүтінге біріктіре алу қажет және, осылайша, Дүние мен оның Тұрмысының заңдары туралы сапалы жаңа, кең және бүтін ұғымды алу қажет. Оның барысында адамның Бірыңғай Шынайылықты танудың бірде-бір тәжірибесі Дүние туралы бүтін ұғымға зиян келтірусіз елемеу мүмкін емес – ғылыми да емес, философиялық та емес, эстетикалық та емес, діни де емес.
Тұрмыстың қатарлы, бүтін бейнесін құруға тырысатын қазіргі діни ілімдердің бірі «Тірі Этика». Бұл философиялық-этикалық және рухани-адамгершілік ілім адамзаттың жан-жақты тәжірибесінің синтезі болып келеді. Тірі Этика осы әлемді тәжірибелік меңгерудің нәтижесі және қазіргі адамның өмірін тәжірибелік жетілдіру үшін арналған. Тірі Этиканың өзінде айтылғандай, оның міндеті – адамзат өзінің дамуында жылжи алатын елеулі кезеңдерді қою. Тірі Этика қабылдау үшін жетілген сана осындай қабылдауды еркін жүзеге асырса ғана қабылдануы және пайда әкелуі мүмкін.
«Әркім өзінің жеке тәжірибесі жолымен үйренуі керек», - дейді шығыс даналығы. «...Еш нәрсені қорытындылап қабылдама, оны өзіңе-өзің дәлелдемегенше. Бірақ сен саналы болсаң, саған дейін осы жолдан өткен адамдардың кеңесін және тәжірибесін пайдаланасың. Жолдың әрбір өткелінде әрі қарай өте алғандардың арттағы келе жатқандар үшін белгі-елеулі кезеңдерін қалдырғандарын көруге болады...». Тірі Этика іліміне сәйкес адам өмірінің мәні эволюцияның үздіксіз үрдісінде, адамға табиғат берген шексіз, нағыз қиялды мүмкіндіктерінде, Ғарыш пен өздік ішкі әлемі-микроғарыштың құпияларын шексіз тануда.
Тірі Этика адамның жоғары санасының сыйымдылығы өлмес жүректің отты құрылысы болып келеді деп айтады. Мұндай ұғым біз үшін жаңа емес. «Ол жүректі адам», - деп біз жоғары сезімдер көрінгенде айтамыз. Біз жүрекпен махаббатты, жанашырлықты, қайырымдылықты байланыстырамыз. Бірақ біз осындай бейнеге ақындық бейне ретінде қарауға үйренгенбіз. Тірі Этика бойынша, адамның жүрегі оның барлық өткен көріністерінің тәжірибесін сыйғызады, оның жекелігінің өлмес қоймасы болып келеді. Интеллект алынған білімді адамдардың пайдасына да, зиянына да қолдана алады. Дамыған жүрек өзінің иесіне жамандық жасауға басқаларға зиян келтіруге жол бермейді, өйткені ол өзгенің қайғысын өзінікіндей және тіпті одан да қатты сезеді. Тірі Этика кітаптарының топтамасында жүрекке жеке кітап арналған, өйткені бұл сұрақ өте маңызды. Мысалы, кейбір терең сенетін адамдардың жоғары адамгершілік және рухани жетістіктері, біз үшін айқын жетістіктері қайдан шығады? Әрине, ақылмен діни доктринаны қабылдаудан емес және күнә үшін берілетін жазаны алу қорқынышынан да емес, бірақ дәл осыжүрекпен сенімді қабылдаудан, Жоғары Әлеммен шынайы жүрек арқылы байланысты орнатудан. Осындай жетістіктердің себебі дәл осының түбінде және дәл осыдан адамдардың діни сезімдерімен күресу бекер іс болып келеді. Адамның жүрегі мен санасының арасындағы үйлесімділікке қол жеткігенде ғана дін мен атеизм арасындағы дау шешілуі мүмкін.
Марксистік этикада материализмде негізделген әдептілік туралы ілімді құру проблемасы қарқынды шешіліп келді. Адамгершілікті, оның мәнін және ерекшелігін анықтау проблемасы мұнда басым болды. Бірақ оның барысында этика құндылық тәсілдемесін нашар қолданды. Аксиологиялық проблематика мен әдістемеден әлдебір шеттеу де болған. Кеңес этикасында құндылық тәсілдемесін қолдануға белгілі бір тыйым болған, өйткені «нормативтік-құндылық концепттердің әдептілік теориясына (және, әсіресе, адамгершілікті анықтау үрдісінде) енгізу салмақты әдістемелік қате болып келеді» деп саналған. Мұнда, сөзсіз, О.Г. Дробницкийдің әдептілі-құндылық пікірлер прескрептивті ғана емес, аналитикалық та болып келеді, яғни тавтологиялық, мейірімділік пен жамандық туралы жаңа білім бермейді деген пікірмен бекітілген құндылықтың ғылыми ұғымы туралы скептикалық ұғымы білінетін. Құндылықтардың номиналды анықтамасымен шектелмей, оларға шынайы феномен ретінде қараса, бұл қорытынды дұрыс емес.
Сонда да кеңес этикасында, жеке құндылықтарға арналған еңбектер пайда болды, әлеуметтік-этикалық зерттеулер жүргізілді. Бірақ бұл еңбектердің бүтін, жүйелі сипаты болмады, олар марксистік философиясы үшін құндылыққа объективтік-субъективтік мағынанлылық ретіндегі дәстүрлі болып қалған көзқарастан шықты. Оның барысында құндылықтардың өздері субъективті «қысаң» түсінілгенде, құндылықты тәсілдемені нашар қолдану көптеген объектиивті әдептілік құндылықтар этиктер үшін «қызық емес» болудың және тұрмыстың бүтін салалары, мысалы, табиғатпен, экономикамен, құқықпен, дінмен байланысты салалар, этикалық талдауға «түспегеннің» себептерінің бірі болып келеді. Әдептілікті зерттеудің өзі әдептілі-ерекшені, өздік адамгершіліктікті зерттеуге жеткізілді және адам мен қоғамдық жүйелердің, адам мен табиғаттың қарым-қатынастарының шынайы әдептілік проблемалары қарастырылмады. Оның бәрі құндылықтардың өзіне едәуір «кең», «объективті» тәсілдемені талап етті, бұл бірте-бірте кеңес философиясында және этикада бекітіле бастады. Құндылыққа объектілер мен субъектілермен байланысқан және сол объектілер мен субъектілердің жалпы өзара байланыстағы орныен анықталатын ерекше, объективті, трансцендентті феномен ретінде жұмыс, бірақ қанша дегенмен, шынайы анықтама беруге болады. Соған сәйкес, әдептілік құндылықтары әлемдегі әлдебір феномендердің бар орнымен анықталады. Осы көзқарас бойынша, әдептілік – белгілі құндылықтардың әлемі, тұрмыстың ерекше құнды «кесігі». Осындай көзқарас барысында, әдептілік өзінің дербестігімен ғана емес, интенционалдығымен де айқындалады, яғни табиғаттың, экономиканың, саясаттың, құқықтың, азаматтық қоғамның, тұлғаның белгілі әдептілік құндылықтары бар. Бұл құндылықтар объективті болып келеді және әдепті сананың, әдепті қарым-қатынастардың, әдепті іс-әрекеттердің негізінде жатыр және заттық құнды талдауды «талап етеді».
Қазіргі батыс философиясында аксиология әрі қарай дамуда. Бірақ ХХ ғасырдың екінші жартысындағы аксиологиялық ілімдер «Құндылық деген не?» сұрағына логикалық мүмкін жауаптарды батыс мәдениеті үшін «бітірген сияқты» аксиологияның жоғарыда аталған «классикалық» концепцияларына қосылады. Этикада теориялық және нақты әдептілікті феномендерді талдаумен айналысатын нормативтік зерттеулер де кең өріс алған. Осылайша, Джон Ролзтың «адалдылық ретіндегі әділділік» теориясы» танылды. Дж. Ролз концепциясының ерекшелігі - ол әділдікті құнды тәсілдеме негізінде емес, Канттың рационализм әдістемесіне және келісу концепциясына ұқсаған негізде зерттейді. «Құндылық» ұғымының өзін Дж. Ролз «мағыналылық» ретінде «қысаң» түсінеді. Дж. Ролз жұмыстары ХХ ғасырдың екінші жартысының ең мазмұнды этикалық еңбектердің бірі болып келеді.
Ролз концепциясының артықшылығы – оның шынайы гуманистігінде, реттілігінде, мазмұндылығында және әділдікпен байланысты маңызды сұрақтарды жан-жақты талдауда. Біздің пікіріміз бойынша, ғалымның сөзсіз еңбегінің құндылығы әділдікті ең алдымен қоғамның базистік құрылымымен байланысты, дәстүрлі түсінік бойынша сананың принциптері ғана болып келмейтін объективті реттеуіш принциптерімен (екеуімен) байланыстырып, әділдік феноменінің өзіне «кең» қарауы болып келеді. Сондықтан Дж. Ролз қоғамның базистік құрылымына кіретін экономикаға, саясатқа, тәрбие жүйесіне қызықты және мазмұнды талдау жасай алды. Осының өзі бір уақытта әділдіктің өзінің этикалық анализі болып келеді.
Бірақ оның шығу жағдайының тұжырымдамасы сенерлік емес, ол шектен тыс гипотетикалық, сонымен қатар оның субъектілердің бастапқы реттілігіне бағдары, оның әдептілік таңдауда реттіліктің алдыңғы мағыналылығы туралы ережесі сенерлік емес. Дж. Ролздың принциптерінде көрсетілген әділдіктің өзінің мазмұнымен келісуге де болмайды: негізгі еркіндіктердің теңдігі едәуір аз табыстыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік және экономикалық теңсіздігі, өйткені мұнда еркіндіктің жеткіліктігі мен теңсіздікті жою мүмкін еместік танылатын батыс, жеке айтқанда, американдық тәжірибе асолюттендіріледі. Осы концепцияның, автордың өзі де мойындайтын, маңызды кемшілігі - табиғаттың әдептілік құндылығы, жануарлаға деген адамгершілік көзқарас оған ретті қосыла алмайды, яғни онымен ретті түсіндірілмейді.
Біздің пікіріміз бойынша, бұл кемшіліктерді әдептілікке, оның ішінде өз қатарында, құндылықтар объективті ерекше феномендер ретінде түсінілген уақытта, құндылықтардың бірі ретінде әділдікке де, құндылықты көзқараспен қарау барысында жоюға болады.
Әдептіліктің құндылық теориясы Дж. Ролзтың адалдық ретінде әділдік теориясында талданған фактілерді де, оған принципиалды жетпейтін құбылыс шеңберін де түсіндіре алады. Және осы жағдайда, «тиімділіктің ретті критерийлері бойынша, әдептіліктің құнды теориясының «қосылуын» артық көру керек.
XX ғасырда этикада маңызды өзгерістер болған жоқ. Адамгершілік объективизмнің көпғасырлық сынының нәтижелері болмады. Әлі де натурализмнің, утилитаризмнің, интуитивизмнің түрлі формаларының ықпалы бар. Әлі де әдептіліктің діни негізі беделді болып келеді. Сонымен, қазіргі әдепті философияда әдептіліктің негізделу мүмкіндігі жалпы жоққа шығарылады және этикалық релятивизмге жол беріледі немесе дәстүрлі, белгілі негіздемелер, кем дегенде, ХІХ ғасырдан басталған осындай негіздемелердің формалары қолданылады. Ресей әдебиетінде бұл көзқарасты Л.М. Максимов едәуір сенерліктей мазмұндаған.
Л.В. Максимовтың пікіріне сәйкес, «әдептілік принциптерін саналы негіздейге болады және іс жүзінде керек емес». Оның пікірі юойынша, әдептіліктің негіссіздігін тану әдептілік релятивизміне апармайды, өйткені әдептілік принциптерінің бірлігі «метафизикалық» емес, фактылы болып келеді, яғниойшыл-теорияшылармен дәлелденбейді, күнделікті әдептілік тәжірибесінде қалыптасады. Сонымен, Максимов нормативтік этиканы күнделікті санаға енгізеді және теориялық сананың құқығын метаэтика саласында ғана таниды, қалыптасып қойылған адамгершіліктің логикалық, лингвистикалық және әлеуметтік саласында таниды.
Л.В.Максимов мәдениетке деген дәстүрлі көзқарасты ұстанады – мәдениеттің дамуы «төменнен жоғары қарай», халықтың ұжымдық санасынанөзінің теориялық және шығармашыл іс-әрекетінде рефлексиялық көрінісіне жүреді. Осы көзқарас бойынша, діни уағыз, әдептілік философия, оқыту әдебиеті әлдебір заманның күнделікті әдептілік санасы үстінен рефлексияның түрлі формаларының мәні болып келеді. Мұндай тәсілдеменің жеткіліксіздігі – ол адамгершілік саласында саналы шығармашылықты жоққа шығарады, әдептіліктің жаңа енгізулері мүмкіндігін түсініксіз етеді және, істің мәні бойынша, адамгершілік прогрессінің болуын жоққа шығарады. Будда мен Конфуций, Моисей және Иисус Христос халықта қалыптасып қойған адамгершіліктің рефлексисын жүргізбеді, олар адам өмірінің принциптерін және нормаларын құрды, адамдарға басқа, белгісіз өмірді «ашты». Және де қазір бізде біз өмір сүріп жатқан нормалар мен принциптер мүмкіндерінің үздігі болып келеді деп санауға негіз жоқ. Егер адамдар өздерінің адамгершілік өмірлерінде күнделікті санада бар нәрсеге ғана бағдарланса, олар ешқашан жабайы қалпынан ешқашан шыға алмас еді.
Әдептіліктің негізделуіне қатысты басқаша позициняы қазіргі уақытта А.А.Гусейнов ұстанады. Гусейновтың пікірі бойынша, втарихта үнемі адамгершілік тартыстары болуды. Түрлі мәдениеттердің және әлеуметтік топтардың әдептілік кодекстері, бір-біріне жанасқанда, сөзсіз тартысады, және мұндай жағдайларда, Канттың сөзімен айтқанда, «философиялық сананың арбитртаждық қызметінің» қажеттілігі пайда болады. Оның барысында түрлі түрлі этикалық стретегиялар болуы мүмкін: бір кодекстерді шынайы деп жариялап, басқасын жоққа шығаратын догматикалық; бірыңғай әдептіліктің болуына жалпы күдік туғызатын релятивистік. Бірақ еуропалық әдептіліктің тарихындағы басты стратегия сын стратегиясы болды, оның нәтижесінде мінез-құлықтың тартысқан кодекстері тең, адамгершілікті нейтралды ретінде түсіндірілетін және әдептіліктің едәуір кең ұғымы өңделеді. Сонымен, адамгершілік прогрессі, Гусейнов ке сәйкес, әлеуметтік нормаларды едәуір үлкен детабуирлеуде, адам эмансипациясының әдептілік диктатынан өсуінде құралады. «Шынайы тарихи тәжірибеде – дейді ол, - әдептіліктің өздік шекараларын нақтылау болған және болып жатыр, оның барысында әдептіліктің, әрқашан ойлағанға қарағанда, едәуір жалпы және тұрақты табиғатының бар болуы анықталады»[4].
Айтылған пікірмен келіспеу мүмкін емес. Алайда, адамгершілік прогрессі кейбір әлеуметтік нормаларды адамгершілік детабуирлеуде ғана емес, жаңа «тыйымдардың», әдептіліктің жаңа кодекстерінің құрылуында екенін атап өту керек. Адамзат бірнеше ғасыр бойы әдетті болып келген өмірдің көптеген құбылыстарына – қинауға, жазалаудың зорлықтарына, соғыс кезінде бейбіт халықты жоюға және т.с.с. қазір шыдай алмай қарсы болады. Ал қазіргі кезде медицина, экология, демография салаларында жүз жыл бұрын ешкім де ойламаған нормалар өңделіп жатыр. Сонымен, адамгершілік прогрессі әдептіліктің кеңеюінде ғана емес, оның «қысаңдауында» да, белгілі нормалы шығармашылықта құралады.
Сонымен, нормативтік этикадан өздік теориялық қызмет ретінде бас тартпау керек. Алайда дәл осыған осы пәнде қалыптасқан жағдай осыған апарады. Әлдебір пәннің болу мүмкіндігі жалпы жоққа шығарылғандағы жағдай немесе бұл пәнде логикалық негізсіздігі бұрыннан дәлелденген әдістері қолдагылады, бұл жағдайды тек тоқырау жағдайы деп атауға болады. XX ғасырда ұқсас тоқыраудан көптеген ғылымдар өтті: математика, физика, психология, тарих. Нәтижесінде бұл ғылымдарда парадигмалардың революциялық ауысуы болды. Нормативтік этикада тоқырау ұзақ созылды. Және келешекте бұл ғылымның мүмкіндіктерін ол үшн тән өз заты туралы пікірлер мен бейнелер әдістерін түбегейлі өзгертумен байланыстыру керек. Осы өзгерістердің жалпы бағыттылығы қандай болуы мүмкін?
Әдептілікті негіздеуді қолдаушылардың да, осындай негіздеудің мүмкіндігін принцип бойынша жоққа шығаратындардың да негізгі қателігі негіздеуді объективтілікпен және ақиқаттылықпен теңестіруде. Әдептіліктің қазіргі ағылшын философиясының ірі өкілдерінің бірі Р.Хэар әділ белгілегендей, «сана өзін тек тану, яғни фактілерді белгілеу немесе ақиқатты ашу, арқылы білдіреді» деп санау, «әдептілік ұғымында рационалист болу – міндетті түрде дескриптивист болу (яғни тануға жататын әдептілік фактіоерінің болуына сену)» деп санау қате. Бірақ, Хэардің өзі де, «күшіне қарай... өзінің ойлау қабілеттерін дамыту, өйткені бізде өзіміздің санамыздан өзге, басқа сенімді жетекші жоқ» деген жалпы тілкпен шектеліп, әдептіліктің ретті негіздемесі қандай болу керек деген сұраққа жауап бермеді.
Құрылымдық этиканың маңызды ережесі келесі тезис болу керек - негізгі адамгершілік ұғымдардың анықтамалары шынайы емес, номиналдық анықтамалар болып келеді. «Мейірімділік-қанағат және азаптың жоқтығы» деген пікір (И.Бентам) қабылдаған анықтамаларға сәйкес даусыз болып келеді. Осы көзқарас бойынша, «натуралистік қатенің этикалық пікірлері мазмұнындағы Дж. Мур сыны нысанаға тимейді. Мурдың өзінің қатесі этикадағы анықтамалардың номиналды сипатын ескермеуінде болды. Л.В.Максимов әділ белгілегендей, «мейірімділіктің шынайы анықтамаларының мүмкінсіздігі номиналды анықтамалар үшін кедергі болмайды. Мур, өзі ойлағандай, «адамның мейірімділік туралы ұғымдарын» бекітетін керек емес дифинициялар бойынша қаншалықты ирония білдірсе де, ол өзі түрлі этикалық концепцияларды сынауында іс жүзінде әдепті мейірімдінің жалпыадамдық ұғымына сүйенеді.
Этикада осындай маңызды тәсілдеменің маңызды нәтижесі жалпылықтың (жалпы мағыналылықтың) дәстүрлі абстракциясын және олардың әлеуетті орныдалуының астракциясының әдепті талаптарының қажеттілігін ауыстыру болу керек. Егер жалпылықтың абстракциясы және әдепті талаптарының қажеттілігі жағдайға қарамастан парызды орындауға шақыратын этикалық догматизмнің бағыттарына сәйкес болса, оны жоққа шығару әдептілік бағыттардың өзара жоққа шығарылуының барына мүмкіндік беретін релятивизмге апарады, әлеуетті орындалушылықтың абстракциясы жағдайға қарай нормаларды «икемді» қолдануды ұйғаратын жағдаяттық этиканың идеалына ұқсайды.
Соңына қарай,этикада, кез-келген басқа құрылымдық пәнде сияқты шығарылған үшіншінің заңы әрқашан әрекетте болмайтынын ерекше атап өту керек. Біз әлдеқандай әрекет әдепті жақсы, ол ешқашан ондай емес деген пікірді жиі айта алмаймыз. Басқа сөбен айтқанда, этикада осы нооманы бекітетін пікір де, сол пікірді жоққа шығаратын дәлел де ақиқат деп санауға болмайтын жағдайлар бар.
Құрылымдық нормативтік этика өңдеу – болашақтың ісі. Қазір тек принципиалдық идеясын атау маңызды. Әдептілік талаптарына бізге Құдай, Табиғат немесе Тарих «сыйлаған» өмірдің объективті заңдары ретінде қарауды қоятын уақыт келді. Бізді ешкім еш нәрсеге міндеттемейді. Адамгершілік нормалары – адамзаттың, мысалы, велосипед сияқты, өнертабысы. Өз кезінде Н.А.Бердяев былай жазған: «Еркіндік бұл… алдымда қойылған мейірімділік пен жамандық арасындағы таңдау емес, бұл менің мейірімділік пен жамандық жасауым». Құрылымдық этикада Бердяевтың осы интуициясы ретті көрініс алуы мүмкін[5].
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Ұсынылған әдебиеттер:
4.Гусейнов А.А., Апресян Р.Г. Этика. М., 2000.