Павлодар, 2021

3.1 Қазақ елінің ұлттық идеясын қалыптастырудағы Нұр-Сұлтанның семиотикасы.


Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласының өркениеттік мүмкіндігін семиотикалық тұрғыдан қарастыру қажеттілігі бар. Н.Ә. Назарбаев бас қаланың жаңа ескерткіштерінің тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде жасау алдын-ала жоспарланғандығы жөнінде өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында баяндайды [1, б.122]. Мәдениет пен инновацияны іс жүзінде жүзеге асыру – Қазақстан Республикасының жаңа бас қаласы Нұр-Сұлтанды (Астананы) құрудан көрінетіні айтылады.

Мәдениет мәтіндері, олардың феноменологиялық түсіндірмелері барлық феномендердің жалпыға бірдей көрінісі ретінде түсіндіріледі, адам санасының ой-өрісіне ықпал етеді. Мәдениет мәтінін қала кеңістігімен байланыстыра отырып қарастыратын болсақ, мәтін, тек «тәндік тыстағы» ақпарат тасушы ғана емес, жаңа мәндердің пайда болуына тосқауыл қояды. Қала кеңістігіндегі мәдениет мәтіндерін интерпретациялау, қаланы мәтін ретінде оқуға мүмкіндік береді. Ю.М. Лотман соңғы сұхбаттарының бірінде, салынған қаланың сызба мен қазбадан айырмашылығы туралы сұраққа былай жауап береді: «қала тірі ағза,біз оны түсінгіміз келген кезде, өзіміздің санамызда бір үстем құрылымды жинап аламыз... Біз бір тоқтатылған уақыт нүктесін аламыз. Алайда бұл шынайылыққа барабар емес. Себебі қала, белгілі бір жоспарға сай салынғанымен, шынайы іске асқан кезде, қала тіршілік ете бастайды, барлық уақытта өзін бірқалыпты ұстамайды. Оған біз қандай көзқараспен қарайтын болсақ, соған сәйкес өзгеріп отырады».

У. Эко өзінің еңбектерінде визуалды код теориясы мен архитектура семиотикасын талдайды. «Таңбалардың идеологияға, идеологияның таңбаларға хабарлама жібереді. Сондықтан семиотика ғылым ретінде кодтар мен хабарламалар арасындағы идеологияның үзіліссіз анықталуымен айналысады» [2, б.109]. Архитектураны таңбалар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Мысалы, «Салтанат қақпасына» таңба ретінде сипаттама жасасақ, – сол ортаға өтуге мүмкіндікті білдіреді, әрі «қонақасы», «салтанат», «мерейтой» деген мағыналарды білдіреді. Осы жерде біз архитектуралық объектінің белгілі бір атқарар функциясының бар екендігін немесе белгілі бір идеологияны білдіретіндігін айта аламыз.

Символ (рәміз) қала мәдениетін семиотикалық талдау контекстінде қала мәдениетінің таңбалаған мәтіні ретінде көрсетіледі. Рәміздердің: өмірлік-тұрмыстық, мәдени, табиғи-климаттық, ландшафттық, тарихи, материалды-мәдени сияқты айрықша қырлары бар.

Мәдени білімдердің қорлану және ассимиляция үдерісі әрдайым болып отырады. Мәдени мұраның жеке элементтерінің үйлесімі халықтың дара бейнесін жасайды, қазіргі өркениеттің мәдени саналуандығын қалыптастырады. Қоғамда генетикалық қаланған және мәдениеттегі ұлттық ерекшеліктері бар, қаланың архитектуралық-кеңістіктік ортасы барлық алуан түрлілігімен көрінеді. Қала семиотикасы бойынша зерттеулер қала мәдениетін зерттеуде жаңа бағытты ашты және қала мәдениетін мәтін ретінде түсінуді жетілдірді.

ХХ ғ. 80 жылдарының басына қарай Батыс пен Ресейде қатар семиотикалық зерттеулер арнасында мынадай түсініктер қалыптасты: «кеңістік мәтіні» (Ж. Дерида, М.Хайдеггер); «мәтін, код, белгі, синтаксис, архитектура кеңістігінің семантикасы» (Ч.Дженкс, Р.Барт және т.б.,); «кеңістік семиотикасы» (Р.Барт, КЛеви-Строс); «кеңістік мифологиясы» (О.П.Флоренский); «кеңістік театрализациясы» (А.В.Иконников, В.Л.Глазычев, Ф.Шоэ); «кеңістіктің рәмізделуі» (Э.Кассирер, О.Шпенглер, М.Элиаде, К.Линч); «адам және қалалық кеңістік (орта)», «басқа» және кеңістік» (Р.Барт.).

Мәдениет семиотикалық тәсіл әлемінде адам мен әлем арасындағы қатынастың коммуникативті белгілік жүйесі ретінде көрінеді. Бұл белгілік жүйе, бір жағынан, адамның жүріс-тұрысын реттейді, басқа жағынан – адамның әлемді бейнелеуін анықтайды.

Тарту-Мәскеу мектебінің ойшылдары дамытқан қала мәдениетін зертеудегі семиотикалық тұжырымдамалардың негізінде қаланы белгілік кеңістік ретінде көрсету болды. Қала кеңістігін семиотикалық талдаудың негізгі элементтеріне - мәтін, рәміз, қала мәдениетінің мифін жатқызуға болады.

Мәдениет семиотикасындағы негізгі түсініктердің бірі – мәтін. Мәтін – семиосфераның әмбебап категориясы. Семиосфера – семиотиканың бәрін сидыратын өлшем және тарту-мәскеулік мектебі тұжырымдамаларында мәдениет ретінде анықталады.

Символ (рәміз) таңбалылықтың барлық қағидаларының конденсаторы ретінде шығады және бір уақытта таңбалылықтың шегінен алып шығады. Ол – семиоздың әртүрлі аймақтары арасындағы делдал. Тең өлшемде ол мәтін синхрониясы мен мәдениет ескерткіші арасындағы делдал. «Рәміз» сөзі семиотикалық ғылым жүйесінде көпмағыналы мәнге ие. «Рәміздік мағына» сөзі белгіліктің синонимі ретінде қолданылады. Кейде рәміздер конвенция түрінде келеді. Белгілерді белсенді, жетекші түрге айналдырсақ рәміз қызметіне ауысады [3].

Э. Кассирер кеңістіктің әртүрлі «модустарына» (тілде, мифте, эмпирикалық және теориялық танымда) мәдени философиялық талдау жасайды. «Әр ғылымның негізге алынатын түсініктері болады, сұрақтарды қойып әрі тұжырымдарды қалыптастыратын тәсілдер, адамның өзінің интеллектуалды рәміздері түрінде жасалады [4, б.12]. Осылайша дәл қатал және нақты ойлау рәміз бен семиотикаға сүйенеді» [4, б.22].

Қала адамға қай жағдайда әсер етеді және қаланың тәніне, оның рухани атмосферасына еңгізілген тетікті қалай іске қосады? Курокава қаланы өзінің қызметін реттеп отыратын тірі организм деп есептейді. Симбиотикалық қала дегеніміз, Курокаваның айтуынша, өмірдің, дамудың плюралистік бейнесі, басқа мәдениетпен сұхбаттасуға ашық болу [5]. Курокаваның Нұр-Сұлтанды тұрғызудағы негізге алған «Өмір қағидасының» негізгі категориялары: метаболизм, жаңару, симбиоз, экология және жаһандық қоршаған орта болып есептеледі.

Ақмола қаласы архитектурасының тарихында ХХ ғасырдың ортасы – қала тарихында ең маңызды кезеңнің бірі. Бұл тың жерлерді игерумен және кеңестік тұрғын үй архитектурасының қалыптасуымен байланысты. Тың игеру жылдарында Ақмола ірі «тың игеру өлкесінің» географиялық ортасында болды және оның әкімшілік орталығына айналды [6].

Елорда тарихы, архитектурасының символикалық мәні, геосаяси ерекшелігі, мәдени рөлі бойынша отандық және шетелдік зерттеушілер тарапынан жан-жақты зерделеніп отыр. Тағы бір американдық географ Натали Кох Нұр-Сұлтанның тарихи қалыптасуына, өзінің ғылыми мақаласында Н.Ә.Назарбаев жобасы мен Анкарадағы Ататүрік жобасы арасында ортақ құндылықтарға салыстырмалы талдау жасайды [7].

Нұр-Сұлтан өзінің мәдени және рухани бейнесін жаңа парақтан жасайды. Елбасы саясатымен толеранттылық негізінде қалыптасқан қайталанбас жаңа қала түрін жасайды. Қазақстанның астананы ауыстыруының мәдени аспектісі осыдан көрінеді.

Нұр-Сұлтанның ұлттық идея қалыптастырудағы міндеті қандай? Барлық архитектуралық шешімдердің символикалық қорытындысы қандай болмақ? ...секілді сұрақтар ойымызға келіп отыр. Бас қаланың жаңа архитектуралық, мүсіндік ерекшеліктері тұтас қазақ мәдениетін әлемге таныстырады. Бас қаламыздың архитектурасындағы өнердің жаңа туындылары зерттеушілерді бей-жай қалдырмады. Нұр-Сұлтанның архитектуралық және мүсіндік ескерткіштеріндегі бейнелердің рәміздік мәні зор. Себебі, еліміздің тұрғындары бізге мұра ретінде жетіп отырған мүсіндік және архитектуралық ескерткіштердегі рәміздік, шынайы мағынасынан бейхабар.

Ежелгі қалалардағы архитектуралардың салынуы белгілі бір сенім арқылы туындайды. Римдегі Пантеон, Египеттегі пирамидалар секілді. Пантеон, сол кезеңдегі қала халқының бойында бір-біріне деген сыйластық, махаббат сезімін оятады. Нұр-Сұлтан темір жол вокзалының алдында орналасқан «Бата» ескерткішінің рәміздік мәні қазақ мәдени ерекшелігімен тығыз байланысты. Қазақ халқы ақ батасыз жолға аттанбаған. «Бата» ескерткіші тәңірлік дәстүрге ерекше құрмет көрсетудің бір белгісі. Бата – қазақ тілінде «алғыс, бата беру» деген мағынаны білдіреді. Тілек-бата сөздерінің мәтіні қазақ халқының ғасырлар бойы өмірден түйген тәжірибесінен алынған. Онда бүкіл халық болмысының сенімі мен нанымы, өмір тәжірибесі көрініс тапқан. Сондықтан ол қасиетті әрі киелі ұғым болып саналады. Ескерткіштегі арка формасындағы «босаға» – жол басының символы ретінде көрсетілген. Сонымен қатар «бесікті» көруге болады. Оның мәні – өмір бейнесі, ер және әйел бастамасы. «Тайтұяқтың» негізінде отбасындағы жақсылық және молшылық мәні жатыр. Ескерткіштің жоғарғы жағында орналасқан диск тәңірлік дүниетаным белгісі, төбесіндегі айна күн мен аспанды дәріптейді. Фонтан түріндегі су өмір көзі және логикалық түрде тұрмыстық қажеттіліктің символы ретінде бейнеленген.

Осындай ескерткіштердің Нұр-Сұлтанда пайда болуы қазақ тарихындағы архаикалық кезеңнің бейнесін көрсетеді. Юрий Лотман рәмізде әрқашан архаикалық мәннің бар екенін айтады. «Бата» ескерткішіндегі рәміздердің тоғысуы ерекше байқалады. Ескерткіштің негізі архаикалық табиғатқа ие және жазба дәуіріне дейінгі кезеңнен шығып отыр. Көрсетілген бейнелер – халықтың ауызша естелігінде сақталған сюжеттер мен мәтіндерді көрсетеді. Осындай рәміздер артында мәнді-мағыналы мәтіндер жатыр. «Бата» ескерткішінің өзгешелігі мағыналы және құрылымдық еркіндігін сақтаумен ерекшеленеді. Ол семиотикалық қоршаудан бөлініп, қаланың жаңа мәтіндік бейнесіне айнала алады. Осы жерден рәміздердің өзіндік мәнін байқаймыз: «рәміз ешқашан тек бір мәдени кезеңге жатпайды, ол өткеннен болашаққа ауысып отырады».

Қазақ мәдениеті рухани құрылымға бай ерекше мәдениет. Мифологиялық ойлау жүйесінде заттарды антропоморфтауға, жанды зат ретінде көрсетуге тырысады. Жалпы мифтің түрлеріне тоқталатын болсақ: космогониялық және антропогоникалық миф, эсхатологиялық және күнтізбелік миф, қаһармандық миф, жануарлар жайындағы миф, діни, астральды мифтер болады. Миф – дүниеге көзқарастың алғашқы түрі. Ежелде дүниені тану мифтер арқылы болған. Осы күнге дейін мифтер өз құндылығын жойған емес. Жиырма бес жыл ішінде тұрғызылған елорда монументтерін рәміз ретінде алып қарасақ, әр монумент мәнін тарихи және мифологиялық мәнділігі арқылы ашуға болады.

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымына ашықтық, табиғатқа жақындық, ғарыштық, ақындық, реалистік және тұтастық тән. Көшпенді өмір сүру образы ұлттық менталитетке ерекше әсер етті. Қазақ мәдениеті мифті шынайы тіршіліктен басқа әлемді қабылдау жүйесі ретінде түсіндіреді. Мифке әртүрлі анықтама беруге болады. Миф – әлемді бір-бірімен байланыстырады. Миф – ол метафора, яғни мән мен құндылықтардың бір әлемнен екінші әлемге ауысуы. Мифологиялық ойлау метафораланған, олардың мәнін ашу үшін толассыз өзгеріс қажет. Леви-Стросс ойынша, әртүрлі тақырыптардың басқа түрге айналуы, әдіс-тәсіл мен мақсаттар, заттар мен сөздер, тұлғалар мен есімдер, дәл және ауыспалы мағына арақатынасын ашады[8].

Нұр-Сұлтан қаласындағы ресей мүсіншісі Даши Намдаков салған «Жер-Ана»монументінде сақ патшасы Томиристің алып бұқаның үстінде тұрғандығы көрсетілген. Бұл мүсіннен де номадтық ерекшелікті көреміз. Еркіндік сезімі ерекше байқалады. «Жер-Ана» атауын рәміздік жағынан талдасақ, қазақ аңызында Жер-ана мен Тәңірадамның махаббаты, үйлесімде өмір сүруінің қажеттілігі, жердің бастапқы тазалығын сақтап, аспан екеуінің асқақтығы, көркемдігі баяндалады. Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін» екендігін айтылады [9].

Адамзат баласын асырайтын да, өсіретін де, тәрбиелейтін де, мейір-шапағатымен нәрлендіріп, өмірлік күш беретін де – Жер-Ана. Түптің-түбінде тұрақтайтын мәңгілік мекеніміз де сол. Яғни Жер-Ана – сұлулықтың, нәзіктік пен жылылықтың, қайырым мен мейірімнің бірден-бір рәмізі, махаббат пен тазалықтың қайнар көзі. Сондықтан қазақ мәдениетінде жер-анаға деген құрмет ерекше.

Келесі рәміздік мәнге толы «Өмір ағашы»фонтаны – шар түрінде бейнеленген. Төрт жағында 4 табиғи күштер белгіленген. Түріктерде жел жылқы бейнесінде, от қой немес қошқар, су – бұқа, сиыр бейнесінде, ал жер түйе бейнесінде болады. Ежелгі аңыздар бойынша табиғи күштер жыл сайын қайта өмірге келіп отырады. Бұл композиция ежелгі түрік халықтарындағы әлемнің жаралуы, өмір мәні, адамды қоршаған табиғи күштер туралы аңыздар мен мифтерді бейнелейді. Фонтан ортасында – Өмір ағашы, әлемнің үшбірлік түсінігін сипаттайды: тамырлары – жерасты әлемі, біздің ата-бабаларымыз, діңі – ортаншы әлем, біз өмір сүретін әлем, жоғарғы әлем – руханилық және болашақ ұрпақтарымыздың әлемі. Төрт жағында жануарлар бейнесіндегі төрт әлемдік күш орналасқан. Әр жануар фигурасының басында айдаһардың басы орналасқан – бұл даналық рәмізі. Бұл құрылыстың символикалық мәні зор. Құрылыс рәміздік негізі – мәңгілік өмір айналысын білдіріп отыр.

Мәңгілік махаббат және сенім рәмізі ретінде астаналықтар «Бақытым менің» ұл мен қыз бала қола мүсінін атайды. Оларды жүректен шыққан бір-біріне деген сезім қосады. Бұл Орта Азиядағы сезімге толы мүсіннің бірі. Бақыт сезімі – адам өмірі мағынаға толы және ішкі дүниесі рахат тауып, адамдық құндылығын жүзеге асырған кезде болатын сезім. Бақыт феномені философия, этика, психология және дінде қарастырылады. Бұл ескерткіштегі ер мен әйел арасындағы сезім, бір-бірін «бақыт» ретінде табу, адамды ерекше махаббат сезіміне шақырады. «Бақытым менің» мүсіні әсемдік пен үйлесімділік, махаббаттың белгісі.

«Халықтар достастығы» монументі фонтандары бар қауыз, ортасында 8 метрлі үш бір-бірімен қосылған қола мүсінді фигуралармен көркемделген. Монументтің символикалық мәні бір-бірімен байланысқан тармақтардың тоғысуы, қол алысу, достық, бірін-бір қамқорлыққа алу, бейбітшілік және келісімді білдіреді. Топологиялық ғылымда «беделі жапырақтар» деп аталатын түйіндер кездеседі. Бұл үш бір-бірімен байланысқан жең, басы мен аяғы жоқ, ұзақ ғұмыр, мәңгі бақыт және жақсылықтың нышаны. Мүсіннің қасындағы фонтандар «орманы» бар. Бұл фонтандар, Қазақстан халықтары мен этностарын рәміздейді. Композицияның көпмағыналығы, терең философиялық мәні, қолдардың байланысу құпиясы, фонтандардың бір ретте ағуы көрерменнің бойындағы достық мен келісімде өмір сүру сезімін оятады. Елбасымыздың айтуы бойынша, ұлтаралық келісім және тұрақтылық – біздің еліміздің басты құндылығы, осындай достық пен келісім арқасында ғана мемлекет алға дамиды.

«Киелі Көкбөрі мен Сәби» мүсіндік композициясына байланысты қазақ мәдениетінде аңыз-әңгімелер көп. Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көне түркілер қасқырды «бөрі» деген. Көк дегеніміз – көк түс, көк аспан. Көк бөрінің түркілер тайпасын ажалдан аман алып қалғандығы, көк аспандағы Көк Тәңірісінің өзі жіберген ерекше қасиетті жануар екендігі аңыздарда айтылып, көне түркілер наным-сеніміне сіңісіп кеткен.

Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі: «Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ – қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады. Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты. Он ұлының ең күштісінің Ашина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашинаның ұрпағы Асянь – Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен деседі [10]. Түркі халықтарының генеологиялық мифологиясында халықты жау қоршауынан құтқаратын да, жорықтарда қол бастайтын да, дәрменсіз сәбилерді асырайтын да көк бөрі деп бейнеленеді.

Қаланың осындай рәміздік мәні бар мүсіндік механизмдері адамға, оның рухани болмысына, қаланың өзіндік материалды және рухани атмосферасының қалыптасуына ықпалы зор. Неміс философы Мартин Хайдеггердің ойынша «Архитектура – философиялық дәстүрде мәнді рөл атқарады. Архитектура – философиялық ойлау тәсілі» [11]. Нұр-Сұлтанға қарап отырсақ ХХ ғасырдың белгілі антропоурбанистикалық жобасы екенін көреміз. Қазақстан астанасы өз мәдени мәтінін архитектурасы арқылы жасап отыр.

А.Тойнби қала үдерістерін зерттеуде «талап қою - жауап беру» тарихи-әлеуметтік әдіснамасын қолдана отырып, қаланың әлеуметтік топтары, яғни тұрғындары қала дамуына септігін тигізетінін баяндайды. Сондықтан қала тұрақты болуы үшін қоғамдық қызметі жоғары болуы тиіс. Қоғамның әлеуетіне ұлттық сананы, рухани негізді қалыптастыру осындай ескерткіштердің рәміздік мәнінің тереңдігімен де байланысты.

Қала өз қалыптасуында материалды мәдени құндылықтармен толықтырылып, оның семиотикалық нүктесіне айналады. Қазіргі заманғы көптеген антропологиялық сюжеттердің жүзеге асу ортасы қала кеңістігі. Жаңа архаикалық және жаңа метафизикалық постмодернистік жобалардың арқасында қазіргі заманғы қалалар адамзат тағдырын онтологиялық жағынан зерделеу үшін объект болып отыр. Антропологиялық зерттеулерде қала тек орны мен  қауымдастық өзгешелігі арқылы ғана емес, қаланың статусы мәдени жағынан өзгеріске ұшырау арқылы қарастырылады. Архитектура – мемлекетте әрқашан әлеуметтік мәні бар қызметтерді атқарады, оның репрезентативті мүмкіндіктері мемлекет генезисімен бірге жасалып отырады, алайда ХХ ғасыр архитектурасы кеңістікті сезіне отырып, саяси және мәдени-өркениеттік ойлау тәсілінінің біріне айналып отыр.

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан астанасы жалпығаламшарлық сұхбаттастық алаңға айналады. Әлемді толеранттылыққа, бейбітшілікке және интеграцияға шақырады. Біздің мемлекеттегі конфессияаралық келісім және халықтар бірлігін бекітудегі қайталанбас тәжірибе ретінде халықаралық деңгейде өткен Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съездерін (2003, 2006, 2009, 2012, 2015, 2018 жылдары) атауға болады.

Нұр-Сұлтанда орналасқан барлық мүсіндік және архитектуралық ескерткіштерді тұтастай қарау мүмкін емес, сондықтан бұл жерде тек рәміздік мәні терең деген мүсіндік объектілер баяндалып отыр. Нұр-Сұлтан қаласының кеңістігі мифология, дін, өнер, кино, реклама, виртуалды шынайылық секілді рәміздік мәнге толы. Әр қаланың архитектуралық орталығы жаңа мағыналар, интенциялар, ережелер мен құндылықтарды өмірге әкеліп отырады. Қаланың физикалық сипатының өзгеріп отыруы маңызды психологиялық, әлеуметтік, мәдени нәтиже береді. Көркемдік мазмұны бар семантикалық жүйелер қала мен қоғам арасында коммуникативті байланыстырушы элементі бола алады. Жалпы айтқанда, архетип, символ және таңба-белгілер тіліндегі архитектуралық-көркемдік бейнелер коммуникация құралына айналады.

Басқа тілдер сияқты архитектура тілінің өзіне тән дәстүрлі-құпиялы мәні бар. Архитектуралық формалардың белгілік мәні шынайы бейнесінен басқа мағынаны білдіруінде жатыр. Архитектуралық формалар бір кездері ауызша аңыз-әңгімелерді еске сақтаудың түрі болды. Сол әңгімелердің негізгі мазмұнын ашып, нұсқау болып отырды.

Әр үлкен қала бірінші ретте гипермәтін бола алады. Оның визуалды-кеңістіктік бейнесі жаһандық мәдениеттен өзіндік орнын алып, белгілі сол аймақтағы мәдениеттің көрінісі ретінде танылады. Нұр-Сұлтан мәтін ретінде біздің қазақ мәдениеті жайындағы көзқарасымызды қалыптастырады. Осы мәтіннің феноменалды мәнін түсіну үшін жаңа мағынаға ие келешекке жол ашады. Қазақстанның астанасы жаңа архитектура, жаңа мүсіндік және жаңа қала тұрғызу жоспарларымен толтыра отырып, бұл қала тұтас қазақ мәдениетін репрезентациялайды. Нұр-Сұлтан үлкен мемлекет үлгісін, жаңа тарихи қоғамды жасайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» еңбегінде Нұр-Сұлтанның еліміздің болашағын жасаудағы рөлін: «Біз елестетуге шығармашылық негіз қалдырмаған болашақты болжай аламыз ба? Әрине. Болашақ біздің армандарымызда ізін қалдырады. Нұр-Сұлтан көз алдымызда керемет бейнеге айналуда. Нұр-Сұлтан тек қайталанбас архитектуралық формалары мен ерекше ескерткіштері бар қала ғана емес, Шығыс пен Батыстың рухани құндылықтарын бойына сіңірген жоғары мәдениеті бар қалаға айналады» деп айқындап кетеді.

Қала мәдениетінің мифі дегеніміз – атаулардың бірлігі мен қала кеңістігі арқылы көрсетіледі. Қала мәдениетінің мифі уақыттылық циклділікке ие және біруақытта, мәңгі, қала туралы әр мәтінде көрінеді. Қала мәдениетінің мифобейнелік элементтері болып: «аты», «қатынас – қала/кеңістік», «жол»  саналады. Қала мәдениеті мифінің белгісі ретінде қала кеңістігінің материалды-заттық атрибуттарына тән кемелділік жатады.

Семиотикалық жағынан зерттеудің «мәтін», «рәміз», «миф» сияқты негізгі түсініктерін қала мәдениетін урбанистика әдіснамасын толықтырушы, толық жүйелі үлгі түрінде көрсетуге болады. «Рәміз» және «семиотика» ұғымының мәні мен негізгі атқаратын қызметіне осы сала бойынша зерттеушілердің көзқарасын қорытындылай келе, мынадай анықтама беруге болады. Рәміз – белгіліктің барлық принциптерінің конденсаторы ретінде көрінеді. Семиотика – мәтін синхрониясы мен мәдениет естелігінің арасын байланыстырушы болып келеді.

Бүгінгі таңда қалалар қала-коллажға айналып отыр. Сондай қалалардың біріне Қазақстанның бас қаласын жатқызуға болады. Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы архитектуралық құрылыстардың «әлем осі», «өмір ағашы», «күн –  эпикалық құс жұмыртқасы», «бата беруші алақан» және с.с. идеялы-архитектуралық – құрастырушы мифтік мағынасы бар. Осындай қала кеңістігінің перформативтілігі, ондағы қозғалыс қаланың медиашынайылығын және гипермәтінділігін жасап отыр.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан отандық және шетелдік зерттеушілердің зерттеу объектісіне айналып отырған қала. Елордамыздың басынан өткерген тарихи кезеңдерін отандық зерттеушілер еңбектерінен көруге болады. 1991 жылы кеңес үкіметі құлағаннан кейін Целиноград солтүстік Қазақстандағы өндірістік қала болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы кішкентай қаланы егемен мемлекеттің астанасына айналдырып, «Астана» деген жаңа ат берді. 1994 жылы қаланы тұрғызу инфрақұрылымы жұмыс бастап кетті [12]. Ірі жаңа құрылыстар, қала табиғаты бүгінгі уақытта бейнелеу жағынан Қазақстандағы совет үкіметі архитектурасын түбегейлі өзгертті. Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде жаңа астананың орналасқан жерін стратегиялық жағынан түсіндірді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Нұр-Сұлтанда қазақтың ұлттық мәдени құндылықтары мен тарихи тағлымын рәміздік түрде енгізуге тырысты. Нұр-Сұлтанның сәулетін талдай отырып, қазақтың дәстүрлі мәдениетімен сәулеттендірудің заманауи жетістіктерінің тоғысуы екендігін семиотикалық тұрғыдан анықтауға болады. Қазақ ұлтының мәдениетінің түп-тамыры түрік мәдениеті екендігі белгілі, сондықтан да Нұр-Сұлтанның ғимараттарынан түрік мәдениетіне тән мәдени белгілерді табуға болады.

Американдық географ Натали Кох «The monumental and the miniature: imagining ‘modernity’ in Astana» атты мақаласында Нұр-Сұлтанның геосаяси дамуын басқа ел дамуымен салыстыра отырып зерделеген. Оның айтуынша, географтар мен басқа да ғалымдар [13] мемлекет астаналарының ұлт ретіндегі даму жүйесіндегі рөлін қарастырады.  Астаналардың символикалық мәні зор, себебі ұлттың көрнекті белгісін бейнелейді. Сонымен қатар мемлекеттік құрылыста «аспан астындағы ұлт мұражайы» ретінде басты рөлді атқарады. Жаңа астана ұлттық мақтаныш сезімін ояту мен елдік тұтастықты жүзеге асыру мақсатында салынған қала.

Тарихшы Ғ. Алпысбаеваның зерттеуінше ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының экономикасы ауылшаруашылық сипатта болған, қала халқының 75% ауыл шаруашылығымен айналысқан. Өндірістің негізін ұн, терімен жұмыс жасау алған. 1920 ж. қалалық өндіріс төмендейді. Қала экономикасының күрт төмендеуі азаматтық соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің азаюымен байланысты болып отыр. ЖЭС жылдары Ақмола экономикасының көп бөлігін тауар алып отырған [14]. Нұр-Сұлтан қаласы жаңа статусқа ие болмас бұрын да еліміздің экономикалық дамуына үлесін тигізіп отырды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан мәдени мұрамызды жаңғыртушы рөл атқарып отыр. Елдік тұтастық пен бірлікті сақтауда да негізгі рәмізге айналып отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев негізгі саясатын бәрегейлену жобасының жүзеге асыра отырып, халықтар арасындағы достастықтың дамуын алға тартып отыр. Нұр-Сұлтанның суреттік бейнесі бүгінгі таңда Қазақстан және әлем бойынша тарап кетті. Нұр-Сұлтанның «монументалды» жобасы Қазақстанның ұлттық құрылыс жобасындағы маңызды элемент.

Тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаев «модернизацияның дәстүрге қарама-қайшы ұғым еместігін» айтып кетеді [15]. Нұр-Сұлтанның дамуы жаңа зиялы қауымның өмірге келуіне ықпал етті. Сәтті салынған құрылысы мемлекеттік құрылыс дамуында алдыңғы қатарда дамып, экономикалық дамуға жаңа серпін қосып отыр [16]. Жаңа ескерткіштері, элиталы жобалар, ұлттық ескерткіштер саяси қызығушылықтардың алға басуына әкеледі. Бұл процесс Қазақстанда анық байқалып отыр. Нұр-Сұлтан қазіргі заманғы жоба. Архитектура қала ортасына жаңа әлеуметтік реттілік әкеледі [17]. Мысалы, Бразилиамен салыстыруға болады. Себебі Бразилиа да болашаққа үлгі ретіндегі қала. Нұр-Сұлтан қаласының табиғаты да Қазақстанның болашағын бейнелейді.

Мемлекеттік министрлік, Жоғарғы Сот, түрлі елшілік және сарайлар, ҚазМұнайГаз (мемлекеттік газ компаниясы) және Бәйтерек, футуристтік стильдегі айнамен қапталған құрылыстар, Еуропа туристері үшін сюрреалистік құрылыстар Нұр-Сұлтанның сол жағалауында орналасқан. Батыс пен шығысты байланыстырушы мешіт пен синагога да осы сол жағалауда. Сол  жағалау Қазақстанның қазіргі замаңғы зиялы ортасы, болашаққа бағыт беруші болып отыр. Сол жағалаудағы монументалды құрылыстар Қазақстан постмодернизмінің көрінісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы үш жыл сайын өтіп отыратын «Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі» Қазақстанды әлемдік діндердің тоғысу ортасы ретінде көрсетіп, ұлттық идентификация жобасына айналып отыр.

Нұр-Сұлтанның архитектуралық бейнесі «Шығыс астанасы» ретінде ұлттық сананы қалыптастыруға негіз бола біледі. Жаңа астана статусына ие болғаннан бастап қаланың архитектуралық бейнесі түбегейлі өзгереді. Қаланың  Жібек жолы қиылысында орналасуы Нұр-Сұлтанды Еуропа мен Азияны біріктіруші семантикалық ортаға айналуына әкеледі. Қала функциясының ерекшелігі түрғындардың сапасына да байланысты. Елордамыздағы ұлттық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі еліміздің мәдени аймағын тереңірек қалыптастырып отыр.

Еліміздің нышанына айналған жалпы Нұр-Сұлтан архитектураларының метафорлығы, ежелгі мифология және қазақ тарихымен байланысты. Қазақ мәдени мұрасының әмбебап архаикалық идеяларын алға тарту арқылы жас астана тағы бір өзіндік ерекшелікке ие болып отыр. Бізді қоршаған қазіргі заманғы әлемнің әртүрлілігі, рухани байлығы және экономикалық мүмкіндігі, жаңа шығармашылық идеялар Нұр-Сұлтанның архитектуралық бейнесінде көрініс тауып отыр.

Нұр-Сұлтан Еуразия кіндігінде елдің де, ендігі әлемнің де айнасына айналды. Ақ Орда  – ғасырлар тоғысында қазақ тарихын тұтастаған кеңістік, ортақтасқан бітім мен бағдарға тұрақталынған уақыт талабы, Елбасы тоқтамы. Тұтастыққа тұрақтау – тәуелсіздік өркениетінің жемісі, жаңа қоғамдық өмірдің сұранысы. Бұл сұраныс қазақ халқы мен Қазақстан мемлекетінің жаңа дәуірінен, жас ұрпақтың алдағы заманы мен оның өмір сүру тәжірибесінің қажетінен туындады. Жаңа тарих ірі тұлғалар көзқарасы мен іс-әрекетінің жиынтығынан оқиғаға айналды [18].

Нұр-Сұлтанның архитектуралық бейнесінде батыс дәстүрлері мен алдыңғы қатарлы батыс архитекторларының көркем ойлары үйлесілімін тапты. Қаланың басты ауданын Сенат, Парламент, ҚР Президентінің резиденциясы және басқа да үкімет ғимараттарының кешені жасап отыр.

Бәйтерек– Еуразия кіндігіндегі тіршілік ағашы. Басты қаланың рәмізі ретінде «Бәйтерек» архитектуралық құрылысы болып отыр. Елорданың әкімшілік орталығының нақ ортасында орналасқан. Бұл монументте бәрі рәміздік – ұшар басындағы алтын күн, 97 метрлік биіктік, ішкі архитектурасы, үш аймаққа бөлінген және ол әлемнің үш негізін бейнелейді. Бұл металдан, әйнектен және бетоннан жасалған «Бәйтерек» архитектуралық идеясы жағынан ерекше және орындалуы жағынан орасан зор: 105 метрлік биіктігі бар металл құрылым, салмағы 1000 тоннадан артық без жүздей діңгекте тұр. Әлемде бірінші рет 22 метрлік диаметрі және күн сәулесімен түсін өзгертіп отыратын, «хамелеон» әйнектен жасалған 300 тонналық салмағы бар құрылыс. Нұр-Сұлтанның үстінде асқақтаған бұл ғимарат, архитектуралық жаңарудың рәмізі, Нұр-Сұлтанның рәмізі, Қазақстанның рәмізі ретінде қызмет атқарып отыр.

«Бәйтерек» көру алаңында қаланы алақандағыдай көруге болады: оның динамикалық дамуын, құрылыс келешегін бағалап, өмір сапасы жағынан әлемдік стандартқа сәйкес болуға ұмтылған қала «тынысын» сезінуге болады. «Бәйтеректе» керемет дәстүр қалыптасқан: келген адамдар еліміздің бірінші Президентінің алақанының таңбасы бар рельеф-номаға қолдарын қойып өз арман-тілектерін тілейді. Сонымен қатар «Бәйтерек» жас жұбайлардың міндетті түрде баратын орны болып саналады.

Ежелгі ақындардың аңызында «Көктөбенің» үстінде» өте үлкен теңіздің жағасында тіршілік ағашы – Бәйтеректің өсетіндігі айтылады. Жыл сайын Бәйтеректің діңіне киелі құс Самұрық алтын жұмыртқа – «күн» салады екен, ал айдаһар оны жыл сайын жеп қоятын болған, алайда ол қайтадан пайда болады екен. Бұл рәміздік түрде күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, мейірімділік пен қатыгездіктің, жарық пен қараңғылықтың күресін білдіреді. Киелі ағаш туралы аңыз бейбітшілікте өмір сүруге ұмтылатын, Қазақстанның мұрат-мақсатын бейнелейді.

Бәйтерек бірігуге жаппай ұмтылудың рәмізі болып есептеледі. Бәйтерек ескерткішінде көшпелі түрік халқының бүкіләлемдік тұжырымдамасы, яғни ғаламның құрылымымен байланыста болатын қазақ халқының мақсат-мұраттарын қабылдау ұштасады. Міне, біз сондықтан да Бәйтерек бүкіл еншілес түрік елінің рәмізі болып есептеледі деп айта аламыз.

Түрік ұрпақтары хандар үшін өте үлкен, әдемі және көзтартарлық ғимараттар салған, бұл дәстүр ең жақсы заманауи технологиялармен және көңіл көтеру құралдарымен толықтырылған. Әлемдегі ең үлкен күмбез – Хан Шатыры осының айқын дәлелі. Бұл тұрғын-жайдың ерекшелігі – тарихи рәміздік  мағынасында және тәжірибелік маңызында.

«Хан Шатыр»сауда-ойын-сауық орталығы, өте ерекше формальды шешіммен техникалық жаңашылдықты сәйкестендіре отырып, Бейбітшілік және келісім сарайының жолын жалғастырады. Биіктігі 200 метрге жететін кешен қаладағы биік құрылыстардың бірі. Оның «қаңқасы» – ұсақ тордан тұратын ірі шатыр, ETFE фторполимермен жабылған – сәулені өткізетін және ішкі кеңістікті ыстық пен суықтан қорғап тұратын ерекше материал.

Ішінде 100 000 шаршы метр ауданы бар бөлікте, кең қалалық парк, дүкендер, кинотеатр, кафе және концерт аудандары бар, Нұр-Сұлтан тұрғындары бос уақыттарын ауа райының жағдайына қарамастан өткізе алады. «Хан шатырдың» ең жоғары нүктесінде елорданы жоғарыдан көретін платформа бар. Жобаның маңызды ерекшеліктерінің бірі – интерьерге күндізгі жарықтың кіруіне, сонымен қатар табиғаттың қысылтаяң жағдайларынан қорғануға мүмкіншілік беретін, ETFE деп аталатын мөлдір материал болып есептеледі, бұл қатаң табиғат жағдайларында пайдалану үшін таптырмас материал болады.  Құрылыс ғимаратының кабельдік желілері 19000 шаршы метр ETFE фольга жастықшаларымен жабылған, өзара байланысты үш қабаты бірге жиналған, ортаңғы қабаты көтеріңкі. Жастықшаларды ауамен толтырған кезде, материал жоғары ауқымды жылуды сыйғыза алады. Әрбір жастықшаның ені 3,5 м және ұзындығы 30 м жуық болады. ETFE материалының иілгіштігі кабельдік желінің ауқымынан еркін қозғалумен күресу үшін лайықты.

Егер, жоғарыда аталған құрылымдардың басым рәміздік  маңызы болса, ал Ақ Орда ғимараты Қазақстан Республикасы президентінің нақты резиденциясы. Ақ Орда резиденциясының атауы халықтың түріктік тарихының сәулесі іспетті. Ақ Орда резиденциясы  ғимаратының рәміздік мәні зор. Эскизі Елбасы Н.Ә. Назарбаевақа тиесілі. 1998 жылы бекетте, қаланы жаңа және ескі бөлікке бөлуші барыстар пайда болады. Бұл мүсіндік топ ұлттық өзіндік болмыс тақырыбындағы ізденісті бейнеледі. «Азия жолбарыстары» (Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг) атты ұлттық мемлекеттердің брендіне айналған символдарға сай жасалынған болатын. Барысты символ әрі еліміздің ұлттық тотемі ретінде қолдану экономикалық дамудағы үлгілерге еліктеу және сонымен қоса ұлттық бірегейлікті.

Аймақтық көріністегі маңызды элементтердің бірі фауна (жануарлар әлемі). Ежелгі көшпелілер скиф – сақтарында анималистика өнердің құралы болды. «Аңдық стилдің» эстетикалық маңыздылығы жоғары деңгейге жетеді. Ауызша халық шығармашылығындағы антропоморфты бейнелерде алғашқы қауымдық діндердің бірі – анемизм көрініс табады. Самрұқ құсының бейнесі қазіргі архитектуралық және елорданың жергілікті объектілерінде белгі және рәміз ретінде жүзеге асқан.

Эпостарда, фольклор, декоративті-қолданбалы өнерде, архитектурада көшпенділердің дүниеге көзқарасы бейнесін тапқан. Ежелгі көшпенділер-сақтардың негізгі қолданбалы өнер түрі – ою-өрнек. Түріктерде тәңірлік арқылы табиғатқа сиыну тұрғын үй, киім-кешектердегі ою-өрнектерінде бейнеленген. Оюлы өрнек декоративті қызметімен ғана шектелмейді, ол интеллектуалды және эмоционалды түйсінуге де бағытталған. Ою-өрнектің композициясы семантикалық принциптерге сай жасалған. Оюдың өсімдік мотивтері бастапқыда табиғаттың қайта туу идеясы арқлы жасалған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнайы ашылған ескерткіштердің ішіндегі ойы, идеясы және ауқымы жағынан ең маңыздысы «Отан қорғаушылар» монументі, 2001 жылдың 9 мамырында тұрғызылған. Монумент идеясы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевақа тиесілі. «Отан қорғаушылар» монументі қазақстандық келісімді, бірлік және халық тұтастығын сақтауда маңызды, себебі, өткен шақтағы батырлық, ерлік туралы естеліктер елдің болашағы жасалынатын іргетасы.

Нұр-Сұлтан елордалық статусты иемденіп, республика дамуының «локомотиві» ғана емес, еліміздегі модернистік процестердің өзіндік айнасына айналды. Нұр-Сұлтанның күнделікті өмірдегі бейнесінде жаңа мәдениет пен өркениет элементтері көрініс тауып отыр. Нұр-Сұлтанның көшірілуі және орнығуы құрылымы жағынан біздің республиканың өмір сүру деңгейінде, әрі мәдени жағынан, мәдениеттанушылар көзқарасынша, адамның өмір сүру образына айналып, көлемді өзгерістерге әкелді. Он мындаған адамдар ірі оқиғалардың куәгері, әрі қатысушылары ретінде Нұр-Сұлтанға көшті. Осы азаматтар елімізге өз тарапынан жасампаздықты, жұмылғыштықты таратты.

Дәстүрлі қазақ, еуразиялық және жалпыәлемдік мәдениеттердің ағысы қала бейнесінде айқын бейнеленген. Нұр-Сұлтанның сәулетті ғимараттары жаңа заманға сай тұрғызылып отыр. Нәтижесінде ерекше – қазақстандық архитектуралық стиль туып отыр. Әлемдік заманауи дәстүрлері, өткен мен болашақ мәдени объектілерде іске асырылды. Қазақ және Орыс театры, С. Сейфуллин атындағы Мұражай, Ұлттық опера және балет театры, қазіргі заман өнерінің, алтын және бағалы металдар мұражайы, «Атамекен» этно-мемориальды кешені және т.б. Мәдени орталықтармен қоса Нұр-Сұлтанда спорт инфрақұрылымы да қарқынды дамып отыр.

Көп жағдайда жаңа өркениеттік бағыттар мен әдістер Нұр-Сұлтанның индустриалды-инновационды дамуында байқалды. Өткен жылдары Қазақстан экономикасы көбінесе шикізат саласы бойынша қызмет етті. Алайда соңғы жылдары, еліміз ғылыми, жоғарытехнологиялық өндіріс жағынан белсенді дами бастады. Бұл жерде елорда рөлі ерекше.

Индустриалды-инновационды жобаларды еңгізу үшін ғылыми кадрлармен қамтамасыз етілу қажет. Осы міндетті жүзеге асыру барысында Нұр-Сұлтан қаласында оқу орындарын салу мақсатқа айналып отыр. Жаңа өркениеттік үлгінің бірі ретінде қалалық әкімшіліктің жұмыс істеу әдісін айтуға болады. Азаматтардың тілектерін жоғары деңгейде орындаудан байқалады.

Нұр-Сұлтан әкімшілігі жұмыстарының жаңа принциптері қаланың жоспарлануында да іске асып отыр. Бұл жерде маңызды ережелер болып қала дамуындағы экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асырудағы айқын және сауатты тәсіл. Айта кететіні, бастапқылық ретінде ерекшелінеді: табиғи ресурстарды қорғау, қоқыстарды жинауды ұйымдастыру және жою, үнемдеу. Осы шараларды жүзеге асыру механизмдері жасалған, соның ішінде қаржыландыру, халықаралық қаржылық ұйымдардағы әдістерді ескереді.

Қазақстан әртүрлі мәдениет өкілдері ынтымақты өмір сүретін, аздаған елдердің бірі болып саналады. Осы деректің бейнесі ретінде, сіз басқа құрылысты – Әлем Пирамидасын көре аласыз. Бұл пирамидада әртүрлі діндер тіршілік етіп жатыр: ислам, иудаизм, христиан, буддизм, индуизм, даосизм және т. б. Дәл осы жерде 1500 орындық опералық театр, Ұлттық мәдениет мұражайы, жаңа «өркениет университеті», кітапхана және Қазақстанның этникалық және географиялық топтарының зерттеу орталығы орналасқан. Ғимарат діни түсініктерге, зорлық-зомбылықтан бас тартуға және адамдардың сенімі мен теңдігін алға жылжытуға арналған ғаламдық орталық ретінде ойластырылған. Әлем пирамидасы әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті және дәстүрлері үйлескен және келісіммен тіршілік жасап жатқан, Қазақстанның рухын білдіреді.

Бейбітшілік және келісім сарайының пирамидалы ғимараты 2006 жылы салынған, Қазақстанның архитектуралық іздеу кітабында ерекше бөлімді алып отыр. Ғимарат басқа құрылыстардан ерекшелеп тұратын әйнек пен гранитпен өңделген. Оның биіктігі 62 метр, сонымен қоса пирамида 15 метрлік биіктікте салынған. Оның жалпы ауданы 25,5 мың квадрат метр. Пирамиданың негізіне 1,5 мың орны бар опера залы кіреді, жоғарғы бөлігінде – ғимараттың басты бөлмесі – конфессиялар залы бар.

Болат, алюминий, көптеген арнайы әйнек конструкциялары, айрықша техникалық идеялар, архитектуралық жаңашылдық – бәрі ғажайып. Панорамалық лифт барлық адамдарға жасыл терасса және пирамида күмбезінен ағылған сәуле ойынының әдемілігіне сүйсінуге жағдай жасайды. «Астананың аспалы бағы» арқылы толқынды баспалдақтармен өту одан да қызығырақ. Ал түнде оның бас жағы ішінен жанып тұрады. Сарайдың ішінде қысқы бақ, көрме залдары, пресс-орталық, рухани конфессиялар кеңселері, мұражайлар, кітапхана бар. Бұл жерле республикалық және халықаралық көлемдені ірі шаралар өткізіледі.

Атамекен – этникалық- мемориалдық кешені– ашық аспан астындағы мұражай болып есептеледі, бүкіл елді өте ықшамдалған нұсқада шолып шығуға болады. Жалпы ауданы 1,7 га көрмеге Қазақстан қалаларының жасампаз ғимараттарының және тарихи ескерткіштерінің 200 данадан астам үлгілері қойылған.

Елдің төрт маңызды идеологиялық бөлігі Назарбаевтың «ұлтты дамытуға әрекет жасау» мәселесін ұсынады, «мемлекетті нығайту», болашаққа сену және халықтың бірлігі біздің елімізге идеологиялық құндылықтардың енгендігін көрсетеді деп тұжырымдауға болады. Бұрын қойылмаған, ал қазір негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылатын мәселелердің бірі – «Ұлттың тұрақты дамуы» болып есептеледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің сұхбатында, «Сіз, біздің ұлтымыздың даму деңгейіне қанағаттанасызба?» деген сұраққа «Біз осы ел үшін жауап беретін негізгі ұлт болып есептелеміз. Біз осы елді біріктіретін азаматтармыз. Егер, әрбір адам өркендемейтін болса, ел де ешқашан өркендемейді. Ұлттар бір- бірімен бәсекеге түсуге қабілетсіз болса, ел әлемдік экономикаға және әлемдік ұйымдарға шыға алмайды» – деп жауап берген болатын. Бұл сөздер елдің әлемдік экономикадағы тұрақтылығы үшін күресуге тиіс, заманауи Қазақстан жастарына айтылған үндеу ретінде естіледі.

Ең ірі монумент сыйлық «Қазақ елі» –  қазақ халқының тарихи тағдырына арналған ескерткіш. Монумент ұлттық нығайтушы идеяны көрсету тілегімен орындалған, ауқымды және дәстүрлі. Бұл ғимарат символикалық қуатқа толы.

Монумент қазақ халқының мыңжылдық тарихы мен мәдениетін көрсетеді, Қазақстанның тәуелсіз алған жылын, еліміздің жоғары ұмтылысын рәміздейді. Монументтің биіктігі 91 метр, 1991 жылы - Қазақстанның тәуелсіздікті алу жылымен байланысты. Монументтің құрылымы Қазақстанның ұлттық идеясының мәнін білдіреді: төрт жағында еліміздің тәуелсіздік алған кездегі негізгі тарихи сәттерін баяндайтын - «Тұңғыш Президент және Қазақстан халқы», «Ерлік», «Жасампаздық» және «Болашақ»төрт барельефтен тұрады. Еуразия жүрегіндегі Қазақстан астанасының орналасу аймағын айқын бейнелейтін төрт қоладан жасалған барельеф әлемнің төрт бұрышының бірлігін көрсетеді.

Монументальды шығармашылықтың ерекшеліктері мынадай, мүсіншілердің алдына қойылған міндет – нығайтушы рөлді және биліктің күш-қуатын, немесе ұлттық идеяны көрсету. Бұндай жағдайда, бойы, салмағы, көлемінің маңызы бар. Ескерткіш үлкен болған сайын, сол мемлекеттің күші мен қабілетін бейнелейді. Мысалға, Жамбыл Жабаев ескерткіші алып көлемде орындалған. Жалпы ұзындығы 12 метрлік ескерткіш атақты жыршыны тіпті батырға айналдырып жіберген.

Қала үшін сәтті әрі пайдалы жаңа саябақтар мен фонтандардың пайда болуы. Мысалы, Алматы өз сыйлығы ретінде ескі Целиноградтың бір ауданын қайта жаңғыртты. «Жастар» сарайының алдындағы ауданда Нұр-Сұлтанның климаттық ерекшеліктеріне сай  жаңа үш фонтан пайда болды. Тостағаны бар классикалық фонтандар қыста депрессиялық жағдайда көрінеді, сондықтан жаңа тостағаны бар фонтандар суық күндері ортасында шар орнатылған, гранитті сегіз жақты формада өздігінен архитектуралық  композиция қызметін атқарады. «Каскад» фонтаны мұнай мұнарасы түрінде істелген, және бұл мұнайлы Атырау облысының сыйы.

Сыйлықтардағы сюжетті таңдауы шығар, ұлттық келісім, ағарту, біріктіру және экономикалық даму идеясы басым. Негізінде сыйлықтар бір-біріне ұқсас келеді. Нұр-Сұлтанда жылқылардың, арқар, барыс, түйе, киіктердің саны пайда болды. Қазақстанға сайма-сай жануарлар әлемінен басқа, саздан жасалған каюлар да бар. «Еуразия» саябағында, Батыс Қазақстан облысының дайындаған, еуразиялық бекет илеясы қолданылған, Еуропа мен Азияны біріктіруші, сондықтан да еуропалық бөлігінде еуропалық рәміздер, ал азиялықта – азиялық рәміздер бар.

Бау-бақша-саябақ мүсіндеріне симметриялы шаңырағы бар орталық композиция орналасқан, бұл фигуралар, интеллект, руханилық, тұрмыс, еуропалықтар мен азиялықдың географиялық орналасуын рәміздейді. Азиялықтар жағында: қобыз, торсық, домбыра, арқасында бозторғайы бар қой. Бұл фигурада идеалды әлемді қазақ мифологиясы іске асырылған, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалауын» идеальды әлем түрінде бейнелейді. Еуропалық жағында кубок, скрипка және аю орналасқан. Кубок адам зердесінің триумфын және жеңіске жетуді көрсетеді. Кубокта стильденген сағат тілі римдік 10 санын көрсетіп тұр, яғни, елорда Нұр-Сұлтанның құрылуы мен өркендеуіне он жылдыққа арналған, «Еуропа» сөзі, кубоктың екі жағында латын және кириллица әріптерімен жазылған, «еуропалықтардың парасаттылығын бейнелейді». Симметриялы фигура – торсықта да циферблат бейнеленген, араб тілінде және «шығыс парасаттылығын бейннелейді.

«Аю» – еуропалық ормандардың әдеттегі өкілі, Ресеймен байланыстырылған. Аю көптеген еуропалық елтаңбаларда еркіндік, тәуелсіздік, достастық және бейбітшілік символы ретінде бейнеленген. Әр облыс берген сыйлықтары арқылы өздерін таныстырды. Ең көз тартатын сыйлық Қарағанды облысының сыйлығы, алпысметрлік цирк әртісі- эквилибристті, цирк өнерінің әртүрлі жанрларын рәміздейтін, 10 екіметрлік фигуралары бар алпысметрлік төртдеңгейлі әуенді фонтан.

Ақмола (Целиноград) тәуелсіз Қазақстанның астанасы ретінде қалыптаса отырып, ұлғаю және қаланың модернизациялануы жағынан, көшелерінің аттары, ескерткіштері, құрылыстары, және этникалық жағынан трансформацияланды. Отандық мәдени-урбанологиялық зерттеулерде келтірілгендей, 18 жыл ішінде Астанада ұлттық рәміздерді көрсететін, қазақтардың таңбалары бар көптеген архитектуралық ғимараттар мен ескерткіштер пайда болды. Оған дәлел ретінде бекеттегі барыстарды, «Үш найза» атты үш найзадан тұратын пирамидалы конструкциясы, Кенесары ескерткіші, Бәйтерек және т.б. айтуға болады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында тәуелсіздік уақытында жасалған «қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету үлгісі, ұлтаралық келісім, қазақстандық бірегейлік және жалпықазақстандық патриотизмнің қалыптасуы» керек дейді. Осы үлгінің қалыптасуын Қазақстан жағдайының «ретро-анализі» сендіреді, оның жүзеге асуы және кейінгі нәтижелері екі негізгі әлеуметтік-саяси факторлардың арқасында мүмкін болып отыр. Егер бірінші факторы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болса, екінші фактор, елордамыздың орталық Қазақстанға ауыстырылуы.

Тәуелсіз Қазақстанды дамытушы Қазақстан халқы ассамблеясы жаңа әлеуметтік құрылымға айналды, өз қолына суперэтностың ықпалдастық қызметін алып отыр. Мазмұны жағынан этномәдени, бұл құрылым Л.Н. Гумилев бейнелеген этногенез заңы бойынша, мемлекеттің кейбір географиялық қайта құрылуын болжады. Елорданың ауысуы және Нұр-Сұлтанның салынуы қоғамдық келісімділікті және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудегі маңызды, қажет қадам болды. Отандық профессор А.Ж Жаксылыков өзінің мақаласында Нұр-Сұлтанды жаңа өркениеттік жоба ретінде көрсетіп отыр.

Қазақстанның жаңа астанасының философиясын қаланың мәдени көрінісі толысқан архитектуралық стилі мен мүсіндік бейнелері арқылы құрастыруға болады. «Мәдени ландшафт» термині қаланы мәдени-философиялық жағынан мәнін түсіну үшін өте кең әрі қажет.

Нұр-Сұлтанды басқа елордалармен салыстырып қарасақ, оның басқа астаналардан өзгешелігін көруге болады:

  • көп жылдық тарихы бар қала;
  • жеке урбанологиялық кеңістігі қалыптасқан қала;
  • «таңқаларлық», дәстүрлі дала көрінісінің қазіргі заманғы елордалық қалаға айналуы;
  • полимәденилік, ашықтық;
  • мемлекетті репрезентациялау қызметі;
  • таңқалаларлық архитектуралық құрылыстары.

Әлемдік қауымдастықтың ойынша Қазақстан кенеттен салынған архитектуралық құрылысымен қайталанбас кеңістікке айналды. Курокаваның Нұр-Сұлтанды тұрғызудағы жоспары жөнінде мәлімдеуінше, жиырмасыншы ғасыр механикалық қағидалардың басым болған кезеңі болды. Жиырма бірінші ғасыр жаңа өмір сүру қағидасы кезеңіне айналу дәуірі болады. Өмір сүру қағидасы тұжырымдамасы заттардың алмасуы, жаңару, симбиоз, экологияны алға тартумен  байланысты. Елордамыз Нұр-Сұлтан жиырма бірінші ғасырдағы симбиотикалық қалаға айналды.

Кисе Курокава Ле Корбюзье [19] архитектуралық революциясын жалғастырушы архитекторлардың ұрпағы. Ол Жапониядағы симбиоз мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Кендзо Танге жариялаған метаболизм идеясының орнына келген. Бір жағынан симбиоз идеясы метаболистер идеясын жалғастырды, ұлттық архитектуарлық мектептің «мәдени шизофрениясынан» алыстата отырып, жаңа архитектуралық формалар іздейді. Симбиоз идеологиясында дәстүрлі мәдени идеялармен қатар, постмодернистік сипаттағы идеялары бейнеленген. Курокаваның ойынша: «...әр заттың мәңгілік өмір сүруі мүмкін емес, алайда рух пен архитектураның арасындағы байланыс және оны қоршаған орта - мәңгі өмір сүруі мүмкін… Сондықтан да әр форма, үлгіні немесе материалды қызметіне, климатына, мәдени ерекшелігі мен географиясына қарай қолдану қажет».

Курокаваның негізгі тезисі мынада: «Машина Ғасырының орнына Өмір Ғасыры келеді. Егер машина гомогенезация ғасырының көрінісі болса, өмір плюрализм, әртүрліліктің дәуірі. Архитектура, ең соңында, әмбебап халықаралық үлгіден кетіп, мәдениаралық үлгіге көшеді, әмбебаптық пен аймақтықтың симбиозы болады». Қала кеңістігіндегі ұлттық дамудың бір белгісі архитектуралық жобалардың қайнаркөздері. Жапон архитекторының жобасы – ұлттық кеңістіктің әлемдік кеңмәтінге белсенді түрде қосылуын алға тартады.

Курокава үшін Нұр-Сұлтанның үздіксіз даму мен жаңаруға деген мүмкіндігінің болғаны маңызды болды. Қаланың архитектуралық тұжырымдаманы жасауда Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуразиялық көрік беру идеясы ескерілді. Қазақстан астанасының орталықта орналасуы, Азия мен Еуропаны байланыстырушы түйін ретіндегі рөлін көрсетеді. Архитекторлардың алдында ХХІ ғасыр қаласын тұрғызу міндеті тұрды. Халықаралық конкурс және архитектор-жобалаушылар жаңа астананы салуда өз көзқарастарын қаланы құраушы элемент ретінде өзенге бағыттады. Қазақстан астанасы Еуразияның орталығы ретінде Еуразиялық идеясын алға тартты. Нұр-Сұлтан өркениеттілік пен ұлттық өзіндік болмыс идеясын бойына жинай отырып, жаңа саяси шынайылықты жасаумен теңестірілді.

Еуразиялық идеясы ТМД елдерінің қазіргі заманғы философиясында кеңінен талқыланады. Осы мәселе төңірегінде әртүрлі бағыттар бар. Еуразиялық мәдени тип, Гегелдің көзқарасынша, «айырылған санаға» әкеледі, яғни Батыс пен Шығыстың арасында теңселеді. Бұл дәстүрдің ежелгі үлгісін Ұлы Жібек Жолы мәдениетінен көруге болады.

Мемлекеттік тәуелсіздікті жариялау архитектуралық ортаға қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін еңгізу арқылы жүзеге асып отыр. Қаланың архитектуралық бейнесінде өткен ғасырдағы және қазіргі заманғы бай материалды және рухани мұраны үйлесімділікте ұстап отыр. Елорданың қала тұрғызу идеясында демократия принципі және әлеуметтік ынтымақтастық негізгі факторға айнала отырып көрініс тапқан. Нұр-Сұлтанды жобалау мен салуда әртүрлі елдердің қала құрылысшылары белсенділік танытты: британдық, итальяндық, араб және ресей архитекторлары, француз, түрік және швейцарлық құрылыс компаниялары. Қала құрылысы мәдениеті қазіргі Қазақстанның технологиялық, өркениеттік және рухани күш-қуатын жариялайды.

Әлемдік аренада жаңа қазақ шынайылық ерекшеліктерін мойындатумен байланысты: осы уақыттағы ұлттық дәстүрлі мәдениет саналы түрде модернизацияланған және өркениеттік жобаларды қамтып отыр. Жаңа ұлттың саяси дискурсы сыртқы әлемге ашық болу қағидасын ұстанып отыр. Қазақ саяси дискурсындағы басты идеология – еуразиялық. Осы идеология «өркениеттік дәнекері» идеясының негізгі кеңмәтіні болып қызмет етеді, Қазақстанның негізгі ұлттық «міндетіне» жатады. Қазақстан территориясында Азия мен Еуропа кездеседі. Ресей немесе Шығыс Еуропамен Оңтүстік және Орталық Азияны байланыстыратын кез келген коммуникация біздің ел арқылы өтеді. 

Көптеген астаналар қайта құрылған кезінде «арнайы жобаларды» еңгізеді. Астанада соның айғағы ретінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін» айтуға болады. Бұл жоба Қазақстанды әлемдік діндердің қиылысы ретінде танытып отыр. Қазақстан көпконфессионалды және көпұлтты қоғам ішіндегі тыныштықты сақтауды алға тартады әрі әлемдік деңгейде дінаралық сұхбаттастыққа жағдай жасап отыр.

Метаболизмде негізгі идея құрылыстың өсу мүмкіндігі болса, 1970 жылдары постметаболимзде бастысы архитектурадағы мәдени қағидаларды түйсіну болды. Постметаболизм архитектурасы плюрализммен сипатталады. Постметаболизмнің теоиялық тұжырымдамасы архитектурада дәстүрлер мен жаңа заманауи технологияны, әртүрлі мәдениеттерді, табиғи және жасандылықтың үйлесімді идеясының қажеттілігінен туындады. Постметаболизм ағымы архитекторларды біріктіреді. Әр шебер өз әуестігімен өзінің үлгісін жасап шығарады.

Симбиоз философиясы 1980 жылдары постмодернистік философияның арнасында болады. Курокава үшін постмодернизм әлемдегі әмбебаптылық (универсалий) идеясымен күресуді бейнелейді және батыс әмбебаптылығының (универсалий) басып кіруінен қорғайды.

Сондықтан да Нұр-Сұлтан логикалық тұрғыдан алғанда Еуразияның символикалық орталығына айналуға үміткер. Қазіргі атын Нұр-Сұлтан 1998 жылы алды. 1961 жылға дейін Ақмола болды, 1961-ші жылдан 1992-ші жылға дейін – Целиноград, 1992-ден 1998-ге дейін – Ақмола. Бұл қаланы Шығыс пен Батыс та, Солтүстік пен Оңтүстік те өз қаласындай санауға құқығы бар.

Елорда – елдің билігі шоғырланған бас қаласы ғана емес, барлық мемлекет көлеміндегі саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастардың дамуын қамтамасыз етуші қала. Қазіргі уақытта архитектурада екі анық үрдіс көрсетілген. Біріншіден, архитектураны өнер ретінде қарастыру. Екіншіден, рәміздік мәнге толы, әлеуметтік мағыналылығының маңыздылығы. Астана архитектурасы әлемдік мәдениеттің бай үрдістерін бойына сіңіріп қана қоймай, Қазақстанның тарихи кезеңдерін де бейнелейді. Ұлттық мақтаныш, ұлттық қайта жаңғыру және өзін-өзі анықтау идеялары елорданың архитектуралық бейнесінде беки түскен сияқты. Ол еліміздің болашаққа деген үмітін арттырудағы рәміз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

«Нұр-Сұлтан архитектурасында ұлттық қайта жаңғыру идеясы бар ма?» тақырыбындағы фокус-группа сценарийін жасау және өткізу.

Терең сұрақтар:

Блок 1: Елорда туралы не білесіз?

Блок 2: Егер де сізге Нұр-Сұлтанға келген қонаққа бейнелеп беруіңізді сұраса, не айтар едіңіз?

Блок 3: Нұр-Сұлтан мен Қазақстанды «Еуразияның геосаяси жүрегі» ретінде атайды. Бұның маңыздылығы неде? 

Блок 4: Елордада архитектуралық бейнесі қандай рәміздік белгілерге ие?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. . Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2011. – 308 б.
  2. . Бурцев А.Г. Семиотическая модель языка архитектурных форм : дис.. канд. архитектуры: 18.09.01. – Екатеринбург, 2001. – 166 с.
  3. . Каганский В.Л. Ландшафт и культура [Текст]:В.Л. Каганский // Общественные науки и современность. –  –  №1. – С. 134-145.
  4. . Кассирер Эрнст. Философия символических форм. – Том 1. Язык . – М.; СПб.: Университетская книга, 2001. – 271 с.
  5. . Курокава К. Мегаполис ХХІ века никогда не остановится в росте. Интервью // Проект России. – 2003. – №4. – С. 21-24
  6. . Чекаев Ф.М. Истоки и эволюция архитектуры Астаны (Акмолы) 1830-1991. – 133 с.
  7. . Koch, N. Why not a world city? Astana, Ankara, and geopolitical scripts in urban networks // Urban Geography 34(1): 2013. –P.109-130.
  8. . Леви-Стросс К. Структурная антропология. – М.:Наука, 1985. – 536 с.
  9. . Манасова М.М, Мұханбет Ә.А. Әл-Фараби трактаттарындағы "қала" болмысы және Астана ескерткіштерінің рәміздік сипаты // ҚазҰУ хабаршысы. – 2015. – № 2/1(51). – Б. 500-507.
  10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. В 2-х кн. Кн. 2 / сост. А.И.Куркчи. //  М.: Институт ДИ-ДИК, 1999. – 480с.
  11. Хайдеггер М. Положение об основании. Статьи и фрагменты. – СПб.: Алетейя, 1999. – 292 с.
  12. Джаксыбеков А. Так начиналась Астана: Записка первого акима столицы. – Астана, 2008. – 203 с.
  13. Koch, N. 2010. The monumental and the miniature: Imagining ‘modernity’ in Astana. Social and Cultural Geography 11(8): P. 769-787.
  14. Алпысбаева Г.А. Акмола, Целиноград, Астана: исторический путь становления и развития. – Караганда, 2009.
  15. Назарбаев Н.Н. Казахстанский путь. Караганда – 2006.– 372 c.
  16. Agnew, J. (1998) The impossible capital: monumental Rome under liberal and fascist regimes, 1870-1943.
  17. Geografiska Annaler. Series B, Human Geography, 80, 229-240 Holston, J. (1989) The modernist city: an anthropological critique of Brasília. – Chicago: University of Chicago Press. –37 p.
  18. Молдабеков Ж. Ақ Ордам – Астанам // Астана: триумф Казахстана и его лидера: Материалы международной конференции, посвященной 10-летию столицы  / Подред. Б.Т.Жумагулова. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2008. – 330 с.
  19. Hanks R.R. Multi-Vector Politics' and Kazakhstan's Emerging Role as a Geo-Strategic Player in Central Asia // Journal of Balkan and Near Eastern Studies. 2009. Vol. 11. –№ 3. – 258 p.