Павлодар, 2021

Алғы сөз


Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы – жаңа мемлекеттің саяси бағыты» тақырыбында баяндамасында ұрпақтың рухани бірлігі мен сабақтастығы, оны қалыптастыру мәселелері, ұлттық бірегейлік және жаңа қазақстандық патриотизмның  қажеттілігін айтып өтті.

Жаңа стратегиялық бағытты жүзеге асыру үшін барша Қазақтан халқына  ерекше жауапкершілік жүктелді. Ұлттың мәдени кодын (тілін, руханиятын, салт-дәстүрін) жаңғырту арқылы өркениеттік қоғамда қазақ елі өз болмысын сақтап қалады. Жаңа саяси бағыттың басымдықтарын анықтау, жастарды бойындағы жауапкершілігін арттыру, Қазақстанның күшті және қуатты мемлекет ретінде айқын түрде өзінің ұлттық ерекшелігін толық қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Және бұл заңдылық, өйткені барлық өркениетті елдерде мағынасы бар қазіргі заманғы білім - ұлттық мәдени сананы жаңғыртуға бағытталды.

Студенттерге ұлттық білім беру мәселелері,  ұлттың тарихына деген көзқарасы, қазіргі және келешек, ана тілін игеру, ұлттық мүдделер туралы ақпараттандыру және құндылықты бағдарлау негізгі міндеттердің бірі.

Бұның себебі - ұлттық сана деңгейінің төмендігі, жастардың алдында ұлттық мәдениет беделінің төмендігі. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, өз халқының мәдениетін білмеу, өткен және қазіргі уақыттағы ұрпақтар арасындағы байланыстың жойылуына әкеледі, адамның дамуына және тұтастай алғанда халыққа зиян.

Жастар – мемлекеттің болашағы. Сондықтан, ұлттық өзін-өзі қалыптастырудың деңгейінде, тиісінше, бүгінгі жастардың, әсіресе студенттердің әлеуметтік белсенділігіне бей-жай қарамауды талап етіп отыр. Осындай ұстанымдардан Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Мәңгілік ел» құндылықтары сияқты пән еңгізілді.

Болашақ мамандардың ұлттық санасын қалыптастыру, қазақ тіліне ғана ие емес, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, ұлттық мәдениет, қалыптасу тарихын біліп, бойына сіңіру, бейбітшілікке, тыныштыққа, ұлтаралық бірлікті қамтамасыз етуге деген жауапкершіліктері Қазақстанның қуатты мемлекет құру жолында маңызды.

Оқу құралының мақсаты студенттерді мемлекеттің негізгі идеялары халық бірлігі, азаматтық бірлік, әлеуметтік тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, тіл мәселесі, мәміле және төзімділік турасында мағлұмат беріп, оларды жастардың бойына сіңіру. Болашақ мамандардың бойына қоғамда жалпыадамзаттық қалыптарына, ұлттық дәстүрлерге негізделген, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелейтін рухани құндылықтарды бекіту, сонымен «Қазақстан – бұл біздің ортақ Отанымыз» деген идеяны түпкілікті орнықтыру болып табылады.

 

Оқу құралының міндеттері:

Болашақ мамандардың бойында қазақ халқының ұлттық мәдениетіне терең ену арқылы, оның ең маңызды компоненттері - тарих, тіл, салт-дәстүр, сондай-ақ ұлттық мүдделерді саналы қабылдау, ұлттық құндылықтар мен қазақ халқының құндылық бағдарлары арқылы ұлттық рухтың жоғары деңгейін қалыптастыру;

– Болашақ мамандардың бойындаұлт рухы, бірлік рухын дамыту, тарих пен дамудың басты қозғаушы күші ретіндеқазақ халқының рухани бірлігі мен қазақ жерінде тұратын барлық ұлттарды тұтастай ұлт ретінде, Қазақстан халқының тағдырын біріктіру;

– Болашақ мамандардың білімге деген көзқарасын, патриотизмiн және азаматтылығын, толеранттылығын және гуманизмiн дамыту;

–Болашақта интеллектуалды дамыған,бәсекеге қабілетті, шығармашылық және салауатты тұлға қалыптастыру, оған қажетті маңызды күштерді (жаңа білімдерді, өндірісті меңгеруге дайындық, жаңа идеяларды бастау және оларды өз отанының игілігі үшін өмірге жеткізу) қалыптастыру.