1 Тәуекелдің мағынасы және оның негізгі себептер


«Тәуекел» испан сөзінен шыққан: risco – «жартас» (тікшіл) деген мағынаны білдіреді. Егер Испанияның ірі держава болған кезегіндегі географиялық ашылымдардың болғанын еске түсірсек, онда бұған сенуге болады. Басқа жағынан қарасақ, тәуекел мәнін ертедегі грек және латын жазушыларының (Татий, Петроний, Апулей) өмірге деген қауіпке байланысты іс әрекеттерді білдіру үшін қолданған. Айтқанімен де, тәуекел сөзі бұдан бұрын қолданысқа кірген, және негізгі еуропа тілінде бірдей үнделеді. Risiko – немісше, risk – ағылшынша, risqué – французша, rischio – италиянша, riesgo – испанша.

Қазіргі уақытта тәуекел ұғымының нақты ұйғарымы жоқ. Міне кейбір ұйғарымдары. Тәуекел – бұл нәтиженің белгісіздігіндегі деңгей; мүмкін шығынның ықтималдығы; табыс бөлігі шығынының ықтималдығы; ресурсты немесе табысты шығындаудың қаупі; үміт күтетін көріністің қолайсыз болуының қаупі; белгісіздік іс әрекеттің бейнесі; табыстылықтың сәтсіздік нәтижесіндегі жетекші орынды алатын белгісіздік жағдайындағы іс әрекеттің бейнесі; шығындарға әкелетін оқиғаның құндылығы; нәтижесі белгісіз шешімді қабылдау; белгісіздік жағдайы; шешім қабылданатын мақсаттан бас тартудың мүмкіндігі.

Тәуекел – бұл нәтижесі белгісіз және қолайсыз шешім қабылдау, яғни тәуекел шығыны соңғы мағынаға қайшы келеді, ал оң ауытқу мүмкіндігі, бұл үміттенетін нақты нәтиженің қолайлығы, ол «мүмкіндік» деп аталады, яғни сәттіліктің, пайданың мүмкінділігі, шығынның, сәтсіздіктің тәуекелі.

Тәуекелдің анықсыздық ұғым деген мағыналары бар және ол бағалаудың дербес критерийлеріне тәуелді. Тәуекел үнемі белгісіздікпен байланысты, бірақ оның арасында белгісіздіктің келешектегі ықтимал уақығалар туралы ақпараттың жетімсіздігін білдіретін, ал тәуекелділіктің әр мүмкін болатын жағдайлардың  белгісіздігінде тұратын айырмашылығы бар.

Тәуекел жағдайы статистикалық процестермен байланысты және оған үш шарт тән:

- белгісіздіктің бары;

- баламаны таңдаудың қажеттілігі (бұл ретте таңдаудан бас тарту – бұл таңдаудың әр түрлілігі);

- таңдалатын баламаның іске асрылуын бағалау мүмкіндігі.

Қатерлі жағдай – бұл белгісіздіктің әртүрлілігі, яғни уақиғаның болуы және анықталуы мүмкін.

Тәуекел теориялары 1.1-суретте көрсетілген.

 

1.1-сурет – Тәуекел теориялары

Классикалық теория бойынша тәуекел – экономикалық әрекеттің салдарынан болуы мүмкін залал. Тәуекелдің классикалық теориясының өкілдері (Милль, Сепиор) кәсіпкерлік табысының құрылымында пайызды (салынған капиталдың үлесі) және тәуекелге төлемді (кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекелді өтеу) айқындады. Экономикалық тәуекел классикалық теорида таңдалған шешімнің нәтижесінде болатын үміттелетін математикалық шығындармен тедестіріледі. Мұндағы тәуекел – осы шешімнің әсерінен болған шығын. Осындай ұғым тәуекелдің басқа ұғымын шығаруға әкелді.

XX жүзжылдықтың 20-30 жылдарында А. Маршал және А. Пигу экономистері экономикалық тәуелкелдің жаңа классикалық теориясын ойлап тапты. Тәуекелдің жаңа классикалывқ теорисына сәйкес кәсіпкердің әрекеті  шектi пайдалылықтың тұжырымдамасымен шартталған. Бұл яғни бірдей пайданы беретін капиталды салудың екі нұсқасынан біреуін ғана таңдайтын болсақ онда ауытқуы неғұрлым төмен нұсқасын таңдау керектігін білдіреді. Жаңа классикалық теория көрсеткендей: дұрыс табыс сол кұтілетін өлшемнен бірақ мүмкін ауытқулармен байланысты табыстан қарағанда көп пайдалы. Осыдан, А. Маршал пари ұстау, лотореяда және тағы басқа әуесті ойындармен ойнау пайдалы емес деген қорытынды шығарған. Неоклассикалық теория бойынша тәуекел – күтілетін пайда мөлшерінен ауытқу.

«Құмарлыққа әуестеніге» Дж. М. Кейнс көңіл бөлген. Жаңа классикалық теорияға қосымша тәуекелден рақат алып күтілетін пайданы көбірек алу үшін кәсіпкер үлкен тәуекелге бара алады деген шешім шығарылған. Кейнс Д.М. бойынша нақты кірістің күтілетін жалпы кірістен тікелей ауытқуын біз тәуекел шығындары деп атауға болады.

Кәсіпкерлік қызметтін неғұрлым қиын мәселелерінің бірі капитал салымының оңтайлы нұсқасын алу болып табылады. Кәсіпкер тәуекелі бар бірнеше анықсыздықпен кезігеді. Және оның алдында нарық конъюнктурасын және басқа әсер ететін факторларды есепке алумен тәуекелдің деңгейін анықтау міндеті тұрады.

Тәуекелден бас тарту ммүкін емес, ал жиi ақылсыз  («Qui ne resque rien n’a rien» – «кiм тәуекел етпейдi, сол ұтпайды»). Сондықтан кәсіпкердің ережесі мынау болуы тиіс: «тәуекелден бас тартпай оны мүмкіндігінше төмен деңгейге дейін төмендетіп болжау керек». Кәсіпкерлік тәуекел – бұл тауарды, қызметті өндірумен, оны өткізумен, тауарлы-ақшалай және қаржылық операциялармен, саудалармен, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асырумен байланысты әртүрлі қызмет нәтижесінде пайда болатын тәуекел.

Тәуекелдің жағдайы мүмкіндікті анықтаудың бірнеше түрлендірулерден тұрады:

- үміттелетін нәтижені алудың объективті мүмкіндіктері бар, олар мысалы жүргізілген статистикалық зерттемелерге негізделген;

- үміттенетін нәтиженің болу мүмкіндігі субъективті бағалаулар негізінде алынуы мүмкін;

- субъект баламаны таңдау және іске асыру үрдісінде объективтік және субъективтік мүмкіндіктермен қатыста болады.

Тәуекел шешімді таңдаудың басында да, оны жүзеге асыру мезетінде де болады. Осы екі жағдайда да тәуекел субъектімен белгісіздікті шешудің моделі ретінде, нақты жағдайлардағы қарама қарсы тенденциялардың дамуындағы қайшы келетін тәжірибелік әдістерді шешудің моделі ретінде ұсфнылады. Сондықтан, тәуекелді бас тартпайтын таңдау жағдайындағы белгісіздікті өтумен байланысты қызметі ретінде анықтауға болады, оның үрдісінде үміттелетін нәтижеге, сәтсіздікке және мақсаттан ауытқуға қол жеткізетін мүмкіндікті сапалы және санды бағалауға болады.

Тәуекел жағдайында тәжірибелік әрекетті жүзеге асыру мезетінде үш негізгі элементті есепке алу керек: күтілетін нәтижені алу мүмкіндігі (сәттілік); баламаны таңдау және іске асыру үрдісіндегі сәтсіздіктің болу мүмкіндігі; таңдалған мақсаттан бас тарту. Тәуекел бұл ресурстың бір бөлігін жоғалту, табысты алмау немесе қызмет ету үрдісінде қосымша шығындарға ұшырауды білдіреді.

Тәуекел ұғымы көбінесе белгісіздік ұғымымен байланысты. Фрэнк Найт ең алғаш рет экономикалық тәуекелге көңіл болып мына ұйғарымды берген: «барлық табыс белгісіздікпен байланысты». Самуэльсон айтады: «белгісіздік адамдардың үміттенетін және нақты болатын жағдайдың арасындағы сәйкессіздікті  тудырады».

Тәуекел әр түрлі түсіндіріледі. Тәуекелге анықтама беру үшін бірнеше постулатты мәнге алу қажет:

- тәуекел субъектінің шешімімен және бағаларымен байланысты;

- тәуекел келешекте қабылданатын шешімдерді суреттейді, ал келешек жетерлік дәрежеде пайдалана алмайды;

- тәуекелден еркін тәртіп жоқ;

- тәуекелді және оның өлшемдерін айыра білген жөн.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, тәуекел – бұл қандай да бір уақиғалардың болмауы, үміттенетін мәндер өлшемінен ауытқу мүмкіндігі деуге болады. Экономикалық тәуекелді өлшеуге болады, ол үшін төмендегіге негізделген тәсілдер бар:

- тәуекел шығынның мүмкіндігі;

- тәуекел ықтимал шығынның өлшемі;

- тәуекел бұл шығын өлшемінің нәтижесі болатын қызмет;

- тәуекел вариацияға баламалы;

- тәуекел – бұл барлық теріс жағдайлар үшін алынған барлық танымның орта вариациясы;

- тәуекел – бұл барлық мүмкін шығындардың күтілетін өлшемнің және вариацияның тізбекті комбинациясы (математикалық күтілім).

Қауіп – бұл:

  • болжамды нұсқамен салыстырғанда шығындардың немесе табыстың толық алынбауы ықтималдығы;
  • нәтижесі белгісіз, сондықтан қолайсыз шешім қабылдау;
  • осы тәуекелі бар объектіге зиян келтіретін оқиға немесе ұқсас кездейсоқ оқиғалар тобы;
  • шығынның ықтимал қаупі;
  • табиғаттың белгілі бір құбылыстарының және адамзат қоғамының қызмет түрлерінің ерекшеліктерінен;
  • қандай да бір оқиғаның, іс-әрекеттің немесе іс-әрекетке қабілетсіздіктің ұйымның өзінің бизнес-міндеттері мен стратегиялық жоспарларын тиімді жүзеге асыру қабілетіне кері әсерін тигізеді деген қауіп.

Тәуекелді бағалауға болса онда тәекелдің дәрежесін төмендетідің  нақты мүмкін шешімдері бар, ол тәуекелді басқаруға болатынын білдіреді.

Тәуекелдің негізігі белгілеріне қайшылық, баламалық, белгісіздік жатады, 1.2-суретте көрсетілген.

 

1.2-сурет – Тәуекелдің негізгі белгілері

Қайшылық түрлі аспектілерде көрсетіледі және түрлі қызмет арасында тәуекел бір дағынан қоғамдық мәнді нәтижелерге бейнеленгенін, екінші жағынан тәуекел авантюризмға әкелетінін болжайды. Баламалық бір немесе бірнеше шешімдерден біреуін таңдауын білдіреді. Ол қиыншылық дірежесіне байланысты бірнеше әдістермен шешіледі. Жай жағдайларда таңдау өткен жылдың негізінде жүзеге асырылады, ал күрделіде арнайы әдістер мен әдістемелерді қолдану қажет. Тәуекел белгісіздікпен байланысты, яғни ол тәуекелдің көзі болып табылады. Тәукелді басқаруда басты мән осы факторга бөлінеді, өйткені тәжірибеде тәуекелді басқаруды және реттеуді оңтайландыру қажет. Белгісіздік түрлері 1.3-суретте көрсетілген.

 

1.3-сурет – Белгісіздік түрлері

Тәуекелдің пайда болу себептеріне мыналар тән (көздері),                        1.1-кестеде көрсетілген. Тәуекелге белгісіздіктің болу әсеріне мыналар да тән: стандартты жағдайларды қабылдау барысындағы материалдық ресурстардың жеткіліксіздігі және шектілігі; оның әлеуметтік-психологиялық айырмашылықтарының болуындағы қатысты шектілігі.

1.1-кесте – Тәуекелдердің пайда болу себептері

Себептері

Мысалдар

табиғи процестер мен құбылыстардың стихиясы

дауыл, жер сілкінісі, торнадо, су тасқыны және т.б.

кездейсоқтық

 қызметті жүзеге асыру кезінде әрдайым күтпеген жағдайларды, мысалы, әртүрлі аварияларды (өрт, жарылыс және т.б.), жабдықтың істен шығуын, жазатайым оқиғаларды ескеру қажет

қарама-қарсы үрдістердің болуы

соғыстар мен ұлтаралық қақтығыстардан бастап бәсекелестікке және мүдделердің жай сәйкес келмеуіне дейін

ғылыми-техникалық прогрестің ықтималды сипаты

технологиялардың, жабдықтардың, аспаптардың және т.б. жаңа түрлерінің пайда болуы

белгісіздік

шешім қабылданатын объект, процесс, құбылыс туралы ақпараттың толық болмауы, жеткіліксіздігі және асимметриясы, ақпаратты жинау мен өңдеуде адамның шектеулі болуы, осы ақпараттың үнемі өзгеруі

Басқа

шешімдерді қабылдау және іске асыру кезінде материалдық, қаржылық, Еңбек және басқа ресурстардың шектеулілігі, жеткіліксіздігі;- деректерде қалыптасқан объектіні бір мәнді танудың мүмкін еместігіғылыми танымның деңгейі мен әдістері;- адамның саналы іс-әрекетінің шектелуі,әлеуметтік-психологиялық көзқарастардағы, идеалдардағы, ниеттердегі айырмашылықтар,бағалау, мінез-құлық стереотиптері

Тәуекел функциялары:

- реттеуші – теріс аспект авантюризмге әкеледі. Позитивті аспект – бұл экономикалық шешімдер қабылдауда катализатордың бір түрі;

- қорғаныш – тарихи-генетикалық аспект-қолайсыз нәтижеден қорғауды қалыптастыру, әлеуметтік – құқықтық аспект-тәуекел құқығын заңнамалық тәртіппен қамтамасыз ету қажеттілігі.

Тәуекелді құқықтық реттеу кезінде кәсіпорын пайданың есебінен қор құрып жеке шаруашылық шешімдерден пайда болған  шығындарды өтеу тиіс. Қор экономикалық қиыншылықтардың болу жағдайында тәуекелді шешімдерді іске асыру нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеу қажеттілігінде құрылу тиіс. Кәсіпорындағы тәуекел қоры тәуекелдік қызметке деген қатынасты өзгертеді.

Тәуекел келесi жағдайларда тең құқықтық мәнге алынады:

  • тәуекел қабылдаған мақсат үшін сәйкес келуi керек;
  • бұл мақсатқа басқа тәуекелдік әрекеттермен жету еместігі;
  • тәуекел объектiсi адамның денсаулығы мен өмірі болмай, материалдық және заттық болуы керек.

Тәуекел ақталады, егер оған қатысты әрекеттер тең құқықты болса, ал нұқсан келтірген теріс нәтиже  біріншіден – қабылданатын шешімге тәуелді болмағанда және екіншіден – ол алдын ала болжай алмағандағы себептердің әсерінің тергеуі болып келеді. Тең құқықтық әрекеттерге заңды, құжаттардың ережесіне сәйкес келетіндер, қағидалар, нұсқаулықтар және т.б. жатады. Тең құқықтық әрекеттің тәуелдігі әрқашан да заңгерлік жағынан ақталады. Тең құқықтық әрекеттерге сонымен қатар нақты шығындармен байланысты нәтижелердің теріс болу әрекеттері де тән келеді.

Егер бұл көмек өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшiн қауiп-қатерсiз көрсетілсе, ол бостандығынан 2 жылға айырылу немесе капитан лауазымын алуға құқығынан айырып 1 жылға дейін түзету жұмыстарын жүргізу деп аталады.

Тәуекелмен байланысты тең өлшемді шешімді негіздеуге анық және мүмкін емес оқиғалар есептеледі. Егер тәуекелмен байланысты әрекет есептеліп және 100 немесе 0 %  жақындаса, онда оны нақты анықталған деуге болады. Көрінісі төмен, жылдамдығы жоғары тар фарватерде келе жатқан кеме, – кездейсоқтық оқиға, бірақ егер есептеме осы оқиғаның мүмкіндігі 1-ге жақын деп көрсетсе, онда соқтығыс болады, ал тәуекел ақталмайды. Егер тиімділігі жоғары техникалық құралдарды пайдалансақ онда бұл мүмкіндік 0-ге жақындайды, яғни кездейсоқтық оқиға мүмкін емес, және тәуекел расталады.

Керiсiнше күмән оқиғалар да болуы мүмкін. Сол мезетте неғұрлым тиімді шешімдер ең үлкен тәуекелмен ұштастырылған. Сондықтан шешімді салыстырып, нақты есептеп бағалау керек.

Тәжірибе сабақтарға арналған тапсырмалар

1 Туристік компания, қонақүй, кафе, жүк компаниясы қызметінде пайда болуы мүмкін негізгі тәуекелдермен таныстырыңыз. Кесте құру

2 Сенімділік, тәуекел және белгісіздік жағдайында шешім қабылдаудағы негізгі айырмашылықтар қандай?

СӨЖ тапсырмасы

1 «Классикалық теория өкілдері тәуекел» және сіздің позицияңызды негіздеңіз

2 «Неоклассикалық тәуекел теориясының өкілдері» тақырыбында зерттеу жүргізіп, өз ұстанымыңызды негіздеңіз

3 «Пост-неоклассикалықтардың өкілдері» тақырыбында зерттеу жүргізу Тәуекел теориясы» атты мақаласын оқып, өз ұстанымыңызды негіздеңіз