Медициналық-генетикалық кеңес (МГК) берудің басты міндеттерінің бірі – тұқым қуалайтын патологиямен ауыратын отбасылардағы ұрпақтардың аурушаңдығын болжау. Сонымен қатар, баланың туылуы немесе туудың алдын алу туралы кеңес беретін генетиктің жауапкершілігі өте жоғары.
Дәрігердің кеңесі оның жеке әсерлеріне емес, отбасындағы генетикалық жағдай кезінде науқас баланың туылу ықтималдығын дәл есептеуге негізделуі керек. Генетика кеңесшісінің рөлі – ол тек кеңес беруі керек. Бала көтеруден бас тарту немесе бас тартпау туралы шешім шығару – бұл отбасының құқығы.