6.1 Жыныспен тіркескен тұқым қуалаушылыққа арналған есептерді шешудің мысалы


1 есеп. Дені сау күйеуі мен әйелінің гемофилиямен ауыратын ұлдары бар. Гемофилия Х-хромосомасымен тіркескен рецессивті белгіт ретінде тұқым қуалайды. Осы отбасында дені сау ұлдың дүниеге келу ықтималдығын анықтаңыз.

Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер тиісті жыныстық хромосомада көрсетіледі.

Белгілері

Ген

Қанның қалыпты

ұюы

H

Гемофилия

h

 

Ата-аналардың генотиптерін анықтаймыз. Әкесі сау, оның генотипі XHY.

Бұл отбасында гемофилиямен (XhY генотипі) ауыратын ұлдың дүниеге келуі оның сау анасында гемофилия генінің болғанын көрсетеді. Оның генотипі – XHXh.

Біз генетикалық символиканы қолдана отырып, будандастыру сызбасын жасаймыз.


 Бұл отбасында сау ұл туудың ықтималдығы 25 % құрайды.

Жыныспен тіркескен белгілерді будандастыру сызбалары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты «Генетика» оқу құралынан қараңыз.