8.1 Резус-фактор гені бойынша популяцияның генетикалық құрылымын анықтаудың мысалы


1 есеп. Елді мекенде халықты резус-факторға тексеру кезінде адамдардың 16 %-да резус-теріс факторы (Rh–) бар және адамдардың 84 %-да резус - оң факторы бар (Rh+) болды. Резус фактор іс жүзінде автосомалық доминантты тип бойынша моногенді тұқым қуалайтыны белгілі. Егер гендердің аллельдік жұбын D және d арқылы белгілесе, онда Rh+ тасымалдаушыларында DD және Dd, ал Rh–тасымалдаушыларында dd генотиптері болады. Бірақ Rh + қай бөлігі гомозиготалы, ал қайсысы гетерозиготалы болады?

Харди-Вайнберг заңы бойынша D және d гендерінің және генотиптердің жиілігін есептеуге болады: DD, Dd, dd формула бойынша:

р2(DD) +2рq(Dd) + q2(dd) = 1(100 %)

Рецессивті гендер бойынша гомозиготалардың жиілігі белгілі, ол:

q2 = 16 % = 0,16, бұл арада q = √0,16 = 0,40 немесе 40 %

Себебі р + q = 1, бұл арада р = 1 – q = 1 – 0,40 = 0,60

DD және Dd генотиптерінің жиілігін есептеу қалады:

р2= (0,60)2= 0,36 (36 %)

2рq = 2 х 0,60 х 0,40 = 0,48 (48 %)

Сонымен, зерттелген адамдар тобында Rh+ - гомозиготтар 36 %, Rh+ гетерозиготтар – 48 %, Rh- – 16 % болды.