1 есеп. Жүгері сортында альбиносты өсімдіктер (rr) 0,0025 жиілігімен кездеседі. R және r аллельдерінің жиілігін және осы сорттың RR және Rr генотиптерінің жиілігін есептеңіз.
2 есеп. Популяция ММ генотиптері бар 60 % және mm генотипі бар 40 % жекелерден тұрады. Харди-Вайнберг заңына сәйкес популяцияда тепе-теңдік орнағаннан кейін ММ, Mm, mm генотиптерінің жиілік бірлігінің үлесін анықтаңыз.
3 есеп. Егер гомозиготалы аа жекелері популяцияда 1% құраса, АА, Аа және аа (%- бен) генотиптерінің жиілігін есептеңіз.
4 есеп. Келесі популяциялардағы А аллелінің жиілігін (p) және а аллелінің жиілігін (q) есептеңіз:
а) АА = 36 %, Аа = 48 %, аа = 16 %;
б) АА = 64 %, Аа = 32 %, аа = 4 %;
в) АА = 49 %, Аа = 42 %, аа = 9 %.
5 есеп. Галактоземия (сүт қантын сіңіре алмау) аутосомды-рецессивті түрде тұқым қуалайды. Галактоземиямен ауыратын науқастардың жиілігі 1 : 70000. Популяцияның генотиптік құрылымын анықтаңыз.
6 есеп. К. қаласында MN қан тобын анықтау кезінде, тексерілген 4200 адамның ішінде 1218 адамның М антигені (генотип ММ), 882 адамның N антигені (генотип NN) және 2100 адамның М және N антигені (генотип MN) бар екендігі анықталды. Барлық генотиптердің жиілігін оларды бірлік үлесінде немесе пайызбен білдіру арқылы анықтаңыз.
7 есеп. К. қаласының перзентханаларында 10 жыл ішінде туылған 84000 баланың 210 баласында патологиялық рецессивті белгі (ген -£) анықталды. К. қаласының популяциясы панмиксия (еркін будандасу) жағдайларына үйлеседі.
а) К. қаласының популяциясындағы L және Z гендерінің жиілігін анықтаңыз.
б) LC гетерозиготаларының жиілігін анықтаңыз.
в) Доминантты гозиготалардың (LL), гетерозиготалардың (LV) және рецессивті гомозиготалардың (££) жиіліктерін есептеу арқылы К. қаласының популяциясының генетикалық құрылымын анықтаңыз.
8 есеп. Альбинизм рецессивті аутосомдық белгі ретінде жалпы тұқым қуалайды. Ауру 1 : 20 000 жиілігімен кездеседі (К. Штерн). Популяциядағы гетерозиготалардың санын есептеңіз.
9 есеп. Керең-мылқаулық бұл сөйлеудің қалыпты меңгерілуіне кедергі келтіретін туа біткен кереңдікпен байланысты. Аурудың орташа жиілігі әр түрлі елдер бойынша ауытқиды, еуропа елдері үшін ол 2 : 10 000-ға тең (В. П. Эфроимсон). 8 000 000 тұрғыннан тұратын аймақтағы керең-мылқау гетерозиготалы тасымалдаушылардың мүмкін санын анықтаңыз.
10 есеп. Тұқым қуалайтын метгемоглобинемия (қандағы метгемоглобин мөлшерінің жоғарылауы) аутосомды-рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды және 0,09 % жиілікпен Аляска эскимостарында кездеседі (П. Б. Гофман-Кадошников). Метгемоглобулинемия бойынша талданатын популяцияның генетикалық құрылымын анықтау?
11 есеп. Туа біткен ортан жіліктің шығуы 25 % енумен доминанттық тұқым қуалайды. Ауру 6 : 10 000 жиілігімен кездеседі (В. Л. Эфроимсон). Рецессивті ген бойынша гомозиготалы тасымалдаушылардың жиілігін анықтаңыз.
12 есеп. Аниридия (нұрлы қабықшаның болмауы) доминантты аутосомдық белгі ретінде тұқым қуалайды және 1 : 10 000 жиілігімен кездеседі (В. П. Эфроимсон). Аниридия бойынша популяцияның генетикалық құрылымын анықтаңыз.
13 есеп. Американдық қалалардың бірінде итальяндық қоныс аударушылардан изоляталарды білдіретін бөлігінде, 1928–1942 жылдар аралығында жаңа туған 26000 нәрестенің 11-і талассемияның ауыр түрімен ауыратын болды. Зерттелген популяция арасындағы гетерозиготалардың санын анықтаңыз.
14 есеп. Подагра адамдардың 2 %-ында кездеседі және аутосомдық доминантты генға байланысты. Әйелдерде подаграның гені көрінбейді, еркектерде оның ену деңгейі 20 % құрайды (Эфроимсон). Осы мәліметтер негізінде талданатын белгі бойынша популяцияның генетикалық құрылымын анықтаңыз.
15 есеп. Топ DD генотипімен 80 % және dd генотипімен 20 % жекелерден тұрады. Панмиксия жағдайында бірінші ұрпақта DD, Dd, dd генотиптерінің тепе-теңдігі орнатылады. Бірлік үлесінде білдіріп, барлық үш генотиптің жиілігін анықтаңыз.
16 есеп. 50 000 халқы бар ауданда муковисцидозбен (mm генотипі) сырқаттанушылық толық тіркелген кезде 12 адам анықталды. 1 млн. халыққа науқастардың санын есептеп, mm генотипінің жиілігін анықтаңыз.
17 есеп. Жекелер тобы (жасанды іріктеу) 30 Аа гетерозиготадан тұрады. Қалыпты А – генінің жиілігін және өзгерген а – генінің жиілігін бірлік үлесімен және пайызбен көрсетіп есептеңіз.
18 есеп. Топ ВВ генотипі бар 90 % және bb генотипі бар 10 % жекелерден тұрады. Панмиксия жағдайында бірінші ұрпақта ВВ, ВЬ және bb генотиптерінің тепе-теңдігі қалыптасатынын көрсетіңіз. Тепе-теңдік орнағаннан кейін үш генотиптің жиілігін анықтаңыз.
19 есеп. Флокстарда ақсарыға қарағанда ақ күлте басымырақ. Флокстың жыныс арқылы көбейетін популяциясын талдау кезінде күлтесі ақсары түсті өсімдіктердің 5 %-ы табылды. 800 өсімдік қарастырылған.
а) Рецессивті аллельдің жиілігі қандай?
б) Осы популяциядағы доминантты аллельдің жиілігі қандай?
в) Қанша өсімдік (%) доминантты гомозиготалар болып табылады?
г) Аа генотипі бар өсімдіктердің пайызын анықтаңыз?
д) Ақ күлте қанша өсімдікке ие?
20 есеп. Қарақұмықта өсімдіктің ашық қызыл түсі жасылға толық үстемдік етпейді. Осы гендер бойынша гетерозиготалар қызғылт түсті болады. Жыныс арқылы көбейетін популяцияда 45 өсімдік ашық қызыл болды. 840 өсімдік қарастырылған.
а) Рецессивті аллельдің жиілігі неге тең?
б) Доминантты аллельдің жиілігі неге тең?
в) Қанша өсімдік доминантты гомозиготалар болып табылады (%)?
г) Өсімдіктердің қанша пайызы гетерозиготалар болып табылады?
д) Еркін будандасу популяциясында қанша қызғылт өсімдік бар?