Облигатты патогендер Bacillus popilliae аурудың қоздырғыштары болып табылады. В. lentimorbus, В. Fribourgensis тақта мұртшалылар (пластинчатоусых) Popillia japonica, Melolontha melolontha, M. hippocastani, Amphimallon solstitialis жән т. б. дәрнәсілдерінде байқалған. Алғашқы рет бацилла АҚШ-та жапон қоңызының дәрнісілінен алынған, Колумбияда, Австралияда, Жаңа Зеландия мен кейбір Европа елдерінде басқа тақта мұртшаларының дернәсілдерінен алынған. Рессейде дернәсілдердің сүт ауруларының бірде-бір ауруы тіркелмеген. Бірақта осы патогеннің негізінде препараттарды пайдалану бірқатар елдерде жапон қоңыздарымен және батыс мамыр заузақоңыздарымен күресуде өте жоғары тиімділік көрсетті.
Сүт ауруыымен ауырудың белгілерін көзбен жақсы байқауға болады. Ауру дернәсілдердің арқа жақтарында, әсіресе артқы сегменттерінде ақшылдануы байқалады. Аурудың дамуы бойынша сүтті лайлану денесінің барлық жеріне таралады, сонымен қатар аяғына да тарайды, олар бозарып кеткен гемолимфамен құйылады және ісінеді. Егер ауруға шалдыққан дернәсілдердің аяқтарының соңғы буынын кесіп тастайтын болса, онда сол жерден гемолимфаның лайлы-сүтті тамшылары ағады, себебі оның құрамында көп мөлшерде бактериялы жасушалар бар.
Зақымданған дернәсілдер айтарлықтай уақыт тіршілік етеді және қоректенеді. Әсіресе жылдың суық мезгілінде, әдетте олар аз белсенділік танытқанда, ұзақ тіршілік етеді. Әдеттегідей дернәсілдердің өлімі түлеудің алдында және қуыршақтанудың алдында болады. Кейде аурудың белгілері ересек қоңыздарда да байқалады.
Тақта мұртшалылардың дернәсілдерінің табиғи жағдайда зақымдануы өсімдіктердің тамырларымен қоректенген кезде спораларды жұту жолымен болады. Сүт ауруынан өліп қалған дәрнәсілдер инфекцияның көзі болып табылады. Құрамында көптеген бактериялары бар өлі дернәсілдер топырақта ыдырайды, олардың қалдықтары сумен және ұсақ топырақ ағзаларымен жан-жаққа тарайды. Сау дернәсілдер қорек іздеп топырақта жылжиды және зақымданады.
Спора түрінде жұтылған бактериялар ішекте өседі де, олар бактериальды септицемияны тудырып, қанда тез көбейетін қандықуысқа ішектен өтетін вегетативті формаларды түзеді. Вегетативті формалары көп болған жағдайда споруляция (жетілген споралардың түзілу процесі) басталады. Түзілген жетілген споралар немесе эндоспоралар жарықты қабылдап, гемолимфаның мөлдірлігін өзгертеді. Табиғи жағдайда аурудың дамуының уақытқа байланысты ауытқып отырады және көп жағдайда температураға байланысты болады. Спораның түзілуі 30 °С-та алтыншы күні, 25 °С-та тоғызыншы күні, 22 °С-та он бірінші күні, 17 °С-та он төртінші күні жүзеге асады. Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, аурудың дамуына қажетті температура 16 °С пен 34 °С аралығында ауытқиды. Спорангийларда эндоспоралар жетілгенде споралармен байланысқан жарықсындырушы денешіктер байқалады.
Аруға шалдыққан кіші дернәсілдер ірі дернәсілдерге қарағанда тезірек өледі. Зақымданған дернәсілдер кейде қуыршаққа және тіпті ересек түрге де айналады, алайда метаморфоз бұзылып, бәсеңдеуі мүмкін.
Аурудың таралуы және инфекцияның ошағының түзілуі иесінің популяциясының тығыздығына және топырақтағы олардың дернәсілдерінің шоғырлануына байланысты. Қоздырушылардың споралары көптеген топырақта тіршілік ететін жануарлармен таралулары мүмкін [11].