9.2 Лизинг операциялардың тәуекелі


Лизингілік инвестициялау кезіндегі пайда болатын тәуекелдерді басқару.

Тәуекелді бағалау, оны басқару мен жоспарлау – әрбір инвестициялық қызметтің, соның ішінде лизингтің маңызды құраушылары. Негізгі экспертизаны жүргізу сатысында лизингтік компания жобаны жүзеге асырумен байланысты пайда болатын тәуекелдерді, оларды бақылау мен бағалу әдістерін анықтайды.

Лизингтік қатыастарды ескере отырып лизингтік операциялар тәуекелдерін келесі топтарға біріктіруге болады: мүліктік, қаржылық, ұйымдастырушылық техникалық, форс-мажорлық, саяси.

Лизингтік келісімшарттар жүргізу кезінде маңызды рөлді заттық құқықтан шығатын және оны жою, бұзу, ұрлау, зиян келтіру, мерзімнен бүрын тозу салдарынан лизинг затының кенеттен өлімін кіріктіретін мүліктік келісімдер атқарады.

Сақтық қорғау лизингтің қатысушылары үшін мынаның негізінде камтамасыз етіледі:

- зілзала, апаттар, үшінші тұлғалардың абайсыздығы мен басқа тәуекелдерден өтеуді кепілдендіретін , мүлікті сақтандырудың дәстүрлі түрлерімен; лизинг затын тасымалдау мен оны орнату, монтаждау, басқа жұмыстар;

- лизинг алушымен қызметімен келтірген өзінің жұмыскерлеріне, заңды және жеке тұлғаларға, қоршаған ортаға залалының орнын толтыру қажеттілігімен байланысты оның залалдарын өтейтін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

- сақтандырылған лизингтік мүліктің өлімі (бұзылуы) себебінен өндірістегі үзілістер салдары ретіндегі лизинг алушы пайдасын жоғалтуды сақтандыру. Өндірістің тоқтап қалуынан болатын сақтандырудың ерекшелігі өндірістің тоқтап қалу мерзіміне байланысты сақтандырушының жауапкершілік ұзақтығын анықтау маңызды, яғни тоқтап қалудан болатын залалды өтеу жүргізілетін мерзім.

Сақтық қорғаудың аталған тәсілдері сақтандырудың ең көп тараған, дәстүрлі түрі болып табылады.

Қаржылық тәуекелдерді сақтандырудың өзектілігі қайта өндіріс кезіндегі кәсіпорынның өзін стихиялыө апаттардан қорғау ғана емес -сондай ақ нарық конъюнктурасының теріс жағдайларынан,лизингтік қызмет көрсету жағдайының нашарлауы т.б оқас жағдайлардан қорғану үшін қолданады.

Бұл бағытта негізгі қаржылық тәуекелдер өндірушінің, банктің, лизинг беруші мен лизинг алушының тәуекелдері.

Лизинг қатысушыларының қаржылық тәуекелдерден сақтық қорғауы қамтамасыз етіледі:

- лизинг алушының уақытша не толық төлем қабілетсіздігін сақтандырумен;

- лизинг алушының келісімшарт міндеттерін лизингтік төлемдерді орындамаумен, елдегі келісімшарт бұзу бойынша санкциялар әрқашан ықпал ете бермейді;

- лизингтік мүлікті қайтара алмау тәуекелінен сақтандыру.

Сақтандыруан басқа лизингтік операцияларды жүргізуде тәуекелдерді төмендетуге лизингтік жобаның қатысушылары арасында тәуекелдерді бөлу механизмі мүмкіндік береді. Лизинг келісімшартында лизинг беруші өндірушіден тікелей лизинг алушыға объектінің өтуін, бұзылу тәуекелдерін, объект сапасына сай болуын алдын ала қарастырады.

Сондай ақ тәуекелді бөлшектеп лизинг алушыға аудару мүмкіндігі қарастырылады. Алайда бұл лизинг алушының төлем қабілетсіздігіне алып келуі мүмкін.

Сондай ақ мүліктік құқықпен байланысты, әсіресе инвестициялық тәуекелдерді аудару лизингтік компанияның қызметіне қауіп төндіреді, одан әрі егер лизинг алушы лизингтік төлемдерді төлей алмаса. Лизинг беруші тәуекелді алдын ала келісілген дисконттық сомамен мүлікті қайта сатып алу келісімшартын жүргізу арқылы жабдықтаушыға арттыра алады.

Ірі лизингтік жобаларды жүзеге асыру үшін тәуекелдерді минимизациялау ретінде сондай ақ инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған және экономиканың дамуына инвестор қаражатын тартуға бағытталған мемлекеттік кепілдіктер қолданылады.

Мемлекеттік кепілдіктерді алу конкурсына қатысу үшін лизинг берушінің несиегері ккелесі құжаттарды тапсыруы қажет:

- лизингтік мүлікті жабдықтаушымен келісілген лизинг келісімшарты;

- лизинг келісімшартын жүзеге асыру тиімділігін көрсететін лизинг берушінің бизнес жоспары;

- ағымдағы жыл шоттары бойынша қаражат қозғалысы мен болуын көрсететін лизинг берушіге қызмет көрсететін банктен хаттаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;

- лизинг берушінің қаржылық жағдайы туралы ведомствоаралық баланстық қорытынды және банкроттық туралы заңнамамен қарастырылған процедураларды оған қолдану,

- лизинг берушінің алдыңғы жыл мен ағымдағы жылға бухгалтерлік есептемесі (салық инспекциясынан таңбалаумен бірге).

Мемлекетттік кепілдіктерден басқа лизингтік операциялардың тәуекелдерді минимизациялау мен қамтамасыз етудің сенімді формасы болып табылатын ресей лизингтік компаниялары өзінің тәжірибесінде пайдаланатын келесі кепілдік қамтамасыз етулер бар: бағалы қағаздарды кепілге алу, айналымдағы өтімді тауарды кепілге алу, ипотека, лизинг алушымен оның экспорттық мәмілелері бойынша қайта табыстау; банктегі лизингтік төлемдердің кепілдіктерін өтеуге мақсатты шоттарды ашу – off-shore accounts.

Лизинг алушының қаржылық жағдайын бақылау әдістерінің бірі – лизинг алушының басқа банктерден лизинг берушінің сенімді банкіне есептік, депозиттік және басқа шоттарын ашу немесе аударуды толығырақ қарастырайық. Бұл превентивтік шара бұл банктердің еншілес құрылымдары болып табылатын компаниялармен жиі қолданылады.

Өз банктері арқылыбұл операцияны жүргізу есебінен тәуекелдерді төмендету мүмкіндігі анық. Аталмыш схема жаңа клиентке қызмет көрсетуден қосымша пайда алатын банктің өзіне де экономикалық пайдалы.

Кепілдіктер әрбір нақты жағдайда түрлі формалар мен көлемді алады – лизинг алушының сапалық және сандық көрсеткіштердің сипатына тәуелді (оның қызметі, іскерлік қатынастардың тұрақтылығы, беделдігі, контрагенттер жиыны).

Лизинг берушілер және көптеген несиелік ұйымдар тәуекелдерді минимализациялау ретінде диверсификацияны пайдаланады (атап айтқанда лизингтік мәмілелер бойынша инвестициялар портфелін географиялық орналастыру, лизингке берілетін мүліктің бірнеше жабдықтаушыларымен өзара әрекеттесу), инвестицияланатын қаражатты лимиттеу, қарастырылмаған шығындар кезінде резервтеу (өзін өзі сақтандыру).

Лизингтік тәуекелдерді бағалау кезінде маңызды рөлді қауіпті және тәуекелді жағдай кезінде хабарлау механизмін құруға мүмкіндік беретін тәуекелді өтеу тәсілдері атқарады.

Едәуір тиімді әдістердің бірі лизингтік операциялар нарығына қатысушылармен пайдаланылатын стратегиялық жоспарлау, оның шегінде функционалды ұстап тұрушы стратегия – тәуекел стратегиясына көңіл бөлінеді. Оның негізгі элементтеріне әлеуетті тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін превентивті және қолдаушы шаралар болып табылады.

Тәуекелдерді басқару саясаты, яғни сәйкес тәуекел стратегиясын құрастыру тәуекелді бағалау нәтижелеріне, лизингтік операциялар субъектілерінің қызмет ету ортасы мен әлеуетін экономикалық және технико-технологиялық талдауына, шаруашылық жүргізудің қазіргі және болжанатын нормативтік базасына, экономика-математикалық модельдерге, маркетингтік талдауларға негізделеді.

Әрине бұларды нормативтік-құқықтық ортаны және әлеуметтік экономикалық ортаны мониторингілеусіз жүзеге асыру мүмкін емес.

Алынған нәтижелердің деректері лизингтік операциялар, қаржы-несиелік операциялар нарығындағы тенденцияларды ескеруге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ережелерінің өзгеруінен болатын залалды өтеу шараларын алдын ала қарастыруғамүмкіндік береді.

Бұл суретте лизинг берушімен таңдалған тәуекел-стратегиясын есепке ала стратегиялық әлеуеттік матрицасы (шаруашылық жүргізу аумақтары) берілген.

«Витальді» ауданында компанияның позициялауы ішкі едәуір күшті жақтары және сыртқы мүмкіндіктердің қауіптер мен әлсіз жақтардан артық болуын куәландырады. «летальді» облысқа жататын компаниялар жедел шараларды қабылдауды қажет етеді, себебі олардың тәуекелдігі өте жоғары. Тәжірибе көрсетккендей көптеген компаниялар «индифференттік облысқа» жатады. Мұнда мүмкіндіктер де қауіптер бойынша да көрсеткіштер күрделі. «Лабильді» облысқа жататын компаниялар жоғары мүмкіндіктер мен күшті жақтары көп, сондай ақ әлсіз және қауіпті жақтары да бар. Бұл олардың ішкі және сыртқы ортаға сезімталдығымен шарттасылған.

Осылайша лизингтік операцияларды жүргізу кезінде тәуекелдерді минимализациялау мәселесін шешу тәуекелді төмендетудің түрлі әдістерін қолдануды ғана білдірмейді, сондай ақ лизингтік тәуекелдерді басқару бойынша компанияның лизингтік саясатымен байланысты тәуекел стратегиясын әзірлеуді қарастырады.

Тәуекелдерді хеджерлеу. Мүліктік мүдделерді сақтандырудың мамандандырылған формасы ретінде хеджерлеу – болашақтағы пайыздық ставкалардың, тауарларға бағалардың, валюта бағамдарының теріс өзгерістерінің нәтижесінде қаржылық опреациялар тәуекелін шектеуге немесе жоюға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Бұндай шаралар болып валюталық түсіндірме, форвардтық операциялар, опциондар жатады.

Хеджерлеу – мүкін залалдардың тәуекелін төмендету үрдісі. Компания барлық тәуекелдерді хеджерлеуге, ештеңені хеджерлемеуге немесе таңдаулы хеджерлеуге шешім қабылдауы мүмкін. Сондай-ақ ол өз қалауымен не керісінше спекуляциялауы мүмкін.

Хеджерлеудің жоқтығы екі себептен болуы мүмкін. Біріншіден фирма тәуекелдер не бұл тәуекелдерді төмендету мүмкіндіктері туралы білмеуі мүмкін. Екіншіден ол айырбас бағамдары мен пайыздық ставкалар оның пайдасына өзгеруі не мүлде өзгермейді деп санауы мүмкін. Нәтижесінде компания спекуляциямен айналысады: егер оның күтілуі дұрыс болғанда ол жеңеді, керісінше болса залалға ұшырайды.

Барлық тәуекелдерді хеджерлеу – олардан толық құтылудың бірден бір жолы. Алайда көптеген компаниялардың қаржылық директорлары таңдаулы хеджерлеуге қалауын береді. Егер де олар валюта бағамдары мен пайыздық ставкалар теріс өзгерсе, онда олар тәуекелді хеджерлейді, ал қозғалыс олардың пайдасына жүрсе, тәуекелді жабылмаған қалдырады. Бұл негізінен спекуляция болып табылады. Болжаушы-мамандар өзінің бағалауларында әрқашан қателік жасайды, алайда «кәсіпқойлар» болып табылатын компаниялардың қаржылық бөлімдерінің қызметкерлерінақты болжам жүргізуге мүмкіндік беретін өзінің алдын ала көре білу қабілеттігіне сенеді.

Жалпы хеджерлеудің кемшіліктерінің бірі (яғни барлық тәуекелдердің төмендеуі) брокерлерге комиссиялық пен опциондардың сыйақыларына сомалық шығындар едәуір ауқымды болып табылады. Таңдаулы хеджерлеуді жалпы шығындарды төмендету тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Басқа тәсіл – бағамдар мен ставкалар белгіленген деңгейге дейін өзгергеннен кейін ғана тәуекелдерді сақтандыру. Компания белгілі бір дәрежеде теріс өзгерістерді арта алады деп санауға болады, бірақ олар мүмкін шегіне жеткенде, алдағы залалдарды жою үшін позицияны толығымен хеджерлеу керек. Бұндай тәсілдеме айырбас курсы немесе пайыздық ставкалар тұрақты болып қала берсе, немесе оңтайлы бағытта өзгерген жағдайда тәуекелдерді сақтандыру шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.

Портфельді басқару жағдайында тәуекел жартысын сақтандыру тәуекел дәрежесін арттыру үшін тәуекелді басқару инструменттерін пайдаланумен байланысты тіреледі. Ұзақ мерзімді мемлекеттік облигациялар немесе акцияларға бағаның көтерілуін күтетін қорды басқарушы бұл жоғарылауды пайдалану үшін фьючерстік және опциондық позицияларды ашу мүмкін. Оның болжамы дұрыс болып шықса, онда портфельдегі табыс жоғарылайды. Бұл валюталық және пайыздық тәуекелдерді басқаруда пайдаланылатын спекуляцияның анық формасы болып табылады. Спекуляция анықтамасынан хеджерлеуді толығымен емес жүргізуді шешім қабылдаған жағдайларды шегергенде де, тәуекел дәрежесін жоғарылату үшін тәуекелдерді басқару инструменттерін пайдалану кезінде ескермеуге болмайды.