«Қаржы тәуекелдер» оқу құралы «Қаржы тәуекелдер» пәні бойынша орындалған. Ол 9 бөлімнен тұрады, әр тақырып бойынша дәрістер, тапсырмалар, есептер көрсетілген.
«Қаржы тәуекелдер» оқу негізі болып тәуекел жағдайларында таңдауды талдауға, тәуекел талдауына, тәуекелді бағалау мен басқару әдістеріне қатысты сұрақтарды зерттеу табылады.
Оқу құралының мақсаты – тәуекелдің түсінігіне, мәні мен жіктелуіне, тәуекел жағдайында таңдауды талдауға, тәуекелді талдауға, тәуекелді бағалау және басқару әдістеріне қатысты мәселелерді зерттеу болып табылады.
Оқу құралды меңгерудің міндеттері:
- шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі тәуекел түрлері мен формаларының мәнін ашу;
- қаржы тәуекелдерінің жіктелуін анықтау;
- тәуекелдердің пайда болу көздерін ашу;
- тәуекелдерді бағалау әдістемесін зерттеу;
- тәуекелдерді басқару тәсілдері мен тәсілдерін зерделеу;
- тәуекелді азайту жолдары мен әдістерін анықтау;
- тәуекел-менеджментінің әдістері;
- салалық тәуекелдердің басқару жолдары.
Оқу құралды меңгеру нәтижесінде студенттерде:
- тәуекелдерді талдаудың теориялық негізін;
- тәуекелдерді талдаудың тәжірибелік құралдарын;
- жаңа қағидаларын, әдістерін және тәсілдерін жөнінде түсінік болу;
- кәсіпкерлердің қызметіндегі тәукелдердің формаларымен түрлерін;
- тәуекелдердің бағалау әдістерін;
- қазіргі жағдайда тәуекел-менеджментінің болу мен даму туралы актуалдық сұрақтарды білу;
- тәуекелмен байланысты инвестициялық жобаларды дайындау және оның қабылдау дәрежесін бағалауда;
- жобаның тәукелдің дәрежесін бағалауда икемді болу;
- тәуекелдер әр түрлі аймақтарын талдау;
- тәуекелдің дәрежесін бағалау;
- тәуекел жағдайларында қабылдайтын шешімдерін объективті мағынасын беру;
- тәуекел төмендетуге арналған нәтижелік әдістер жүйесін құру практикалық машықтарды иемдену қажет.