1.1 Цикадалар-Auchenorrhyncha


1.1.1 Алты нүктелі цикада – Macrosteles laevis (Ribaut)  (Homoptera, Cicadellidae)

Ұзындығы 3,2–4 мм, денесі жоғарғы жағында ланцет пішінді, дененің алдыңғы бөлігіндегі ең үлкен ені; басы алдыңғы арқасынан сәл кеңірек; жасыл-сұрдан сарғыш-жасылға дейін, кейде қара дақтары бар (1-сурет).

 

 

1-сурет – Алты нүктелі цикада – Macrosteles laevis (Ribaut)

 

Жұмыртқалар өсімдік тіндерінде сәл иілген, жылтыр.

Дернәсілдер (нимфалар) тамшы тәрізді, алдыңғы жағында ең кеңірек.

Таралуы. ТМД: барлық жерде. Бүкіл Палеарктика. Аляска Түбегі.

Ұрықтанған жұмыртқалар қысқы дәнді дақылдардың жапырақтарында қыстайды. Көктемде Дернәсілдер пайда болады.

Мамыр-маусым айларында қанаттайды. Құрғақ сүйгіш түр. Жылына 2–3 ұрпақ береді.

Зиянкестілігі. Астық дақылдарының жер үсті мүшелерінен шырынын сорып, зиян келтіреді. Зақымдалған жапырақтардың түстері бозарып, сабақтарында ақшыл дақтар пайда болады.

Сұлы сарғаюы мен ергежейлілігі, арпа ергежейлілігі (Бей-Биенко және т. б., 1972), бидайдың мозаикасы мен ергежейлілігі (Schmelzer, Spaar, 1977), қызылша жапырақтарының мозаикалық ауруы (Мигулин, 1976) сияқты вирустық аурулардың қоздырғышын тасымалдайды.

1.1.2 Астық (жолақты) цикадасы – Psammotettix striatus (L.) (Homoptera, Cicadellidae)

Ұзындығы 3,5–5 мм, денесі жоғарғы жағында ланцет пішінді, денесінің алдыңғы жартысы кеңірек; сұр-сарыдан қоңыр түске дейін, аяқтары сарғыш, алдыңғы қанаттарындағы доғалары қоңыр; алдыңғы қанаттары дөңгелек (2-сурет).

2-сурет – Астық (жолақты) цикадкасы – Psammotettix striatus (L.)

 

Жұмыртқалар сәл иілген, жылтыр; өсімдік тіндеріне салады (3-сурет).

Нимфалар қара қоңыр, кейінірек сұр-сарыға ауысады.

Таралуы. ТМД: Қиыр солтүстіктен басқа барлық жерде. Еуропа. Солтүстік Африка. Азия, тропикалық бөлігінен басқа.

Жұмыртқалар күздік дәнді дақылдардың жапырақтарында қыстайды.

Ұрықтылығы 200 жұмыртқаға дейін. Көктемде дернәсілдері 20–40 күн ішінде пайда болады, бес даму кезеңінен өтеді. Бірінші және екінші даму кезеңіндегі нимфалар белсенділігі төмен. Қанаттануы мамыр айында. Мезофильді станцияларды қалайды. Ол жылына 1–4 ұрпақта дамиды.

3-сурет – Цикадалардың жұмыртқа салуы (Душек бойынша)

 

Зиянкестілігі. Өсімдіктің жер үсті мүшелерінің шырынын сору арқылы барлық масақты дақылдарды зақымдайды. Зақымданған өсімдіктің жапырақтары бозарып, солады. Олар күздік бидай мозаикасы, күздік бидайдың ақ мозаикасы, бидайдың ергежейлілігі, бидайдың бозғылт жасыл ергежейлілігі (Бей-Биенко және басқалар, 1972; Мэтьюс, 1973; Дубоносов, Панарин, 1974; Schmelzer, Spaar, 1977) сияқты вирустық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушысы болып табылады.

1.1.3 Қоңыр цикада – Laodelphax striatellus (Fallen) (Homoptera, Delphacidae)

Ұзындығы 3,5–4 мм, денесі жоғарғы жағында ланцет пішінді, денесінің ортаңғы жартысы кеңірек; басы алдыңғы денесіне қарағанда жіңішкелеу, сұр-сарыдан қоңыр түске дейін, аяқтары сарғыш, алдыңғы қанаттарындағы доғалары қоңыр; алдыңғы қанаттары сүйірлеу (4-сурет).

Таралуы. ТМД: барлық жерде. Еуропа. Солтүстік Африка. Азия, тропикалық бөлігінен басқа.

Жұмыртқалар күздік дәнді дақылдардың жапырақтарында қыстайды. Көктемде дернәсілдері пайда болады. Жаппай ұшуы мамырдың соңына келеді. жылына 1–3 ұрпақта дамиды.

Зиянкестілігі. Өсімдіктің жер үсті мүшелерінің шырынын сору арқылы барлық масақты дақылдарды зақымдайды. Зақымданған өсімдіктің жапырақтары бозарып, солады. Олар сұлының және басқа астық тұқымдалстардың қуыршақтануы, жүгері ергежейлігі мен күрқұрсақтың жолақты аурыу сияқты (Бей-Биенко және т. б., 1972; Мэтьюз, 1973) вирустық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушысы болып табылады.

 

4-сурет – Қоңыр цикадка – Laodelphax striatellus (Fallen)