1.2.1 Кәдімгі астық бітесі – Schizaphis graminum Rond. (Homoptera, Aphididae)
Қанатсыз тірі туатын аналығының ұзындығы 1,3–2,1 мм, қанатты формасы 2,7–2,9 мм; денесі сопақша, қанатсыз аналықтарда денесінің ең кең жері ортасына қарай; жоғарғы жағында бойлық жолағы бар қара-жасыл түсті; шырын түтіктері құйрығынан шамамен 1,7–1,8 есе ұзын (5-сурет). Негізгі аналығы қалшғандарына қарағанда үйлесімді; алдыңғы арқасы тік бұрышты; құрсағы сопақша келген.
Жұмыртқа ұзартылған сопақша пішінді, өлшемі 0,6×0,2 мм; жаңадан салынғаны – жасыл, 2–3 күннен кейін ол қарайып, қара түске боялады.
Таралуы. ТМД: Еуропалық бөліктің орманды-дала және дала аймақтары, Кавказ, Сібірдің оңтүстігі және Қиыр Шығыс, Орта Азия. Оңтүстік Еуропа, Африка, Кіші, Алдыңғы және Орталық Азия, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Америка.
Бір үйлі түрлі. Ұрықтанған жұмыртқалар қысқы дәнді дақылдардың жапырақтарында қыстайды. Күзде аналықтардың құнарлылығы 12 жұмыртқаға дейін. Көктемде дернәсілдер пайда болады; дамыған дернәсілдер қанатсыз аналыққа айналады. Жазда дернәсіл фазасы 8–15 күн жалғасады. Екінші ұрпақта жаңа колонияларды құрайтын қанатты особьтер (қоныстанушы ұрғашылар) пайда болады. Күзде аталықтер мен аналықтарды дүниеге әкелетін ұрпақ пайда болады, олар жұптасқаннан кейін жұмыртқа салады. Ол 10–12 ұрпақта дамиды
Зиянкестілігі. Зиян құрғақ жылдары байқалады. Барлық масақты дақылдарды зақымдайды. Бітелер колония құрап өсімдіктің жерүсті мүшелерінен шырынды сорады. Зақымдалған өсімдіктер қурап, қатты зақымдалған жағдайда өледі. Зақымдалған өсімдіктерде астық сапасы нашарлайды, кейде олар масақтанбайды. Арпаның сары ергежейлілік вирустарын (Дубоносов және басқалар, 1975; Schmelzer, Spaar, 1977) және қылтанақсыз аралбас мозаикасын (Дубоносов, Панарин, 1974) тасымалдайды.
5-сурет – Кәдімгі астық бідесі – Schizaphis graminum Rond.
1.2.2 Үлкен астық бітесі – Sitobion avenae F. (Homoptera, Aphididae)
Ұзындығы 2,5–4 мм қанатсыз тірі туатын аналық; денесі сопақша шыбық тәрізді; жасылдан қызыл-қоңырға дейін; мұртшалары мен шырын түтіктері қара, ересектердің көздері қызыл; мұртшалары денесінің жартысына жетеді; құйрығы ланцет тәрізді ақшыл, түтіктерге қарағанда 1,5 есе қысқа (6-сурет). Қанатты қоныстанушы аналығының ұзындығы 3–4 мм, кеудесі қызғылт-қоңыр және құрсағы жасыл немесе қызғылт (7-сурет).
Бірүйлі. Жұмыртқалары дәнді дақылдардың сабақтарында және жапырақтарында қыстайды. Биологиясы алдыңғы түрлерге ұқсас. Жылына бірнеше ұрпақ береді.
Таралуы. ТМД: Қиыр Солтүстік, Кавказ, Орта Азия, Сібір, Приморьеден басқа бүкіл еуропалық бөлік. Барлық дерлік елдерге әкелінді.
Зиянкестілігі. Зияны құрғақ жылдары байқалады. Барлық масақты дақылдарды, жүгеріні зақымдайды. Бітелер колония құрайды және өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің шырынын сорып алады. Зақымдалған өсімдіктер аз өнімді – дәндердің салмағы азаяды және бос масақтардың саны артады. Ол (Бей-Биенко және басқалар, 1972), оның ішінде арпаның сары ергежейлілігі (Schmelzer, Spaar, 1977) вирустарын тасымалдайды.
6-сурет – Үлкен астық бітесі – Sitobion avenae F., қанатсыз аналығы
7-сурет – Үлкен астық бітесінің колониясы – Sitobion avenae F., қоныстандырушы қанатты аналығы және дернәсілдері