1.4 Трипс – Thysanoptera


1.4.1 Бидай трипсі – Haplothrips tritici Kurd. (Thysanoptera, Phloeothripidae)

Ұзындығы 1,2–2,2 мм, денесі өте созылған, кеудесінің ортасы кең, алдыңғы және артқы жағы біркелкі; құрсағы параллель, артқы жағында тарылған, соңғы сегмент түтік түрінде созылған; қою қоңырдан қараға дейін. Мұртшалары 8 сегментті, 3 сегмент сарғыш, 5 және 6 қара; қосымша цилиясы бар қанаттар (15-сурет).

15-сурет – Бидай трипсінің имагосы – Haplothrips tritici Kurd.

 

Жұмыртқалары ақ түсті. Дернәсілдері қара немесе қара аяқтары, басы мен мұртшалары бар ашық қызыл түсті (16-сурет).

16-сурет – Бидай трипсінің дернәсілі – Haplothrips tritici Kurd.

 

Қуыршақ алды және қуыршағы ашық-қызыл, аяқтары мөлдір, басы және мұртшалары бар.

Таралуы. ТМД: Еуропалық бөліктің орманды дала және дала аймақтары, Кавказ, Қазақстан, Орта Азия. Батыс Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка.

Дернәсілдер топырақта, өсімдік қалдықтарында, қоқыста және жабайы дәнді дақылдарда, күздік дәнді дақылдардың жапырақтарында қыстайды. Көктемде имаголары пайда болып мен масақтың өзегіне жұмыртқа салады. Ұшуы жаздық бидайдың масақтануымен байланысты. Күздік бидай мен арпада жаз мезгілінде өсімдіктердің төменгі деңгейінде, жапырақтарда жиі кездеседі.

Дернәсілдер масақта дамиды. Жылына бір ұрпақта дамиды.

Зиянкестілігі. Астық тұқымдас және басқа да мәдениет өсімдіктерін зақымдайды. Дәнді өсімдіктерде шырын масақтан сорылады. Масақтың зақымдалған жоғарғы бөліктері ақшыл және тозған көрінеді, содан кейін кебеді.