1 Риторика туралы жалпы түсінік


Риторика, біріншіден, ескіден арылтатын, жаңаға талпындыратын ұмтылыс, жаңаға, жақсылық жарастыққа жұғыстыратын ойлану мен ойжарыстың инновациялық құбылыс, екіншіден, кісілік             қабілет-қасиеттің айқын көрініс және қызметі, үшіншіден, ұлттық мәдениеттінің дәрежесі, шендесіжәне жесімісі, зиялылыардың мәдениеттілікке деген серпілісті қызметі, төртіншіден, азаматтық келісім мен қоғамдық ойдың үйлескен дәрежесі, үндескен деңгейі. Шешендіктің шырыны мен ширақтылығы, бәлкім, мұнымен шектелмес.

Риторика – жеке тұлғалық бастама және бағыт, ондағы тарландық және талғампаздық, жасампаздықтығы талант, талап, тәжірибе көрінім. Адам қабілеті осы арнаға икемделінбей, осы құндылықтар арқылы игерілмей, ешкім де шешен бола алмас. Риториканы, әмісе, туа біткен қасиет, бойдағы күш-қуаттың шабыты, шындық үшін шыбыстың үлгісі, өмір үшін өрістің өренгі деп жатады. Тегін айтылмаған. Онда негіз-бағыт-бағдармен, бағдар – озат оймен, толғаныс – тәсілді тәжірибиемен ұштасып, үйлесіп жатады. Онсыз шешендік ескіден шығудың, жаңаға енудің өлшемі бола алмайды.

Риторика туралы түсінік бірдей емес, біртіндеп анықталуда, мазмұны мен аясын кеңейуде. Өйткені ол нақты да, көп векторлар, түрлі деңгейлі үдеріс. Сол көз қарастарды салыстырып сабақтастырып көрелік:

- Риториканы ойға түрткі, сезімге қозғау салатын сөздердің тілдік-көркемдік белгілері деген ұғым бар. Риторика – ауыз әдебиетінің саласы және жалғасы. Шешендік пен ауыз әдебиетінің ұйқас. Үйлес бірақ оны бейнелеу, суреттеу, сипаттау, кейіптеу, кескіндеу түрлері мен тәсілдері әр қашан бір-біріне ұқсап, қайталана бермейді. Себебі ауыз әдебиетіндегі объектіні бейнелеу үдерісі, оның мән мағнасымен эволюциялық бағдарын толық қамтылмайды.

- Риториканы бірде шешендік сөзбен, бірде шешендік өнермен, бірде шешендік сөйлеумен теңестіреді. Мұндай көз қарас негізсіз емес. Пәрменді сөз шабыттана сөйлеу – риториканың нәрін ағытады. Бәрінде түбір тарихтың төрі мен тереңінде жатыр, халықтың рухани мәдениетімен тамырлас және мәндес, адам болмысында кең таралған және қабылданған. Оларды теңестірудің сюжеттік, стильдік, салалық және субъективтік белгілері бар. Шешендік пікір алмасу мен ой жалғастырудың барлық түрлерін қамтиды, өз құрамын қисындайды. Риторика – шешендік сөздің, шешендік өнердің, шешендік сөйлеудің сюжеттік, стильдік салалық, субъектік толымын қамтиды, сол арналармен деңгейден құралады. Бірақ, олармен шектелмейді. Себебі үш өнердің өз қызметі, орны бар, әрі олардың төрт сыйпаттапмасы әрдайым бір-бірімен үйлесе, үндесе бермейді.

- Риториканың құрамдас бөлімдерінің әлеуметтік-тұрмыстық, саяси-әлеуметтік, әлеуметтік-гуманитарлық салалардың барлық аясы мен арнасында қызметі кеңіп, ықпалы артуда. Содан барып тұлғалық халықтың және қоғамдық деңгейде ойлау мәдениетінің, тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің өзара ықпалдастығы үнемі артып серпіліп келеді.  өзара ықпалдастығы тың қарқынды жаңа сұраснысты күрделі міндеттерді тудыруда . Содан шешендікті кеңірек қарастыру туралы ой, шешендік шешен сөйлеу актісімен теңестіру орынды деген пікір бұрынннан айтылып келеді және ол егізсіз емес.

- Шешендікті риторика ғалымы мен атаушы ғалымдар оның көне тарихын – қытайлық, грек-римдік деп типологияға бөлінеді. Бұл көне мәдениет немесе өркениеттің алғашқы бастаулары осы аумақ пен аймақтарда дамыған, шоғырланған деген тезистен туындайды. Риторика, әл-Фараби үшін, көздеп сөйлеуді не жазуды үйренетін ғалым. Оның мақсаты үшеу-сендіру, ләзәтқа бөлеу және толқытып тебіренту. Жаңа археологиялық және т.б. ғылыми жаңалықтарды бұл көзқарастырды әр қырынан қайта толықтыруда. Біз әйгілі шығыстық және грек-римдік кезеңдерді түркі – мұсылымандық (қазақ), славяндық (орыс), батыс еуропалық түрлерімен толықтырдық. Шешендіктің тарихын сипаттау, шамасы, бұл тізбемен тәмәмдалмас.

- Шешендік – адам кәмелеттің қуаты мен сапалы бір көрсеткіші. Шешендің тәжірбиені оқып үйрену де-қажеттілік. Адамның, ұлттың, қоғамның дамуынан, мәдениет пен өркениеттің үндесуінен туындап келе жатқан қажеттілік. Шешендік өнердің жүйесі мен заңдылықтарын ғылым ретінде қарастыру және оны оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құрастыру мәселесі де бұрыннан көтеріп келеді.

Иә, риториканы білімнің, өнердің, қабілет-қасиетінің жиынтығы, сол бірлестіктің дәрежесі және құралы ретінде арнайы оқытудың қажеті артуда. Өйткені, шешендік ғылым мен саясаттағы креативті және инновациялық қызметтің көне, бірақ көркем, көрікті, қызықты түрі, көрінісі, қызметі екеніне, сондай деңгейге жеткізуге болатынына күмән жоқ.

Риторикалық шеңбер:

- әр халықтың тарихымен және тағдырмен тамырлас, белсенділігімен және бірлестігімен белдес, өмірлік шындығымен және шеберлігімен шендес, еркіндігімен және стілмеген теңдес,               ерік-жігерімен жеңдес, субъективті-объективті қатынасында сөнбес көркемдік жетістіктен;

- ауыз әдебиеті мен халықтық қарым-қатынастың керемет жемісінен;

- бағдарлы және таңдаулы, белсенділіктің халықтық жіне тұлғалық сипатынан құралады. Бұл оқу құралында, шешендік қазақтың бір-бірімен танысу, өзін таныту тетігі, қазақи ұлттық ойлануды қалыптастыру құралы және қазақ даласында азаматтық қоғамның нышандарын жетілдіру әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен шешендік-қазақтанудың және қазақты танытудың бекем құралы, мәнді құрамы, өтімді ұстанымы мен ұраны.

Шешен болу үшін не істеген абзал? Заттық тәртіпті, қоғамдық тәлім-тәрбие талабын жақсы білу керек. Дұрыс ойлануды, жақсы сөйлеуді үйрену керек. Жалпы білімді жеке дара шеберлікпен, шымырлықпен толықтыру шарт. Сөз, ой, тіл шеберлігімен және сөйлесу, тілдесу мәдениетімен табысу да қажеттілік. Мәдениеттің ежелгі шығыс (қытай және үнді), антикалық, орта ғасырдағы түркілік, орыстық, батыстық, нағыз қазақи түрлері тарихи тұрғыдан және салыстырмалы үрдісте талқыға түсе бермеді. Енді осы кезеңдер аясында шешендік өнердің эволюциясы қысқаша сипатталынады. Сол мәдениеттілікті меңгерудің қандай тәсіл-тәжірбиелерімен таныспыз?

Халқымыздың мәдени мұрасы мен шығармашылық өнерінде шешендіктің, шешендердің орны зор. Өйткені шешендік:

- адамды ақиқат пен әділдікке, кемелділік мен бақытқа жеткізетін шы-найы кісілік қасиеттердің көрңінісі мен жиынтығы;

- кісілікті, жақсы мінезді, әдепті және инабатты болуды, өз ұстанымына кәміл сенуді, ізгіліктерді сақтауға үйрететін құрал, шығармашылық қызметтің өлшемі мен өрісі;

- адамның тұлғалық қасиеттерімен, қажыр-қайратымен, біліктілігімен, көрегендігімен, мұрат-мақсаттарымен ерекшеленетін суырып салма өнердің дәрежелі деңгейі;

- халқымыздың рухани мәдениетінің көне де, кең таралған, ықылым заманнан қызықтырған, магниттей тартқан                    қасиет-қабілеттері;

- әдебиеттің жетілген, ажарланған, тұлғаланған түрі, оның өтімді, өткір үлгісі, өнегелі үрдісі.

Риторика, сонымен, түсінік, көзқарас, түйінді талғам, олардың жүйелі жалғасы. Ол халқымыздың жан дүниесін, таусылмас рухани байлығын аша түсетін серпілісімен құнды. Ұлағатты ұрпақ дуалы сөзімен даналықтың түп мәнін ашқан тұлғалық сезімталдыққа, тапқырлық пен ұсыныстар да баршылық. Би-шешендерді          дәріптеу – халқымыздың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Риторика өнерді зерттеу, зерделеу-халық шығармашылығының бастауына бет бұру. Мәдени мұраларымыздың тұғырларын тірек     ету – рухани жетілудің тұнық арнасы.

Риторика – таным үдерісіндегі үлкен құбылыс, белсенді адамның көркемдік көзқарасы және оның тұлғалық жетістігінің құндылығы. Риторика өнегесінің маңызы танымдық, тұлғалық және әлеуметтік сипаттан білінеді. Олар:

- ойлану мен толғаныстың қозғалысы, өзіндік сананың көрінісі мен көрсеткішінде;

- тұлғалық таным үлгісінің және тілдік стильдің бірлестігінде;

- оқиғалы көзқарастың, оған деген субъективті белсенділіктің түрі мен айғағында;

- сөз өнерін жағдайға орай еркін түсіндіретін және әлеуметтік бағдарда, тарататын принципте;

- адамдықты зерттеуге және бағалауға қабілетті шоғырландыратын ізденіс – әрекетті ұйымдастыратын әдістер;

- ізденістің заттық аясы мен әлеуметтік кеңістігінің адамның  өзін-өзі тану бағдарымен  ұштасытратын жолда;

- әдептілік пен әлеуметтік бағдарға мән беріп, оларды құндылық тұрғысынан сараптайтын тәжібиеде қарастырылады.

Өркениетті елдің тың және кешенді проблемалары жаңа міндеттерді ұсынады. Өркениет – өмірге тікелей араласудың, өмірлік құндылықтарды меңгеріп, оларды игі іске қолданудың жемісі, адамзат жетістігінің өрнегі мен өрісі. Осылай болса, шешендік мәдениет пен ұлттық өркениетті қалыптастырудың кең араған түрі, өмір мен жарасудың жарасымды да жұғымды үлгілері.

Өмірдегі қайраткерлердің, яғни эмпириялық субъектілердің күнделікті ынтасы мен ыңғайы заманның өрелі міндеттерінен туындады. Күнделікті тәжірбиеге ыңғайласу, түрге деген сезімталдық пен сіреспелік, көргеннің жетегіндегі дәстүрлі ыңғайластық, иә, осы үш бірдей ұғымдарр шешендіктің мәдени және әлеуметтік жақтарына назар аудартқызбады. «Риторика» пәнінің іріктелуі талаптары мыналар:

- шешендікті тудыратын нақты қасиеттерді, жағдайларды және ұлттық дәстүрді саралау және сабақтастыру;

- адамдықтың қосынды қасиеттеріне деген сезімталдық пен сергектікті пайымдау, шешеннің өзіндік санасының психолгиялық және этикалық жақтарын зерделеу;

- ізденіс өрісін, сыни көзқарасты және шабыт өресін сабақтастыру.

Осындай құндылықтарды кісілік деңгейде ұғыну және нақты мақсатқа жеткізу үшін шешендіктің құрылымына, әсіресе шешендік өнер қызметіне тоқталу-шешен практикасының сұранысы;

- шешендіктің алғышарттарына – адамның өзіне, өзінің өмірлік бағдарына бейімделу, тұлғалық қабілет-қасиетті тұтастауды көркемдік дәстүрге, оның дәйегіне айналдыру;

- өзін-өзі саналы түрде өзгерте алатын және өзінің өзгеге қатынасын;

- тұрақтатын субъективті белсенділік бастауын жалғастыру;

- әдебиетті, өнер мен ғылымды дамытатын парасат қызметін жетілдіру,

Соны өзіндік өмірлік жолға салатын тәсілдерді іріктеу. Осындай жігерлі әрекеттерде ғана шешендіктің құндылығы,                    мотивтік-мағыналық стилі бірін-бірі толықтырады. Қасиетте, құрметте осы мәдени деңгейден нәр алады, сұңқарлардың қабілет-қасиетіне тіреледі.

Әңгіме басы биік, алаң бауырлы ақиық сұңқарлар туралы, көпке сауға, жақсыға ата болған билер туралы, жанға серік, сөзіне берік нарбота туралы, елі иманпір тұтқан шешендер туралы, құрметпен абыройын ұтқан ел ағасы туралы.

Әңгіме – тұлғаның асылдығы, қазақтың рухани жаңғыруының ескі жолы, елдіктің ғұмырнамасы туралы. Өйткені бабаларымыздың біреуге қоныс, біреуге өріс алдырғаносиеттері, ұрпақтары жатқа айтқан бітіміз сөздері ойымызға арқау болып отыр. Ойымызды да, өзімізді де үйіріп отырған ұғым біреу, ұмытылыс ортақ,                      ол – шешендік.

 

Талқылауға арналған сұрақтар

 

  1. Шешендік өнер қоғамдық құбылыс ретінде.
  2. Қоғамдағы қарым-қатынас пен сөз сөйлеудің байланысы.
  3. Риториканың әлеуметтік маңызы және қолданбалы сипаты.
  4. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси жағдай мен көпшілік алдында сөйлеудің байланысы.
  5. Демократияландыру, саяси және идеологиялық плюрализм үрдістері, жеке бастамаға деген сұраныс және азаматтардың тәуелсіздігі - көпшілік алдында сөйлеудің маңыздылығын жаңарту факторы ретінде.