Сан дәуірлік тарихы бар қазақ әуен өнері oсы күнгі мәдени сатыға көтерілгенге дейін ауызша таралып жеткені мәлім.
Дәстүрлі әндер әуен және күй өнерімен салыстырғанда қоғамда орындалу барысында басымдық мәнде екені байқалды. Мұнымен бірге дәстүрлі әндердің ізгілік пен заңдылықты асыл мен жасықты, ақ пен қараны ажыратуға тәрбиелілік мүмкіндігі зор екеніне маңыз береміз. Құрманғазы күйлерінің тіл өткірліктері, біздің заманның тыңдаушыларының жүрегінен орын ала кететіні – күйшінің өмір сүрген ғасырын сезуінен. «Көбік шашқан» күйінде бір жағынан теңіз толқынының дүрсілі сырт сурет қана емес, біртіндеп жақындап келе жатқан алыстағы революцияның сарыны болып та естіледі. Құрманғазы күйлерінің тіл өткірліктері, біздің заманның тыңдаушыларының жүрегінен орын ала кететіні – күйшінің өмір сүрген ғасырын сезуінен. «Көбік шашқан» күйінде бір жағынан теңіз толқынының дүрсілі сырт сурет қана емес, біртіндеп жақындап келе жатқан алыстағы революцияның сарыны болып та естіледі.
Қазақстан жерінде дарынды танып баулитын, халықты түрлі аспаптарда ойнауға, ән айтуға, жалпы өнерге бейімдейтін бірден-бір оқу орны және арнаулы мектеп болған жоқ. Мысалы, халқымыздың ән-күйлерін жинақтап, өнер қазынасының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші дарынды өнер иелері, халқымыздың өз ішінен табылып отырды. Ел мұңы ән-күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден-елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өнердің қайсы бір түрі болмасын, қолдан-қолға, жүректен-жүрекке таралып, ел арасына сіңіп жатты. Ахмет Жұбанов, қазақ музыкасынан талай ғылыми және ағарту жұмыстарын жазды. Оның ішінде тарихи және көркемдік жағынан құнды туындыларға «Ғасырлар пернесі» мен «Ғасырлар бұлбұлдары» атты кітаптары жатады.
Дәстүрлі әндердің халықтық педагогика тұрғысындағы тағылымдық мүмкіндігі мол екендігі байқалды. Жасөспірімдерді этномәдени білімге баулуда дәстүрлі әндердің алар орны ерекше. Бұл орайда, біздер ақын мен ән орындаушы тұлға арасындағы байланыс тыңдарман көңілінен шығу тұрғысында құнды екенін аңғардық. Оның өзі тыңдармандардың қоғам және әлеуметтік жағдайлардағы қалыптанған этномәдени талаптар сыңайында жүзеге асырылатынын байқадық. Жырларды тану іс-әрекеті өзіңді қоршаған әлемді түйсінумен бара-бар. Міне, осындай қатысымдық үдерісте рухани қуат берерлік этностық салт-дәстүрлер ешбір сырттан әшекейлеусіз нұсқалы сипатта елес береді. Әлем туралы түсінік ақиқатты мәнде қабылдануын біздер гносеологиялық деңгей демекпіз. Үшінші аксиологиялық деңгей болып табылады. Өнер мектебінің педагогикасында аталған деңгейдің алатын орны айрықша. Бұл деңгейлікте әлем туралы сурет, түсінік адамның өзін қоршаған табиғаттың тұрмыстық ерекшелігін қалыптастыру үдерісін сезінуі, ұғуы. Соның нәтижесінде әр адамның, жалпы бір этностың мәдени-әлеуметтік орта құрып, өздеріне тән әлем жасап, оның нысаналы және құлықты (субъектілі) мәдени қарым-қатынас құруына жетекшілік рөлінің болуымен көрінеді. Сөйтіп, жыршылар әлемінің сөз өнері мен әуез өнерінің қосындысынан «Өнерпаз халықпыз» деген тұжырым шығары сөзсіз. Әр халықтың тек өзінің кодына тән, шығармашылық қабілетіне орай құлықтылық белсенділігі сол этносқа ғана тиесілі әлем жасап береді. Өнер мектебінің мұншама құндылығынан әлем жағдайының шынайы бет ажары айқындалып, этностың мәдени-өнер мектебінің қызметі әсер ететін қалыпқа жетіледі.
Дәстүрлі ән арқылы тәрбие берудің тарихы ежелгі дәуірден басталған. Өкінішке орай, ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бұл мәселенің сабақтастығы көрсетілмегені жайлы белгілі бір түйін жасау қиын. Дәстүрлі ән арқылы тәрбие беру амалын жүзеге асыру үшін қазақ халқы арнаулы мектеп ашпаса да, оның орнын ел-жұрт, орта ауыстырып отырған. Дәстүрлі ән табиғат аясынан өздеріне рухани нәр алуы, табиғаттың бір бөлігі ретінде өздерін сезінуі онтологиялық деңгейге жеткізген. Білімді мәдени үйлесімділік институты ретінде қабылдауды, ұлттың өзіне тән тұрмысын дамытуды, сақтауды жүзеге асыру әр ұлт ауқымында қарастырылады. Көп ұлтты мәдени қондырманы тұтастық кешенде шешуге ынталы екені байқалады. Бұл ұлттық нақышты толық қамти алмайды. Сондықтан көпұлтты мәдени құндылықтар этностық дәрежеде іске асырылды.
Әннің құзыретін қара сөзбен талдау арқылы айқындау мүмкін емес. Сол себепті Ш. Қалдаяқовтың патриоттық әндері саяси-қоғамдық мұраттарға негіз болатынын ғылыми-тағылымдық тұрғыда ашып өттік. Патриоттық сезімі ән арқылы оянған жасұрпақ безбүйректіктен, Отанын шетелдерге айырбастаудан, ұлттық рухани құндылықтарды басқа ұлттардыкімен алмастырудан бойын аулақ ұстары сөзсіз. Мұнымен біздер халықаралық ассимиляциядан немесе жаһанданудан автономды өмір сүр демейміз. Керісінше жаһандану кеңістігіне де ұлттық құндылықтарды өз үлесіміз ретінде қосуға бастамашыл болудың бастапқы сатысы ол өз Есіңді, Отаныңды сүюден басталатыны бұл еңбектің басымдығы.