12-ТАРАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ
Осы тарауда біз адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжай алдық, робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттедік, ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдана алдық, жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдауға мүмкіндік алдық, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндірдік. Қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеп, сараладық. Адамзат өркениетінің келешек дамуы үшін ақпараттық технологиялардың маңыздылығын саралап, ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің ықтималды салдарын болжадық. Ғылымның даму тенденцияларын, жаңа ғылыми бағыттарды анықтап, талдадық. Қазіргі ғылымның перспективті салаларын анықтап, болашағын болжадық. Жаңа ғылыми бағыттардың қоғам дамуына ықпалын талдадық. Заманауи жаһандық мәселелерді шешудегі ғылым мен техниканың маңызын сараладық.