§32 Ғылыми-техникалық прогрестің тарихи кезеңдері


Суретке қарап меркантилизм ұғымының байланыстылығын түсіндір

Бидайды таспен үгітуді және қол диірменмен тартуды салыстырайық.

Таспен үгітетін адам бәлкім, күнұзақ тырбаңдап, өзі мен отбасына жетерлік ұн шығарар. Ал диірменмен тартқан адамда басы артық ұн қалып, оны сатып не басқа тауарға ауыстырып алмас па еді?

Ендеше тап осы, әуелде пайдакүнемдік (меркантилизм) деп аталған, осы күні жұмсартылып «жақсы өмір сүруге ұмтылыс» деп қолпашталатын қасиет адам баласын басы артық өнім алудың айла-тәсілін күндіз-түні ойлауға мәжбүр қылды. Сондықтан қолөнершілер қол диірменді де місе тұтпай, енді есекпен, сумен, желмен айналатын диірмен жасауға көшті.

Тапсырма:

: Екінші өнеркәсіптік революцияның басты себебін анықтаңыз:

Ежелгі Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты спартак балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құлиеленушілер етіп тәрбиелеу болды.Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету көзделді. Жас спартактарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретгіСпартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты — ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.

Римде шешеңдік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тілінен, шешендік өнерінен, заңтанудан, математикамен, философиядан білім алды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады.

Хань әулеті (біздің заманымызға дейінгі 2 ғ.-біздін заманымыздың 2 ғасыры) кезінде кағаз пайда болды, оку күралдары өзгере бастады. Бастауыш, орта және жоғары мектептер жүмыс істеді. Алғашқы жоғары мектептерді мемлекет ашып, онда ауқатты отбасыларының балалары оқыды. Хань дәуірінде мемлекеттік идеология конфуция болды. Классикалық конфуциялық трактаттарды оқып үйрену басты міндет болып табылады. Оны оқу 10 жылға созылып, курсты бітіргендер емтихан тапсырып, ғылыми атақ алып, мемлекеттік қызметте жүмыс істеуге мүмкіндік алды.

Педагогиканың негізін қалаушы славян педагогы Ян Амос Коменский бағдарламалар, оқулықтар, окыту әдістерін жасауға үлкен үлес қосты. Оқытудың көрнекі, саналы, жүйелі, оқушының шамасына сай болуы керектігін дәлелдеді. Ол білім беру ісін бір тәртіпке келтіруді талап етті. Алғаш болып оқу тоқсандарын, оқушылардың демалысын, оқу күнінің, сағатының ұзақтығын белгіледі. 

Орта ғасырларда балалық шақ жеті жасында аяқталды. Бұл жаста балалар қолөнер өнеркәсібіне қатысып, шәкірттер, жұмысшылар мен қызметшілер болды. Жетім балалардың осы жастан бастап өздерін асырауына қолдауға тура келді. Ауылда мектептерде діни бағытқа негізделген қарапайым оқу бағдарламасын оқытты. XV ғасырдың қалаларында мектептердің үш түрі болды. Ең алдымен, болашақ дінбасыларды үйрететін соборлар мен ғибадатханалардағы діни мектептер. Сонымен қатар, монастырьдағы мектептерде діни білім берілді. Негізгі пәндер грамматика, риторика, музыка, геометрия, арифметика, астрономия және дін болды.

Бұл мектептерге балам латын мектебі болды, онда тек ұлдар қабылданды. Мұнда барлық пәндер тек латын тілінде оқытылды. Мұндай мектептер мектептің және мұғалімдердің қамын ойлайтын қалалық кеңес бөлімінде болды. Оқытушылар білімі тексерілмеген дін қызметкерлері немесе қарапайым адамдар еді.

Үшінші мектеп, ол жазбаша түрде оқытатын немесе есеп (счетный) мектептер болды. Мұндай мекемелерде әдетте саудагерлердің балалары оқыды. Оқыту барысында барысында жазалау шарасын жиі қолданды. Балалар бірнеше сағат бойы, бұршақ үстінде тізерлеп, ауыр бөренелерді алып жүруге, лас суды ішуге немесе иттің ыдысынан тамақтануға мәжбүр болды.

Тапсырма:

«Ұлы дидактика» еңбегінің авторы, педагогиканың негізін қалаушы кім екенін анықтаңыз

М.Монтессоридің «Балалар Үйі» атты еңбегінің алғашқы бөлімі баланы әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып тәрбиелеу, баланың сана-сезімін дамытып, жетілдіре түсуіне арналады. Екінші бөлімінде 1907 жылы салынған Римдегі «Балалар үйінің» тәрбиеленушілерімен жүргізген педагогикалық әдістері бейнеленген. Сәби кезінен бастап баламен үлкен адамша сөйлесу керек, сонда бала ерте дамып, өз жауапкершілігін ерте ұғынады деп есептейтін Мария

Монтессоридың бұл кітабы әрбір ана үшін берері мол еңбек.

Монтессоридің педагогикалық жүйесін меңгеру және талдау жасау арқылы бала табиғатына көпжылдық және төзімді бақылау жасау Фребельден бастау алғанын байқауға болады. Америкалық педагогтар Монтессори әдісін кез келген жағдайда пайдалану қолайлы екенін айтады. Ол әдістің кез келген елде баланың кез келген жас шамасына қарай тиімді қолданысқа ие екенініне көз жеткізді.

Монтессоридің жұйесі баланың жеке басын құрметтеуге негізделген және үлкендердің ықпалын шектеп, балаға тәуелсіз өсуіне мүмкіндік жасайды.М.Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды. Монтессори әдісінің құндылығы мен мәні оның замандастары отандық және шетелдік педагогтардың мүдделігімен, сондай-ақ әлемдік білім қоғамдастығымен М.Монтессоридің авторлық тұжырымдамасын оқыту мен тарату бойынша халықаралық педагогикалық ұйымның құрылуымен айқындалған. Жалпы, Монтессори педагогикасы деген тек дәрігер ойлап тапқан білім беру жүйесі емес.Бұл жүйе ашық білім беруге бағытталған. М.Монтессори педагогикасын мынадай бір ұранмен сипаттауға болады: «Менің өзімнің жасауыма көмектес».

Соңғы жылдары М.Монтессори педагогикасы Қазақстанда да кеңінен тарала бастады. Облыстық орталықтарда М.Монтессори педагогикасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер ашылуда. Жастары әр түрлі топта әр бала өзіне істі таңдайды: біреулері математикалық аймақта математикалық құралдармен жұмыстанады, ал басқаларын практикалық аймақ қызықтырады. М.Монтессоридің педагогикалық еңбектері тәрбиешілермен ата-аналардың мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде үлкен орын алады. Әлем мойындаған мынадай үздік тәжірибені өз елімізде де қолдану арқылы жас ұрпақты үйлесімді етіп тәрбиелеуде отбасымен балабақшаның сабақтастығы үлкен нәтиже бермек.

Тапсырма:

Төменде берілген мәтінді қолданып, көрген фильмдерің мен оқыған кітаптарыңыды еске түсіре отырып, «балалар үйінің» ондағы тәрбиеленушілерінің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жағымды және жағымсыз әсері туралы ой толғаңыз.

Ұлы ойшылдың басты педагогикалық еңбегі салыстырмалы аудармасы соңғы жарияланымнан кейін 100 жыл өткен соң жарияланады. Г. Спенсердің кітабы білім беру теориясы мен тәжірибесін дамытуға үлкен ықпал етті. Ондағы тәжірибелік ұсыныстар балалар мен жасөспірімдерді оқытудың және оқытудың көптеген қазіргі заманғы проблемаларын шешуге көмектеседі. Қосымшада Г. Спенсердің өмірбаяндарының фрагменттері бар. Кітап студенттерге, магистранттарға, педагогикалық пәндер мұғалімдеріне, сондай-ақ ата-аналарға, мұғалімдерге және тәрбиешілерге арналған.

Тапсырма:

Әлемдік білім берудің озық үлгілері енгізілген мемлекеттер туралы ой толға...

Мектептегі білім берудің заманауи модельдері

Мектеп баланың жан-жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық жүзеге асыруына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық институт. Мектеп оқушының өзін-өзі тануына, тұлға ретінде қалыптасуына, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін орта. Шетелдік оқу бағдарламасының басты міндеті: оқушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы олардың үйрену, ойлау, зерттеу, іздену және шешім шығара білу қабілеттерін дамыту болып табылады. Шетелдік білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: оқушының үйрену қабілетін дамыту, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету, белсенділік танытып, іс-әрекет жасауға бағыт-бағдар беру, ойлау қабілеттерінің дамуына түрлі жағдаятты танып, оны шеше білу арқылы іскер ету, іздену және зерттеу тәсілдерін қолдану, салауатты қарым-қатынас құруға және тағы да басқа қабілеттерді дамытуға назар аудару. Оқу үдерісіндегі еркіндік– шетелдік оқу бағдарламалардың ерекшеліктерінің бірі екен. Көбінесе оқытудың мазмұнын, мақсатын және міндеттерін таңдаумен, анықтау ісі мектепұжымының еркіне беріледі, оқу ісінің барысын мектеп оқушылары мен мұғалімдер шешеді, оқу жоспарына бүгінгі әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелерді қамтитын және өмірмен тікелей байланысы бар пәндер енгізіледі, оқуға бөлінген сағат саны және оқу пәндері аз болып, әр пән бойынша тақырыптардың көлемі де жеңілдетілген болады, оқу жоспарларында таңдау пәндері енгізіліп оны таңдау оқушының еркіне беріледі, мектептің бағдарлы сатысында бағдарлы пәндердің сағат саны көбейіп, оқу пән саны азайтылады.

Шетелдік білім жүйесінің тағы бір ерекшелігіжас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу болып табылады. Жапон мектептеріндегі оқу бағдарламасында негізгі бағыт ұлттық рухты басты назарға ала отырып, өз тәрбиеленушілерінің бойында ұлттық мінез-құлықтарының негіздерін қалыптастыруға ұмтылады. Жапондықтар өз идеясын ұлттық қасиеттерін сақтай отырып, шетелдіктердің білім берудегі озық тәжірибелерін қолдану арқылы іске асырып отырады

⦁ 1765 жылы Джеймс Харгривс «Дженни» атты механикалыық жіп иіретін машина ойлап тапты. Бір уақытта 15 18 ұршық иіреді.

⦁ 1769 жылы Ричард Аркрайт суда дөңгелекті дөңгелекті қозғалысқа келтіретін машина,

⦁ 1774 жылы Джейймс Уатт бу машинасын ойлап тапты

⦁ 1814 жылыДж. Стефенсон алғашқы паровоз жасады.

⦁ Англия «Дүниежүзілікшеберхана» атанды.

⦁ 1807жылы Р.Фултон қолданысқа ие болған бірінші кеме жасады.

⦁ I-дүниежүзілік соғыстың басында соғысушы елдерде 50 м тереңдікте, 5700 – 7200 км қашықтыққа жүзе алатын сүңгуір қайықтар барлау жүргізуге, базаны қорғауға пайдаланылды.

⦁ II-дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінде 111, Ұлыбританияда 58, Францияда 77, Италияда 115, Жапонияда 63, Германияда 57, КСРО-да 218 сүңгуір қайық болды.

Мәліметтер базасының адам өмірін қалай жылдамдатқанынайтып жеткізу тіпті мүмкін емес. Жаһандық қаржы секторы компьютерсіз жетім бала сияқты. Қаржылық сараптама сияқты бірсарынды жұмыстың орнына уақыт пен кеңістіктегі миллиондаған құбылыстардың заңдылықтарын қазіргі компьютерлер өзі айқындап береді. Бүгін мыңдаған кітаптардың арасынан бір тал кітапты іздейтін кітапханашының жұмысын кқмпьютер жеңілдепіп, мәліметтер базасынан-ақ көзделген материалды дәл тауып береді.

Адамзаттың жаңа экономикалық парадигманың алдында тұрғаны мәлім. Адамның тұрмыстық мәселелерден мейлінше оқшауланып, уақытының көп бөлігін жеке жетілуге жұмсауы – төртінші революцияның басты көрінісі. Бұл үшін технологиялық алғышарттардың барлығы бар. Роботтандыру өндірісті әлдеқашан бағындырып болып, енді даяшының қызметіне дейін өзі атқарада бастады. Бүгінде инновациялық жаңалықтар этикалық мәселелерді де есепке алады. Оған дәлел, қоршаған ортаға зиян тигізбей, дәл сол уақытта бұрынғыдан да қуатты жабдық жасау – бүгінгі өнеркәсіптің басты концепциясы.

Екінші революция кезеңінде қалыптасқан стандарттау қайтадан индивидуализмге қарай бағыт ұстайтын түрі бар. Мысалы, киім тігуді алайық.

Бұрын өндіруші пиджактың бірнеше түрін тіге беретін. Ассортименткөп болса– тұтынушыны қызығатын. Бір адамға жасыл көйлек керек,екінші адамға қызыл көйлек керек. Жасыл көйлекті таңдаған тұтынушыға қалтасы ұнамай қалуы мүмкініәрі етегін қысқарту немесе ұзарту керек болады. Бұл жағдайда өндіруші қымбат маркетологиялық зерттеулер жүргізуге, жарнамаға шығын болуға мәжбүр болады. Мыңдаған метр мата, өтпей қалған киім-кешектер де қалып қалады.

Ал төртінші индустрия кезеңінде пиджак тек қажет болған кезде тігіледі. Және қажет түс пен қажетті элементтермен тігіледі. Алдын ала өндіріп тастау деген болмайды. Сондықтан өндірушіге орасан зор жіп пен матаның қорын жасау тіпті қажет емес. Болашақтың роботтары сұраған,ұнаған тауарыңды сол жерде жасап береді. Бұл үлгі автомобильден бастап, шәйнек өндірісіне дейін орындалмақ.

Ресурстар тек қажет кезде, қажетті көлемде пайда болады да сол арқылы интернет-бизнесте үлкен үнем жасалады. Ұсыныстың тек сұраныс болған кезде пайда болуы, металды граммға дейін, жіпті – миллиметрге дейінгі дәлдікпен пайдалануына алып келеді. Енді адамзаттың тек интеллектуалдық еңбекпен.

«Барлық жаңа жетістіктерге тән ортақ ерекшелік мынадай: олар қандай салаға болмасын тереңдей еніп жатқан цифрлық және ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланады. Бұл тарауда келтірілетін инновациялардың барлығы – компьюетрленген есептеу қуатының арқасында қамтамасыз етіліп, жетілдірілген технологиялар.»

Бұл кітаптың басқалардан артықшылығы – теориядан бөлек, шет мемлекеттегі орта, шағын, ірі кәсіпорындарындағы басқару тәсілдерінің нақты компанияларда қалай қолданылғаны, сол арқылы қандай жетістіктерге қол жеткізгені нақты кейстер түрінде келтірілген.

Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды.

Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.

FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті. FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда.

Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда. Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.

Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді.

Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.

Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда

Тапсырма:

КСРОда ғылыми –техникалық прогреске жол ашқан қандай оқиға деп ойлайсыз?