§33 Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары


ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады.

Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес, қайта өндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының басты көрінісі болды. Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген дүниежүзілік өнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің оптимистік түрі, табиғатты игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғасырда европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді.

Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі.

Сонымен бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да басталды деуге болады. Орыстың ойшыл-философтары (Н.А.Бердяев, Е.Н.Тругецкой, С.Л.Франк т.б.) айтуынша индивидуализм, қоғамның атомдануы, өмір талғамының тоқтаусыз өсуі, соған сай жоғары технологияға негізделген өнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен тұтынушы қажеттіліктің шексіз өсуі, рухани өмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің пайда болуы – адам өмірінің сипатын, оның стилін өзгертіп,  табиғат ырғағынан айырып, индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып келді. Ал, мәдениеттер арасындағы көзқарастың өзгеруі, әртүрлі сәйкессіздіктің туындауы, Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде жүзеге асуда. Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылық пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық  және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды.

Тапсырма:

Мәтінді оқи отырып, жаһандық мәселелерді шешуге байланысты Форсайт әдісі арқылы болжам жасаңыз.

Форсайт әдісі:

1. Осы мәселеге байланысты достарын не ойлайды?

2. Осы мәселеге байланысты эксперттер не ойлайды?

3. Осы мәселеге байланысты сандық, статистикалық деректер келтіріңіз

4. Осы мәселеге байланысты PEST-талдау жасаңыз

5. Осы мәселеге байланысты мемлекет, қоғам, ғалымдар қауымы, жастар қандай мақсат қоюы керек

6. Осы мәселеге байланысты сіз не істей аласыз?

Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды

Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғынып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.

Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол,«Бүкіл тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз»,деп көрсетті. Әлемдік қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен адамзатты сақтау болып табылады.

Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер әлемдік қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік геосаяси құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жасайтын мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады.

Қазіргі әлемдік саясатқа қатынасатын негізгі факторлар: егеменді мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар қазіргі халықаралық қатынастардың белсенді факторлары, яғни қатысушылары түрлі мемлекеттер блоктары (НАТО, ОДКБ, СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС), интеграциялық топтар (ЕО, ТМД) мемлекетаралық бірлестіктер (ШЫҰ, БРИК) т.б. халықаралық ұйымдар өздерінің мақсаттары мен тәуелсіздіктерін сақтай отырып әлемдік саясатқа қатысады және жаһандық мәселердің шешілуіне ат салысады.

Ғаламдық проблемаларды шешу бүгінгі күні барлық адамзат үшін өзекті міндет. Қашан және қалай шешетіні адамдардың өмір сүруіне байланысты.

үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді.

Біздің уақытымыздың жаһандық проблемаларын шешуде маңызды рөлді халықаралық ұйымдар атқарады.

Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа – өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу Қазіргі таңда жаһандық проблемалардың өзара байланысы, масштабы және ұзақ мерзімді сипаты жаңа тәсілмен бейтараптандыру немесе олардың әсерін кеміту туралы мәселе тұр.Біз жаһандық қауіпсіздік проблемаларын бірлесіп шешу, әлемнің барлық елдерінің күш-жігерлерін біріктіру, адамзаттың жаһандық қауіп-қатерлерден қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру қажеттілігі туралы айтып отырмыз.

Тапсырма:

Ғаламдық проблемаларды жіктеп, олардың пайда болуының басты себептерін анықтаңыз:

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың пікірі бойынша, жаһанданудың мүмкін болатын жағымсыз салдарын алдын ала болжап, дер кезінде жою үшін, жаһанданудың дүниежүзінің барлық – бай, дамып келе жатқан, кедей мемлекеттері үшін мүмкін болатын салдарын зерттеу қажет. Сонымен бірге қазақстандық басшы егер жаһанданудың жетістіктері мен жемістерімен бұрынғыдай жоғары дамыған мемлекеттердің шағын ғана тобы – адамзаттың 20%-ы пайдалана алатын болса, онда бұл жағдай міндетті түрде наразылық танытуға, қайшылықтар мен əлеуметтік катаклизмдердің пайда болуына алып келеді . Батыс құндылықтарының күшті экспансиясы «үшінші əлем» деп аталатын елдердің халықтарының, мəдениеттерінің, тілдерінің жəне сол сияқты құндылықтардың құлдырауына əкелуі мүмкін. Осындай ауқымды үрдіске қарсы тұру үшін «үшінші əлем» елдеріне өздерінің барлық «саяси амбицияларын» алып тастап, ең алдымен, экономикалық мақсаттарда интеграциялануы қажет. Себебі тек халықтың ахуалы жақсарған жағдайда ғана, қандай да бір халық-ұлт мемлекеттің бірлігі жөнінде, оның соңғы ғасырлар аралығында нақты себептерге байланысты қоршаған үрдістерге қарсы тұруы жөнінде айтуға болады.

Жалпы бір тұжырымға келсек, ғаламшардың əрбір тұрғынының ахуалын арттыру үшін халықаралық қатынастардың факторлары осындай жағдайда əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері жасағандай, өздерінің ұлттық мүдделерін қорғай отыра, жаһандану үрдісіне неғұрлым белсенді құралдармен интеграциялануы тиіс.

Тапсырма:

2015 жылы 21 –мамырда қабылданған «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам»жоспарының мақсаты:

«Барлық жағдайы нашар елдердің мүдделерін барынша ескеретін жаһандану үлгісін жасау керек». (Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев) 

Бірқатар дамыған елдерде экологиялық технологиялар мен инновацияларды дамытуды ынталандыру жөніндегі ауқымды мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламалар бар, арнайы ғылыми орталықтар мен қорлар құрылған. Стандарттар, салықтар, субсидиялар және басқа да мемлекеттік саясат жасыл технологияларды дамытуға айтарлықтай ынталандыру болып табылады. АҚШ-та экологиялық технологияларды дамытуды ынталандыруға бағытталған көптеген бағдарламалар бар. 2007-2013 жылдары ғылыми-техникалық қызметтің жетінші бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақта экологиялық таза технологияларды дамыту 10 млрд. евро жұмсалды.Қытайда 1600-ден астам мемлекеттік инкубаторлар мен ғылыми парктер бар, олардың басым бөлігі экологиялық таза технологияларды дамыту жобаларына қатысады. Осыған байланысты Қытай алты негізгі бағыт бойынша, соның ішінде жел энергиясын, биоотын өндірісін және көмірді экологиялық жағынан тиімді пайдалануды қоса алғанда әлемдегі жетекші орындардың бірі болып табылады.«Жасыл технологиялардың» негізгі бөлігі түрлі елдердің технологияларымен ерекшеленетін елдермен салыстырмалы түрде аз мөлшерде шоғырланған. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде су мен ауаның ластануына, қалдықтармен күресу технологиялары белсенді дамып келеді. Австралияда – судың ластануына қарсы күрес, Данияда жаңартылатын (ең алдымен жел) энергия үшін, Германияда – ауаның ластануына қарсы күрес, Испанияда – күн энергиясы бойынша технологиялар жұмыс атқарып жатыр. Бразилия, Ресей, Үндістан, Индонезия, Қытай және Оңтүстік Африка елдері қалдықтарды басқару, ластануды бақылау және жаңартылатын энергия көздері бойынша технологияларды әзірлейді. БРИИКС елдерінде «жасыл технологияларды» дамытудың айтарлықтай прогресі де бар.

Тапсырма:

Ой толғау.

Қазақстанды нағыз экологиялық таза мемлекетке айналдырудың 5 ұсынысын беріңіз