§34 Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
Адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады
Ақпараттық технологиялық құралдар |
||
техникалық |
программалық |
ақпараттық |
Техникалық құралдар |
||
дербес компьютер |
байланыс желілері |
желі жабдықтары |
Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.
Мәлімет тарату әдістері |
радио |
журнал |
|
газет |
|
теледидар |
|
жарнама |
|
буклет |
|
кітап |
|
интернет |
|
адамдармен араласу |
Дербес компьютердің пайда болуымен ақпарттық технология дамуының жаңа кезеңі басталды. Профессионалдық және тұрмыстық саланың басты мақсаты адамдардың дербес ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып келеді.
Бөлу белгісі – ақпаратты өңдеу процесі мен есептерінің түрі.
1-кезең (60-70 жж.) – деректерді ұжымдық қолдану режимінде есептеу орталықтарында өңдеу. Ақпараттық технология дамуының негізгі бағыты адамдардың қиындаған операциялық іс әрекеттерін автоматтандыру болды.
2-кезең (80 жылдардан бастап) – стратегиялық есептерді шешуге бағытталған ақпарттық технологияларды құру.
Бөлу белгісі – қоғамды ақпараттандыру жолындағы проблемалар.
1-кезең (60 жылдардың аяғына дейін) ақпараттық құралдар мүмкіндіктерінің шектігі жағдайында деректердің үлкен көлемін өңдеудің қиындығымен сипатталады.
2-кезең (70 жылдардың аяғына дейін) 1ВМ/360 сериялы ЭЕМ-дердің таралуы. Бұл кезең проблемасы – программалық қамтамасыз етудің аппараттық құралдардың даму деңгейінен қалып қоюы.
3-кезең (80 жылдардың басынан бастып) – компьютер профессионалды емес қолданушының құралына, ал ақпататтық жүйелер оның шешім қабылдауын қолдайтын құралға айналды. Проблемалар қолданушының қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру.
4-кезең (90 жылдардың басынан бастап) – ұйымаралық байланыстар мен ақпараттық жүйелердің қазіргі уақыттағы технологияларын құрылуы. Бұл кезеңнің проблемалары айтарлықтай көп. Солардың тоқталарлықтары:
-келісімдерді қалыптастыру және компьютерлік желілерге арналған стандарттар мен протоколдарды бекіту;
-стратегиялық ақпаратқа кіруді ұйымдастыру;
-ақпаратты қорғау мен қауіпсіздігін ұйымдастыру.
2005 жылы әлемдегі ақпарат және коммуникация технологиялырана жұмсалған қаржы мөлшері АҚШ доллары ( 1.096.112.600.000 $)
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру – жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу орындарын, соның ішінде, жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жоғарылауда. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Информатика – іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді. Ақпараттандыруда – білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.
Ақпараттық технология – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
IT-дың қызмет көрсету саласына табыстың 5% жұмсалады екен.
Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:
a) қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін баспа түрінде жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді пайдалану;
b) қоғамдық өндірістің барлық сфераларының дамуын іске асыратын ғылыми және өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау;
c) пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Әлемде тележурналистика 16 сала бойынша да мысалы, интернет журналистика 32 сала бойынша дамып отыр. Интернет журналистикасының негізін интернет сайттары мен порталдар құрайды. Мысалы: авиа, көлік, аниме, архитектураға арналған арнайы салалық, әскери, географиялық, генеалогиялық, мемлекеттік, тарихи, кино, ақпараттық технологиялар саласына қатысты, әдеби, медециналық, музыкалық бағыттағы, білім саласындағы, танымдық, діни, финанс саласындағы, отбасылық, аударма жұмысына арналған, спорттық, театр саласына қатысты, фотография саласына қатысты, экономикалық, заң саласындағы.
Интернет дәстүрлі ақпарат құралдары – телеарна, радио, газеттерге қарағанда аудиториясына әлдеқайда тез қалыптастырды.
Заман талабына сай әлемдік БАҚ жаппай интернет жүйесіне көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды
Интернет контингентінің басты талабы ақпараттың жаңарып отыруы.
Әлем журналистикасының дамуын айқындайтын негізгі 4 фактор:
Жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен бағыттары).
Бұқарасыздандыру немесе демассовизация (дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін болмауда)
Орталықтандырылу немесе конгломерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды)
Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология.
Қазақстандағы ірі топ IT-компанияға кіреді:«Логиком». табысы $156 млнға жуық, «Азия-Софт».жылдық табысы $8 млн – нан астам, EPAM табысы $3,7 млн, Arta Software табысы $3 млнға жуық, «Парма-Телеком» ЖШС жылдық табысы $2 млн, «ПРОГНОЗ Казахстан» айналымы $1,5 млн, «Артвелл» $1,4 млн, КСИ «Фактор». жылдық табысы $865 мыңға жуық, Newinttech — табысы $640 тымнан артық, VerySign табысы $580 мыңды құрайды.Компаниялардың табыстарын сараптау барысында, компьютерлік құрал – жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларға табыстың -81%, бағдарламалық жасақтамалардың жасалуына табыстың 7%, ал өндіріс жабдықтарынатабыстың -6%-ы,
Ұқсастырылуы немесе конвергенция (БАҚ атаулының өзара жақындасуы, ұқсастық табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері)
Тапсырма:
Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдерін жіктеңіз:
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. |
|||
супериндустриалды |
технотронды |
кибернетикалық |
ақпараттық қоғамдар |
Бұл тұжырымдарға тән алғышарт:
1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады;
2) ақпараттық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Ғалымдардың айтуынша техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі индустриалды, үшіншісі ақпараттық.
Ақпарат технологиясы дегеніміз – компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. Ақпараттық технология үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.
Ақпарат технологиясы – ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.
Тапсырма:
:WI-FI алғаш рет нені тексеру үшін жүргізілген сәтсіз эксперимент жасау нәтижесінде пайда болды?