Қорытынды


Ұсынылып отырған «экологиялық сараптама» оқу-әдістемелік құралы дәріс материалдарының кешенін құрайды.

Нұсқаулықтың мазмұны қоршаған ортаға әсерді бағалау қажеттілігін, оның негізгі кезеңдерін, критерийлері мен құжаттамаға қойылатын талаптарды көрсетті.

Экологиялық сараптама жүргізудің маңыздылығын атап өткен жөн, ол жоспарланған басқарушылық, шаруашылық инвестициялық, нормашығармашылық және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал теріс салдарын айқындау мен шектеуден, экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің теңгерімін сақтаудан, сондай-ақ табиғатты пайдалану процесінде үшінші тұлғаларға залалдың алдын алудан тұрады.

Авторлар бұл оқу құралы студенттерге ғана емес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандарға да пайдалы болады деп үміттенеді.

Авторлар барлық сындар мен тілектерді ризашылықпен қабылдайды.