Авторы
Әдебиет
Глоссарий

ІІ Музыка өнері


  1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

 

Дыбыс.

Дыбыс – физикалық құбылыс. Бір нәрсенің екінші нәрсеге әсер етуі арқылы болатын тербелістің үні. Егер де тыныш тұрған затты қозғамаса өзінен-өзі дыбыс шығармайды, ал оны қозғау арқылы пайда болған дыбыс толқыны адамның  есту жүйесі арқылы қабылданады. Табиғатта адам еститін дыбыстың көптеген түрлері бар, бірақ олардың бәрі бірдей музыкалық дыбыс бола алмайды.  Музыкалық дыбыс шулы  дыбыстарға  қарағанда өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Музыкалық дыбыстар көптеген ғасырлар бойындағы музыка мәдениетінің даму барысында музыкалық ойды, бейнені сезіндіру үшін іріктеліп, нақты жүйеге қалыптасты. 

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

 

А тобы

1) Анықтамасын жазыңыз.

Дыбыс қасиеті дегеніміз – оның физикалық ерекшелігі, дыбыс тербелісінің жиілігі, ұзақтығы, тербелісінің құрамы.

Дыбыс сапасы дегеніміз

Сөйлемді толықтырыңыз.

Дыбыстың жоғарылығы  ______________________________  жиілігіне байланысты.

Дыбыс тербелісі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым _________, неғұрлым сирек болса, _____________________, сонша __________________ дыбыс шығады.

Дыбыс ұзақтығы ___________________ қозғалысының ұзақтығына байланысты болады.

Б тобы

2) Музыкалық дыбыстар» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

3) «Дыбыс», «құбылыс» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

 

2. Мәтінді оқыңыз.

Музыкалық жүйе. Дыбыс қатары.

Музыкалық жүйеге 7 негізгі дыбыстар: До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си жатады. Фортепиано аспабында олар ақ басқыштар бойынша орналасқан. Негізгі дыбыстардың бірінен кейін бірі орындалуы дыбыс қатарын құрайды. Дыбыс қатарының негізгі басқыштары буындық, әріптік, сандық белгілермен белгіленеді. Әрбір дыбыстың біртіндеп көтерілуі дыбыс басқышын құрап: До – бірінші баспа, Ре – екінші баспа, Ми – үшінші баспа т.с.с. буындық атаумен, ал сандық атау бойынша До – І, Ре – ІІ, Ми – ІІІ; т.с.с. белгіленеді. Латын санауы бойынша музыкалық басқыштар төмендегідей аталады:

І басқыш – прима

ІІ басқыш – секунда

ІІІ басқыш – терция

ІV басқыш – кварта

V басқыш – квинта

VІ басқыш – секста

VІІ басқыш – септима

Музыкальная шкала

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

1) Берілген мәтінді диалогқа айналдырып жазыңыз.

2) Анықтамасын жазыңыздар.

 

Диапазон – ____________________________________

Регистр –  _____________________________________

 

 3) Сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстың қандай қасиеттері бар?

Дыбыс ұзақтығы неге байланысты?

Дыбыс күші неге байланысты?

Негізгі дыбыстар қалай аталады?

Дыбыс қатарын белгілеу жүйесі қандай?

Диапазон дегеніміз не?

Регистр дегеніміз не?

 

А тобы

4) Сөйлемге қажетті сөздерді қойып жазыңыздар.

Музыкалық дыбыстарды жазу үшін  ...................   қолданылады.

Нота белгісі .............................. .

Ноталардың іші ............... және .................... болып келеді.

Ноталарды орналастыру үшін параллель сызылған........... қолданылады.

        

Қажетті сөздер: ноталар, боялған, боялмаған, дөңгелек, бес сызық.

Б тобы

5) Сұрақтар бойынша мәтін құраңыздар.

Нота жазбасы дегеніміз не?

Нота деген не?

Нота белгілері нені білдіреді?

Нота арқауы дегеніміз не?

Нота арқауына ноталар қалай орналасады?

Нота жазбаларында кілттер не үшін қолданылады?

Кілттің қандай түрлері бар?

 

3) Монологты диалогқа айналдырыңыздар.

                                

Әуен

Бір дауыста жазылған белгілі бір ойды білдіретін ырғақтық, саздық жүйедегі дыбыстар тізбегін әуен дейміз. Музыканың мазмұнын сүйемелдеусіз бір ғана әуенмен беруге (түсіндіруге) болады. Бір дауысқа арналған әуен сөз мәтінімен де, мәтінсіз де болады (ол аспапқа арналған  әуен). Халық әндері, билері бұған мысал бола алады.

 

Мәтін бойынша тапсырма

1) Қазақстандағы музыка өнерінің түрлері жайлы  пікіплесіңіздер

 

 4) Мәтінді оқимыз. Хор өнері туралы білетіндеріңізді баяндаңыздар.

Хор өнері

Хор жанрына тыңнан жол салған Қазақстан сазгерлері – А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Қ.Мусин т.б.

Республикамызда хор өнерін әр кезеңде әр түрлі мамандар ұйымдастырды. Л.Хамиди бұл салада көп еңбек сіңірді. Қазақтың мемлекеттік хор капелласы 1939 жылы ұйымдастырылды. Көптеген іздену, толысу, жаңару жолдарынан өтіп, қазір хор капелласы «Қазақтың мемлекеттік академиялық хор капелласы» деп аталады.

Хорға арнап қазақтың көптеген композиторлары ән жазды. Б.Байқадамов – күйді хорға лайықтап өңдеп түсірген тұңғыш сазгер.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

1) Хор өнері дегеніміз не?

2) Хор өнерінің тарихы жөнінде не білесіз?

3) Қазақстандық хор өнерінің тарихы жайлы не айта аласыз?

 

А тобы

4) Төмендегі сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Хорға арнап қазақтың көптеген композиторлары ән жазды.

Б тобы

5) Қазақстандық хор жанрына үлес қосқан сазгерлер жайлы реферат дайындаңыздар.

6) Кестені толтырыңыздар.

 

5. Мәтінді оқыңыздар.

 

Опера өнерінің түрлері

Опера – сахнада қою үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма. Операдағы  барлық бейнелер сөз бен қимыл, музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.

Операда ән, би, ария, симфониялық шығармалалар орындалады. Операны бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Операның әуелі либереттосы болуы шарт, музыкасы сахнаға бейімделіп жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

1) Опера қандай туынды?

2) Операның басқа туындылардан өзгешелігі қандай?

3) Операның тарихы жайлы не білесіз?

 

Cloud

А тобы

4) Терминдер сөздігін толықтырыңыздар.

Либеретто – опера, балет және ораторияның поэтикалық мәтіні.

Лейтмотив – музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойында жалғасып отыруы.

Увертюра – опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.

Ария – белгілі бір кейіпердің бейнесін ашатын ән.

Ариоза – арияның шағын түрі.

Кантата – хор мен жеке дауысқа арналған мазмұнды шығарма.

Оратория – белгілі бір тарихи тақырыпқа жазылған, жеке әнші, хор орындайтын симфониялық шығарма.

Реквием – көп дауысты қайғылы музыкалық шығарма.

 

5) Сөйлемдерді сәйкестендіріңіздер.

 

1) Опера өнерінің негізін салған

2) Оның алғашқы операсы

3) Е.Рахмадиевтің операсы

4) М.Төлебаевтың операсы

а) «Біржан-Сара»

ә) Е.Брусиловский

б) «қыз Жібек»

в) «Қамар сұлу»

 

6. Мәтінді оқып, толықтыра отырып мазмұндаңыз.

 

Қазақстандағы балет өнері

Балет – театр өнерінің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореграфиялық бейнелер арқылы берілетін спектакль. Балет драматургияның сахналық жобасы.  Ол музыка, хореграфия және бейнелеу өнері түрлерін біріктіреді.

Балет опера жанрында да ерте кездерден күні бүгінге дейін пайдаланылып келеді. Балетке жеке орындаушылар да, жұп орындаушылар да, топтық орындаушылар да қатысады.  Балеттің тақырыптық-мазмұндық аясы өзге сахналық театр өнері жанрлары сияқты кең ауқымды болып келеді.

Қазақтың алғашқы ұлттық балеті – М.Әуезов либереттосы бойынша 1938 жылы жазылған. Ол «Қалқаман-Мамыр» шығармасы.

Қазақ балет өнеріндегі көрнекті шығармалардың бірі – Ғ.Жұбанованың «Аққұс туралы аңыз» балеті. Бұл балеттің негізгі идеясы – бейбіт өмір, жарқын болашақ, халықтар достығын дәріптеу.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

1) Балет өнері дегеніміз не?

2) Қазақтың алғашқы ұлттық балеті жөнінде не айта аласыз?

3) Қазіргі кезде театр сахналарында қойылып жүрген қандай балет өнерін білесіз?

 

А тобы

4) Мәтінді көп дауысты диалогқа айналдырыңыздар.

 

7. Мәтінді оқып, симфониялық музыка жайлы әңгімелейміз.

 

Симфониялық музыка

Оркестр – байырғы замандағы грек елінің сөзі. Қазірде оркестр деп әр түрлі аспаптарда орындай алатын музыкалық аспаптардан құралған үлкен шығармашылық ұжымды атайды. Оркестр өзінің құрамындағы аспаптарға қарай  симфония оркестрі, үрлемелі оркестр, текті аспаптар оркестрі т.б. болып бөлінеді.

Симфония оркестрінің құрамына дыбыс тембрі әр түрлі көптеген аспаптар енеді. Осындай алуан түрлі музыка аспаптарының ойнау техникасы мен дыбыс тембрін еске ала отырып жазған шығармалар симфониялық музыкаға тән. Олар: симфониялар, симфониялық поэмап, увертюра, симфониялық сюита жеке аспаптар мен симфониялық суреттемелер мен фантазиялар, рапсодиялар т.б.Осы үлкен ұжым үшін, яғни симфония оркестріне арнайы жазылған шығарманың барлығы симфониялық музыка деп аталады.

Қазақтың симфониялық және инструментальдық аспаптық музыкасын айтарлықтай байытқан композиторларымыздың бірі Б.Г. Ерзакович болды. Ол «Кәмшәт бөрік», «Дайдидау», «Көгершін» сияқты халық әндерінің негізінде«Увертюра» (1935 жылы) жазып шықты. Бұл шығарма Советтік Қазақстанның 15 жылдығына арналған болатын. Сондай-ақ композитор Д. Д. Мацуциннің «Қазақ тақырыбындағы сюитасы» да осы кезде туған шығармалардың бірі. 1936 жылы Б.Г.Ерзакович қазақтың профессионалдық музыка тарихындағы тұңғыш квартет – «Қазақ квартеті» шығармасын аяқтады. Мұнда да композитор қазақтың халық музыкасына творчестволық ұқыптылықпен қарап, халық қорынан орын алған шығарма жасап берді. Соғыс жылдары дүниеге келген симфониялық шығармалардың бірі Е.Н.Брусиловскийдің «Сарыарқа» сюитасы. Симфонияның әр бөлімінде түрлі характердегі халықтың аспаптық туындыларды шеберлікпен пайдалана отырып, дәуір тынысын тап басатын симфониялық сюита жасаған. Осы кезеңдерде жазылған атақты шығарманың бірі Ленинград композиторы В.В. Великановтың «Қазақ симфониясы» (до-мажор,1947) композитордың ең күрделі шығармасы. Симфонияда арнайы әдеби бағдарлама болмағанымен, ол өзінің музыкалық мазмұны жағынан композитордың 1945 жылғы соғыстың жеңіспен аяқталуына арнап жазған шығармасы еді. Композитор қазақтың ұлттық музыкасының мелодияларын пайдалана отырып, симфонияның бірінші бөлімін қазақтың күй құрылысына жақын етіп, еркін рапсодия, сюиталық формада жазып шыққан(БАҚ материалдары).

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

 

1) Сөйлемді толықтырыңыз.

Симфониялық поэма дегеніміз -

Сюита дегеніміз –

 

А тобы

2) Қазақстан композиторларының қандай симфониялық шығармаларын білесіз?

3) Ғ.Жұбанованың қандай симфонгиялық шығармалары бар?

4) М.Төлебаевтың ше?

5) Қазақстан композиторларынан ең алғаш қай композитор  симфониялық поэма жазды?

Б тобы

6) Мәтінде кездесетін термин сөздермен сөздік құрастырыңыз.

7) Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыз.