1. Мәтінді оқыңыз, түсінгеніңізді қысқаша мазмұндаңыз.
Фольклорлық аспаптар
Қазақ фольклорының үлкен бір саласын музыкалық аспаптар, соларға арналған музыкалық шығармалар құрайды. Оларды біз екі салаға жіктейміз:
1) Фольклорлық музыка аспаптары.
2) Халық музыка аспаптары.
Мұның алғашқысына археологиялық қазба жұмыстары немесе көне дәуірдің түрлі жазба ескерткіштерінде сақталған саз сырнай, мүйіз сырнай, ұран, үскірік, тастауық, най, сырнай, даңғыра, асатаяқ, кепшік, дабыл, қылқобыз, месқобыз, желқобыз, шаңқобыз және т.б. аспаптар жатады. Осы аталған аспаптардың көпшілігі кезінде Б.Сарыбаевтың еңбегінің арқасында қайта оралды. Тарихымызда болғанымен бұлардың барлығы бірдей халық мәдениетінен орын ала бермеген. Музыкалық аспаптардың архаикалық сатыда қалған үлгілері де аз емес. Сонымен бірге Қазақ халқымен бірге жасасып, оның халық ретінде қалыптасуына игі әсер еткен үлгілері де бар. Олар – сыбызғы, қобыз және домбыра.
Бүгінде аспаптану ғылымы қалыптасып отырса, кез келген халықтың музыкалық аспаптары негізгі үш топқа жіктеліп келеді. Олар: аэрофон, хордофон және идиофон.
1) Үрлеп орындалатын аспаптар – аэрофондар (саз сырнай, сыбызғы, керней, жел қобыз, месқобыз).
2) Шертіп ойналатын аспаптар – ходофондар (домбыра, шертер қобыз, т. б.).
3) Ұрмалы аспаптар – идиофондар (асатаяқ, тайтұяқ, даңғыра, кепшік, дауылпаз, т. б.)(БАҚ материалдарынан).
Мәтін бойынша тапсырмалар
1) Музыкаға қатысты терминдерге сөздіктен анықтама жазып, мағынасын меңгеріңіздер.
Аэрофон - _______________________________________
Хордофон - _____________________________________
Идиофон - _______________________________________
2) Өздеріңіз білетін аспаптар жайлы бaяндаңыз.
3) «Менің сүйікті аспабым» тақырыбына эссе жазыңыз.
2. Cіз білесіз бе?
Домбыра туралы аңыз
Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап - шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл «шайтан тиек» деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған(БАҚ материалдарынан).
Мәтін бойынша тапсырмалар
1) Домбыра, күй өнері туралы білетін аңыздарыңызды еске түсіріңіздер.
2) «Ақсақ Құлан, Жошы хан» күй – аңызының қалай шыққаны туралы баяндап беріңіздер.
3. Мәтінмен танысыңыз.
Қобыз –таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі ең көне аспаптардың бірі. Аспап ысқысы бар аспаптардың қатарына жатады. Мұндай аспаптар Орта Азия, Повольжья, Закавказья, Сібір халықтарында сақталған. Әр халықтың ысқылы аспабының атаулары басқа болғанымен, ойнау тәсілдері ұқсайды.
Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөліктерімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі қырыққа тарта жылқы қылынан тартылады. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы - шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады.
П.Паллас оны құс даусына ұқсатып: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады», - десе, Б.Сарыбаев: «Қобыз үнін адам даусына ұқсайды, ащы, зарлы, өксікті үн шығарады», - деген пікір айтады.
4000 жылдық тарихы бар қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. А. Затаевич: «Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды», - дейді. Осының салдарынан ХХ ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды.
Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері ХІX ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы болды.
Дегенмен жоғалып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін қайта әкелу ісінің басында әйгілі қобызшылар Ж.Қаламбаев (1909-1970), Д.Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясы, қыры мен сыры танылып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасы сақталды.
Қобызда ойнап алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан (БАҚ материалдарынан).
Мәтін бойынша тапсырмалар
1)Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
а) Қобыз қандай аспап класына жатады?
ә) Неліктен қылқобыз деп аталған?
б) Қобызшылық дәстүр дегенді қалай түсінесіздер?
в) Қобыздың жасалу технологиясы қандай?
г) Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген музыканттар жайлы не білесіздер?
ғ) Ықылас Дүкенұлы туралы не білесіздер?
2) Мәтіндегі «4000 жылдық тарихы бар қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды» дегенді түсінгендеріңіз бойынша баяндап беріңіздер.
3) Сурет бойынша қобыздың құрылысын баяндап беріңіздер.
4)«Әкеден балаға мұра» тақырыбына шағын эссе жазыңыздар.
5) «Қобыз» мәтінінен синоним болатын сөздерді теріп жазыңыздар.
А тобы
6) Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіздер.
Бақсы –____________________________________
Бақсылық – ________________________________
Кертартпа ескілік –________________________
7) Берілген сөз тіркестеріне сөйлем құраңыздар.
Көненің көзі________________________________
Рухани қазына______________________________
Ұлттық мұра________________________________
Б тобы
8) Берілген музыкалық терминдерге сөздік арқылы анықтама беріңіздер.
Эстрада – ____________________________________________
Консерватория – ______________________________________
классикалық музыка – _________________________________
4. Музыка аспаптары қандай ұлт өкілдеріне тән екенін анықтаңыздар. Төмендегі бағанға жазып көрсетіңіздер.
6. Өзіңіз қандай аспапта ойнайсыз, сол туралы жеті сөйлемнен тұратын эссе жазыңыз.
7. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1) Адырна – один из древних струнных инструментов казахского народа. В старину адырна использовалась охотниками в качестве тетивы лука. Первоначально имела форму лука. С течением времени вид его несколько изменился. Мастера, делавшие адырна, стали стилизовывать инструмент под рога зверей. Встречаются адырна в виде марала, оленя, архара и т.д. Изготавливается адырна в несколько этапов. В начале мастерят из дерева основу в виде того или иного зверя, затем шкурой того же зверя обтягивают основу. К рогам крепятся колышки, затем от них натягивают струны.
2) Казахский музыкальный инструмент, существующий с времен далеких предков. Аса таяк очень часто использовали шаманы в своих ритуальных обрядах. Вырезают его из цельного дерева в виде лопаты. Головка аса таяк расписывается орнаментом, затем к ней крепятся погремушки, издающие специфические звуки при встряхивании. Аса таяк часто используются для аккомпанемента.
3) Дауылпаз – казахский ударный музыкальный инструмент. В старину он широко использовался батырами в походах для передачи сигнала. Изготавливается из цельного дерева. Функций дауылпаза те же, что и у барабана. Дауылпаз состоит из деревянной основы и крышки, на которую натягивают кожу. Дауылпаз широко используется в фольклорных ансамблях.техника игры на инструменте очень проста: на коленях устанавливают адырна и пальцами перебирают струны.
4) Домбыра – широко распространенный казахский музыкальный инструмент, относится к группе струнных. Вырезается она из цельного дерева или комбинированного дерева. Наиболее распространенный вид домбры – двухструнная, однако, существуют несколько разновидностей домбры – это трехструнная, двусторонняя, широко основная, звонкоголосая и с дуплистым грифом.
5) Жетиген - казахский струнный музыкальный инструмент, сохранивший свой первоначальный вид по сей день. Звучание инструмента довольно своеобразное. Строение его очень простое. В народе существует множество легенд о происхождении жетигена. В одной из них говорится о старце, у которого трагически погибли семь сыновей. В честь них убитый горем отец создал жетиген. Жетиген, в переводе с казахского, означает семиструнный. Однако, в последнее время встречаются жетигены с тринадцатью струнами.
6) Желбуаз – один из древних, мало распространенных инструментов. Его относят к группе духовых инструментов. Желбуаз делают из выделанной шкуры козла, придавая форму бурдюка (ёмкость для кумыса). С двух сторон к нему крепятся трубочки, издающие звук. Желбуаз очень лёгкий, вешается на шею. Его звучание использовал Н. Тлендиев в составе оркестра «Отырар сазы».
7) Кыл кобыз - древний смычковый инструмент, хранящий в себе много тайн. Основу кыл кобыз вырезают из дерева. на верхнюю часть смычка натягивают кожу для более звонкого звука. В качестве струн используют конский волос. Встречаются несколько разновидностей кобыза: двух-, трёх-, четырех струнные, «нар кобыз», «жез кобыз». В старину кобыз использовали в основном шаманы и лекари. Происхождение кобыза тесно связано с именем Коркыт ата.
8) Сакпан – народный музыкальный инструмент, имеющий своеобразное звучание. Его широко использовали в быту, особенно в сельском хозяйстве и животноводстве. Пастухи во время весеннего приплода при помощи сакпан сгоняли ягнят в отары, а сельчане отпугивали птиц от посевов. Некоторые использовали его в качестве аккомпанемента, таким образом, он поднялся до уровня музыкального инструмента. Сакпан имеет вид трещотки. Делают его из нескольких деревянных дощечек. Наружную часть украшают орнаментом.
9) Шан кобыз – один из древних музыкальных инструментов, имеющий необычное строение. Его звук напоминает человеческий голос. Во время игры исполнитель зубами, языком и правой рукой извлекает мелодию из инструмента. Шан кобыз изготавливают из тонких дощечек.
10) Колокольчики – музыкальный инструмент. на деревянную основу крепятся колокольчики разного размера. В старину колокольчики использовали пастухи, отпугивая ими волков. Амплитуда звука имеет семь музыкальных тонов. Ученый Болат Сарыбаев, собиравший музыкальные инструменты, широко исппользовал колокольчики вместе с другими народными инструментами.
8. Мәтіндерді орыс тіліне аударыңыздар.
1) Асатаяқ– дауысты аспап. Ол өрнектермен, темірлермен, алқалармен безендірілген, тегіс басты таяқ, ашық және қатты дауысы бар. Аспаптың дыбысын күшейту үшін бақсылар асатаяқтың басына қойылған қоңырауды пайдаланады. Аспапты сілкіген кезде темір қоңырау қосымша дыбысталу береді. Асатаяқ та, даңғыра да шамандық әдет-ғұрыптың ажырамас атрибуттары болып табылады, олар халықтың музыкалық тұрмысында жақсы қолданылған. Өткен ғасырда екі аспап та біртіндеп ұмтыла бастады, бұларды қобыз алмастырды.
2) Дабыл– дабылды аспап, доға екі жағынан терімен тартылған. Дабылды әскерлер қолданған. Бұл аса қатты дыбысты беретін аспап. Ерте кезде дабылды аспаптар (дабыл, дауылпаз, және шыңдауыл) қазақтар өмірінде кең қолданылған. Бұл аспаптардың ашық дауыстары арқылы ауыл тұрғындарын аңға, діни әдет-ғұрыптарды іске асыруға, көшіп-қону туралы хабарлар айтуға шақырған.
3)Даңғыра–қаттыдыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.
4) Жетіген - ескі жетішекті дыбысты аспап, түрі гуслиді немесе жатқан араны еске салады. Жетігеннің көне түрі ағаш бөлігінен ойып жасалған ұзынша жәшік тәрізді болып келеді. Мұндай жетігеннің жоғары жағында бұрандалар болмайды. Шектері аспаптың сыртқы жағына тартылады. Кейіннен жетігеннің жоғары жақ бөлігі ағаш демкамен көмкерілді. Әрбір шектің екі жағына асықтар қойылады. Оларды қозғау арқылы шекті әуенді қалыпқа келтіру іске асырылады.
Егер асықтар жақындатылса, дыбыс өсіп, алыстатылса - төмендетіледі. Қазіргі кезде фольклорлық ансамбльдерде дыбыстың берілімін кеңейту үшін 15 шекке дейін өсірілген қазіргі замандық жетіген қолданылады. Шектерді қалыпқа келтіру бұрандаларды әрлі-берлі қозғау арқылы іске асырылады. Жетіген жайлы, әуезді үнді. «Аңыздар» бөлігінде жетігеннің туу тарихы туралы қайғылы оқиға әңгімеленген.
5) Мүйіз сырнай – ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай-сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
6) Шаңқобыз –тілдікаспаптар тобына жатады. Бұл аспап әртүрлі атпен (арган, темір қомыз, шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге болады.
7) Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған.
8) Домбыра – қазақтың халық аспабы. Домбыра – қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген.