1. Қазақ тілі қандай тілдес топқа жатады?
A) славян;
B) түркі;
C) үнді-европа;
D) кавказ;
E) қытай-тибет.
2. Фразеологизмнің дұрыс мағынасын белгілеңіз. «Тілін жұтып қою».
A) асты-үстіне түсіп, жалпаңдау;
B) артынан қалмау;
C) өте жақсы білу;
D) сөйлей алмау, үнсіз қалу;
E) ерекше іс жасау.
3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» қай заңда жазылған?
A) ҚР Конституциясы 7 бап;
B) ҚР Конституциясы 19 бап;
C) «ҚР Тіл туралы» Заңы 4 бап;
D) «ҚР Тіл туралы» Заңы 7 бап;
E) ҚР-ң «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 1 бап.
4. «Доброе слово – половина блага». Қазақша баламасын көрсетіңіз.
A) жақсы, жақсы сөйлесең, жылан іннен шығады;
B) аз сөз – алтын;
C) жақсы сөз – жарым ырыс;
D) 30 тістен шыққан сөз, 30 елге жетеді;
E) айтылған сөз – атылған оқ.
5. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге ресми қолданылатын тіл.
A) әзірбайжан;
B) ағылшын;
C) түрік;
D) қытай;
E) орыс
6. Бірігу арқылы жасалған жер-су атауын табыңыз.
A) Семей;
B) Торғай;
C) Қарағанды;
D) Талдықорған;
E) Астана.
7. «Тіл – тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген мақалдағы мағынаны тауып жаз.
A) қызық тіл;
B) таныс тіл;
C) өткір тіл;
D) қатты тіл;
E) ащы тіл.
8. «Проработать» сөзінің қазақшасын көрсет.
A) енгізу;
B) жұмыс істеу;
C) өңдеу;
D) жұмысты аяқтау;
E) дұрыс жауабы жоқ.
9. «Қазақстан халықтарын топтастыру» тіркесінің орысша баламасын табыңдар.
A) Диаспора народов;
B) Консолидация народов Казахстана;
C) Ассамблея народов Казахстана;
D) Дружба народа;
E) дұрыс жауабы жоқ.
10. Диаспоралар тілі дегенді қалай түсінесіз?
A) этнос халықтар тілі;
B) шет тілі;
C) мемлекеттік тіл;
D) ана тілі;
E) барлық жауаптар дұрыс.
11. «Вертится на языке» тұрақты тіркесін қазақшаға аударыңыз.
A) тіл алдында;
B) тіл шетіне;
C) тіл ұшында;
D) тіл ортасында;
E) тіл қалпында.
12. «Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таным үнін.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным», – деп жазған қай ақын?
A) Сұлтанмахмұт Торайғыров;
B) Абай Құнанбаев;
C) Мағжан Жұмабаев;
D) Сәкен Сейфуллин;
E) Сәбит Мұқанов.
13. «Егер тілім болса ертең құрымақ, мен дайынмын өлуге бүгін-ақ» – деген қанатты сөздің авторы кім?
A) Р.Гамзатов;
B) Ш.Айтматов;
C) М.Жұмабаев;
D) Н.Назарбаев;
E) дұрыс жауап жоқ.
14. «Тіл – құрал» еңбегінің авторы:
A) Ж.Аймауытов;
B) А.Байтұрсынов;
C) Қ.Жұбанов;
D) В.Алтынсарин;
E) Ш.Уәлиханов.
15. Сөйлемді толықтырыңыз. «Сонымен қатар өңірде ... қазақ тілін үйренуіне жағдай жасалып жатыр.»
A) өзге ұлт өкілдерінің;
B) қазақ халқының;
C) балаларға;
D) студенттерге;
E) ата-аналарға.
16. «Сүт пісірім уақыт» нені білдіреді?
A) ұзақ.
B) тез
C) алыс
D) көп
E) үлкен.
17. Көзді ашып-жұмғанша тіркесі қандай мағынаны береді?
A) тез, лезде, жылдам.
B) алыс, қашық, алшақ.
C) жақсы, сұлу, көрікті.
D) үлкен, зор, ірі.
E) отыр, тұр, жүр.
18. «Үзіліссіз» сөзінің орысша баламасы.
A) без выходных;
B) без обеда;
C) без перерыва;
D) сокращенный день;
E) распорядок дня.
19. Сөйлемді толықтырыңыз. Бос уақытымда мен ... .
A) дәріс тыңдаймын.
B) әуен тыңдаймын.
C) есеп шығарамын.
D) кітап шығарамын.
E) тамақтанамын.
20. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді табыңыз.
A) бас-қан-да;
B) аур-у-ха-на;
C) те-мек-і;
D) ес-ір-ткі;
E) шұғыл-да-ну.
21. «Қазақ халқы-... .» сөйлемді жалғастыр:
A) Өнерге бай халық.
B) бай халық өнерге.
C) Халық бай өнерге.
D) Өнерге халық бай.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
22. Дүние жүзінде қазақ пен қырғызды ғана бар өнер түрі
A) Сәулет.
B) Айтыс.
C) Кино.
D) Театр.
E) Құрылыс.
23. Мақалды толықтырыңыз. «Қалай еңбек етсең, солай ...»
A) табыс табасың
B) демаласың
C) ұйықтайсың
D) жүресің
E) тұрасын
24. «Уақыт» сөзінің синонимін табыңыз
A) кезең
B) заман
C) мөлшер
D) өмір
E) дәуір
25. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Менің анам әкімшілікте істейді. Олардың демалысы...
A) сенбі
B) екі күн
C) жақсы
D) қызықты
E) жексенбі
26. Бір тәулікте неше сағат бар?
A) 20
B) 23
C) 21
D) 24
E) 22
27. Бір жылда неше күн бар?
A) үш жүз алпыс бір;
B) үш жүз алпыс;
C) үш жүз алпыс бес;
D) үш жүз жиырма;
E) үш жүз елу.
28. Бір аптада неше күн бар?
A) тоғыз;
B) жеті;
C) бес;
D) сегіз;
E) алты
29. Бір сағаттағы 60 минуттың 30 минуты өткенде қалай атайды?
A) жарым;
B) жиырма минут;
C) асты;
D) қалды;
E) кетті.
30. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз. Іскер адамның бәріне...
A) уақыт керек;
B) сағат керек;
C) демалыс керек;
D) мөлшер керек;
E) шама керек.