Mobirise Website Builder v4.12.2
free website builder

Қан жүйесі физиологиясы

   Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологы Клод Бернар еді. Ол организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екенін мәлімдеді. 1929 ж. америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты- басты биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз даган жаңа термин ұсынды.Гомеостаз деп қан көлемі мен тұрақтылығы , яғни барлық биологиялық константаларды айтады.

   Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстармен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауып төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта ушін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокиназ дейді.

       Қанның негізгі қасиеттері:

1.Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады.

2.Оттегін өкпеден тіндерге , жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді.

3.Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды тіндерге жеткізеді.

4.Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адам денесіндегі улы заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады.Сөйтіп оларды шығарып тастайды.

5.Қан жасушалары плазмадағы антитәндер денеге енген микроптарды, вирустарды, табиғаты жат улы заттарды бейтараптайды.

6.Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады. Қандағы биологиялық әсері күшті заттарды –гормондар, медиаторлар, метоболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді.