Авторлар
Әдебиеттер

13 Анализаторлар физиологиясы


13.2 Көру анализаторы

Көру талдағышының маңызы қоршаған ортаның заттарын  қабылдауында: олардың жарықтанған дәрежесін, мөлшерін, формасын, кеңістікте орналасуын және де зат пен көз арасындағы қашықтықты анықтауда.

Фоторецепторлар көру талдағышының шеткі бөлімі болып табылады. Фоторецепторлар көру ағзасы көздің торлы қабатында орналасқан.

Жарық қуаты әсерінен фоторецепторларда жүйкелік серпіністер пайда болып көру жүйкесі бойымен (өткізгіштік бөлімі) шүйде аймағына талдағыштың ми бөлігіне түседі. Үлкен ми қыртысының жүйде аймағы нейрондарында көп бейнелі және неше түрлі көру сезімдері пайда болады.

Көз көр ағзасы болып табылады. Ол кө алмасы және жәрдемші аппараттан тұрады. Көз алмасы көз шарасында орналасқан. Оның қабырғасын үш қабат құрайды. Алдыңғы фиброздық немесе сыртқы бөлімі мөлдір қасаң деп аталады, да ол склераға, немесе ақ түсті қабығына өтеді. Көздің келесі қабаты тамырлы қабат болып табылды. Ішкі фоторецепторлары таяқшалар мен сауытшалар бар торлы қабаттан тұрады.

Көздің құрамына торлы қабық болып табылатын рецепторлық аппарат және оптикалық жүйе кіреді. Соңғының маңызы ол жарық сәулелерін жинап және торлы қабықта заттардың айқын, бірақта кішіртілген  және теріс түрінде айқын бейнесін көрсетуін қамтамасыз етеді.

Көздің оптикалық жүйесі мөлдір қасаң қабығының алдыңғы және артқы беттерімен, көз түймесімен және шыны тәрізді денемен көрсетілген. Көзге түсетін жарық әулелері оның оптикалық жүйесінен өтіп барып торлы қабыққа түседі. Көздің оптикалық жүйесінің сындырғыш күшін диоптриларда көрсетіледі. Бір диоптрия 100 см фокустық ара қашықтығы бар линзаның сындырғыш күші. Сындырғыш күші көбейткенде фокустық қашықтық азаяды. Көздің оптикалық жүйесінің сыну күші алыстағы заттарды қарастырған кезде шамамен 58,6 диоптрияны құрайды және жақын орналасқан заттардан шағылысқан жарық сәулелерінің торлы қабығына бағытталған кезде шамамен 70,5 диоптрияға дейін артады.

Затты айқын көру үшін оның барлық нүктелерінен шығатын сәулелер торлы қабыққа түсуі керек. Қалыпты көретін адамдар жақын және алыс орналасқан заттарды жақсы көре алады. Әр түрлі қашықтықтарда орналасқан заттарды көздің анық көруіне  бейімделуі аккомодация деп аталады. Аккомодация көз бұршағының қисықтығының өзгеру жолымен іске асырылады, бұл оның сындыру қабілеттілігінің өзгеруіне әкеледі. Жақын орналасқан заттарға қарағанда көз бұршағы домаланады, осы нәтижеде заттан шашырайтын сәулелер көздің торлы қабығында бірігеді.

Көздің аккомодациялық механизмі көз бұршағы дөңестігін өзгертетін кірпіктік бұлшық еттердің жиырылумен байланысты.

Көзде сәулелер сынуының екі басты анамалиялары бар: алыстан жақсы көрушілік және жақынан жақсы көрушілік. Олар көз алмасы осінің ұзындығы өзгеруімен байланысты.

Алыстан жақсы көрушілік. Алыстан жақсы көретін көздің бойлық осі қысқа, сондықтан алыс орналасқан заттардан келген сәулелер, торлы қабық артына жиналады. Ал сетчаткада (торлы қабықта) заттың анық емес, бұлыңғыр бейнесі пайда болады. Көздің оптикалық жүйкесінің бұл жетіспеушілігі сәулелердің сынуын күшейтетін екі жағы юөңес шыны қолдану арқылы жөндеуге болады.

Жақыннан жақсы көрушілік. Егер көдің бойлық өсі өте ұзын болса, онда басты фокус сетчаткада емес оның алдына шыны тәрізді денеде болады. Алыстан жақсы көру үшін жақыннан жақсы көретін адам көзінің алдына,хрусталитің сындыру күшін азайтатын және сол себептен бейнені сетчаткаға жылжытатын, ойыс шынылар қою керек.

Торлы қабық және оның құрылысы. Торлы қабықтың күрделі және көп қабатты құрылымы бар. Мұнда өзінің қызметтік маңызы бойынша екі түрлі фоторецепторлар орналасқан: таяқшалар және сауытшалар. Таяқшаларда родопсин пигменті немесе көру пурпуры, сауытшаларда йодопсин пигменті бар.

Жарық әсер еткенде таяқшалар мен сауытшаларда физикалық және химиялық үрдістер іске асырылады. Атап айтқанда, жарық әсерінен родопсин бұзылады. Көзді қараңғылағанда көру пурпуры қалпына қайтып келеді. Бұл үшін А витамины қажет. Егер организмде А витамині жоқ болса, онда родопсин түзілуі кенет бұзылады да гемеалопия (ақшам соқырлығы), яғни қараңғыда немесе ымырт түскенде (әлсіз жарық кезінде) адам көзі жақсы көрмей қалады. Йодопсинде жарық әсерінен бұзылып, қараңғыда қалпына келеді. Йодопсин көру пурпурына қарағанда 4 есе баяу ыдырайды.

Адамның торлы қабығында 6–7 млн сауытшалар және 110–125 млн таяқшалар бар. Таяқшалармен сауытшалар торлы қабығында әр түрлі орналасқан.

Торлы қабықтың орталық жұңқырында тек қана сауытшалар бар (1 мм3 – 140 мыңға дейін). Торлы қабықтың шетіне қарай сауытшалар мөлшері азайып, таяқшалар көбейеді. Торлы қабықтың шет бөлімінде тек қана сауытшалар болады. Көздің торлы қабатының тек қана сауытшалар жиналған жері дақ (сары дақ) деп аталады. Көру жүйкесінің емізгісі (диск) фоторецепторлар мүлдем жоқ. Бұл жер соқыр дақ деп аталады.

Егер сол көзді жауып, оң көзбен крестке қадалсаң, онда суретті көзбен белгілі қашықтыққа (шамамен 25 см) жақындатқанда домалақ жоқ болады, себебі оның бейнесі соқыр даққа түседі.

Адаптация. Көздің жарық қабылдау сезімділігі заттың жарықтанғанына тәуелді. Егер адам қараңғы бөлмеден жарық бөлмеге ауысса, онда алғашында көздері көрмей қалады. Бара, бара көз, сетчаткасы фоторецепторларының сезімділігі төмендеуі есебінде, жарыққа бейімделеді. Бұл құбылыс жарық адаптациясы деген атқа ие. Жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге ауысқанда адам алдымен ештеңке көрмейді. Біраз уақыттан кейін торлы қабықтың фоторецепторларының сезімталдығы күшейіп, заттардың контуры көріне бастайды, одан кейін әр бөліктері айқындала бастайды, яғни қараңғылық адаптация көрінеді.

Бинокулярлық көру. Заттарды екі көзбен қарап көру бинокулярлық көру деп аталады. Адам бір затқа екі көзімен қарағанда, ол екі бірдей зат көрмейді. Бұл бинокулярлық көру кезінде барлық заттардан бейнелеу сетчатканың сәйкес немесе ұсақ учаскілеріне түседі, осы нәтижеде адамның түсінігінде бұл екі кескін беру болып көрінеді.

Бинокулярлық көру затқа дейінгі ара қашықтықты, оның сыртқы  пішінін анықтаған кезде үлкен маңызы бар.

Түрлі түсті көру. Адам өте көп түсті ажырата алатын қабілеті бар. Үшкомпоненттік теорияға (Ломоносов Гельлпалық) сәйкес сетчаткада қызыл, жасыл және көккүлгін түстерді қабылдайтын үш типті фотосезімтал  сауытшалар бар.

 

Бақылау сұрақтары

1. Анализаторлар құрылысының жалпы ерекшеліктері.

2.Анализаторлардың негізгі функциялары.

3. Рецепторлар жайлы түсінік.

4. Көз аккомодациясы, оның механизмі.

5. Түсті ажырату, түсті көру.