3.3 Қантамыр жолының құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы
Тамырлар арқылы қанның қозғалу заңдылықтарын зерттейтін жүрек-тамыр жүйесі физиологиясының бөлімі гемодинамика деп аталады. Гемодинамиканың негізгі заңдылықтары мен тамыр жүйесінің сипаттамалары:
1) Тамырлар арқылы қан қозғалысын қамтамасыз ететін күш қан айналымы шеңберлерінің басындағы және соңындағы қан қысымының айырмашылығына тең (қан айналым градиенті). Қан айналымы градиенті δР = Рб – Рс тең. Қан қысымы миокардтың жиырылу нәтижесінде туындайды.
2) Қан қозғалысына кедергі келтіретін тамыр жүйесіндегі қедергілер. Қан айналымының үлкен шеңберінің әртүрлі бөлімдері қан ағымына әртүрлі кедергі келтіреді. Жалпы кедергі (100 %) келесі құрауыштардан тұрады: аорта мен ірі артериялардағы кедергі – 19 %, ұсақ артериялар мен артериолаларда – 50 %, капиллярларда – 25 %, венулаларда – 4 %, көктамырларда – 3 %. Қантамырларының радиусы ұлғайған сайын токқа қан кедергісі азаяды, азайған кезде артады.
3) Қан айналымының үздіксіздігі. Қан айналымының үздіксіздігінің маңызды шарты қан ағымы көлемінің теңдігі болып табылады – қанның бірдей мөлшері қалыпты түрде кіші және үлкен айналымның кез-келген аймағында қан тамырларының жалпы көлденең қимасы арқылы өтеді. Уақыт бірлігінде тамырдың көлденең қимасы арқылы өтетін қан көлемін қан ағымының көлемдік жылдамдығы деп атайды (мл/мин). Тамыр жүйесінің барлық бөліктеріндегі қан ағымының көлемдік жылдамдығы бірдей 46 л/мин.
4) Қанның қанайналым жүйесінің негізгі бөліктері бойынша таралуы. Жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі қан келесідей бөлінеді: диастола кезінде жүректе – 7 %, үлкен қан айналым шеңберінде 84 % (оның ішінде аорта мен артерияларда – 14 %, капиллярларда 6 %, көктамырларда – 64 %), кіші қан айналым шеңберінде – 9 %.
5) Қан ағымының сызықтық жылдамдығы. Қан ағымының сызықтық жылдамдығы қан бөлшегінің уақыт бірлігінде жүріп өткен қашықтығымен өлшенеді. Бірдей жылдамдықта қан ағысы жолының әртүрлі бөліктеріндегі қан ағымының сызықтық жылдамдығы кең аралықтарда өзгереді: аортадағы 20–25 см/с капиллярларда 0,03–0,05 см/с дейін төмендейді, бұл заттардың ұлпаларға тасымалдануы үшін маңызды. Жалпы қан тамырлар жүйесіндегі қан ағымының сызықтық жылдамдығы толық қан айналымының уақытымен бағаланады, ол қалыпты жағдайда 21–23 секундты құрайды.