Оқу құралы «6В05101 – Биология» және «7М05101 – Биология» мамандықтарының білім алушыларына арналған жануарлар физиологиясы бойынша дәрістердің қысқаша курсы болып табылады, құралды «Жануарлар физиологиясы», «Адам және жануарлар физиологиясы» пәндерін оқу кезінде қолдануға болады.
Оқу құралы жоғары сатыдағы жануарлардың физиологиясының ерекшеліктерін қарастырады. Жануарлардың жүрек-қан тамырлар, ас қорыту, тыныс алу, бөліп шығару, көбею, реттеудің физиологиялық функциялары сияқты физиологиялық процестерінің негіздері, сондай-ақ жоғары сатыдағы жануарлардың қоршаған ортадағы рөлі мен ортамен әрекеттесу кезіндегі мінез-құлқы бойынша сұрақтарды қарастыратын дәріс материалдарынан құралған. Әр тақырыптың теориялық материалын бекіту мақсатында білім алушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бақылау сұрақтары қоса берілген. Сонымен қатар оқыту барысында материалды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тест тапсырмалары ұсынылған.
Бұл оқу құралы кіріспеден, он бес бөлімнен, қорытындыдан, тест тапсырмалары мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.