Авторлар
Әдебиеттер

Қорытынды


«Жануарлар физиологиясы» оқу құралында биология ғылымының организм мен оның жекелеген бөліктерінің тіршілік әрекетін зерттейтін саласы ретінде организмнің физиологиясының негізі қарастырылған. Әр бөлім жоғары сатыдағы жануарлардың физиологиялық процестерінің, соның ішінде жүрек-қан тамыр, тыныс алу, бөліп шығару, көбею, зат алмасу, эндокриндік жүйесі мен жүйке жүйесі бойынша теориялық материалдар берілген. Қоршаған ортамен организмнің әрекеттесуі кезінде қалыптасатын мінез-құлқы мен олардың алатын орны бойынша мәселелері қарастырылған. Бұл жануарлар физиологиясының негізгі түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыруға көмектеседі.

Құралда білім алушылардың тәжірибелік біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мақсатында бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары ұсынылған.

Оқу құралы мемлекеттік стандарттың талаптары мен «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғымының СМЖ ҰС 8.11.4-23 «Оқу және ғылыми әдебиеттерді ресімдеуге және басып шығаруға қойылатын жалпы талаптарына» сәйкес әзірленді.

«Жануарлар физиологиясы» оқу құралы білім берудің барлық нысанындағы студенттерге болашақ биолог маманы ретінде нағыз маман болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, білім-дағдыларын биологтың болашақ кәсіби қызметінде, ғылыми жобаларды іске асыруда және ғылыми зерттеулер жүргізуде қолдана алады.