1. Жасуша құрылымының прокариоттық түрі бар организмдерге жататындары:
А) бактериялар;
В) цианобактериялар;
С) қарапайымдылар;
D) ашытқы жасушалары;
Е) жіп тәрізді саңырауқұлақтар;
F) вирустар;
G) плазмидалар;
H) көк -жасыл балдырлар.
2. Жануар, өсімдік немесе басқа жасушадан тыс өмір сүре және көбейе алмайтын, тірі және жансыз арасындағы шекарада тұрған, тіршіліктің ең ұсақ қарапайым формалары:
А) бактериялар;
В) цианобактериялар;
С) қарапайымдылар;
D) ашытқы жасушалары;
Е) жіп тәрізді саңырауқұлақтар;
F) вирустар;
G) плазмидалар;
H) көк-жасыл балдырлар.
3. Абсолютті жасушаішілік паразиттер болып табылатындар:
А) бактериялар;
В) цианобактериялар;
С) қарапайымдылар;
D) ашытқы жасушалары;
Е) жіп тәрізді саңырауқұлақтар;
F) вирустар.
4. Адам ағзасына кері әсер етпейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдердің аталуы:
А) патогенді емес;
В) патогенді;
С) вирулентті;
D) спорофиттер;
Е) сапрофиттер.
5. Органикалық субстраттарда тіршілік етіп қоректенетін, адам ағзасында әртүрлі аурулар туғызатын микроорганизмдердің аталуы:
А) патогенді емес;
В) патогенді;
С) вирулентті;
D) спорофиттер;
Е) сапрофиттер.
6. Дөңгелек пішінді микроорганизмдерге жататындар:
А) сфера пішінді бактериялар;
В) коккалар;
С) спириллалар;
D) спирохетталар;
Е) вирустар;
F) бациллалар;
G) вибриондар.
7. Бір жазықтықта бөлінетін және бөлінгеннен кейін жеке орналасқан шар тәрізді бактериялар немесе коккалардың аталауы:
А) микрококкалар;
В) диплококкалар;
С) стрептококкалар;
D) тетракоккалар;
Е) сарциналар;
F) стафилококкалар.
8. Бір жазықтықта бөлінетін және бөлінгеннен кейін жасушалары жұп болып орналасатын шар тәрізді бактериялар немесе коккалардың аталуы:
А) микрококкалар;
В) диплококкалар;
С) стрептококкалар;
D) тетракоккалар;
Е) сарциналар;
F) стафилококкалар.
9. Бір жазықтықта бөлінетін, бөлінгеннен кейін жасушалар арасындағы байланысты сақтайтын және тізбек түрінде орналасқан коккалар бактериялардың қандай туысына жатады:
А) микрококкаларға;
В) диплококкаларға;
С) стрептококкаларға;
D) тетракоккаларға;
Е) сарциналарға;
F) стафилококкаларға.
10. Өзара перпендикуляр екі жазықтықта бөлінетін және бөлінгеннен кейін тетрада түзетін сфералық бактериялардың аталуы:
А) микрококкалар;
В) диплококкалар;
С) стрептококкалар;
D) тетракоккалар;
Е) сарциналар;
F) стафилококкалар.
11. Өзара перпендикуляр үш жазықтықта бөлінетін және бөлінгеннен кейін 8, 16, 32, 64 жасушалардан тұратын пакеттерге орналасатын коккалардың аталуы:
А) микрококкалар;
В) диплококкалар;
С) стрептококкалар;
D) тетракоккалар;
Е) сарциналар;
F) стафилококкалар.
12. Бірнеше жазықтықта бөлінетін бөлінгеннен кейін жасушалары жүзім шоғыры түрінде орналасатын коккалардың аталуы:
А) микрококкалар;
В) диплококкалар;
С) стрептококкалар;
D) тетракоккалар;
Е) сарциналар;
F) стафилококкалар.
13. Шар тәрізді дөмбешіктері бар таяқша тәрізді бактериялардың аталуы:
А) тубероидты жасушалар;
В) бактериялардың жіп тәрізді формалары;
С) цилиндр тәрізді бактериялар;
D) тороидты жасушалар;
Е) полиморфты бактериялар.
14. Жасуша қабырғасы жоқ бактерияларға жатады:
А) тубероидты жасушалар;
В) бактериялардың жіп тәрізді формалары;
С) цилиндр тәрізді бактериялар;
D) тороидты жасушалар;
Е) полиморфты бактериялар.
15. Микроорганизмдердің өсуі мен дамуына әсер ететін сыртқы ортаның физикалық факторларына жататындар:
А) температура;
В) қоректік орта реакциясы;
С) ылғалдылық;
D) антисептикалық заттар әсері;
Е) осмостық қысым;
F) қоректік ортаның химиялық құрамы;
G) микроорганизмдердің басқа организмдермен қарым қатынасы.
16. Микроорганизмдердің өсуі мен дамуына әсер ететін сыртқы ортаның химиялық факторларына жататындары:
А) температура;
В) қоректік орта реакциясы;
С) ылғалдылық;
D) антисептикалық заттар әсері;
Е) осмостық қысым;
F) қоректік ортаның химиялық құрамы;
G) микроорганизмдердің басқа организмдермен қарым қатынасы.
17. Микроорганизмдердің өсуі мен дамуына әсер ететін сыртқы ортаның биологиялық факторларына жататындары:
А) температура;
В) қоректік орта реакциясы;
С) ылғалдылық;
D) антисептикалық заттар әсері;
Е) осмостық қысым;
F) қоректік ортаның химиялық құрамы;
G) микроорганизмдердің басқа организмдермен қарым қатынасы.
18. Микроорганизмнің физиологиялық талаптарына сәйкес келетін температураның аталуы:
А) температуралық оптимум;
В) температуралықминимум;
С) температуралық максимум;
D) абсолютті температура;
Е) экстремалды температура.
19. Температуралық факторға байланысты микроорганизмдердің экологиялық топтары:
А) психрофилдер;
В) мезофилдер;
С) термофилдер;
D) анемофилдер;
Е) гидрофилдер.
20. Салқын бұлақтарды, терең көлдерді және мұхиттарды мекендейтін, тоңазытқышта сақтау кезінде өнімдерде жақсы дамитын микроорганизмдер тобы:
А) психрофилдер;
В) мезофилдер;
С) термофилдер;
D) анемофилдер;
Е) гидрофилдер.
21. Орташа температурада тіршілік ететін микроорганизмдердің тобы:
А) психрофилдер;
В) мезофилдер;
С) термофилдер;
D) анемофилдер;
Е) гидрофилдер.
22. Топырақта, тастанды суларда, көңде, гейзерлерде және шөл құмдарында көптеп кездесетін, жоғары температурада дамитын микроорганизмдер тобы:
А) психрофилдер;
В) мезофилдер;
С) термофилдер;
D) анемофилдер;
Е) гидрофилдер.
23. Бактериялардың вегетативті формаларын жою үшін өнімді 63–80°C температурада 20–40 минут бойы қыздыру процесінің аталуы:
А) пастеризация;
В) стерилизация;
С) сублимация;
D) аэрация;
Е) фламбирлеу.
24. Арнайы құрылғыларда - автоклавтарда (қысымдағы қатты қыздырылған бу) 112–120°C температурада 20–60 минут немесе 160–180°C температурада кептіру шкафтарында 1–2 сағат (құрғақ жылу) өңдеу процесі қалай аталады:
А) пастеризация;
В) стерилизация;
С) сублимация;
D) аэрация;
Е) фламбирлеу.
25. Азық түлік заттарды мұздатылған күйде, жоғары вакуумда кептіру процесінің аталуы:
А) пастеризация;
В) стерилизация;
С) сублимация;
D) аэрация;
Е) фламбирлеу.
26. Ас тұзының жоғары концентрациясында (20 % және одан жоғары) қалыпты дамитын микроорганизмдер тобы:
А) галлофилдер;
В) мезофилдер;
С) гидрофилдер;
D) термофилдер;
Е) психрофилдер.
27. Бір ценоздың бөлігі ретінде дамитын, бір-біріне тікелей әсер етпейтін микроорганизмдер арасындағы қатынастар түрі:
А) бейтараптылық;
В) бәсекелестік;
С) синтрофия;
D) симбиоз;
Е) комменсализм.
28. Қоршаған ортаның белгілі ресурстың жетіспеушілігінен тұындайтын, бір немесе әртүрлі түрдегі микроорганизмдердің бәсекеге түсетін, өзара қарым-қатынасының түрі:
А) бейтараптылық;
В) бәсекелестік;
С) синтрофия;
D) симбиоз;
Е) комменсализм.
29. Өзара тиімділік үшін нақты экологиялық жағдайларға бейімделген екі немесе одан да көп микроорганизмдердің түрлерінің өзара әрекеттесуі:
А) бейтараптылық;
В) бәсекелестік;
С) синтрофия;
D) симбиоз;
Е) комменсализм.
30. Жүйе серіктестерінің бірі (комменсал) екіншісіне (қожайын), сыртқы ортамен қарым-қатынасын реттеуді тапсыратын, бірақ онымен тығыз қарым-қатынасқа түспейтін симбиоз формасы:
А) бейтараптылық;
В) бәсекелестік;
С) синтрофия;
D) симбиоз;
Е) комменсализм.
31. Екі түрлі организмдердің бірі (паразит) екіншісін (қожайын) тіршілік ету ортасы (1-ші ретті орта) немесе қорек көзі ретінде пайдаланып, сыртқы ортамен (2-ші ретті орта) қарым-қатынастарын реттеуді оған сеніп тапсыратын антагонистік қатынастың нысаны:
А) паразитизм;
В) мутуализм;
С) жыртқыштық;
D) антагонизм;
Е) комменсализм.
32. Серіктестер арасындағы қарым-қатынас, өзара тиімділікпен сипатталатын және олардың ешқайсысы екіншісінсіз өмір сүре алмайтын симбиоз түрі:
А) паразитизм;
В) мутуализм;
С) жыртқыштық;
D) антагонизм;
Е) комменсализм.
33. Бірі екіншісін қоректенуге пайдаланатын екі топ ағзаларының қатынасы:
А) паразитизм;
В) мутуализм;
С) жыртқыштық;
D) антагонизм;
Е) комменсализм.
34. Микроорганизмдердің бір түрі екіншісінің өсуін тежейтін немесе толығымен басатын кездегі қатынастар:
А) паразитизм;
В) мутуализм;
С) жыртқыштық;
D) антагонизм;
Е) комменсализм.
35. Өсімдіктердің тамыр жүйесінің әрекеті әсер ететін, тамырларға іргелес жатқан топырақ қабатының аталуы:
А) ризосфера;
В) педосфера;
С) микросфера;
D) термосфера;
Е) эндосфера.
36. Өсімдіктердің жер үсті бөліктерінің бетінде және тұқымда тіршілік ететін микрофлора:
А) эпифитті микрофлора;
В) эндосфералық микрофлора;
С) ризосфералық микрофлора;
D) беткі микрофлора;
Е) микоризалық микрофлора.
37. Саңырауқұлақтар мен өсімдік тамырларының арасында ерекше симбиотикалық байланысынан пайда болатын түзіліс:
А) микориза;
В) тамырсаңырауқұлақ;
С) түйнектер;
D) галлалар;
Е) өсінділер.
38. Қауымдық деңгейдегі микроорганизмдер арасындағы түраралық байланыстар мен өзара әрекеттесуге арналған микроорганизмдер экологиясының бөлімі:
А) микробтық синэкология;
В) микоэкология;
С) микробиологиялық экология;
D) фитоэкология;
Е) микроэкология.
39. Конструктивті және энергетикалық жасушалар алмасу процестерінде микроорганизмдердің органикалық және минералды заттарды өңдеу қабілетіне және олардың аэробты және анаэробты биохимиялық белсенділігін пайдалануына негізделген ағынды суларды тазарту әдістеріне жатады:
А) биологиялық тазарту әдістеріне;
В) химиялық тазарту эдістеріне;
С) физикалық тазарту әлістеріне очистки;
D) механикалық тазарт у әдістеріне;
Е) физико-химиялық тазарту әдістеріне.
40. Табиғи жағдайларда ағынды суларды тазарту, арнайы жер учаскелерінде топырақ қабаттары арқылы сүзу процесінде жүзеге асырылады. Сондай учаскілердің аталуы:
А) сүзу өрістері;
В) биологиялық сүзгілер;
С) суару алқаптары
D) аэротенктер;
Е) биологиялық тоғандар.
41. Ағынды суларды тазарту және ауыл шаруашылығы дақылдарын (шөптер, көкөністер, жеміс ағаштары және т.б.) өсіру үшін бір мезгілде пайдаланылатын бірдей жер телімдері:
А) сүзгі өрістер;
В) биологиялық сүзгілер;
С) суару алқаптары;
D) аэротенктер;
Е) биологиялық тоғандар.
42. Арнайы тазарту құрылыстарында ағынды (сточные) суларды жасанды жағдайда тазарту:
А) сүзгі өрістер;
В) биологиялық сүзгілер;
С) суару алқаптары;
D) аэротенктер;
Е) биологиялық тоғандар.
43. Ірі түйіршікті материалмен (шлак, қиыршық тас немесе кеуекті пластмасса блоктары) толтырылған резервуарлар қабаттары арқылы, ағынды суларды сүзіп өткізумен тазарту құрылыстын аталуы:
А) сүзгі өрістер;
В) биологиялық сүзгілер;
С) суару алқаптары;
D) аэротенктер;
Е) биологиялық тоғандар.
44. Тұндырылған ағынды сулармен бірге, белгілі бір мөлшерде белсенді лай (қабыршақ түрінде) деп аталатын, негізгі бөлігі әртүрлі микроорганизмдерден тұратын қоспаны құйятын бассейндердің аталуы:
А) сүзгі өрістер;
В) биологиялық сүзгілер;
С) суару алқаптары;
D) аэротенктер;
Е) биологиялық тоғандар.
45. Бактериалды аэрозольдын негізгі фазалары:
А) тамшы фаза;
В) сұйық фаза;
С) ұсақядролы фаза;
D) қатты фаза;
Е) «бактериалды шан» фазасы.
46. Ауа микрофлорасының зерттеу әдістері:
А) седиментация әдісі метод;
В) индикация әдісі;
С) сүзу әдісі;
D) спектралды анализ;
Е) фракциялық әдіс.
47. Қалыпты жағдайда эволюция процесінде дамыған макроорганизм мен оның микрофлорасының динамикалық тепе-теңдік күйі мына ұғыммен белгіленеді:
А) эубиоз;
В) анабиоз;
С) симбиоз;
D) энтеробиоз;
Е) биоценоз.
48. Кез келген биотоптардың табиғи микрофлорасының топтары:
А) резиденттік;
В) аралас;
С) транзиторлық;
D) полиморфты;
Е) мономорфты.
49. Дененің тұрақты микрофлорасының фракциялары:
А) облигатты;
В) доминантты;
С) факультативті;
D) патогенді;
Е) аралас.
50. Биосферадағы азот айналымының кезеңдері:
А) молекулалық азоттың фиксациясы;
В) аммонификация;
С) нитрификация;
D) денитрификация;
Е) шайылып кету;
F) шөгу;
G) жел әсеріне ұшрау;
H) минерализациялану.
51. Бактериялардың жасуша қабырғасындағы зат:
A) целлюлоза;
B) хитин;
C) муреин;
D) лигнин;
E) пектин.
52. Ботулизм тұдыратын бактерия туысы:
A) бацилла;
B) стрепококк;
C) клостридия;
D) псевдомонада;
E) протей.
53. Микрофлорасы жоғары бейімделген, адам және жануарлар мүшелері:
A) бронхтар;
B) мұрын куысы;
C) тоқ шек;
D) ауыз қуысы;
E) тері беті.
54. Микроорганизмдер іс жүзінде болмайтын адам мүшелері:
A) ащы ішек;
B) бронхтар;
C) альвеолалар;
D) мұрын құысы;
E) көз.
55. Өсімдіктердің сабағы мен жапырақтарының бетінде дамитын микроағзалар қалай аталады?
A) ризосфералық микрофлора;
B) эпифитті микрофлора;
C) беткі микрофлора;
D) жапырақ микрофлорасы;
E) сабақ микрофлорасы.
56. Микроорганизмдер көп мөлшерде болатын қоршаған орта компоненті.
A) су беті;
B) тау етегіндегі аймақтар;
C) топырақ;
D) атмосфераның төменгі қабаты;
E) терен су қабаттары.
57. Бөлінгеннен кейін жасушалардың бір-біріне қатысты орналасуы бойынша кокктар келесі формаларға бөлінеді:
A) монококтар;
B) бактериялар;
C) стафилококктар;
D) бациллалар;
E) вибриондар;
F) стрептококктар;
G) спирохеталар;
H) стрептобактериялар.
58. Бір жазықтықта бөлінгеннен кейін, жұппен байланысып қалатын кокктар және әртүрлі ұзындықтағы тізбектер құрайтын кокктардың аталуы:
A) диплококктар;
B) монококктар;
C) стрептококктар;
D) сарциналар;
E) стрептобактериялар;
F) спириллалар;
G) стрептобациллалар;
H) спирохеталар.
59. Бактериялардың көбі келесі пішінді болады:
A) цилиндр тәрізді;
B) сфера тәрізді;
C) қан дәуір тәрізді (ланцетті);
D) таяқша пішінді;
E) бұршақ тәрізді;
F) жұлдыз тәрізді;
G) эллипс тәрізді;
H) иілген пішінді.
60. Таяқша тәрізді, спора түзетін бактериялардың аталуы:
A) сарциналар;
B) вибриондар;
C) спирохеталар;
D) стрептобактериялар;
E) бациллалар.
61. Бактерия жасушасы қабықшасының қызметі:
A) қорғаныс қызметі;
B) ферменттер синтезі;
C) ақуыз синтезі;
D) капсула түзу;
E) спора түзеді.
62. Микроорганизмдердің ерекше қасиеттері:
A) көбеюдің жоғары жылдамдығы;
B) жасушалары 1 мм-ден үлкен болуы;
C) ядросының болуы;
D) табиғатта жергілікті таралуы;
E) бейімделушіліктің төмен болуы.
63. Бактериялардың негізгі таксономиялық категориялары:
A) туыс;
B) штамм;
C) клон;
D) суббірлік;
E) таксон.
64. Бактериялардың сирек кездесетін түрлері:
A) спирохеталар;
B) құрт тәрізді пішінді түрлер;
C) спириллалар;
D) вибриондар;
E) стафилококкалар;
F) стрептококкалар.
65. Шар пішінді бактерияларға жататындары:
A) диплобактериялар;
B) сарциналар;
C) бациллалар;
D) стафилококкалар;
E) стрептококкалар.
66. Құрамы бойынша қоректік орта түрлері:
A) жартылай синтетикалық (құрамы белгісіз)
B) сұйық
C) жартылай сұйық
D) синтетикалық (құрамы белгілі)
E) шоғырлау
F) тығыз.
67. Табиғи қоректік орта түрлері:
A) ет-пептон сорпасы;
B) қан агары;
C) сүт
D) қант қосылған орталар
E) ет-пептон желатинді орта
F) ет-пептон агары.
68. Топырақтың бактериологиялық зерттеулерінің өткізу уақыты:
A) сынама алу күні;
B) бір аптада;
C) бір ай бойы;
D) үлгіні зерттеу уақыты шектелмейді;
E) жыл бойы.
69. 1 г топырақта болатын микроорганизмдердің саның анықтайтын көрсеткіш:
A) Петри табақшасында өсірілген колониялар саны бойынша;
B) микроскопиялық зерттеу нәтижелері бойынша;
C) қоректік орталарда өсу сипатына қарай;
D) топырақ үлгісі салмағының өзгеруі арқылы;
E) микроскоп объективінде тікелей санау арқылы.
70. Суда микроорганизмдердің болуын анықтайтын негізгі факторы болып табылады:
A) органикалық қалдықтардың болуы;
B) су температурасы;
C) судың өтімділігі;
D) суда еріген оттек мөлшері;
E) бейорганикалық заттардың болуы.
71. Судың бактериологиялық зертелудің мақсаты:
A) 1 мл судағы микробтардың жалпы санын анықтау;
B) санитарлық-көрсеткіш маңызы бар микроорганизмдерді анықтау;
C) судағы патогенді микроорганизмдерді анықтау;
D) суды ластайтын көздерді анықтау;
E) судың органолептикалық қасиеттерін анықтау;
F) коммерциялық мақсаттар үшін.
72. Судың ықтимал ластануының жанама көрсеткіштері болып табылады
A) коли-титр;
B) коли-индекс;
C) органикалық қалдықтар;
D) минералды заттар;
E) қоспалардың болуы.
73. Құрамында бір ішек таяқшасы табылған, судың ең аз көлемі (миллилитрдегі) немесе қатты заттың (граммдағы) салмағы қалай аталады:
A) су мен зат үлгісі;
B) коли-титр;
C) органолептикалық көрсеткіш;
D) коли-индекс;
E) үлгінің микробтық саны.
74. 1000 мл суда немесе 1 кг қатты затта табылған ішек таяқшасының саны қандай көрсеткіш болып табылады:
A) су мен зат үлгісі;
B) коли-титр;
C) органолептикалық көрсеткіш;
D) коли-индекс;
E) үлгінің микробтық саны.
75. Ауа микрофлорасының сандық және сапалық құрамының анықталуы қандай принциптерге негізделген әдістермен жүзеге асырылады:
A) шөгу (седиментация);
B) шаю әдісі;
C) сору (аспирация);
D) ауа сынамаларың алу;
E) спектрлік талдау.