Саясаттанудағы математикалық модельдер ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы «бихевиоралистік өрлеу» дәуірінде белсенді түрде қолданыла бастады. Оның кең таралуына компьютерлер мен макро-және микро-саяси процестерді ЭЕМ мен модельдеудің бағдарламалық құралдарының жетілдірірілуі ықпал етті. Саясатты зерттеудің жетекші әдістері мен құралдарының бірі ретіндегі модельдеуге көшу оны қоғамдық практиканың әртүрлі салаларында, ең алдымен экономикалық және әскери-техникалық салаларда қолданудағы жетістіктермен ғана емес, сонымен бірге ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми жобалардың аналитикалық және болжамдық бағдарының өсуімен де ынталандырылды.
Саяси процестерді модельдеу саясаттану әдіснамасын дамытудағы перспективті бағыттардың біріне айналды, ол өз кезегінде көптеген тармақтарға ие. Мысалы, саясатты жүйелік модельдеу саяси өмірдің динамикалық және стохастикалық (белгісіз, кездейсоқ) модельдерін қамтиды, олар циклдік қайталанатын сайлау процестері мен науқандарын талдау және диагностикалау, сондай-ақ парламенттік сайлау нәтижелерін болжау үшін белсенді түрде қолданылады.
Көптеген жаңа әдістер мен әдістмелер іргелі, теориялық зерттеулер жүргізу үшін ғана емес, сонымен қатар, қолданбалық мақсатта қазіргі саяси жағдайларды талдау және мемлекеттік және корпоративтік құрылымдардың тапсырысы бойынша оңтайлы шешімдерді таңдау үшін қолданылады. ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ-та қарапайым мәліметтер базасы салынған аналитикалық бағдарламалары бар компьютерлік ақпараттық жүйелер пайда болды. Бірте-бірте модельдеу таным теориясының, соның ішінде саясаттың, саяси процестердің маңызды категорияларының біріне айналды. Модельдеу идеясына әртүрлі белгілер мен абстрактілі модельдер қолданылатын теориялық, сонымен қатар, тақырыптық модельдерді қолданатын эксперименталды зерттеудің көптеген әдістеріне негізделген.
Қазіргі уақытта саяси процестер туралы ақпаратты жинақтауға, осы үрдістердің дамуын талдау мен болжауға, саяси қызметті жоспарлауға, саяси шешімдердің орындалуын бақылауға, саясат субъектісінің болжанған әрекеттері нәтижесінде оқиғалар мен қауіп-қатердің ықтимал нұсқаларын бағалауға, сайлау нәтижелерін болжауға, сайлау компаниясы барысында түзетулер енгізу және т. б. арналған көптеген компьютерлік құралдар бар. Оларды қолдану әлеуметтанулық және саяси зерттеулерін автоматтандыруға, аналитикалық қызметті компьютерлендіруге, саяси және басқарушылық шешімдердің нұсқаларын жасауға, олардың ықтимал салдарын модельдеуге, түпкілікті шешімді таңдауға және оны құжат түрінде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Әрбір нақты жағдайда компьютерлік модельдеуге нақты қажеттілік дәрежесін де, оны тиімді қолдану шегін де бағалау қажет. Сондай-ақ, компьютерлік модельде эмпирикалық ақпаратты қолданудың анықтығы және дәлдігі дәрежесі мен математикалық модельдің қателік шегі ара қатынасын белгілеу қажет.
Ең алдымен, «модель» ұғымын талдап алу қажет. Ғылымда модель шындықтың аналогы, белгілі бір қатынаста зерттелетін объектіні алмастыра алатын бір нәрсе ретінде қарастырылады. Бұл құбылыстың өзі емес, ең алдымен ықтимал өзгерістердің нәтижелерін жан-жақты зерттеу үшін қолданылатын оның қарапайымдалған бейнесі. Модель – бұл түпнұсқаның «орынбасары», заттық компоненттерден (материалдық модель) немесе белгілерден (идеалды модель) тұратын тәуелсіз объект. Кең мағынада модельдеу дегеніміз – кез-келген әлеуметтік процестерді зерттеудің көпқырлы әдісі.
Модельдеу мен саяси ерекшелігі – бұл процестің өзі емес («объект – түпнұсқа»), оның моделі («аналогы») зерттелуінде. Модельді әзірлеу және онымен объект-түпнұсқаны алмастыру зерттеушілерге келесі пайдалы әсерлерді алуға мүмкіндік береді:
- модельдер түпнұсқаға қарағанда қол жетімді және арзан, нәтижесінде зерттеу шығындары айтарлықтай азаяды. Сондықтан, модельдеу арқылы бірдей қаржылық шығындар жағдайында түпнұсқа объектімен жұмыс істегенге қарағанда әлдеқайда көп бақылау жүргізуге болады;
- модель түпнұсқаға қарағанда жинақы (бұл әсіресе математикалық модельдерде айқын көрінеді). Жинақы болғандықтан модель зерделеуге ыңғайлы және ең маңыздысы, ол сындарлылыққа ие, яғни ол құрылымдық элемент (бөліктер, блоктар және т. б.) түрінде күрделі ғылыми құрылыстарға жатады;
- модельдерде түпнұсқамен жұмыс істеу кезінде мүмкін емес түрлендірулерді жасауға болады. Мысалы, модельді болашаққа бағдарлауға болады немесе зерттеуші ойлап тапқан кез-келген процедураны орындауға болады. Шексіз түрлендіру мүмкіндігі модельдеу әдісінің ең құнды, ең іргелі және ақпараттық жағы болып табылады. Модельді түрлендіруге ұшырата отырып, зерттеуші объектінің маңызды жақтарының толық сипаттамасын алады, сонымен қатар объектінің белгілі бір күйіне қол жеткізуге болатын әсер ету тәсілдерін табады немесе тәжірибеде қолдануға болатын пайдалы әсер көрініс табады.
Кез-келген құрылымды, объектіні немесе процесті модельдеу үшін теңдеулер жүйесі тұжырымдалады. Модельдер ішіндегі байланыс жүйелері ақпарат ағынын бөлу схемасын құру арқылы ұсынылады. Кейбір модельдер көрсетілген объектілермен сыртқы ұқсастық принципіне сәйкес құрылады, басқалары қасиеттері немесе мәні бойынша осындай объектілердің аналогтары немесе имитаторлары болып табылады, үшіншілері модельделген объектілердің немесе құбылыстардың символдық бейнесін білдіреді. Қалай болғанда да, модельдер – бұл орынды ақиқат шындыққа жақындату және олар бұдан артық ештеңе талап етпейді. Саясаттағы модельдеу дегеніміз – маңызды факторлардың шектеулі саны арқылы саяси процестерді сипаттау. Факторлардың санын азайту қандай да бір себептермен олардың процеске деген әсерін ескермеуге болатындарын абстракциялау арқылы жүзеге асырылады.
Модельдер әртүрлі мақсаттарда жасалады. Осылайша, модельдеу оны жақсы түсіну үшін зерттелетін құбылыстың мәнін қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу процесс туралы мәліметтерді жинаудан және жүйенің байқалатын ерекшеліктерін бейнелейтін модельді қалыптастырудан басталады. Содан кейін модельді жүйені одан әрі бақылау арқылы тексеруге болатын жүйенің мінез-құлқы туралы болжамдарды жасау үшін қолдануға болады.
Әлеуметтік үрдістердің модельдерін құрудың аталған мақсаттары оларды әлеуметтік болжау үшін пайдалануға бағытталған. Әлеуметтік жоспарлау жөніндегі маман белгілі бір саясат жүргізілсе не болатынын білгісі келеді. Басшы жұмысқа жалдау саясатының және оның фирмасында кадрларды қызмет бабында жоғарылатудың салдарларын алдын-ала білгісі келеді. Жүйенің мінез-құлқын дұрыс сипаттайтын модельдің көмегімен осындай сұрақтарға жауап алуға болады.
Модельді құру өнері тиісті ықшамдауларды (қарапайымдату) қашан және қайда жасау керектігін білу болып табылады. Мақсаты – «барлық шындықты мүмкіндігінше қарапайым модельге шоғырландыру». Бірақ модельдеуді тек шексіз түрде қарапайымдату (ықшамдау) ретінде түсінуге болмайды. Ерікті түрде модельдеуге де болмайды. Модельдеу зерттелетін объектінің тенденциялары, заңдылықтары, типологиялық белгілері негізінде құрылуы керек. Модельдеу процесінде модель тілі арқылы ақпаратты жіберу түрлері маңызды болып табылады. Модельдеу тілінің негізгі төрт түрі бар:
- модельдерді құрудың ең қарапайым және бейресми әдісі ретіндегі ауызша сипаттама. Түсіну оңай, алайда оны әдетте модельді жасаудың алғашқы кезеңдерінде қолданылады;
- қисық сызықтары, сызбалар және т. б. түрінде графикалық бейнелеу модельдерді құрудың басқа тәсілдеріне иллюстрация ретінде қолданылады;
- блок-схема, шешім матрицалары және т. б. оның ауызша және математикалық сипаттамасы арасында модельді құру кезеңінде қолданылады;
- математикалық формулалар түріндегі математикалық сипаттама. Модельдеу тілінің бұл түрі әлеуметтік процесті немесе құбылысты формализациялаудың ең жоғары формасы болып табылады.
Саяси зерттеудің кез-келген моделі бірқатар талаптарға сай болуы керек:
- қарапайым болу;
- зерттелетін объект туралы жаңа ақпарат беру;
- объектіні жетілдіруге, оның сипаттамаларын жақсартуға ықпал ету;
- объектіні басқару процесіне «алдын ала дайындық жасауға» мүмкіндік беру;
- толықтық, барабарлық, эволюциялық талаптарын қанағаттандыру. Ол зерттеу объектісін неғұрлым дәл суреттеу үшін өзгерістер, толықтырулар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
- мәселені шешу уақытын шектейтін шарттарды қанағаттандыру;
- тұрақты терминологияны қолдана отырып құру.
Модельдің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін өзгерту арқылы өзгерістердің нәтижесін олар нақты жағдайда болғандай қылып бағалауға болады. Саясат саласында эксперимент жүргізу өте күрделі болуына байланысты, мұндай мүмкіндіктер саяси зерттеулер үшін маңызды болып табылады. Зерттеушілер, әдетте, үлкен адамдар тобының мінез-құлқымен айналысады, ал модельдерде эксперимент жасау көбінесе нәтиже алудың жалғыз әдісі болып табылады.
Басқа зерттеу техникалары жағдайында сияқты, модельдерді қолдану да қолданбалы зерттеулер, жобалардың әмбебап аналитикалық құралы емес. Модельдеу нақты құбылысты белгілі бір контексте түсіндіру қажет болса және бұл құбылысты сипаттайтын тиісті мәліметтер жиынтығы болмаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.
Модельдеудің бір түрі – ойындар, яғни алдын-ала анықталған ережелерге, бастапқы мәліметтер мен әдістемелерге сәйкес орындалатын, ахуалдың таңдалған аспектілерін модельдеу. Ойын әдісі, атап айтқанда іскерлік ойын әдісі әлеуметтануда жалпы қоғамдық үрдістерді, атап айтқанда саяси үрдістерді зерттеуге арналған ғылым ретінде қолданылады.
Зерттеушілер іскерлік ойынды терең сұхбат, фокус-топ, кейс-кезеңдер сияқты әлеуметтанулық әдістермен қатар қояды. Рөлдік ойындарды пайдалану көрнекі демонстрация арқылы адамдардың өзара әрекеттесуінің күрделі жағдайларын түсінуге көмектеседі. Ойынның артықшылығы – адамдарды қарастырылатын жағдайға барынша жақындататынында. Көбінесе қатысушылар іс-әрекеттерді сөзбен жеткілікті түрде сипаттай алмайды, бірақ олардың көрінісін көрсете алады. Зерттеуші тікелей бақылау және басқалардан кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болады.
Ойын модельдеу еңбекті көп қажетсінетін құбылыс. Алайда, зерттеушілердің оны орынды деп есептейді, өйткені ол құқықтық қорғау, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік әл-ауқат деңгейін арттыру, денсаулық сақтау, өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек, демалыс, туризм жағдайларын қамтамасыз ету, меншікті қорғау, экологиялық қауіпсіздік және т. б. мәселелерді шешуге көмектеседі.
Саяси үрдістерді зерттеу мақсатында ойындарды зерттеу инструментарийі ретінде қолданудың құндылығы жеке тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесу мәселелерін, олардың әртүрлі деңгейлердегі қатынастарын зерттеу мүмкіндігінде.
Ойынның ғылыми-әдістемелік тұтастығы оны басқарушылық және коммуникативті модельдерді құруға арналған құрамдас бөлік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл модельдерде ойын өте маңызды функцияларды орындайды: өзара әрекеттесу механизмдерін жақсы түсінуге ықпал етеді; шешім қабылдаудың нақты алгоритмін қалыптастырады; ойыншылардың аналитикалық қабілеттерін дамытады; олардың диагностикалық дағдыларын қалыптастырады; болжамдауға үйретеді. Модельдерде зерттеу позициясын компонент ретіндегі ойын қалыптастырады. Ойын әдісін қолдана отырып, саяси-басқарушылық шешім қабылдау процесін зерттеумен қатар, оны қабылдауды да оңтайландыруға болады.
Зерттеу ойындары, әдетте, жаңа тұжырымдамаларды жасаумен, гипотетикалық сипаттағы проблемалар мен шешімдерді сынаумен, жаңа енгізілім салдары мен ықтимал проблемаларын болжаумен байланысты.
Саясаттағы ойындарды екі бағытта қолдануға болады: технологиялық процесс ретінде және саяси шешімді әзірлеу мен қабылдауда, саяси науқан стратегиясын анықтау процесінде, сайлау процесінде және партиялық құрылыста зерттеу тәсілі ретінде. Соңғы жылдары зерттеу ойындарына саясаттанушылардың назары айтарлықтай өсті. Бұл ғылымдағы ойынға байыпты көзқарасты қалыптастыру факторымен түсіндіріледі, ол біртіндеп ойынның ғылыми құндылығын мойындайды және таниды, ал қоғам оны өз мақсаттары үшін пайдаланады. Мысалы, қазір саяси кеңес беруде олардың қызметінің сыртқы немесе ішкі жағдайларының өзгеруіне байланысты жекелеген саясаткерлердің немесе бүкіл сайлау штабтарының мінез-құлқын талдау мақсатында зерттеу ойындары белсенді түрде енгізілуде. Саяси консалтингтегі зерттеу іскери ойындары нақты ұйымдастырушылық жағдайларды модельдейді және өзгерістердің әртүрлі нұсқаларын болжауға мүмкіндік береді.
Саясаттану ғылымында ойын әдісін қолдану ғылымды ұйымдастыру формаларын табуға мүмкіндік беретін және әлеуметтік және саяси мәселелерді пәнаралық зерттеуді қамтамасыз ететін қоғамның қызметі мен дамуының объективті заңдылықтарын терең түсінуді және жалпылауды қажет етеді.
Саяси талдау. Қолданбалы саясаттану нақты саяси оқиғаларды зерттейді. Саяси зерттеудің басты мақсаты – қоғамның саяси өмірінің шешімді дайындау және қабылдау кезінде ескерілуі қажет жақтарын көрсететін көлемді және өзекті ақпарат алу. Саяси оқиғаларды талдау әрқашан практикалық қажеттілікпен, мақсатттылығымен негізделеді. Процедуралар жүйесі ретінде саяси зерттеулер бірнеше кезеңдерді қамтиды:
- зерттеу жұмыстарына дайындық;
- одан әрі өңдеуге және жинақтауға жататын саяси оқиға туралы бастапқы ақпаратты жинау (мысалы, сауалнамаға қатысушылардың сауалнама, сұхбат сұрақтарына жауаптары, құжаттарды талдау жазбалары, статистикалық деректер, баспасөз материалдары және т. б.);
- жиналған ақпаратты өңдеуге дайындау және оны ЭЕМ-де өңдеу;
- өңделген ақпаратты талдау және зерттеу қорытындысы бойынша қорытындыларды тұжырымдау;
- саяси шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау.
Кез-келген саяси оқиғаны терең және ауқымды зерттеудің алдын-ала кезеңі ретінде жеңілдетілген бағдарламаға негізделген және көлемі қысқартылған әдістемелік құралдарға (сауалнама, құжаттарды зерттеу және т.б.) негізделген зерттеушілік зерттеу қолданылуы мүмкін. Адамдардың өзекті саяси оқиғаларға қатынасын немесе жаңа ғана өткізілген саяси іс-шаралардың тиімділік дәрежесін анықтау мақсатында эксперсс-сауалнама пайдаланылуы мүмкін. Егер ауқымды зерттеу тақырыбын немесе объектісін анықтау қажет болса, осы мәселе бойынша сарапшылар аоасында сауалнама жүргізуге болады.
Сипаттамалық зерттеу күрделілеу болып табылады. Ол әрдайым толық бағдарлама бойынша және әдістемелік дәлелденген құралдар негізінде өткізіледі. Қолданбалы саясаттануда оны талдау объектісі әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін кең ауқымды саяси оқиға болған кезде қолдануға болады. Мысалы, жаңа ғана өткен Республика Мәжілісіндегі сайлауды талдау және оларды ел халқының барлық санаттары қатысқан алдыңғы сайлаумен салыстыру электорат пен депутаттық корпустың құрылымын, олардың мүдделерін, ұстанымдарын, қалауларын және т. б. зерделеуді талап етеді. Бұл жағдайда электораттың құрылымында біртекті топтарды зерттеуде бөліп шығару саясаттанушының қызығушылық сипаттамаларын кезекпен бағалауға және салыстыруға, сонымен қатар олардың арасындағы байланыстардың болуын немесе болмауын анықтауға мүмкіндік береді.
Талдаудың ең күрделі және тереңдетілген түрі – аналитикалық зерттеу. Саяси талдау – бұл оларға сүйене отырып нақты саяси оқиғалар мен саяси жағдайды зерттеуге, олардың туындауы ықтималдығы және құзыретті саяси шешімдер қабылдау туралы болжамдар жасауға болатын әртүрлі әдістердің жиынтығы. Саяси талдау үш құрылымдық элементті қамтиды:
- қалыптасқан жағдайды талдау;
- жағдайдың даму болжамы;
- құзыретті саяси шешім қабылдау.
Аналитикалық зерттеу белгілі бір құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттауды ғана емес, сонымен бірге оның негізін құрайтын және оның сипатын, таралуын, өткірлігін және басқа да оған тән ерекшеліктерін анықтайтын себептерді анықтауды мақсат етеді. Әрбір аналитикалық зерттеуде тек бір фактор ғана емес, кейіннен олардан негізгі және негізгі емес, уақытша және тұрақты, бақыланатын және бақыланбайтын, басқарылатын және басқарылмайтын факторлар бөлінетін фактілер жиынтығы зерделенеді.
Саяси талдау қарқынды дамитын және тиісті кезеңдерге ие үрдіс болып табылады. Бастапқы немесе алдын-ала кезеңде саясаттанушы проблеманы талдап, оны анықтап, содан кейін қажетті ақпаратты жинай бастауы керек. Ақпаратты жинау мәселені бағалау және қазіргі және болашақ балама саяси курстардың салдарын болжау үшін зерттеу тақырыбына қатысты деректерді, теориялар мен фактілерді іздеуді және ұйымдастыруды қамтиды.
Фактілер мен ақпаратты жинау үрдісі әдістемелердің екі негізгі тобын қлдану арқылы жүзеге асырылады: деректі зерттеулер және далалық зерттеулер: деректі зерттеулерге жататындар: төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілетін проблема бойынша әдебиеттерге шолу: ғылыми және кәсіби журналдардағы, кітаптар мен диссертациялардағы мақалалар; қысым топтарының, кеңесшілер және ақылдылар орталықтарының жарияланымдары мен баяндамалары; үкіметтік жарияланымдар; бұқаралық ақпарат құралдары; дереккөздерге жүгіну (осындай дерекөздер ретінде статистикалық деректердің жарияланымдарды алуға болады); далалық зерттеулер адамдарға сауалнама жүргізуден, «шикі-шала» деректерді жинаудан, жарияланбаған баяндамаларды немесе басқа құжаттарды табудан тұрады.
Мәселені талдау мыналарды қамтиды: мәселені түсіну (мәселені «тапсырыс беруші» берген түрде қабылдау; заң шығарушы және атқарушы биліктің зерттелетін мәселеге қатысты қателіктерін талдау; проблема моделін құру; саясатқа байланысты ауыспалылығын бөліп көрсету); осы мақсаттарға жету үшін тиісті мақсаттар мен шектеулерді таңдау; мәселені шешу әдісін таңдау.
Келесі кезең – мәселені шешу жолдарын талдау. Оған жататындар: бағалау критерийлерін таңдау; балама саяси курстардың ерекшелігі; балама саяси курстардың салдарын болжау және осы салдарларды таңдалған критерийлер тұрғысынан бағалау.
Сонымен, соңғы кезең, оның міндеті – нақты әрекеттер бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды «тапсырыс берушіге» жеткізу болып табылады. Талдау нәтижелерінің «тапсырыс берушіге» қаншалықты тиімді жеткізілуі талдау нәтижелерін ұсыну форматынан байланысты. маңызды фактор болып табылады, өйткені анықтауда. Саяси зерттеудің барлық «тапсырыс берушілерін» үш типке бөлуге болады: талдауға әсер еткісі келетін, бірақ оны өздері жасағысы келмейтін саясаткерлер; сыртқы уақытша шектеулердің ықпалына еруге уақыттары жоқ саясаткерлер; тексерілмеген саяси талдаудың нәтижелерін пайдаланғысы келмейтін саясаткерлер. Бірінші мәселені талдаудың алдын-ала нұсқасын ұсыну арқылы шешуге болады. Сонымен қатар, талдаудың бастапқы нұсқаларын үнемі дайындай отырып, талдаушы өзіне талдаудағы толтырылуы қажет олқылықтарды табуға көмектеседі.
Екінші мәселені шешуге талдаушының келесі ережелерді орындауы көмектеседі: қысқаша мазмұнды және аннотациялық баяндаманы жұмысқа қосу; ақпаратты баяндау кезінде басымдықтарды белгілеу; тақырыптар мен тақырыпшаларды пайдалану; баяндаманың қысқалығы мен көрнекілігі (талдау нәтижелерін тезірек түсінуге диаграммаларды, графиктерді, кестелерді және т.б. пайдалану ықпал етеді).
Үшінші мәселені шешу үшін, әдетте, қолданылатындар: талдау барысында қолданылған барлық дереккөздерді көрсету; деректер, фактілер, теориялардағы және болжанатын салдарлардағы белгісіздіктерді көрсету.
Теорияда саяси талдаудың бес тәсілі бар: шығындар мен пайдаларды формалды талдау; шығындар мен пайдаларды сапалы талдау; шығындар мен пайдаларды модификацияланған талдау; шығындар мен тиімділік арасындағы арақатынасты талдау; көп мақсатты саяси талдау.
Шығындар мен пайдаларды формалды талдау, жалғыз мақсат – тиімділік болған жағдайда, мәселені шешудің негізгі әдісі болуы керек. Мұндай тәсіл ұсынылып отырған саяси бағыттың барлық ықпалын ықпал етудің бірыңғай бірлігіне (мысалы – теңге) әкеледі Егер барлық әсерлерді ақшалай эквивалентпен өлшеуге болатын болса, онда олардың сомасын да есептеуге болады. Егер азаматтар өздері қалаған нәрсе үшін төлесе, бұл пайда болып табылады. Егер олар бір нәрседен құтылу үшін төлесе, онда ол – шығын. Барлық пайда қосылады, ал барлық шығындар жалпы сомадан алынады. Осылайша, шығындар мен пайдаларды ресми талдауда мақсаттар ақшалай түрде өлшенуі мүмкін. Егер барлық әрекеттерді ақшалай түрде көрсету мүмкін болмаса, шығындар мен пайданы сапалы талдауды қолдану қажет. Шығындар мен пайдаларды стандартты талдау сияқты, ол салдарды болжаудан басталады. Кейбір салдарлар табиғи өлшем бірліктерінде берілуі мүмкін (кешіктіру уақыты, тонналап атмосфераға тасталған улы заттар және т.б.). Басқалары сапалы болуы мүмкін (мысалы, экологиялық талаптардың бұзылуы).
Мәселені біржақты қарастырмау үшін шығындар мен пайдаларды өзгертілген талдау түріне жүгінеді. Мысалы, егер тиімділіктен кейінгі екінші мақсат кірісті бөлудегі теңдік болса, шығындар мен пайдаларды өзгертілген талдау әртүрлі мүліктік топтардың үлесіне түсетін шығындар мен пайдаларды ескереді. Мұның нәтижесі талдауды шығындар мен пайданы бөлу факторын ескере отырып жасау болып табылады.
Шығындар және тиімділік арасындағы арақатынасты талдауды тиімділік пен бір мақсат сандық өлшемде берілген кезде, алайда бұл ретте екінші мақсат ақшалай тұлғаланбаған жағдайда қолдануға болады.
Көп мақсатты саяси талдау үш немесе одан да көп мақсат болған жағдайда қолданылады. Негізінде, мәселені шешудің барлық басқа әдістерін көп мақсатты талдаудың ерекше жағдайлары ретінде қарастыруға болады.
Саяси талдауды типтеу үшін екі негізгі тәсіл қолданылады. Біріншісі саяси жүйені жеке институттарға бөлуді және олардың әрқайсысының қазіргі жағдайын, содан кейін олардың бір-бірімен өзара әрекеттесу жүйесін қарастыруды қамтиды. Жалпы ситуациялық талдаудың бұл түрін тік немесе институционалдық деп атауға болады, өйткені ол саяси жүйені жеке сегменттерге бөледі (үкімет, президент билігі органдары, парламент, саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар, БАҚ, жеке әлеуметтік топтар және т.б.).
Екінші тәсіл саяси жүйеден институционалды емес бірлестіктерді оқшаулауды қамтиды, алайда олар саяси процесте біртұтас акторлер ретінде әрекет етеді. Бұл әдісті саяси жағдайды жалпы талдаудың көлденең немесе топтық түрі ретінде сипаттауға болады, өйткені бұл жағдайда талдау объектісі әртүрлі билік институттарына жататын тұлғалардан тұратын біріккен саяси топтар болып табылады.
Саясаттануда проблемалық және диагностикалық ахуалдық талдауды анықтайтын саяси талдау түрлерінің тағы бір жіктемесі бар. Бұл жіктеме объектілер бойынша, ахуалдық талдаудың міндеттері мен мақсаттары бойынша жасалады.
Талдаудың проблемалық түрі белгілі бір проблемамен тығыз байланысты және әрдайым оңтайлы шешім қабылдауда нәтижелі болып табылады – батыстық саяси ғылым ахуалдық саяси талдаудың осы түрін қарастырады.
Талдаудың диагностикалық түрі саяси «тапсырыс берушіге» оның одақтастары мен бәсекелестерінің соңғы әрекеттері туралы хабардар болуы, қарсыластарының әлеуеті, саяси аренадағы күштердің нақты орналасуы, билеуші элита ішіндегі топішілік күрес, электорат арасындағы көңіл-күй және т. б. туралы түсінікке ие болуы үшін қажет.
Осылайша, талдаушының жоғарыда келтірілген жұмыс алгоритмі оған саяси жағдайға неғұрлым сәйкес келетін қорытынды жасалған қорытынды құжат дайындауға мүмкіндік береді. Саяси «тапсырыс берушіге» айқын, тәуелсіз ұсыныстар қажет екенін есте ұстаған жөн.
Саяси кенес беру. Шынайы саясаттағы саяси кеңес бұрыннан болған, алайда ол жақында ғана саяси қызметтің маңызды бөлігіне, саяси процестің факторына айналды. Бұл сайлау науқандары, мемлекеттік басқару, партиялық қызмет сияқты маңызды саяси процестерде жоғары білікті іс-әрекеттерге деген қажеттілік айқын анықталғанына байланысты болды. Ең алдымен сайлау жүйесіне таратылған саяси жүйелерді демократияландыру сайлаудағы бәсекелестіктің артуына әкелді, кандидаттарға қойылатын талаптарды арттырды және сайлауға қатысу уәжін қиындатты. Нәтижесінде сайлаушылардың мінез-құлқын мұқият жоспарлау және басқару қажеттілігі туындады.
Бұл электоралдық психологияны, азаматтардың сұраныстарын, олардың стандартты және сыни жағдайларға типтік реакцияларын, олардың стандарттық және екіталай жағдайларға деген рекцияларын, сонымен қатар, олардың саяси қалауы мен таңдауына әсер етуі мүмкін көптеген басқа мінез-құлқы параметрлерін жақсы білуді талап етті. Өз кезегінде, бұл ахуал сайлау нарығына арнайы зерттеулер жүргізуді, алдыңғы науқандардың тәжірибесін қорыту, қаржыны тиімді салып, абелгілі бір сайлау бірлестігінің іс-әрекеттерін қаржыландыру мақсатында іс-әрекеттерді жоспарлауды және болжауды қажет етті. Кандидаттың өзі немесе оның жақын көмекшілері орындай алмайтын осындай функциялардың ерекше сипатын ескере отырып, оларды орындау арнайы маман-орындаушыларды таңдауды қажет етті.
Өткізудің білікті тәсілдемесін талап еткен сайлау кампаниялары ұйымдары ғана емес. Саясаттың басқа салаларында да, атап айтқанда, шешім қабылдау саласында елеулі өзгерістер болды. Осылайша, саяси басқару және реттеу объектілерінің тым күрделенуі, билік саласындағы өзгерістердің қарқынды динамикасы, сондай-ақ жіберілген қателіктер үшін әлеуметтік бағаның үнемі өсуі басшыларды өмірдің экономикалық, қаржылық және басқа салаларындағы мамандарға жүгінуге итермеледі. Ұзақ уақыт бойы арнайы білімге деген қажеттілікті басқару аппаратының қызметкерлері қанағаттандырды. Алайда уақыт өте келе олардың корпоративті мүдделері, белгілі бір шешімнің қабылдануына жеке қызығушылығы болуы салдарынан олардың күш-жігерінің жетіспеушілігі анықталды. Бұл ретте нарықтық қатынастардың дамуына байланысты мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке сектор ұйымдарымен бәсекелестігі де өсті, бұл ақша ағындарын қайта бөлуге әкеп соқты.
Қазіргі уақытта кеңес беру институты саяси өмірдің әртүрлі салаларында басқарушылық қызметті жетілдірудің ажырамас механизмі ретінде орнықты. Саяси кеңесші «тапсырыс берушіде» қызығушылық тудырған істің (ахуалдың) жай-күйіне объективті баға беруге дайын және осы негізде оның басқарушылық қызметінің белгілі бір салаларындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын қазіргі заманғы ғылыми білім мен озық тәжірибенің тасымалдаушысына айналды. Ол «серіктес» немесе «бәсекелес» сияқты саяси акторлардың өзара әрекеттесуінің тұрақты қатысушысы болды. Қазіргі уақытта ол өз нәтижелерін белгілі бір (жеке, топтық) «тапсырыс берушіге» (клиентке) ұсынатын әлеуметтік және саяси үрдістерді мамандандырылған талдау институтына айналды. Ол басқаруды жетілдірудің барлық қажеттіліктерін қамтымайды, алайда бұл процестің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда саяси кеңес беру – бұл саяси ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне (тапсырыс берушіге) олардың іскерлік қызметінің тәуекелдерін азайту негізінде арнаулы міндеттерін шешуде кәсіби көмек көрсетудің бір түрі.
Шын мәнінде, бұл саяси процестер мен ұйымдарды басқару практикасын жетілдіру, олардың құрылымын, іс-әрекеттер тізбегін оңтайландыру механизміне айналды.
Саяси салада кеңес берудің негізгі міндеттері:
- жағдайды объективті және риясыз бағалау және қазіргі заманғы отандық және халықаралық тәжірибені есепке алу негізінде саяси көшбасшыға, мемлекеттік органдар басшысына оны қызықтыратын мәселе бойынша дұрыс кеңестер, ұсыныстар тұжырымдау;
- саяси көшбасшыға, мемлекеттік органның басшысына тиісті нысанда, уақытында дұрыс кеңестер, ұсыныстар беру;
- саяси көшбасшыға, мемлекеттік орган басшысына, олардың қызметкерлеріне тиімді басқарудың қазіргі заманғы әдістерін игеруге нақты көмек көрсету, тұрақты саяси мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әртүрлі нысандардағы тиімді және уақтылы шешімдер қабылдауға ықпал ету;
- саяси көшбасшының, мемлекеттік орган басшысының саяси қызметіндегі іскерлік тәуекелдерді төмендету, қабылданатын шешімдердің сенімділігін арттыру және т. б.
Осы міндеттерді жүзеге асыра отырып, саяси кеңесшілер көптеген түрлі функцияларды атқарады. Оның ішінде:
- саяси көшбасшының, мемлекет қайраткерінің сыртқы әлеммен өзара іс-қимылын неғұрлым тиімді ететін ақпаратқа деген танымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Бұл тиімді басқару шешімдерін қабылдауға ықпал ететін ұсынымдар мен кеңестер;
- ахуалды түсінуге және оған қатысты қазіргі тәсілдерді талдауға көмек, кеңестер, ұсыныстар, сараптамалық бағалау;
- саяси көшбасшыны, мемлекеттік орган басшысын қиын шешімдер қабылдау жағдайында эмоционалды қолдау;
- саяси көшбасшына, мемлекет қайраткеріне қысым көрсетілуін бәсеңдету және оның айналасы ішіндегі жанжал деңгейін төмендету;
- саяси көшбасшының өзінен немесе басқа тұлғалардан туындайтын әртүрлі идеяларды тексеру және талдау;
- PR-ды жүзеге асыру және саяси көшбасшы имиджін құруға көмектесу;
- сенімгер тұлғаның функцияларын орындау;
- - сайлау науқаны кезінде - оның стратегиясын әзірлеу және т. б.
Негізгі міндеттерді ескере отырып, саяси кеңес беру әдетте екі негізгі формада жүзеге асырылады:
- рефлексиялық кеңес;
- ойындық кеңес.
Бірінші форма - рефлексиялық кеңес консультанттың белгілі бір ұсыныстарды тұжырымдауын да, осы кеңестер мен ұсыныстардың әсерімен көшбасшының өзін-өзі танып-білуіне ынталандыруды да қамтиды. Бұл жерде кеңесші басшының іс-әрекетін бағыттап, оның ойы мен іс-әрекеттерін түзетіп қана қоймай, сонымен қатар кеңестерімен басшының кәсіби қызметінің әртүрлі аспектілері туралы ойларын оятатын үйретуші рөлін атқарады, Кеңесші өзінің білімін көрсету арқылы және сонымен қатар тапсырыс берушінің біліміне құрмет көрсете отырып, сенімді қарым-қатынас арқылы, өзінің жеке қасиеттері мен сипаттамаларын (табандылық, сенімділік және т. б.) пайдалану арқылы осындай мақсатты ықпал ете алады, басшы (тапсырыс беруші) бойында өз ісінің, кампанияның және т. б. тағдыры үшін табиғи алаңдаушылық сезімін оятуға тырысады.
Екінші форма – бұл кеңес беруші оның ұсыныстарының іс жүзінде қолданылатынына күмәнданған немесе өзі өз ұсыныстарын айқын және нақты жасай алмайтын және құпия жеке тұлғааралық немесе жеке сипаттағы қосымша ақпаратты қажет ететін жағдайларда қолданылатын ойындық кеңес. Бұл жағдайда кеңесші екі ойын формасын қолданады: «оқу» формасы – ұйым (ел, аймақ және т.б.) жағдайына ұқсайтын абстрактылы жағдайға ұқсатады; «практикалық» форма – осы ұйымда орын алатын және проблемалық сипатқа ие жағдайларды модельдейді.
Екінші жағдайда, кеңесші ойынға қатысушылардан жаңа ақпарат алуға, шешімдер қабылдауға немесе нақтылауға негіз бола алатын мәлімет алуға арналған «инновациялық» ойын моделін ұсынады; немесе ойнап көрсетілген іс-әрекеттер адамдарды ахуалға кеңесшінің көзімен қарауға мәжбүрлейді және осы әрекеттерді нақты жағдайда (сайлаушылармен, кәсіпорын, фирма ұжымымен және т.б. кездесулер) қайталауларына ынталандыратынына сеніп негізгі ойыншылардың рөлдік позициялары мен уәждерін модельдеуді және анықтауды болжайтын «ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік» моделін ұсынады.
Ойын формалары оқиғаларды бағалау мен болжамдарды анықтау үшін ішінара бағдарламаланатын әрекеттерді қолдануға негізделген жағдайды зерттеудің күрделі әдіснамасы болып табылады. Олар үш негізгі кезеңді қамтиды: ахуал диагностикасы, шешім қабылдау және қойылған мақсаттарды жүзеге асыру.
Клиентпен өзара әрекеттесу процесінде кеңесшілер олардың іс-әрекетінің типологиясына негізделген әртүрлі рөлдерді атқара алады. Жалпы, кеңесшілер түрлері мынадай:
- нақты ұйымнан тартылатын сыртқы кеңесшілер және осы ұйымда жұмыс істейтін және сараптамалық қызметті орындай алатын мамандар – ішкі кеңесщілер;
- топтық және жеке;
- отандық және халықаралық.
Бірқатар зерттеулерде кеңесшілердің арнайы білім деңгейі бойынша типологиясын ұсынды:
- Кеңесші-«ғалым» ғылыми көзқарастардың тасымалдаушысының міндеттерін кең шеңберлі салада (мысалы, конфликтология саласында) немесе тар шеңберлі пәндік салада (этникалық жанжалдар жөніндегі маман) орындайды. Өзінің ғылымға берілгендігіне байланысты мұндай кеңесшілердің «тапсырыс берушімен» байланысы, әдетте, эпизодтық сипатқа ие, ал оның зерттеулерінің нәтижелері практикада тек ішінара ғана қолданылуы мүмкін. Мұндай мамандардың қызметі әдетте ұзақ мерзімді болжамдарды немесе бағалауды қалыптастыруға бағытталған, бұл жалпы орын алған жағдай туралы түсініктердің айқынсыздығын сапалы түрде төмендетеді. Мұндай кеңесшілердің рөлі тұрақсыз жағдайлар, өтпелі үрдістер орын алған кезде ерекше құнды болып табылады.
- Кеңесші-«зерттеуші» – негінде ғылыми зерттеулермен айналысатын адам. Алайда, ол «тапсырыс беруші» талап ететін аясы тар мәселелер маманы болып табылады. Егер де ол конфликтолог болса, онда бұл – әдетте, белгілі бір елдер, халық, белгілі бір аумақтардың тұрғындары және т. б. арасындағы қайшылықтармен терең айналысатын кеңесші-»зерттеуші». Бұл жағдайда да оның кәсіби қызметінің басты бағыты теориялық білім болғандықтан, «тапсырыс берушілер» тарапынан оған деген қажеттілік төмен болады. Алайда, ол елде, партияда кенеттен пайда болған қиын саяси жағдайларда сұранысқа ие болуы мүмкін.
- Үшінші түрі – кеңесші-«сарапшы», ол негізінен саяси қатынастардың аясы тар саласындағы практик-маман: сайлау штабының БАҚ-пен жұмысы бойынша, сайлау құрылымдарындағы мүдделерді келісу бойынша, саяси болжау және т. б. Сараптаманың өзі – бұл жоғары білікті мамандардың объектіні мазмұнды, сандық немесе сапалы бағалау түрінде айтылған пікірлері. Олар шешім қабылдау кезінде пайдалануға арналған. Саяси аналитиктің кәсіби мәртебесі оның клиенті – шешім қабылдаушы тұлға үшін қызығушылық тудыратын барлық проблемалық салаларда іргелі, арнайы білімге ие болуды білдірмейді.
Саяси кеңес берудің тиімділігі әрқашан қойылған міндеттердің шешілу деңгейімен, белгіленген және алынған нәтижелердің сәйкестік деңгейімен анықталады. Сонымен қатар, «тапсырыс беруші» мен маманның өзара әрекеттесуінің ерекше үрдісі ретіндегі кеңес беру ортақ мақсатқа жетуді анықтайтын олардың өзара әрекеттесуінің жеке критерийлерін бөліп шығаруды да талап етеді. Бұл жағдайда проблемаларды шешуге моральдық-этикалық факторлар, олардың өзара қарым-қатынаста моральдық нормаларды сақтауы үлкен әсер етеді. Клиент пен кеңесші кеңес беру үрдісін сөзсіз өзара әрекеттесу ретінде қабылдауы керек. Мамандар және кәсіби ақпарат тасымалдаушысы бола отырып, олар мәселеге деген көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның сипатын анықтап, шешу жолдарын бірлесіп жасауы керек. Бұл ретте «тапсырыс беруші» кеңесші қызметінің кәсіби аспектілеріне араласпауы, оларды бақыламуы тиіс, кеңесші де шешілетін міндетке жатпайтын мәліметтер есебінен өзінің ақпараттық өрісін кеңейтпеуі тиіс.
Өзара әрекеттесу үрдісінде кеңес беруші істің мүдделерін қатаң басшылыққа алуы керек, «тапсырыс берушінің» ұмтылысына бейімделмеуі және сырт көзге аманшылық танытпауы, алдын-ала бағдарламаланған нәтижелерге қол жеткізуге тырыспауы керек. Қорытындылар мен ұсыныстар жасалған соң, ол ешбір жағдайда «тапсырыс берушіге» қысым көрсетіп, ұсынылған жаңалықтарын енгізуді талап етпеуі керек.
Кеңесші «тапсырыс берушіге» өзінің келесі жеке, адами қасиеттері арқылы ықпал ете алады: клиенттің құзыретінен басым арнайы білімді көрсету арқылы; кәсіби адалдық пен бірбеткейлікті көрсету арқылы; өз ұстанымын дұрыс деп санаған кезде табандылықты көрсету арқылы; проблемаға қарасты ортақ көзқарастарды тұжырымдау арқылы; сенімді қарым-қатынас арқылы; жасырын қауіптерді пайдалану, істің болашағы үшін алаңдаушылық сезімін оятуды немесе «тапсырыс берушінің» құлқын ынталандырудың ынталандыруды, ұсыныстарды дұрыс түсінбеу және пайдалану үшін санкцияларды (одан әрі ынтымақтастықтан бас тарту түрінде) пайдалану арқылы.
Саяси кеңес беру тапсырыс берушімен міндеттері мен мақсаттарымен ерекшеленетін өзара әрекеттесудің бірнеше кезеңдерінде жүзеге асырылады. Осылайша, «тапсырыс беруші» мен кеңесші арасындағы алғашқы байланыс Жұмыстарды орындау үшін соңғының шақыруынан кейінгі алғашқы байланыстар кеңес берудің дайындық кезеңіне сәйкес келеді. Шын мәнінде, бұл кезеңде кеңесші ұйыммен алғашқы танысу кезінде шешуі керек міндеттер ауқымы ашылады.
Бұл жағдайда кеңесші, ең алдымен, «тапсырыс берушінің» оған жүгінуінің шынайы себептерін анықтауы керек, өйткені үшінші тарап мамандарын шақыру басқа мақсаттарды көздеген жағдайлар да кездеседі, мысалы, қаражатты есептен шығару, басшылықтың кез-келген жеке мәселелерін шешу үшін сарапшы тұлғасын пайдалану, кезектегі шешімдерді «ғылыми» қамтамасыз ету туралы ойға жол беріп, жоғары лауазым басшыларын үміттендіру және т. б. Алайда, кеңесші бір мәселені шешуге шақырылған жағдайлар жиі кездеседі (мысалы, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін төмендету), ал іс жүзінде ұйымда басқа проблемалар бар (ұйым мен басшылық қызметкерлерінің қарым-қатынасының нашарлауы).
Осы кезеңде осы шеңбердегі мәселелерді анықтау үшін кеңесші оны шақырған құрылымның қызметіндегі проблемалық ахуалды, ең айқын күшті және әлсіз жақтарды анықтауға бағытталған мәселенің алғашқы диагностикасын жүргізуі керек. Ол үшін кеңесші ұжымның жекелеген мүшелерімен, ұйым басшылығымен сұхбат, топтық шағын сауалнама, тіпті қызметкерлермен сауалнама жүргізіп, кейіннен алдын-ала бақылаулардың нәтижелерін жинақтайды. Мұндай жұмыстың құрамалы бөлігі кеңесшінің қолда бар және қол жетімді ұқсас тәжірибемен танысуы болып табылады. Бұл жағдайда кеңесші жұмысының сәттілігіне мүдделі «тапсырыс беруші» оны проблемалық саладағы жағдай туралы мүмкіндігінше толық хабардар ету ой-пікірін басшылыққа алуы керек. Кеңесшіден мақсаттың қойылуына және оған жетуге әсер етуі мүмкін маңызды ақпараттарды жасыруға болмайды. Сондықтан, «тапсырыс берушінің» мінез-құлқының құпиялығы кеңесшінің жұмысына біліксіз қараудың белгісі болып табылады.
Проблемалық жағдай анықталған кезде, онымен қатар кеңесші өзінің болашақ қызметі үшін алаң дайындайды. Атап айтқанда, жағдайды шешуде толық немесе ішінара жетістік деп санауға болатын критерийлер анықталады, демек, оның кәсіби қызметін қалайша сынау керектігі де анықталады. Кеңес берудің топтық нысандары жағдайында қажетті бейіндегі мамандарды іріктеу жүзеге асырылады (мысалы, сайлау алдындағы науқандарды қамтамасыз ету кезінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі менеджер, аналитик, сайлау алдындағы штаб басшысы және т.б. лауазымына мамандар іріктеледі).
Дайындық кезеңінде шешілетін маңызды міндет – кеңес беру кезінде пайдаланатын техниканың даярлығы. Бұған кеңесшінің арнайы жабдыққа (байланыс құралдары, компьютерлік техника және т.б.) қажеттілігін анықтау, жұмыс жағдайын жасау (тиісті үй-жайлардың, көліктің дайындығы және т. б.) кіреді. Басқаша айтқанда, бұл кеңес беру ресурстарын жұмылдыру үрдісі. Нәтижесінде, осы процесс аяқталғаннан кейін кеңесшінің «тапсырыс берушімен» Шарт жасалады.
Осындай рәсімділіктер аяқталғаннан соң, оның маңызды мазмұны проблемалық жағдайдың ағымды диагностикасы болып табылатын кезең басталады. Шын мәнінде, кеңесші бастапқыда анықталған проблеманы екінші рет, тереңірек талдайды, ол оның ішкі және сыртқы байланыстарын анықтауға, оқиғаларды реттейтін белгілі бір индикаторларды жасауға бағытталған. Нәтижесінде мақсатты түсіну анықталып қана қоймай, оған қол жеткізу кезінде кеңесшінің мүмкіндіктері де айқындалады. Мәселенің бұрын байқалмаған, алайда маңызды аспектілерін анықтай отырып, кеңесші «тапсырыс берушімен» жасалған келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізе алады.
Бұл екінші қайтара диагностика жасау жан-жақты деректерді жинауды, тапсырманы зерттеудің сапалық және сандық әдістерін қолдануды, қолданыстағы дерекқорларды пайдалануды, құрылымдық факторларды, ағымдағы оқиғалар мен өзгерістерді талдауды (сайлау нарығындағы күштерді орналастыруда, қатысушылардың мінез-құлқының себептерін, және т.б.) қамтиды. Осының негізінде проблемалық жағдайдың себептері анықталыды, сондай-ақ оған оң да, теріс те әсер ететін факторлар тобы; жанжалды шешуге қатысуға міндетті акторлардың құрамы анықталады; осы саладағы негізгі акциялар мен интеракциялар.
Бақылаудың осы диагностикалық-зерттеу кезеңдерінің нәтижесі «Диагностика нәтижесі туралы есеп» болып табылады, оны «тапсырыс берушіге» кеңесші жасап, ұсынады, есепте ұйымның тиімсіз қызметінің себептері көрсетілуі керек.
Проблемалық жағдайдың белгіленген себептері және оны реттеуге қатысатын адамдар тобын анықтау негізінде кеңесші қалыптасқан қарама-қайшылықты шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу кезеңіне кіріседі. Кеңес берушінің күш-жігері «тапсырыс беруші» үшін қолайлы іс-қимылдарды жетілдіруге жұмылдырылуы тиіс.
Іске асырудың келесі кезеңі – ұсыныстарды енгізу, оның шарты – Келісім-шартпен анықталған кеңес берушінің қатысуының екіжақты болуы. Егер де келісім-шартта кеңес берушінің жобаны іске асыруға қатысуы көзделсе, онда ол нақты функцияларды орындай отырып, ұйымның практикалық қызметінде белгілі бір позицияны ұстанады. Егер де келісім-шарт кеңес берушінің қызметін тек ұсыныстарды тұжырымдаумен шектесе, онда бұл кезеңде ол қызметті жетілдіру процесінен ажыратылады. Кейде кеңес берушінінің қатысу сипаты қайта келісіледі және «тапсырыс берушімен» арнайы келісім-шарт рәсімделеді.
Кеңес беруші пен «тапсырыс берушінің» өзара іс-қимылының соңғы кезеңі ынтымақтастықтың қорытындыларын шығаруды көздейді. Бұл кезең барысында кеңес берушінің кеңесіне жалпы баға беріледі, тараптардың міндеттемелері бойынша түпкілікті есеп айырысу жүргізіледі, болашақ ынтымақтастыққа жоспарлар анықталады.
Саяси болжам. Жалпы қоғамдағы саяси жүйенің тұрақтылығын, ішкі және сыртқы өзгерістерге бейімделу, әлеуметтік топтардың импульстері мен талаптарына жауап беру, олардың мүдделерін көрсету және үйлестіру қабілеттерімен қамтамасыз ету үшін саяси үрдістердің барысы мен дамуын ғылыми түрде болжай алу қажет. Саяси басшылыққа талаптану жағдайында, саяси оқиғаларды болжай білу және не болатынын саралай білу керек.
Болжам – белгілі бір құбылыстың болашақтағы ықтимал күйінің келешегі және (немесе) оны жүзеге асырудың баламалы жолдары мен мерзімдері туралы ықтималдық, ғылыми негізделген пайымдау. Болжау – болжамдарды әзірлеу үрдісі.
Әлеуметтік-саяси үрдістері басқару тәжірибесі болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса, жоспарлау мен басқару соғұрлым тиімді, нәтижелі болатындығын көрсетеді. Саяси басқару органдарына ғылыми негізделген болжамдардың болуы саяси оқиғалардың даму барысын болжауды білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, саяси болжауды саяси шындықтың алдын-ала көрінісі ретінде анықтауға болады. Саясаткерді болжаммен айналысуға итермелейтін басты себеп – белгілі бір уақыт аралығында қабылданған саяси шешімдердің нәтижелерін есептеу және модельдеу.
Саяси болжамның мақсаты ықтимал болашақтың көріністерін анықтау: мүмкін болатын жағдайларды, саяси оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді анықтау, қалаған және қалаусыз оқиғаларды уақтылы болжау. Саяси болжам объектісі – саясат (ішкі және сыртқы), ал тақырыбы – саяси оқиғалардың, құбылыстардың, үрдістердің ықтимал жағдайын танып білу болып табылады. Осыған байланысты ішкі саяси және сыртқы саяси болжамдарды ажыратады. Ішкі саяси болжам ішкі саясаттың барлық саласын қамтиды және бір жағынан, нақты саяси оқиғаларды бағалаумен (бұл жұмысты мемлекеттік және саяси органдар орындайды), екінші жағынан қоғамның саяси институттарының қызметіндегі саяси үрдістерді бағалаумен байланысты. Соңғы жағдайда болжам субъектісі – қоғамның саяси жүйесін зерттейтін ғылыми топ. Сыртқы саяси болжам халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат саласына, әлемдегі саяси жағдайды бағалауға, оның даму тенденциялары мен факторларына қатысты. Бұл жерде, ең алдымен, назар мемлекеттердің қарым-қатынастарына аударылады.
Саяси болжам жасау мүмкіндігі, оның объективті негізі өткен мен бүгіннің өзара байланысынан тұрады. Болжаудың маңызды факторы саяси саладағы заңдардың - тенденциялар әрекеті болып табылады, одан олардың жүйесін, әрекет ету және пайдалану механизмін терең білу қажеттілігі туындайды.
Саяси болжам негізделетін жалпы принциптер саяси шындықтың табиғатына байланысты. Мұнда жеке-тұлғалық бастама, иррационалды компоненттер және стохастикалық үрдістер үлкен рөл атқарады. Сондықтан болжам жасау кезінде:
- әр түрлі сапалық ақпаратты – саяси ақпаратпен қатар әлеуметтік, экономикалық, әлеуметтік-мәдени және т. б. біріктіру, өңдеу және талдауды;
- альтернативті және ықтималдық факторларын ескеру, яғни саяси үрдістердің дамуын алдын-ала нақты анықтау мүмкін еместігін және болжамдаудың мақсаты – негізгі нұсқалардың «тізбесін» жасау және олардың ықтималдығын болжау екендігін түсіну;
- пәнаралық технологияларды білу, әртүрлі бағыттағы сарапшылардың тиімді әсерін қамтамасыз етуді;
- жұмыс барысында әртүрлі әдістерді қолдану және үйлестіру, зерттелетін саясат фрагментінің неғұрлым толық және жан-жақты қамтылуына қол жеткізуді;
- болжам жасау кезінде қолданылатын инструментарийлер мен саяси шешімдерді қабылдау және іске асыру үрдісі арақатынасын белгілеуді білу керек.
Осы жалпы қағидаларды ұстанудан басқа, зерттелетін үрдістер өтетін және шешімдер қабылданатын нақты жағдайларды айқын түсіну қажет.
Болжам болашақ туралы ақпаратты қалыптастырудың үш әдісіне негізделген, олар болжаудың белгілі бір әдістерін қолдану қажеттілігін анықтайды:
- пікір, тәжірибе негізінде үрдістердің немесе ахуалдардың даму перспективаларын бағалау, көбінесе салдары белгілі ұқсас үрдістер арқылы;
- өткен және қазіргі кездегі даму заңдылықтары жақсы белгілі тенденцияларды болашаққа шартты түрде тарқату (экстраполяция) ;
- даму перспективалары туралы жақсы белгілі бірқатар жағдайдың, параметрлердің және т.б. күтілетін немесе қалаған өзгерістеріне сәйкес құрылған белгілі бір құбылыстың, үрдістің болашақтағы моделі.
Болжамдау әдістері мен мүмкіндіктерін таңдауға болжамды әзірлеу әдістері айтарлықтай әсер етеді, олардың арасында келесілер ерекшеленеді: сараптамалық сауалнама (сауалнама, сұхбат); экстраполяция (болжамдық үрдістер көрсеткіштерінің дамуының динамикалық қатарын құру); модельдеу (ізденіс және нормативтік модельдерді құру).
Күрделі аналитикалық зерттеу ретінде болжамдау бірқатар кезеңдерден тұрады. Саяси болжамды жасаудың ең маңызды операцияларының жалпы логикалық жүйелілігі негізгі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең - болжам алдындағы бағдар (зерттеу бағдарламасы). Тапсырмалар нақтыланады, болжамның сипаты, оның ауқымы, құрылу және алдын-алу кезеңдері талданады, мақсат пен міндеттер, жұмыс гипотезалары тұжырымдалады, болжамды ұйымдастырудың әдістері мен үрдісі анықталады. Алайда, ең бастысы – болжау объектісін талдау. Талдаудың мақсаты – объект туралы болжамды ақпарат алуға мүмкіндік беретін болжамдық модельді әзірлеу. Объекті сипаттау болжау тапсырмасын әзірлеу кезінде басталады. Алдымен алдын-ала сипаттама жасалады. Онда объектінің жалпыланған көрсеткіштері туралы ақпарат беріледі. Бұл жерде жетекші рөлді, әдетте, мамандардың тәжірибесі мен түйсігі ойнайды.
Болжамды әзірлеудің екінші кезеңі – жүйелі талдау әдістерімен болжанатын объектінің бастапқы (базалық) моделін құру. Модельді анықтау үшін халық пен сарапшылар арасында сауалнама жүргізуге болады. Жүйелік талдауда ұқсас құрылымдарды талдауға және синтездеуге, болжау объектілерін талдау барысында да пайдалануға болатын екі тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл – объектілік, екіншісі функционалды деп аталады.
Болжамды әзірлеудің үшінші кезеңі - жоғарыда айтылған әдістермен болжамды ахуалдың деректерін жинау. Болжамды ахуал – турасында болжамдау объектісіне қатысты саяси болжау мәселесін шешу үшін маңызды болып табылатын сыртқы жағдайлардың жиынтығы. Мысалы, саяси жүйенің тұрақтылығының болжамы келешектегі экономикалық даму болжамын есепке алынуын қажетті шарт ретінде қарастырады. Онсыз саяси болжамның дәлдігіне сену мүмкін емес.
Төртінші кезең – көрсеткіштердің динамикалық қатарларын құру –экстраполяция әдісімен болашақ болжамды модельдердің негізі; бұл материалды болжамды модель алдындағы сценарийлер түрінде жалпылауға болады. Динамикалық қатар – болжау объектісінің айнымалы ретроспективті мәнінің уақытша тізбегі. Өз кезегінде, болжау объектісінің айнымалы шамасы дегеніміз – болжамды құру кезеңі мен алдын-алу кезеңі ішінде өзгермелі ретінде қабылданатын объектінің сандық сипаттамасы.
Бесінші кезең - минималды, максималды және ең ықтимал мәнді нақтылай отырып, бейнелі және фондық көрсеткіштердің ізденіс талдауы әдістерімен гипотетикалық (алдын-ала) ізденіс модельдерінің сериясын құру. Белгілі болғандай, ізденіс болжамның мазмұны – болашақта болжау объектісінің мүмкін күйлерін анықтау болып табылады. Ізденіс әдістеріне, әдетте, экстраполяция, сонымен қатар тарихи ұқсастық, сценарий жазу, аналитикалық әдіс және т. б. жатады.
Алтыншы кезең - болжамды объектінің гипотетикалық нормативтік модельдерінің сериясын абсолютті (яғни, болжамды ахуал шеңберімен шектелмеген) және салыстырмалы (яғни, осы шеңберге байланысты) оптимум мәндерін белгіленген нормалар, идеалдар, мақсаттар бойынша алдын-ала белгіленген критерийлерге сәйкес нақтылап, нормативтік талдау әдістері арқылы құру. Мақсаттар мен нормалар нақты болуы тиіс.
Жетінші кезең - болжамның дұрыстығы мен дәлдігін, сондай-ақ негізділігін (верификациясын) бағалау – сарапшылар арасында сауалнама өткізу әдістері арқылы гипотетикалық модельдерді нақтылау.
Саяси болжау өнері белгілі бір құбылыстардың дамуының объективті заңдарына сүйене отырып, осы құбылыстардың болашақ қасиеттерін, бағыттары мен сипатын анықтай білу және сонымен бірге осы дамуды мақсатқа сәйкес дұрыс бағытта бағыттай білу болып табылады. Жалпы алғанда, болжамның дұрыстығын тексеру әдістері ретінде оның ғылыми негізділігі, логикалық дәлелділігі, эксперименттік тексеру және интуитивті айқындығы қарастырылады.
Сегізінші кезең - ізденіс және нормативтік модельдерді салыстыру негізінде басқару саласындағы шешімдерге ұсыныстар әзірлеу. Ішкі және сыртқы саясат саласындағы өзгерістер саяси шешімдер қабылдау кезінде болжамдық әзірлемелер барынша ескерілуін талап етеді. Бұл саясаттанушы-болжамдаушыға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Тоғызыншы кезең - әзірленген болжам мен ұсынымдарды талдау (сараптау), оларды талқылауды ескере отырып жөнге келтіру және тапсырыс берушіге тапсыру.
Оныншы кезең – әзірленген болжам материалдарын болжамдық жағдайдың жаңа деректерімен салыстыру негізіндегі алдын-ала болжамның жаңа бағдары және зерттеудің жаңа циклінің басталуы (болжау мақсатты тұжырымждау, жоспарлау, басқару сияқты үздіксіз болуы керек, ол тиімділікті арттыруға қызмет етуге арналған).
Формалданған болжау әдістеріне жататындар:
- экстраполяция әдістерінің тобы: ең кіші квадраттар әдісі; экспоненциалды тегістеу әдісі; ықтимал модельдеу әдісі; адаптивті тегістеу әдісі және т. б.;
- жүйелік-құрылымдық әдістер тобы: функционалдық-иерархиялық модельдеу әдістері; морфологиялық талдау әдісі; матрицалық әдіс; желілік модельдеу әдісі; құрылымдық ұқсастық әдісі және т. б.;
- ассоциативті әдістер тобы: имитациялық моделдеу әдістері; тарихи-логикалық талдау әдісі және т. б.;
- озық ақпарат әдістері тобы: жарияланымдар ағынын талдау әдістері және т. б.
Болжамдарды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: дайындық, негізгі және қорытынды, олар қолданылатын әдістермен ерекшеленеді.
Болжамдаудың дайындық кезеңінде келесі әдістер қолданылады: құжаттарды зерттеу, сауалнама (сауалнамалық, сұхбат), бақылау, модельдеу және т. б.
Болжаудың негізгі кезеңінде келесі әдістер қолданылады: логикалық және тарихи, талдау және синтез, индукция және дедукция, ұқсастық (аналогия), статистика және т. б.
Болжаудың соңғы кезеңінде келесі әдістер қолданылады: сипаттамалық, салыстырмалы, эксперимент, модельдеу, математикалық әдістер, кибернетика әдістері, әлеуметтану әдістері, психология әдістері және т. б.
Әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеуде қолданылатын әдістерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады: салыстырмалы-тарихи, эмпирикалық, жүйелік.
Салыстырмалы тарихи әдістер зерттеу субъектілеріне әлеуметтік-саяси объектілерді, фактілер мен құбылыстарды олардың динамикалық жағдайында, дамудың әртүрлі кезеңдерінде зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл бірнеше қайталанатын құбылыстарды талдау үшін қажет және салыстырмалы тарихи жағдайларда болып жатқан әлеуметтік-саяси үрдістерді зерделеу үшін өте маңызды. Қазіргі саяси процестердегі саяси партиялардың орны мен рөлін олардың генезисі мен дамуын мұқият зерттемей түсіну мүмкін емес.
Эмпирикалық әдістер адамдардың қоғамдық пікірі мен саяси мәдениетін, әртүрлі әлеуметтік фактілердің саяси үрдістерге деген әсерін тереңірек зерттеуге, үлкен және кіші әлеуметтік құрылымдарды жүйелі талдауға, саяси институттарды құрылымдық-функционалдық зерттеуге және т. б. ықпал етеді.
Эмпирикалық зерттеулер үшін әлеуметтанулық зерттеулер кеңінен қолданылады (сауалнама, сұхбат, контент-анализ, енгізілген және шығарылған бақылау, эксперимент, модельдеу және т.б.).
Жүйелік әдістер саяси үрдістер мен құбылыстарды тұтастай және атап айтқанда, әлеуметтік-саяси жағдайды кешенді үрдіс ретінде зерттеуге, маңызды элементтер мен қосымша жүйелерді анықтауға, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін, бүкіл жағдайдың даму барысына әсер ету мүмкіндігін бақылауға мүмкіндік береді.
Кейбір әдістерді толығырақ қарастырайық. Ұжымдық сараптамалық бағалау әдісі. Оның мәні ішкі немесе сыртқы саясатты немесе олардың жекелеген салаларын дамытудың бұрын жеке мамандар тұжырымдаған болашақты бағыттары бойынша сарапшылардың пікірлерінің үйлесімділігін анықтаудан, сондай-ақ басқа әдістермен (мысалы, эксперимент) анықталмайтын саяси қатынастарды дамыту аспектілерін бағалаудан тұрады.
Ұжымдық сараптамалық бағалау әдісі төрт әрекетті қамтиды:
- сараптамалық бағалау жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс топтары құрылады. Олардың функцияларына сауалнама жүргізу, материалдарды өңдеу және ұжымдық сараптамалық бағалау нәтижелерін талдау кіреді. Жұмыс тобы сарапшыларды тағайындайды, олар ішкі немесе сыртқы саясаттың белгілі бір бағыттарының даму перспективаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді (болжамды әзірлеу үшін тартылатын сарапшылар саны объектінің күрделілігіне байланысты 10-нан 100-150 адамға дейін болуы мүмкін).
- сарапшылардың сауалнамасын ұйымдастырмас бұрын, саяси үрдістер, оқиғалардың дамуының негізгі бағыттарын нақтылау, сондай-ақ басты мақсатты, ішкі мақсаттарды және оларға қол жеткізу құралдарын көрсететін матрица құру қажет. Әрі қарай, сауалнаманы ұйымдастырмас бұрын сарапшылар үшін сұрақтар құрастыру керек (олар белгілі бір құрылымдық-иерархиялық схема бойынша құрастырылады, яғни, жуан-жіңішке, күрделі-қарапайым);
- сарапшылар сауалнамасы барысында жекелеген мәселелерді түсінудің бірмағыналылығын, сондай-ақ сарапшылардың пікірлерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет. «Жетекші» пікірдің қысымын болдырмау керек;
- жалпылама пікірді және сарапшылардың жеке бағалауларының келістілігі дәрежесін сипаттайтын сараптамалық бағалау материалдарын өңдеу. Сарапшылардың осы бағалауларын өңдеу болжамдық гипотезалар мен саяси оқиғалардың даму нұсқаларын синтездеудің бастапқы материалы болып табылады.
Қорытынды бағалау орташа пайымдама ретінде немесе барлық сарапшылардың бағалауларының арифметикалық орташа мәні ретінде немесе бағалаудың қалыпқа келтірілген салмақталған орташа мәні ретінде анықталады.
Идеялардың ұжымдық генерациясы – «миға шабуыл» әдісі – болашақты зерттеуде кеңінен қолданылатын әдіс. Оның мәні проблемалық жағдайдың «ми шабуылы» кезінде мамандардың шығармашылық потенциалын өзектілендіруден тұрады, ол алдымен идеяларды тудыру және кейіннен жойылуын, осы идеяларды контридеяларды тұжырымдай отырып сынауды жүзеге асырады. «Миға шабуыл» әдісі деструктивті байланысты бағалау әдісі деп те аталады. Осы әдіспен жұмыс істеудің бірқатар кезеңдерін ажыратуға болады.
Бірінші кезең – «ми шабуылына» қатысушылар тобын қалыптастыру (15 адамнан артық емес). Бұл жалпы эрудицияның жоғары деңгейі бар және проблемалық жағдайдың мәнін түсінетін мамандар болуы тиіс.
Екінші кезең – «ми шабуылына» қатысушының проблемалық жазбасын құрастыру. Оны проблемалық жағдайды талдау тобы жасайды және ол деструктивті байланысты бағалау әдісі сипаттамасын және проблемалық жағдайдың сипаттамасын қамтиды.
Үшінші кезең – идеяларды тудыру. Бұл проблемалық жазбаның мазмұнын ашудан және қатысушылардың назарын «ми шабуылын» жүргізу ережелеріне шоғырландырудан басталады: мәлімдемелер айқын және қысқа болуы тиіс, алдыңғы сөздерге сын айтуға жол берілмейді (өз сөзіңді айт), қатарынан бірнеше рет сөз сөйлеуге, қатысушылар алдын-ала дайындап алған идеялар тізімін оқып беруге рұқсат етілмейді. Жетекшінің негізгі міндеті – проблемалық жағдай жөніндегі мәлімдемелерді көтермелеуде. Оның негізгі ережесі – идеяларды жалған деп жарияламау, сынға алмау, кез-келген идеяның зерттелуін, тіпті ол ақылға сыймайтын (абсурдты) болып көрінсе де, тоқтатпау.
Кез-келген идеяны жіберіп алмау және оларды келесі кезеңде қолдану үшін жүйеге келтіруге мүмкіндіктің болуы мақсатында айтылған идеяларды аудиоға жазып алған дұрыс.
Төртінші кезең – талдау тобының идеяларды жүйелеуі.
Бесінші кезең – жүйеленген идеяларды күйрету. Әр идеяны «ми шабуылына» қатысушылар (25-30 адам) сынға алады. Бұл кезеңде мынадай негізгі ереже қолданылады: әрбір жүйеленген идеяны оны жүзеге асыру жолындағы кедергілер тұрғысынан ғана қарастыру, яғни шабуылға қатысушылар идеяларды жоққа шығармай, жүйеленген идеяны жоққа шығаратын дәлелдер келтіреді. Кезеңнің ұзақтығы екі сағатқа дейін, ал идеяларды қалыптастыру кезеңі бір сағатқа дейін.
Алтыншы кезең – сын-ескертпелерді бағалау және іс жүзінде қолданылатын идеялардың тізімін жасау.
Сценарий әдісі. Саяси жағдай бірнеше сценарий бойынша дамуы мүмкін. Сценарий – бұл үлкен жүйелердің (халықаралық қатынастар, ұлттық экономика, саясат, әлеуметтік қатынастар және т.б.) дамуының баламаларын анықтау мақсатында оқиғалардың логикалық тізбегін құру тәсілі.
Қазіргі жағдайда бұл әдіс ТМД елдеріндегі саяси жағдайды талдауда ең тиімді болып табылатындығын айта кету керек. Сценарийде сипаттама әдетте уақытша координаттарда жасалады. Сценарийдің мәні – зерттеу объектісін дамытудың негізгі мақсатын анықтау. Сценарийде алдын-ала дайындалған аналитикалық материалдар қолданылады.
Сондықтан сценарийлер деп әр түрлі (қиялдағы, бірақ сенерлік) әрекеттер тізбегі және олардан туындайтын зерттелетін жағдайда болашақта болуы мүмкін оқиғалар аталады. Бұл тізбектер ортақ негізге ие (қазіргі күйі), бірақ содан кейін ықтимал күйлері өзгереді де таңдау проблемасына әкеледі.
Сонымен, болжау кез-келген білімнің, кез-келген ғылымның, оның ішінде саясаттанудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда болжау мәселесіне деген қызығушылық артуда. Болжамдарды талдаушы-саясаттанушылар, көптеген аналитикалық институттар, мемлекет қайраткерлері, журналистер және басқалар жасайды, Болжау кезінде аналитиктің оларды өз бетінше пайдалануға болатын зерттеулер нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселе өзекті болып табылады, Оған қоса, бұл саясаттану үшін өзекті, өйткені нақты саяси шешімдер осы салада алынған білімге негізделеді, содан кейін бүкіл қоғамның дамуын, нақты адамдардың өмірін анықтайтын әрекеттер жасалады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Талқылауға арналған тапсырмалар