«Қолданбалы саясаттану» оқу құралын дайындаудың өзектілігі жалпы саясаттану ғылымына, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында да, әлемдік қоғамдастықта да болып жатқан саяси процестерді анықтауға және түсінуге деген терең қызығушылыққа байланысты. Саяси ғылымның қоғамдық өмірдегі қызметі мен дамуы оның саясатты білумен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік билік саласындағы нақты практикалық қызметпен байланысты бірқатар белгілі бір функцияларды орындауымен үйлеседі.
Саясат заңдары сыртқы және ішкі факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі.Сыртқы факторлардың ықпалын көрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика байланысын көрсетуге болады. Ол саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық қатынастар түріне тәуелділіктен көрініс табады, сонымен бірге саясат экономикаға ықпал етеді.
Саяси өмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. Бұл қазіргі әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің өсуімен байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер көбеюде.
Саясат кәсіп ретінде - адам қызметінің бір түрі. Кәсіби саясат бұл жеке түлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Кездейсоқ жағдайдан кәсіби жағдайда саясаткер рөлі әлдеқайда өседі.
Саясат өнер ретінде - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Жеке тұлғаның саясатпен кәсіби айналысуының тағы бір аспектісі: саясатпен кәсіби айналысатын адамдар саны аз болуы саясатқа кері әсер етеді. М. Вебер саясатты кәсіп ретінде қарастыра отырып, оларды үш түрге бөлген: «кездейсоқ», «жұмысына қосымша» және «кәсіби». Кәсіби саясаткер - бұл саясат әлеміне жатады, оның кәсіби қызметінің қозғаушы күші саяси шындықты қайта құруға бағытталған тәжірибелік мүдде.
Саясаттың табиғатын ғылыми зерттеудің маңызды рөлін түсіну пайда болды, қоғамның саяси өмірі туралы жаңа білім қажет болды, оны зерттеу жолдары, жаңа білім алу жолдары, қоғамдық пікірді зерттеу, түрлі саяси науқандарды өткізу және т. б. бірақ мәселені қарапайым түсіну жеткіліксіз, қолданбалы зерттеулерді қалай жүргізу керектігі туралы білім қажеттігін, саяси талдаудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, оның ережелерің дұрыс тұжырымдау орынды. Соңғы жылдары қолданбалы саясаттанудың негізгі ережелерін әзірлеудің практикалық қажеттілігі туындады.
Қолданбалы саясаттану 6В03102 «Саясаттану» мамандығының оқу жоспарларына міндетті пән ретінде енгізілді, ол соңғы курста оқытылады. Маман қандай кәсіби мәселелермен айналысса да, ол әрқашан оларды технологиялық немесе басқарушылық тұрғыдан ғана емес, саяси, әлеуметтік тұрғыдан да қарастыруы керек, өйткені кез-келген шешімнің саяси, әлеуметтік, экономикалық салдары болады.
Құрастырушылар бұл оқулықтың мақсатын студенттер мен оқытушыларды саяси зерттеулердің әдістері мен тәсілдерімен таныстыру, аналитикалық процедураның негізгі кезеңдері қалай құрылғанын және саяси практика саласындағы жан-жақты бағалау мен болжамдарды қалыптастыру үшін әртүрлі аналитикалық құралдардың қалай қолданылатынын көрсету деп санайды.
Авторлар дәріс курсының авторлық жоспарын, қорытынды бақылау материалдарын ұсынуға тырысты. Сондай-ақ, пәннің негізгі ережелерін тереңірек түсіну үшін өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарды, талқылауға арналған тапсырмаларды оқу құралында ұсынылды. Сонымен қатар, нұсқаулыққа тест түріндегі тапсырмаларды енгіздік, олар студенттердің қолданбалы саясаттану бойынша білімдерін анықтауға көмектеседі.
Авторлар қолданбалы саясаттану бойынша дәріс курсында теориялық аспектіні де, пәнге қосымшаларды да жетілдіре отырып жұмыс істейтін болады.