Көлдер дегеніміз әр түрлі ауқымды және пішінді болып келетін, сумен толған қазаншұңқырлар. Өзінің жаралу тегі тұрғысынан көлдер бірнеше түрлерге бөлінеді, олар: жер қыртысындағы әр түрлі жарылымдармен байланысты қалыптасатын тектоникалық көлдер (Байкал, Пилецк, Танганьика т. б.); реликтік, яғни сұлбалық көлдер (мысалы, құрлықтың көтерілуі нәтижесінде Қара теңізден бөлініп қалған Сармат теңізінің жұрнақтары болып есептелетін Каспий және Азов теңіздері); плейстцен кезінде еріп кеткен мұздықтар есебінен қалыптасқан мұздықтық көлдер (Скандинавияның, Карелияның көптеген көлдері); бұлардан басқа карстлық көлдер, опырылу көлдері, эолдық көлдер, жанартаулық көлдер деген көл түрлері белгілі, бұлар өздерінің қазаншұңқырлары қандай табиғи агенттердің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқандығына байланысты аталады. Мәңгілік тоңды аймақтарға мұздың азды-көпті еруіне байланысты қалыптасқан термокарстлық көлдер тән. Өзен аңғарларында сол өзендердің бұрынғы арнасынан бөлініп қалған сулы алқаптар есебінен қалыптасқан жайылмалық, яки поймалық көлдер ұшырасады. Теңіз жағалауларында көлге ұқсайтын суқоймалар - лагуналар мен лимандар кездеседі. Бұлардың біріншісі теңіз шығанақтарының дараланып қалған бөлігі есебінен қалыптасса, екіншісі теңізге құятын өзен суларының құмды аралшалармен бірте-бірте бөлшектенуі нәтижесінде қалыптасады.
Сумен қанығу сипаты тұрғысынан да көлдер бірнеше түрлерге бөлінеді, олар: әр түрлі бұлақтар мен атмосфералық жауын-шашындар есебінен қалыптасатын ағынсыз көлдер; қанығу сипаты нақ жаңағыдай (бұлақтар мен жауын-шашын су есебінен), бірақ ағысы болатын ағысты (сточные) көлдер; су арналары өзіне келіп құятын және өзінен бастау алатын ағымды (проточные), немесе өзендік көлдер; су келіп құятын, бірақ өзінен су ағып шықпайтын сағалық (устьевые) көлдер. Көлге ағып келетін су мөлшері одан ағып шығатын су мөлшерінен көбірек болған жағдайда және бұл айырма көл суының булануы есебінен шығынданған жағдайда көлдердің, әсіресе сағалық көлдердің суы ашқылтымданатын болады.
Көл ойпатының түбі үш бөліктен - суасты террасасынан, свалдан және қазаншұңқырдан тұрады. Суасты террасасы бірте-бірте еңістене отырып, свалға ұласады; свалдың беткі жазықтығының еңістену бұрышы террасаға қарағанда тіктеу болып келеді; қазаншұңқыр көл түбінің ең басты бөлігі болып табылады (2-сурет).
Көлге тиесілі бенталь жоғарыда келтірілген көл түбінің қималық ерекшеліктеріне сәйкес төмендегі белдемдерге жіктеледі: литораль - жағалау өңіріндегі саяз сулы аймақтар; сублитораль - көл түбінде өсетін өсімдіктердің алып жатқан аймағын қамтиды; профундаль - көл түбінің өзге аймақтарын түгелімен қамтиды, бұл аймақ тек қана біршама терең сулы көлдерде дараланады.
Көл пелагиалі жағалаулық пелагиалге және нақты пелагиалге жіктеледі. Жағалаулық пелагиаль суасты террасасынан жоғары орналасқан су қабатын қамтиды, нақты пелагиаль свал мен қазаншұңқырдың үстіндегі су қабаты.
2-сурет * Көл ойпаты құрылымы
Тік бағыттағы стагнация кезінде көлге тиесілі су массасы эпилимнион деп аталатын, суының температурасы тәуліктік және маусымдық өзгерістерге ұшырап отыратын беткі қабатқа, суының температурасы жыл бойына өзгеріп жарымайтын төменгі қабатқа, немесе гиполимнионға және температура көрсеткіштері күрт өзгеріп отыратын ортаңғы қабатқа, немесе металимнионға жіктеледі. Металимнион қабатына тиесілі су температурасының күрт өзгерісі әр түрлі дәрежеде жылынған эпилимнион менгиполимнион сулары арасындағы айырмадан туындайды.
Жиырмасыншы ғасырдың 20-сыншы жылдарында А. Тинеман мен Е. Науман негізін қалаған көлдердің биологиялық жіктемесіне сәйкес, тұщы сулы көлдер эвтрофты, мезотрофты, олиготрофты және дистрофты көлдер болып төрт түрге жіктеледі.
1) Эвтрофты көлдер сумен молынан тоғытылған көлдер, оларға биогендер көптеп жинақталған, онша терең емес (тереңдігі 10-15 м-ге дейін), жазықтықтарда орналасқан көлдер жатады. Бұл көлдерде жаз айларында фитопланктон (мәселен, көк-жасыл балдырлар) өте мол болады, мұның өзі әр түрлі бактериялардың және зоопланктонның, сол сияқты зообентос пен балықтардың көптеп шоғырлануын қамтамасыз етеді. Бұл көлдердің грунттары ұйықты болып келеді, суының мөлдірлігі нашар, түсі жасыл реңнен қоңыр-жасыл реңге дейінгі аралықта; литораль қабаты жақсы жетілген, макрофиттер қаулай өседі; гиполимнион аумағындағы сумассасы эпилимнионның бұл көрсеткішімен салыстырғанда азырақ, оның құрамындағы оттек мөлшері жарытымсыз, тіпті жазғы және қысқы стагнацияның басталар кезінде ол сулар құрамында оттегі мүлдем болмайды. Бұл көлдердегі судың қабаты түбіне шейін жылынады.
Эвтрофты көлдердегі азот және фосфор тұздарының мөлшері бұл тұздардың өзен суларындағы концентрациясымен шамалас болады. Олиготрофты және дистрофты көлдердің бұл көрсеткіші әлдеқайда төмен.
2) Олиготрофты көлдер өз аумағында биогендердің нашар қамтамасыз етілуімен сипатталады, сондықтан олардағы фитопланктондар да аз болып келеді. Осыған байланысты, аталған көлдердің су бактериялар мен зоопланктондардың, зообентос пен балықтардың сандық тұрғыдан мейілінше аз болуымен сипатталады. Әдетте бұл көлдер кристалдық тау жыныстары үстіне орналасады, олардың сулары біршама терең (h 30 м), гиполимнионы көлемі жағынан эпилимнионынан үлкен, оттегіне өте бай. Оларда оттегі нашар сіңіріледі, тіпті жазғы стагнация соңында судың оттегімен қанығу дәрежесі 60-70 %-ға жетеді; суының мөлдірлігі жоғары, ондағы гуминдық заттар мейілінше аз, бұл көлдердің литоралі нашар жетілген, түптік түзілімдері органикалық заттарға өте кедей.
3) Мезотрофты көлдер олиготрофты және эвтрофты көлдердің аралығына сәйкес келеді.
4) Дистрофты көлдер - сумен жеткіліксіз мөлшерде тоғытылған көлдер. Бұл көлдердің суы гуминдермен молынан қаныққан, олар тіпті батпақтарға айналып кетуге бейім, түбіне шымтезектік түзілімдер молынан шоғырлнады. Дистрофты көл сулары өз құрамында дербес оттегінің мүлдем болмауымен, биохимиялық процестердің тотықсыздану сипатын иеленуімен ерекшеленеді. Бұл көлдерде планктон мен бентос өте нашар жетілген, көбінесе балықтары да болмайды.
Табиғи суқоймалардың сан түрлі болатындығына байланысты, көлдердің жоғарыда келтірілген жіктемесін іс-тәжрибеде пайдалану қиынға соғады. Сондықтан бұл жіктеме әдетте көлдердегі тіршілік иелерінің азды-көптігін және оларға тиесілі судың тұздық құрамындағы өзгешеліктерді сипаттау мақсатында ғана қолданылады.
Бақылау сұрақтары
Тапсырмалар
1-кесте
№ |
Көлдер |
Сипаттамасы |
1 |
Эвтрофты |
|
2 |
Олиготрофты |
|
3 |
Мезотрофты |
|
4 |
Дистрофты |
|
2-кесте
Ластану түрлері |
Ластану көздері |
Химиялық ластану |
|
Физикалық ластану |
|
Биологиялық ластану |
|