Құрлықтардың ойыс аймақтарында ұшырасатын континенттік су алаптары табиғи және жасанды болуы мүмкін. Бұлардың алғашқыларына өзендер, көлдкр және батпақтар, ал екіншілеріне каналдар, су қоймалары және тоғандар жатады. Әдетте континенттік су алаптары тұщы сулы болып келеді, сирегірек ащы және ашқылтым сулы алаптар да ұшырасады (мысалы, кейбір ағыссыз көлдер).
Суда тіршілік ететін 33 өсімдіктер класының тұщы суларда 13-і ұшырасады, ал 63 жәндіктер класының 19-ы тұщы суларға тән. Үш өсімдіктер класының, екі жәндіктер класының өкілдері тек қана тұщы суларда тіршілік ете алады.
Тұщы су өсімдіктерінің өкілдері ретінде саңырауқұлақтарды, көк-жасыл, диатомдық және жасыл балдырларды, кейбір гүлді өсімдіктерді айтуға болады, ал тұщы су жәндіктері қатарына жататындар қарапайымдар, коловороткалар, олигохеттер, бауыраяқты және қосжармалы бақалшалылар, тараммұртты және ескекаяқты шаяндар, сол сияқты насекомдардың личинкалары мен балықтар.