Эстуарияларда өзенге тиесілі жағдайлар мен теңізге тән жағдайлар өте күрделі түрде ұштасады, сондықтан да ондағы тіршілік иелері өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Мұнда жәндіктердің жемқор түрлері көбірек кездеседі, олардың экологиялық төзім деңгейі кең аралықта өзгереді. Эстуарияларда өзге су алаптарынан тараған түрлер әсіресе көбірек ұшырасады. Эстуарияның тіршілік иелері өздерінің биомассасы жағынан барынша бай болып келеді, мұның әр түрлі себептері бар. Бұл себептердің ең бастысы - теңіз суының тасуы мен қайтуы алмасып тұрғандықтан эстуария суларындағы тағамдық элементтер жақсы араласатындығында және метаболиттер аласталып отыратындығында.
Эстуариялар аймағындағы өсімдіктер мен жәндіктердің қоян-қолтық астасуы жүзеге асады, сөйтіп заттар айналымы жақсы жүреді. Эстуария суында бейнесинтезденуге қабілетті бүкіл өсімдік түрлерінің - планктондық балдырлардың, микро- және макробентостардың - болуы сол эстуариядағы жәндіктерді тағаммен толық қамтамасыз етеді, сөйтіп осы жәндіктердің қаулай өсуіне жағдай жасайды.
Бақылау сұрақтары
Тапсырмалар
1- кесте – Түрлердің өкілдерін жаз
№ |
Түрі |
Өкілдері |
1 |
Планктон |
|
2 |
Бентос |
|
3 |
Нектон |
|
4 |
Перифитон |
|
2-кесте – Өзендердегі суқоймаларды тауып жаз
Өзендер |
СЭС |
1. Сарысу 2. Іле 3. Сырдария 4. Ертіс |
|
3-кесте – Әр алапқа жататын өзендерді тауып, белгілеңдер.
№ |
Алаптар |
Өзендер |
1 |
Солтүстік Мұзды Мұхит |
|
2 |
Каспий теңізі алабы |
|
3 |
Арал теңізі алабы |
|
4 |
Балқаш-Алакөл алабы |
|