Павлодар, 2021

6 Су қоймаларының антропогендік эвтрофтануы және термофикациясы


«Антропогендік эвтрофтану» ұғымын әр түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Алайда бұл ұғымның ең жиі қолданылатын мағынасы – адамдардың іс-әрекетінен туындай отырып, әр түрлі биогендердің  (N және P) су қоймаларына көптеп түсуімен, сөйтіп осы экожүйеде белгілі бір өзгерістер кешені қалыптасуымен сипатталатын трофиялар деңгейінің күрт өсуі.  Су қоймаларындағы анықталған өзгерістердің ішіндегі ең маңыздылары – оттек режимінің нашарлауы, биохимиялық процестер таралуының әр түрлі қабаттарда кең аралықта өзгеруі (бұл орайда су қабатының беткейлік және терең облыстары дараланады), оттегі, карбонаттар, сутек иондары биогендік концентрациясының химиялық реакциялармен тығыз байланысты болып келетін тотығу-тотықсыздану жағдайларының да осыған сәйкес түрліше таралуы.

Антропогендік эвтрофтану нәтижесінде органикалық заттардың жаңадан түзілу жылдамдығы артады, өнім қалыптасу процесі сол өнімнің ыдырау процесінен қарқындылау сипат алады, биомасса мөлшері өседі. Мұндай процесс су қоймаларының табиғи сукцессиясы жағдайында да жүзеге асуы мүмкін, бірақ бұл жағдайдағы өзгерістер қарқыны әлдеқайда төмен дәрежеде болады (антропогендік эвтрофтану – ондаған жылда, табиғи эвтрофтану – жүздеген жылда).

 

Бақылау сұрақтары 

  1. Су қоймаларындағы антропогендік эвтрофтану қалай жүзеге асады?
  2. Органикалық ластанған су қоймаларының жіктемесі қай ғалымның жіктемесіне сәйкес келеді?
  3. Антропогендік және табиғи эвторфтанудың айырмашалығы қандай?
  4. Эвтрофтану дәрежесін бағалауда қандай көрсеткіштер пайдаланылады?
  5. Гиполимнион және эпилимнион үшін эвтрофтану дәрежесін анықтайтын көрсеткіштерді ата
  6. Антропогендік эвтрофтанудың жағымсыз көріністері қандай?
  7. Су қоймаларының термофикциясы
  8. Кольквитц Марссонның шкаласы бойынша су қоймалар (белдемдер) қалай бөлінеді?
  9. Полисапробты, мезосапробты және олигосапробты су қоймаларына сипаттама бер.
  10. Қазақстан су қоймаларының шаруашылықтағы маңызы.
  11. Су қоймасында олиготрофтылар үшін мөлдірлік қанша метрге тең болады?

 

Тапсырмалар 

  1. Сұлбамен жұмыс

Сулардың ластану жіктемесі 

6.3 Кестемен жұмыс

 

  1. Кестені толтыр

Фолленвайдердің (1977) статистикалық талдауы.

Су қоймасындағы трофия дәрежесі

Р, мг/м3

N,  мг/м3

«а»- хлоровил, м

Мөлдірлік, м

1

Олиготрофтылар

 

 

 

 

 

2

Мезотрофтылар

 

 

 

 

 

3

Эвтрофтылар

 

 

 

 

 

 

  1. Ұсынылған тақырыптар бойынша реферат жаз:
  • Қазақстанның су қоймалары. Балқаш көлінің қазіргі ластану жағдайы. Шығыс Қазақстан көлдерінің ластану жағдайы.
  • Су қоймаларының антропогендік ластану себептері.
  • Солтүстік Қазақстан суларының антропогендік ластану себептері.
  • Сырдария өзеніндегі Шардара су торабы және оның қазіргі экологиялық жағдайы.
  • орталық Қазақстандағы Кеңгір ск қоймасының шаруашылықтағы маңызы.
  • Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасының қазіргі экологиялық жағдайы.